Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен



бет12/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ – тар автономды және шлангты болып екіге бөлінеді.

Автономды ТАОЖҚҚ адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды. ҚӘУЗ шығуымен (төгілуімен) байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды ТАОЖҚҚ болып табылады. Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылган ауасы бар металл баллоннан және оның тыныс алу органдарына берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады.

Шлангті ТАОЖҚҚ тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді.

Оқшаулағыш газқағар регенеративті патрондармен жабдықталған, олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта (сілтілі металлдардың тотығы – натрий мен калийдің) болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буы мен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей тынысалу аппараттары мен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ - 2 (сығылған ауамен), КИП – 8, КИП – 9 (сығылған оттегі бар) және ИП - 4 (химиялық байланысқан оттегі бар). АСВ – 2, КИП оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ – дің ауадағы жоғары концентрациясынан тыныс алу органдарын қорғауға арналған.

ИП – 4М оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай – ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарын қорғауға арналған.



СПИ – 2 өндірістік оқшаулағыш өз – өзін құтқарушы (ПДУ - 3) қысқа мерзімді жедел қорғануға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған.

Оқшаулағыш тыныс алу аппараттары баллондарын бірнеше мәрте ауыстыру мүмкіндігімен немесе регенератнвті патрондардың көмегімен көп уақыт пайдалануға болатын құралдарға жатады. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ жұмыс уақыты, ең алдымен, физикалық ауыртпалыққа, қоршаған орта температурасына және ауа (оттегі) қорына немесе оттегісі бар құралдардың қорына байланысты болып келеді. Тыныс алу органдарын қорғаудың ең басты элементтерінің бірі – ЖҚҚ, оның ішінде газқағарларды білу мен дұрыс пайдалану болып табылады.

Газқағарды пайдалануға дайындау шлем – масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем – масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш – жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.

Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем – масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш – жұтқыш қораптың мойының шлем – масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне – сүзгіш – жұтқыш қорап, үстіне – бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.

Газқағарды сөмкеге салынған күйінде алып жүреді. Сөмкенің бауы оң иыққа асылады. Сөмкенің өзі сол жақ жамбасқа қарай, клапаны өзіне қарап тұрады. Газқағар «далалық», «дайындық», «ұрыс» жағдайында болуы мүмкін. «Далалық» жағдайда – улы заттармен, ҚӘУЗ – бен, радиоактивті тозаңдармен, бактериологиялық заттармен зақымдалу қауіпі төнбей тұрғанда сол жағында тұрады. Жүрген кезде қолға кедергі жасамас үшін артқа қарай ысырылып қойылуы мүмкін. Сөмкенің жоғарғы жағы белдің деңгейінде болуы, ал клапаны түймеленіп тұруы керек. «Дайындық» жағдайында сөмкені сәл алдыға қарай орналастырып, белге белдік арқылы бекітіп қояды. Клапанның түймесін ағытып кояды. Бұл газқағарды жылдам пайдалануға көмегін тигізеді.

Газқағарды «ұрыс» жағдайына ауыстырған кезде:



  • тынысты шығармай, көзін жабу керек;

  • бас киімді шешіп бұтының арасына қысып тұру немесе жанына қою керек;

  • шлем – масканы сөмкеден алып, үлкен саусақтары сыртында, ал қалғаны ішінде қалатындай етіп, қалыңдатылған жиектерінен екі қолымен ұстау керек. Шлем – масканы иегіне жақындатып, қолының ілгері – кейінді қимылымен газқағарды басына киюі керек. Бұл кезде қатпар қалмауын және әйнектің көз деңгейіне келуін қадағалайды.

  • толығымен дем шығарады, көзін ашып, тынысалуды қалпына келтіреді;

  • бас киімді киіп, сөмкені түймелейді және сөмке белге бекітілмеген болса, бекітеді;

Егер әйнектік бетінің бөлігі көзге қарама – қарсы орналасса және шлем – маска бетке толық жабысып тұрса, газқағар дұрыс киілді деп есептеледі. Газқағарды кигеннен кейінгі көзді апшай тұрып және тынысалуды қалпына келтірмей тұрып жасалатын терең тыныс шығару газқағарды кию кезінде оған түсуі мүмкін зақымдалған ауаны шығару мақсатында жасалады. Газқағар киіліп тұрған кезде терең және бір қалыпты тыныс алу керек. Қажет болмаса, шұғыл қимыл жасауға болмайды. Егер жүгіруге тура келсе, жүгіруді ақырын бастап, біртіндеп қана көтеру керек.

Газқағарды шешу үшін бір қолымен бас киімді ұстап тұрып, екінші қолымен клапан қорапшасынан ұстап тұрып шлем – масканы төмен тартады да алдыға қарай шешіп алады; бас киімді киіп, шлем масканы теріс аяналдырады, мұқият сүртіп, сөмкеге салып қояды.



Газқағарды қыстың күні қолданған кезде резеңке, әйнек және клапаның қатып қалуы немесе клапан қорашпасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың алдын алу мен оларды жою үшін зақымдалмаған атмосферада киімнің астына салу арқылы жібітуге болады. Шлем маска кигенге дейін қатып қалған болса, кигеннен кейін толығымен бетке жабасып тұратындай етіп жылыту керек. Газқағарды кигеннен кейін дем шығаратын клапанның қатып қалуын болдырмау керек. Мезгіл мезгіл клапан корабын қолымен жылытып, осымен бір мезгілде клапанды үрлеп (шұғыл дем шығару) отыру керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Газқағарды «ұрыс» жағдайына ауыстыру.

  2. Газқағарды пайдалануға дайындау.

  3. Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау.



№ 12 сабақ Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Сабақтың мақсаты: Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.



Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10

Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық – құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:



  • желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

  • ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

  • ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.


Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо –құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді.

Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.

Шуға қарсы каскалар басты жарақаттанудан, есту органдарын жоғарғы жиіліктегі, деңгейі 120 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған.

Шуға қарсы құлақ қалқандар есту органдарын – жоғарғы жиіліктегі, денгейі 115 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Сонымен қоса ең ыңғайлысы және кеңінен пайдаланылатыны «Берушкалар». Олар деңгейі 100 - 150 дБ болатын өндірістік шудан, сондай ақ тұрмыстық шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы тығындар шуды жұтатын талшықты материалдан жасалады және 4x4 см көлемінде болады. Тығындар конус түрінде оралған және сыртқы есту жолына тығындалады.

Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Қатты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқы қарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады.

Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады.

Каска корпустан, ішкі қабат пен иек асты бауынан тұрады. Каска корпусының бет пердесі өлшеміне қарай 400 және 460 г. болады. Пайдаланушының талабына сай каскалар респиратор тағылатын құрылғылармен, шуға қарсы құлақ қалқандармен, көз бен бетті қорғайтын көзілдірік қалқанмен жабдықталады. Техникалық талаптарға сәйкес каскалар тік бағытталған энергиясы 80 + 0.2 Дж соққыға шыдамды болуы керек; сонымен қатар корпус шытынамауы және сынбауы керек, сондай – ақ ішкі қабаты да зақымданбауы керек. Соққы кезіңдегі басқа келетін ауыртпалық 5 кН, ал санылау 5 мм кем болмау керек. Қауіпсіз тік саңылау (ішкі қабат пен корпустың ішкі жағының аралығы) - 35 - 50 мм. Каскада қарастырылған амортизация болуы үшін оның ішкі қабаты басқа толығымен киіліп тұруы керек. Бұл үшін оның бір бөлігінде тұрған амортизатордың жарты дөңгелектерін біріктіру керек. Амортизатордың орталық бауын тоғасы беттің оң жақ бөлігінде тұратындай етіп, мықтылап касканың корпусына бекітеді. Дөңгелек амортизаторлар соңдай – ақ каска корпусы фиксатормен жалғастырылады. Ішкі қабаттың тереңдігін дөңгелек амортизаторлардың жіктерін ауыстырып, фиксаторлардың көмегімен орнатуға болады. Дөңгелек амортизатордың басқа қысым көрсетуін болдырмау үшін оларда созылмалы жұмсақ материалдан жастықшалар болады. Тоға бір қолмен шешіледі. Бұл үшін бас бармағымен тілшікті, ал кіші және бармақпен бауды тартады. Мойынды атмосфералық шөгінділер мен желден қорғау үшін пелерин ойластырылған. Пелеринді орналастыру үшін дөнгелек амортизатор мен амортизатордың орталық бауын каскадан шешіп алу керек. Орталық амортизатор бауының фиксаторы пелеринаның шеткі саңылауларынан өткізіледі, осыдан кейін ішкі қабатын касканың корпусына орнатады. Қысқы уақытта касканы шлем астына салынатын қабатпен бірге қолданады. Шлем астына салынатын қабатта орнату үшін дөңгелек амортизатордан жастықшаларды алып, одан кейін дөңгелек амортизаторды шлем астындағы қабатқа кигізеді. Орталық амортизатор бауының фиксаторларын шлем астындағы қабаттың ленталы ілгектерінен өткізеді, бұдан кейін ішкі бөлікті касканың корпусына орнатады. Каскалар құрғақ, жабық орында, тақтайдың үстінде, соныменен қатар жылыту жүйесінен 1 м қашықтықта сақталуы тиіс. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен қорғалған болуы керек. Сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 2 жылды құрайды. Басқа дәлденіп және толық түймеленген каска белгіленген қорғаныс пен қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет