Сабақтың мақсаты: Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптары, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары, қауіпті және зиянды факторлар – факторлар тобын қарастыру.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар. Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы аттестациядан (қайта аттестация) өткен азамат.
Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады.
Авариялық–құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары:
төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық;
төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті;
авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау;
құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы.
Барлық авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша аттестациялауға жатады. Аттестациядан өткен және тексерулер барысында төтенше жағдайға әрекет ету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін дәлелдеген авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына лицензия беріледі.
Егер де көрсетілген мекемелермен құрылған немесе оларға келісім шарт бойынша қызмет көрсететін нысандық кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары белгілеген нормативтерге жауап бермесе, ұйымның қызметі толығымен немесе жартылай тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады.
Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары. ТЖ зардабын жою үшін кезіңдегі құтқарушылардың жұмысы жоғарғы дәрежедегі қауіптілігімен ерекшеленеді. Құтқарушының денсаулығын, кей жағдайда өмірін сақтап қалу үшін мыналар қажет:
еңбекті қорғау жөніндегі нормативті – техникалық құжаттардың талаптарын білу мен орындау;
қорғаныс құралдарымен қамтылу және оларды пайдалана білу;
жағдайды бағалай білу және қауіп дәрежесін анықтай білу;
қиын – қыстау және жарақат қауіпі төнген кезде өзін дұрыс ұстай білу;
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық -техникалық, санитарлы – гигеналық, емдеу – алдын алу, оңалту және өзге де іс – шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе.
Техника қауіпсіздігі – адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық іс – шаралардың жүйесі.
Жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілгінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері.
Кәсіби ауру – қызметкердің (кызмет) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру.
Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті еңбек қызметіндегі қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуін жою немесе азайту болып табылады. Оның шешімі ұйымдастырушылық, техникалық, гигиналық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, этикалық әдістер пен құралдар арқылы.
Еңбек қауіпсіздігін жоғарылатудың ұйымдастырушылық құралдары мыналардан тұрады:
кадрларды кәсіби түрде таңдау мен дайындау;
орындаушыларды барлық деңгейде кәсіби пайдалану мен орналастыру;
біліктілігін арттыру және білімі мен өндірістік дағдыларын жетілдіру;
өндіріс үрдістері мен әдістерінің қауіпсіздігін жоғарылату;
енбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру мен сапасын жетілдіру;
жеке орындаушылар қызметіндегі функционалдық міндеттерді нақтылау, олардың жұмысын еңбекті қорғау жөніндегі қалыптар мен ережелер бойынша регламенттеу;
еңбекті қорғаудың жағдайын қатаң бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
еңбек процесінің қалыпты және қауіпсіз жүруі үшін әлеуметтік, материалдық және техникалық жағдайларын жетілдіру;
Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдардың зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар болса, жеке қоргану құралдары деп қызметкерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдарды айтады.
Еңбек қауіпсіздігін көтерудің техникалық құралдары өндірістік үрдістер мен операциялардың тиімділігін жоғарылатуға қызмет етеді. Олар адамның жұмсаған физикалық күшін жеңілдетуге, сондай – ақ еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен жетілдірілуіне негізделеді. Қазіргі жағдайда ерекше қажетті болып табылатын, техникалық құралдарды жетілдіру кезіндегі еңбекгі қорғаудағы негізгі ережелердің бірі – қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға ауысу міндеті болып отыр.
Еңбек қауіпсіздігін көтерудің гигиеналық құралдары адам мен еңбек процесі және қоршаған орта арасындағы жағымды қарым – қатынасты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оларға жататындар:
қоршаған орта мен еңбек жағдайлары факторларының адам ағзасына әсер етуін зерделеу;
еңбек үрдісінің зиянсыз өтуі үшін физиологиялық және гигиеналық критерилерді бекіту;
еңбек үрдістері үшін гигинеалық нормаларды регламенттеу мен анықтау және олардың негізіңде еңбек үрдістерін санкциялау;
шаршауды, кәсіби және жалпы ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын дайындау;
еңбек жағдайлары мен өндіріс ортасының санитарлы – гигиеналық жағдайын бақылау мен үнемі қадағалауды ұйымдастыру және іс жүзінде жүзеге асыру;
санитарлы техникалық қондырғылар, құрылғылар мен аспаптардың, тұрмыстық ғимараттардың, санитарлық құралдар мен ЖҚҚ – ның жағдайы мен гигиеналық тиімділігін бағалау;
қызметкерлер құрамын санитарлы – гигиеналық қамту, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде сапалы оқытуды ұйымдастыру;
Еңбек қауіпсіздігін көтерудің әлеуметтік құралдары еңбек ұжымының тіршілік етуімен байланысты. Қызметкерлер құрамын жоспарлау мен әлеуметтік дамуы өндірістің әлеуметтік құрылымы элементтерін ұйымдастыру мен жұмысын басқару болып табылады. Адам өмірін қорғау мен оның еңбек үрдісіндегі қызметінің тиімділігін жоғарылатуға қызмет ететін әлеуметтік орта төмендегі бөліктерден тұрады:
пайдаланудағы техникалардың, технологиялардың қалтықсыздық деңгейін, өндірістік жағдайды, қорғаныс құралдарының жағдайын, еңбек қарқындылығын және т.б. анықтау;
өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың жағдайы, жұмыс орындарының жабдықталуы, метеорологиялық жағдайлар, сапалы желдету, жылу мен жарық, шуыл деңгейі, діріл және басқа да факторлар;
өмірдің материалдық жағдайлары. Оларға жататындар: материалдық деңгей және оның өзгеруіне өндірістік қызмет ерекшелігінің әсері;
өндіріс саласынан тыс тұрмыс жағдайы және энергиялық шығынды қалпына келтіру мүмкіндігі.
Еңбек қауіпсіздігін көтерудің құқықтық құралдары еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылатын заңнамалық – нормативтік актілерден тұрады. Бұл тұста ең басты роль еңбек заңнамаларына және олардың негізінде дайындалатын нормативтік құжаттарға беріледі. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек қорғауға қатысты: ғимараттар, техникалық үрдістердегі, құрылғылардағы және т.б. еңбек қорғау талаптары заңмен белгіленген. Алдын ала бақылауды регламенттеу көзіне еңбек қауіпсіздігін стандартизациялайтын актілер, санитарлық және тағы да басқа нормалар мен ережелер жатады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралардың ішіндегі ең негізгілеріне кіретіні
жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне қойылатын зандық талаптары. Мерзімді медициналық бақылауды жүргізу денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді және ауру белгілерін дер кезінде анықтауға көмегін тигізеді.
Еңбек қауіпсіздігін көтерудің психологиялық құралдары ұжымдағы психологиялық климатты, ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесімділігін анықтайтын барлық факторларды жинақтайды. Енбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуде кадрларды кәсіби таңдау, оларды жұмыстың қауіпсіз тәсіліне оқыту мен дайындау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мен орналастыру, олардың өзара қарым – қатынастарының мәселелері ерекше орын алады. Толассыз өзгеріп отыратын ақпарат көлемін өңдеу және тиісті жағдайда барынша дұрыс шешім қабылдау өндірістік қызметке тән сипаттың бірі болып табылады. Осының барлығы қызмет барысындағы психологиялық үрдістердің рөлін арттырады, олар: көзқарастың шиеленісуі, жағдайды есте сақтауды, ойлауды, қабылдау мен бағалау. Еңбек психологиясының талаптарын есепке алу адамның стресстік жағдайын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл жағдайларда жарақат қауіпі және авариялық жағдайлардың туындау мүмкіндігі көбейіп кетеді.
Еңбек қауіпсіздігін көтерудің этикалық құралдары еңбек үрдісі және ұжым мүшелерінің ара қатынасын көрсетеді. Мұндай қарым – қатынастардың сипаты мен көрініс табуы еңбекті қорғаудың басты салаларының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау жөніндегі ереже және нұсқаулықтардың негізінде еңбек ұжымының арасындағы қарым -қатынасты құру – басшының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұжымдағы қарым – қатынас формалары әр түрлі болады және ең алдымен мына жайттарға байланысты болып келеді: бағыныштылық, өзара қызмет, өзара көмек және т.б.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары
Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары.
Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті.
№ 9 сабақ Құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар – факторлар тобы.
Сабақтың мақсаты: ТЖ жағдайында авариялық – құтқару жұмыстарды жүргізу адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлармен қоса жүреді.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
Қауіпті және зиянды факторлар әсер ету сипатына байланысты келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық,биологиялық, психологиялық.
Физикалық қауіпті және зиянды факторлар келесі топтарға бөлінеді:
қозғалмалы көліктер мен механизмдер;
өндірістік құрылғылардың жылжымалы бөліктері;
қозғалатын заттар, дайындалған заттар мен материалдар;
бұзылған құрылғылар;
қирамалы тау жыныстары;
жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануы мен ластануы;
құрылғы, материал беті температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
жұмыс аймағындағы шу деңгейінің жоғарлауы;
діріл деңгейінің жоғарылауы;
инфро дыбыстық тербеліс деңгейінің жоғарылауы;
ультра дыбыс деңгейінің жоғарылауы;
жұмыс аймағындағы барометрлік қысымның жоғарылауы немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруі;
ауа ылғалдығының жоғарылауы немесе төмен болуы;
ауа қозғалысының жоғарылануы немесе төмен болуы;
ауаның жоғарыланған немесе төмендеген иондалуы;
жұмыс аймағындағы иондаушы сәулелер деңгейінің жоғарылауы;
электр желісіндегі кернеудің жоғарылауы, адамның денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықтары;
статикалық электр тогының жоғарылаған деңгейі;
электромагниттік сәулеленудің жоғарыланған денгейі;
электр өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
магнит өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігі;
жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
жарықтың жоғарылауы;
түстердің қарама – қарсылығының төмендеуі;
тікелей және шағылыса жарқырау;
жарық толқынының жоғарыланып жүруі;
ультракүлгін радиация деңгейінін жоғарылауы;
инфрақызыл радиация деңгейінің жоғарылауы;
дайын заттардың, құрал – жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір – бұдырлық;
жұмыс орнының жерге қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде орналасуы;
тепе - теңдіктің жоқ болуы.
Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді
а) адам ағзасына әсер ету сипатына қарай:
уытты;
тітіркендіргішті;
сенсибилизациялаушы;
канцерогендік;
мутагеңдік;
репродуктивтік қызметке әсер ететін;
б) адам ағзасына ену сипаты бойынша:
тыныс алу органдары;
ішек – қарын жолы;
тері жамылғысы мен шырышты қабық.
Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға келесі биологиялық нысандар жатады:
патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар,) және олардың тіршілігіне қажетті заттар.
микроағзалар (өсімдіктер мен жануарлар).
Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер ету сипатына қарай мына топтарға бөлінеді:
Нервті – психикалық ауыртпалықтар мына топтарға бөлінеді:
ақыл – ойлық ауыртпалықтардың ұлғаюы;
анализаторлардың шамадан тыс шаршауы;
эмоциялық ауыртпалықтар.
Бұл аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлар өзінің әсер ету табиғатына байланысты бір мезгілде бірнеше топқа жатады және барлық сипаттағы ТЖ кезінде орын алады (табиғи, техногенді).
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары.
Қауіпті және зиянды факторлар – факторлар тобы.
№ 10 сабақ Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы, класстары. құрал – жабдықтары
Сабақтың мақсаты: ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Қорғаныс құралдарының нақты түрін таңдау аталған үрдіс немесе жұмыс түріне қойылатын талаптарды есепке ала отырып жүргізілуі керек.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10
Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:
топтық қорғаныс құралдары;
жеке қорғаныс құралдары.
Топтық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:
жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары (барометрлік қысымның шамадан тыс жоғары немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруінен, ауа ылғалдығының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауаның шамадан тыс жоғары немесе төмен иондалуынан, ауадағы оттегі концентрациясының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауадағы зиянды аэрозоль концентрациясының шамадан тыс болуынан);
жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары (жарықтың төмен болуынан, табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігінен, көру мүмкіндігінің төменденуінен, ыңғайсыз немесе көз шағылыстыратын жарықтан, жарық толқынының шамадан тыс жүруінен, жарық берудің төменгі көрсеткішінен);
иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары;
электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары;
лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары;
дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы және
жергілікті);
ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары;
электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары;
ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары;
механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер;
өндірістік құрылғылар мен құралдардың жылжымалы бөліктері;
қозғалмалы құралдар мен дайын заттар, материалдар;
конструкция бүтіндігінің бұзылуы, құлаған тау жыныстары;
сусымалы материалдар; дайын заттардың, құрал – жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір – бұдырлық және жиектің өткірлігі);
химиялық факторлардан қорғау құралдары;
биологиялық факторлардан қорғау құралдары:
Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:
оқшаулағыш сырт киім; тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;
арнайы қорғаныс киімі; аяқты, қолды қорғау құралдары;
басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары;
биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;
теріні қорғайтын құралдар;
аралас қорғаныс құралдары;
Қауіпті және зиянды факторларды іздеп табу мен әсер ету күшін анықтау, олардың әсерінен қорғаудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта арнайы құрылғылар қолданылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Топтық қорғаныс құралдары.
Жеке қорғаныс құралдары.
№ 11 сабақ Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар
Сабақтың мақсаты: Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11
Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді:
аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;
булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;
ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.
Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді:
шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;
автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.
Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.
Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.
Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.
Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.
Авариялық – құтқару жұмыстары кезінде сүзгіш газқағарлар кеңінен қолданылады. Олар тек кана химиялық заттардың ауадағы концентрациясы мен құрамы белгілі болғанда, ал қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болмаған жағдайда қолданылады (көлемді); бұған қоса ТАОЖҚҚ қорғау қызметінің уақыты ТЖ аймағында жұмыс жасауға жетуі және жоғарғы тыныс алу жолдарының күюін болдырмауы керек.
Қорғау қызметінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75% және қоршаған орта температурасы 30 °С - ден 40 °С дейін болуына арналған.
Құтқарушыларды кәсіпорындарда орын алған авариялар кезінде ҚӘЗУ – ден қорғау үшін үлкен және кіші габаритті өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар қолданылуы мүмкін. Олардың қатаң бағытталуы (таңдаулы) бар және тек қана белгілі бір химиялық заттардан қорғануға арналады.
Окшаулағыш ТАОЖҚ. Құтқарушыларды ҚӘУЗ буының жоғарғы концентрациясынан, сондай – ақ өрттерден, кейінгі атмосфераның жоғарғы түрінді газдануынан және жарылыстар мен заттардың балқуы кезінде оқшаулағыш ТАОЖҚҚ қолданылады. Оларды концентрация құрамы белгісіз болғанда қолданылады; қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болған жағдайда (көлемдік бөлігі); басқа ТАОЖҚҚ қорғаныс қызметінің уақыты зақымдалған аймақта жұмыс жасауға жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |