Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен



бет9/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды ( ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Құтқарушылардың радиоактивті ластанған жерлерде болуы арнайы шамалармен есептелген кестелер арқылы жүргізіледі.

Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл кезде құрал жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10-15) болуы керек. Топырақтың, судың, құылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі.

Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:


  • қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;

  • радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 );

  • химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;

  • залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;

  • радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;

  • радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;

  • халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру:

Радиациялық қауіпті объекті – ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін.

Радиациялық апат - радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсермен, радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөшерімен бағаланады.

Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:


  • радиоактивті заттардың табиғи ыдаруы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

  • метеорологииялық және климаттық факторлар;

  • аварияның салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шаралары.

Авариядан кейінгі бастапқы кезеңінде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырататын қысқа мерзімімен радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармай шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті көму өндірісін тоқтауға алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс тығыздығымен сипатталады және аудан бірлігіне орай радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

«Баршаның назарына» ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұратын барлық ескерту шараларын тез, саспай, мұқият орындау қажет.

Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау:


  • тұрғын үймен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау:

  • жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

  • қорғаныс ғимараттарын пайдалану;

  • қозғалысты шектеу;

  • Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;

  • йодтың немесе калий йодының 3-5 проценттік пайдаланып, и»одтық сақтандыру жүргізу;

  • суды, азық-түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау;

  • ықтимал көшуге даярлау:

Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету.

Тұрғылықты жерде ластану деңгейі нормадан асатын болса, алайда қауіпті шектен аспаса өзін-өзі ұстаудың арнайы режимі сақталады. Шаңды болдырмау, жеке шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді сақтандыру, радиоактивті заттардың азық түлікпен және сумен организмге өтуінен сақтандыру шаралары өткізіледі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Өртке қарсы шараларды дайындау, өртті барлаудың мақсаты мен міндеті.

  2. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері

  3. Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті

  4. Барлау бөлімшелерінің құрамы, олардың техникалық жабдықталуы. Зақымданғандарды іздестіру және көмек көрсету.

  5. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлау күштері мен жабдықтары.

  6. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті.. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары.

3 сабақ Құтқару жұмыстары кезінде адамдарды іздестіру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету реті. Техниканы және алдамдарды залалсыздандыру (санитарлық өңдеу) әдістері


Сабақтың мақсаты: Әр бір табиғи зардап ерекше, бірақ дегенмен олардың көп ұқсас жерлері бар. Кейбір зардаптар көбінесе потенциалды болып келеді, денсаулыққа кері зардаптан гөрі халықтың көшірілуі кезінде инфекционды аурулардың таралуының жоғарғы қаупі болады, дегенмен эпидемия көбінесе апаттық жағдайдан пайда болмайды. Шынайы және потенциалды қауіп апаттан кейінгі сәтте пайда болмайды, керісінше олар апатқа ұшыраған аймақтың ауырлық дәрежесімен ерекшеленеді.Төтенше жағдай апаттық жағдай орын алған жерде пайда болады және алғашқы медициналық көмек ұйымдастыруды керек етеді,сол уақытта инфекциялық аурулардың таралуы үлкен қауіп төндіреді және ұзақ процесс болып келеді. Көп адам жиналған санитарлы формалары нашар жерлерде өте қауіпті болып келеді.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсету
Табиғи апаттардың қысқа уақыттық зардаптары

1 кесте


зардаптары

Жерсілкінісі

Су тасқыны

Су басу

Сел көшкіні

өлім

Көп

көп

аз

аз

Ауыр травма, медициналық

Көмекті қажет ететін ауыр жарақат



Өте көп

аз

аз

аз

Инфекциялық аурулардың көбею қаупі

Барлық апатты жағдайда потенцияльды қауіп төндіреді










Сауда-саттықтың шектелуі

Сирек

(азық-түлік жетіспеушілігінен емес басқа факторларға байланысты болуы мүмкін)



орташа

орташа

Орташа

(Халық көшкен жағдайда)



Халықтың көшіп-қону масштабы

Сирек қалалар өте қатты қираған кезде

орташа

орташа

орташа


Жерсілкінісі: зерттеулер бойынша,жер сілкінісі кезіндегі орташа қайтыс болған адамдардың пайыздық көреткіші жарақат алғандар арасында үш зардап шегушінің біреуі болуы мүмкін.Пайыздық көрсеткіш апаттық жағдайдан алыс болғанына байланысты аз болып келеді. Жер сілкінісінен кейін болатын екіншілік апат, мысалы өрт, сел зардап шеккендердің және медициналық көмекті қажет ететін адамдардың санын көбейтеді. Бұндай кезде көп таралған жарақаттардың түрлері: ұсақ жарақаттар және терінің тілінуі, жеңіл сынықтар, ішкі органдардың травмвлвры. Бұндай жағдайда хирургиялық және интенсивті терепияны қажет етеді.

Су тасқыны: су тасқыны көптеген өмірлік шығынға әкелуі мүмкін,бірақ зардап шегушілер аз болады. Су тасқыны кезінде өлім себебі көбіне суға бату, әсіресе физикалық әлсіз адамдар.

Су басу: баяу су басу кезінде өлім-жітім және ауру көрсеткіші төмен болады.

Қысқа және ұзақ мерзімді тәсілдер. Төтенше жағдайлар кезіндегі көмек көрсету жоспары екі элементтен тұруы керек: төтенше жағдай болған кезде адам денсаулығына ұзақ және қысқа мерзімді әсерлердің әсері. Шұғыл жағдайлар кезінде жүргізілетін шаралар іздеу құтқару жұмыстарымен, алғашқы көмек көрсету, медициналық мүліктің транспартировкасымен, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілуінің реттілігі және олардың емдік мекемелерге эвакуациялануна негізделген болу керек. Бұдан кейін жүргізілетін шаралар зардап шеккен халықтың мұқтаждығын анықтап, сумен қамтамасыз ету, санитарлы талаптарды ескеру, инфекциялық аурулардың таралуын бақылап, алдын алу шараларын жүргізу.

Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету

Арнайы күтім мен емдеу белгілі бір апаттардан (жер сілкінісі) кейінгі зардап шегушілердің кейбір бөлігіне ғана қажет болып келеді. Адамдар қатты жарақаттарды апаттың алғашқы соққысынан алады, сондықтан медициналық көмек алғашқы сағаттар мен күнде аса қажет болады. Жаппай көмек көрсетуді ұйымдастыру құрамына: зартап шеккендерді іздеу, құтқару жұмыстарын жүргізу, алғашқы медициналық көмектерді көрсету, зардап шеккендерге көмек көрсетудің реттілігін орналастыру, емдік мекемелерге зардап шеккендерді эвакуациялау.

Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету. Үлкен апат кезінде адамдар:


  • Бұзылған ғимараттардың астында қалуы мүмкін;

  • Бұзындының астында қалуы немесе ағынды суға түсуі;

  • Су тасқынының нәтижесінде сыртқы ортадан оқшаулануы;

Бұл адамдарды құтқаруға болады. Іздеу-құтқару жұмыстары және алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі өте жоғары, бұл шараларды бір ғана мекемелердің жүргізуі қиынға түседі. Үлкен масштабты төтенше жағдайларда, іздестіру-құтқару мекемесінің болу болмауына байланыссыз көптеген жұмыстарды зардап шегушілердің туыстары, жолдастары мен жақындары жүргізеді. Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы мұндай адамдардың қызметін жақсарту мақсатында арнайы дайындықтан өткізеді.

Медициналық көмек көрсету, емдеу және медициналық мүлікті тасымалдау. Апат кезіндегі медициналық көмекті ұйымдастыру апаттың масштабына және санитарлы шығын көлеміне негізделеді. Табиғи апаттар мен өндірістік апаттар нәтижесінде болған жаппай санитарлы шығынды арнайы зардап шеккендерге медициналық көмек апат орнында немесе оған жақын жерде көрсетілуі керек.

«Апаттар медицинасы» негізі жарақат нәтижесінде адам организмінде пайда болатын патологиялық процессті бірегей түсіну, емдеу тактикасына бірыңғай көзқарас, эвакуацияның әртүрлі этаптарындағы жүргізілетін медициналық шаралардың реттілігі, медициналық құжаттардың болуы жатады.

Жаппай зақымдалу кезіндегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру келесі мақсатты қамтиды:


  • Зақымдану ошақтарын медициналық бақылау;

  • Зардап шегушілерді іздестіру мен құтқару;

  • Зардап шеккендерді сұрыптау;

  • Зардап шеккендерді эвакуациялау;

  • Медициналық көмек пен емдеу;

Зақымдану ошақтарын медициналық бақылауды жүзеге асыру үшін алдын ала халық санын, медициналық қызметтін саны мен күшін, жергілікті ортаның рельефін, жолдардың саны мен сапасын, су көзін білу керек.

Бірнеше сағат пен күннің ішінде зардап шегушілерді іздестіру мен құтқару апат кезінде көптеген адамдардың өмірін сақтап калуға көмектеседі. Көбіне бұл функцияны өрт сөндірушілер командасы, милиция, әскери бөлімдер, волонтерлер, жақындары мен туыстары жүргізеді.

Зардап шеккендерді сұрыптау медицина қызметінің ең негізгі мақсаты болып табылады. Бұл медициналық көмектің түрі мен көлемін анықтайды, зардап шеккендердің тасымалдаудың мүмкіншілігі мен реттілігін анықтайды.

Зардап шеккендердің эвакуациясы- жаппай санитарлы шығын ошағынан жарақаттанғандарды шығару, уақытында медициналық көмек көрсету мен емдеу үшін емдік және медициналық мекемелерге жеткізу.

Жарақаттанған адамдарды эвакуациялау үшін түрлі санитарлы-транспорттар мен қоғамдық транспорттар (теміржол, автомобильді, судағы, ауа транспорты) қолданылады.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін медициналық мекемеге жақын орналасқан көптеген зардап шегушілер кез келген қол жетімді транспортпен жетуі керек.

Алғашқы дәрігерлік және квалифицирленген көмек көрсетілуі мен төсек орынның бос болмауы зартап шеккен науқастарды орналастыру мен емдеуге бағытталған. Медициналық орталық күніне 24 сағат жұмыс жасау керек, сонымен қатар науқастардың жақындары мен туыстарына кіру мүмкіндігі шектелмеу керек. Қызыл Жарты Ай мұндай орталықты құру және басқару үшін жақсы жабдықталған болуы тиіс.медикаменттер, емдік препараттар, медициналық құралдар мүмкіндігінше арнайы транспортпен жүргізілуі тиіс.

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің реттілігін орналастыру. Апаттан кейінгі алғашқы күндері медициналық көмек пен арнайы күтімді қажет ететін науқастарға медициналық персонал тарапынан арнайы емдеу мен күтім қажет.

Жаппай медициналық шығын кезінде, медициналық сұрыптау принципін ұстану қажет. Медициналық сұрыптау- жарақаттанғандарды, зардап шегушілерді және науқас адамдарды, біркелкі емдік-эвакуационды шараларды қажет ететіндерді бір топқа бөлу.

Медициналық сұрыптау ішкі пунктты және эвакуационды-транспортты сұрыптау болып бөлінеді. Ішкі пунктты сұрыптау – арнайы этаптың функциональды жіктелуіне негізделіп сұрыпталған. Ол медициналық көмектің түрі мен реттілігін анықтайды. Эвакуационды – транспортты сұрыптау: транспорттың түрін, науқастың жағдайы мен эвакуация реттілігін анықтайды. Медициналық сұрыптау мен эвакуацияға қазіргі көз қарасқа сәйкес, медициналық көмек көрсету барысында зардап шеккендерді 4 топқа бөледі:


  • Бірінші топ (20 % зардап шегушілер ): ауыр зардап шеккендер, өмірмен сәйкес емес жарақаттар. Бұл топ эвакуацияға жатпайды, бұл кезде тек қиналуын азайтуға бағытталған;

  • Екінші топ: (20 %):бұл топтағы науқастарға шұғыл ем жүргізу керек.

  • Үшінші топ (20 %) бұл топтағы науқастарға транспартировка жүргізіледі, ем 6-8 сағатқа шегерілуі мүмкін.

  • Төртінші топ (40 %): жеңіл жарақаттанғандар, бұл топқа көмекті амбулаторлы жүргізуге болады. Бұл адамдар санитарлы транспортпен эвакуацияны қажет етпейді.

Жағдайының ауырлық дәрежесі науқастың есіне, тыныс алуына, пульсына, жарақат түріне байланысты бағаланады.

Жергілікті медициналық қызметкерлер зардап шеккендердің классификациясының принциптерін төтенше жағдай болмай тұрып білуі тиіс. Себебі, төтенше жағдай болған жағдайда бірден көмек көрсету үшін. Егер төтенше жағдай орнына арнайы үйретілмеген медицина қызметкерлері жіберілген болса, міндетті түрде арнайы дайындалған мамандардың жіберілуі тиіс. Ауруханада алғашқы медициналық көмектің реттілігін орнату жоғарыпрофессиональды маман жауапкершілігімен жүргізілуі тиіс.



Зардап шегушінің тұлғасын негіздейтін биркаларды колдану. Мүмкіндігінше науқастардың тұлғасы анқталуы тиіс. Бұндай шаралар науқастың тұлғасын анықтайтын бирканы қолдану жолымен жүргізіледі, бұнда науқастың аты жөні, жасы, жынысы көрсетіледі. Биркалар апат ошағында толтырылады.

Медициналық пунктте, поликлиникада, алғашқы медициналық көмек отрядында біріншілік есептің медициналық карточка толтырылады. Бұл карточкада паспорттық мәліметтер мен бірге диагноз, көрсетілген медициналық көмек көлемі және науқастың қайда эвакуацияланғаны көрсетіледі.

Барлық емдік-профилактикалық мекемелердің қабылдау-сұрыптау бөлімінде, сұрыптау жүргізілгеннен кейін, науқасқа сұрыптау маркасы тіркеледі. Бұнда науқасқа медициналық көмек қай бөлімде және қандай реттілікте жүргізілетіні белгіленген. Сұрыптау маркасының түсі мен формасы алдын ала дайындалуы қажет және әрбір медициналық қызметкер барлық марканың мағынасын білуі тиіс.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары


  1. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсету.

  2. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету.

  3. Медициналық көмек көрсету, емдеу және медициналық мүлікті тасымалдау.

  4. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің реттілігін орналастыру.

  5. Зардап шегушінің тұлғасын негіздейтін биркаларды колдану.

4 сабақ Құтқару жұмыстарын жүргізуші күштер мен басқару органдарының қажетті техникалық қамтамасыздандару дәрежесін анықтау.


Сабақтың мақсаты: Азаматтық қорғаныс жасақтарының өз міндеттерін нәтижелі орындауы көбінесе әр түрлі жағдайларда олардың әрекет жасауын ұйымдастыра білуге, сондай – ақ медициналық, материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты келеді. Қамтамасыз етудің бұл түрлері негізінен жасақтар әрекетінің сипатына байланысты болады әрі адам құрамдарының алдына қойылған міндеттерді нәтижелі орындауына ықпал етеді. Жасақтардың әрекет жасауын қамтамасыз ету мәселелерін азаматтық қорғаныс бастықтары қарамағында арнайы қызмет жасақтары бар, азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерінің көмегімен шешеді. Бұл мақсаттарға сондай – ақ азаматтық қорғаныс бастығы бөлетін күш пен құралдар да тартылады.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Медициналық қамтамасыз ету

Стихиялық апат пен өндірістік авария жағдайында жасақтарды медициналық қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – жасақтардың адам құрамының денсаулығы мен еңбек қабілетін сақтау және ауырып қалғандар мен жарақат алғандарға дер кезінде медициналық көмек көрсету . Оған жасақтар қимылының барлық кезеңдерінде жүргізілетін емдеу – профилактикалық, санитарлық – гигиненалық және эпидемияға қарсы жүргізілетін күрес шараларының комплексі кіреді.

Медициналық қамтамасыз етуді тәртіп бойынша жасақтар әрекет жасап жатқан жерге жақын маңда немесе тікелей жұмыс учаскелерінде топтастырылған медициналық пункттер іске асырады. Медициналық пунктте адам құрамына шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, амбулаториялық емдеу жүргізіледі, қажетті жағдайда сақтандыратын егу және т.б жасалады. Сонымен қатар медициналық пункттің қызметкері белгіленген жұмыс режимінің орындалуын, территорияның санитарлық – гигиеналық жайын, сондай – ақ тамақтану, сумен қамтамасыз ету, монша және кір жуу қызметінің көрсетілуі мен адам құрамының дем алуын ұйымдастыруды бақылайды.

Медициналық пункттері жоқ жасақтардың адам құрамына апат ауданында сақталынып қалған емханалар, ауруханалар, санитарлық –эпидемиялық станциялар қызмет көрсетеді. Осы мақсатқа жақын жердегі емдеу – профилактикалық мекемелер де пайдаланылады.

Стихиялық апат пен өндірістік авария зардаптарын жою жағдайында зардап шеккен жасақтардың адам құрамына көрсетілетін медициналық көмектің нәтижелі болуы көбінесе жұмыс орнында дер кезінде әрі дұрыс көрсетілген алғашқы медициналық көмекке байланысты келеді. Осыған байланысты адам құрамы алғашқы көмекті тәртіп бойынша, өзіне және бір – біріне көрсете білуі тиіс. Жасақтың әрбір жауынгерінде медициналық жеке қорғау құралдары байлап – тану пакеті, жеке аптечкасы, ал қажет жағдайда әсері күшті улы заттарға қарсы профилактика жасайтын арнаулы дәрілер де болуға тиіс. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жарақат алғандарды жасақтардың медициналық пунктіне немесе оларға дәрігерлік көмек көрсетілетін жақын маңдағы емдеу мекемесіне жібереді. Зардап шеккендер мен аурулар медициналық пунктте кідірлетіп қалуға тиісті емес, олар мүмкіндігінше қарай стихиялық апат ауданынан тысқары жердегі медициналық мекемеге жіберілуі керек.

Материалдық қамтамасыз ету.

Стихиялық апат пен өндірістік авария зардаптарын жою кезінде азаматтық қорғаныстың жасақтарын материалдық қамтамасыз етудің мәні – жасақтарды дер кезінде жұмыстарды атқаруға қажетті техникамен, мүліктермен, құрал – саймандардың басқа да түрлерімен қамтамасыз ету. Материалдық қамтамасыз етуді тікелей жасақтар командирінің материалдық – техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары ұйымдастырады. Стихиялық апат пен өндірістік авария зардаптарын жоюға қатысушы барлық жасақтар жұмыс басталатын жерге қолда бар штат пен табельдерге сәйкес техника және мүліктермен жабдықталған түрде келеді. Техниканың бұзылмай жұмыс істеуіне әрі оны тиімді пайдануға оларға бекітілген адам жауап береді. Стихиялық апат пен өндірістік авария болған ауданда тікелей жұмыс істеуші техниканы арнайы келген автомат – май құюшы немесе жылжымалы автоматты түрде май құятын станциялар қамтамасыз етеді. Автомобиль мен техникаға майды жасақтардың адам құрамы құяды, май құятын уақыт пен жерді жасақ командирі белгілейді. Стихиялық апат пен өндірістік авария зардаптарын жоюға тартылатын жасақтар тамақпен, арнаулы киіммен және өздерін жасақтаған кәсіпорын мен мекеменің есебінен жұмыс орнына алып баратын және алып қайтатын транспортпен қамтамасыз етіледі. Жасақтардың тәуліктік тамақ рационын белгілеу кезінде адам құрамының жұмыс барысында көп күш-қайрат жұмсайтыны ескеріледі. Жасақтар жұмыс істейтін жағдайға байланысты, адам құрамын тамақтандыру екі түрлі тәсілмен: тұрақты асханада және далалық жағдайда ұйымдастырылады. Уақытша тамақтану пункттері тікелей адам құрамы орналасқан жерге топтастырылады. Тамақтану пункттерін орналастыруға орын таңдаған кезде учаскенің санитарлық жағдайы, ауыз су көздерінің жақындығы немесе оны сумен қамтамасыз ету пуктінен алып келу мүмкіндіктері, алып баратын қолайлы жолдар мен жүріс жолдарының бар – жоқтығы ескеріледі. Даяр тамақты беруді ұйымдастыру нақты жағдайға байланысты болмақ. Егер жағдай мүмкіндік берсе, ыстық тамақ термостармен немесе жорық кухняларымен тікелей жұмыс объектілеріне жеткізіледі. Қолайсыз жағдай кезінде адам құрамы тамақты тамақтану пункті орналасқан жерден алады.



Техникалық қамтамасыз ету.

Жасақтарды стихиялық апат пен өндірістік авария зардаптарын жою кезінде техникалық қамтамасыз етуге пайдалану, техникалық қызмет көрсету, көшіру мен автомобиль, инженерлік және басқа да арнаулы техникаларды жөндеу, сондай – ақ техникаларды бөлшектермен жөндеу материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар комплексі кіреді. Техникалық қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – техниканы жұмыс істейтін қалыпта және тиімді қолдануға үнемі даярлықта ұстау.

Стихиялық апат пен өндірістік авария зардаптарын жою кезінде қолайсыз жағдайларда да техника мен транспортқа күндіз – түні жұмыс істеуге тура келеді. Жұмыс істейтін жердегі ауаны шаң мен түтін басуы ықтимал, мұның көру қашықтығын шектейді. Мұндай жағдайларда техникалар мен транпортты пайдаланудың техникалардың моторесурстарның көп шығындалуы, жоғары температуралық режимдер, радиаторға көп мөлшерде шаң қонуы мен ауамен қамтамасыз ету жүйесінің ластануынан двигательдің салқындату жүйесі қызып кетуі, ықтимал сияқты бірсыпыра ерекшеліктері болады. Сонымен қатар, кейбір реттерде машинаның двигателі мен агрегаттарындағы отын мен майдың күюі ықтимал. Транспорт пен арнаулы техникалардың жұмысы, сондай – ақ жолдың ауырлығынан да қиындай түседі. Машиналардың техникалық жағынан дұрыс пайдалануына, күтіп ұстау мен техникалық бөлім жөніндегі орынбасары жауап береді. Машиналарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды азаматтық қорғаныстың техникалық қызмет жасақтары құрамынан немесе тұрақты жөндеу кәсіпорындарынан осы мақсатқа бөлінген жүргізушілер құрамы мен жөндеу бригадалары атқарады. Бұзылған машиналарды қалпына келтіру жұмыстары жасақтардың штатты жөндеу күштері және құралдары көмегімен атқарылады ал қажетті жағдайларда азаматтық қорғаныстың-техникалық қызмет жасақтарының қосымша күштері мен құралдары тартылады. Жөндеуге күрделі жабдықтарды қажет етпейтін машиналар жасақтардың жұмыс орнында жөнделеді. Жөндейтін жері көп машиналар бұзылған машиналарды жинайтын пунктте немесе тұрақты жөндеу техникалық қызмет кәсіпорындарында қалпына келтіріледі. Осыған байланысты мына төмендегідей талаптар сақталады: жөндеу техниканы толық қалпына келтіргенше жүргізіледі, бірінші кезекте бұзылған жерлері көп емес, машиналар қалпына келтіріледі, бұзылған тораптар мен агрегаттар түгелдей ауыстырылады, бүл техниканы қалпына келтіру мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Күрделі жөндеуді қажет ететін техникалар ведомстволарға қарасты жөндеу кәсіпорындарына жіберіледі .

Тәжірибе құтқару және шұғыл апаттық қалпына келтіру жұмыстарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін облыстық азаматтық қорғаныстың техникалық қызмет жасақтарынан 10 – 12 адамнан тұратын оперативті топ құру қажеттігін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет