Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы физикалық және коллоидтық химия


Қорытынды бақылау сұрақтары



бет30/31
Дата16.10.2022
өлшемі415,87 Kb.
#153311
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
УМКД физ химия (1)

Қорытынды бақылау сұрақтары


  1. Физикалық химияның негізгі бөлімдері.

  2. Идеал газ деп нені айтамыз ?

  3. Идеал газ қандай заңдарға тәуелді?

  4. Заңдардың математикалық өрнегін жазып, графикалық жолын көрсетіңіз

  5. Идеал газдың күйі теңдеуін көрсетіңіз

  6. Газ тұрақтысының (R) физикалық мағынасы неде? Өлшем бірлігін көрсетіңіз

  7. Дальтон заңын тұжырымдаңыз

  8. Жалпы қысым мен компоненттердің парциалды қысымның байланысы неде?

  9. Идеал газ заңының реал газ заңынан ауытқуы.

  10. Реал газ күйіне байланысты Ван- дер-Вальс теңдеуін жазыңыз

  11. Негізгі газ заңдарының теңдеуі

  12. Химиялық реакциялардағы жылу эффектісі деген не ?

  13. Гесс заңын және одан шығатын салдарды тұжырым. Бұл заңның маңызы неде ?

  14. Неге Гесс заңы термодинамиканың І заңының жеке жағдайы екенін түсіндіріңіз

  15. Қандай теңдіктер термохимиялық деп аталады? Оның кәдімгі теңдіктен айырмашылығы неде?

  16. Термодинамиканың І заңының математкиалық өрнегін пайдалана отырып,

  17. Жылу эффектісі тұрақты қысымда – энтальпияның өзгерісінің барын, ал тұрақты көлемде-химиялық реакцияның ішкі энергиясының өзгерісінің барын көрсет.

  18. Қандай химиялық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп атайды? Мысал келтіріңдер. Термодинамикалық және термохимиялық жүйеге сіңірілген жылуды қандай математикалық белгімен белгілейді? Ал жүйеден белгіленген жылуды ше?

    1. (Қандай химиялық реакцияларды). Неге кондесацияланған жүйеде энтальпия мен ∆Н пен ∆U арасында айырмашылық аз, ал газ тәрізді жүйеде көп ?

    2. Тұрақты қысымдағы жылу эффектісі мен тұрақты көлемдегі жылу эффектісі арасындағы байланысты көрсететін теңдікті жаз.

    3. Мына түсініктерге анықтама беріңдер. «түзілу жылуы», «ыдырау жылуы», «еру жылуы», «жану жылуы», «бейтараптану жылуы».

  19. Неліктен еру жылуын анықтауда 1 моль еріген затқа әртүрлі мольдегі ерітінді алынады?

  20. Химиялық байланыстың түзілу жылуына арналған заңдылықты тұжырымда.

  21. Күшті қышқылды күшті негізбен тұрақты бейтараптау жыуын немен түсіндіреді?

  22. а) күкірт қышқылын күйдіргіш натрмен бейтараптағанда.

  23. б) күкірт қышқылын аммиак ерітіндісімен бейтараптағанда, жылу эффектісі бірдей бола ма? Түсіндір.

  24. Сұйықталған ерітінділерді құйғанда жылудың сіңірілуі мен бөлінуі байқала ма?

  25. а) калии хлориді мен натрий бромиді.

  26. б) калий хлориді мен күміс нитраты

  27. в) натрий сульфаты мен қорғасын нитраты

  28. г) кальций сульфаты мен натрий нитраты.

  29. Химиялық реакцияда жылу эффектісі температураға тәуелді ме? Кирхгоф заңының математикалық өрнегін жаз. Қандай жағдайда химиялық реакцияларда жылу эффектісі температурадан тәуелсіз болады? Неліктен? Термодинамика дегеніміз не және қандай құбылыстарды зерттейді?

  30. Термодинамиканың І –ші заңына бірнеше тұжырымдар айт және олар бір-біріне қайшы келмейтін болсын. Неліктен термодинамиканың І-ші заңын бірінші басталу деп атайды.

  31. Жүйе дегеніміз не? Оның қандай түрлерін ажыратамыз ? мысал келтіріңдер.

  32. Термодинамикалық процестерге (изотермиялық, изобарлық, изохоралық, адиобаталық) анықтама беріңдер және мысал келтіріңдер.

  33. Жүйенің ішкі энергиясы дегеніміз не? Ол нелерден тұрады? Кинетикалық және потенциалдық энергиясы дегеніміз не? Неліктен идеал газ газдың ішкі энергиясы тек қана оның молекулаларының кинетикалық энергияларынан туындайды?

  34. Неліктен термодинамика ішкі энергиянің абсалютті мағынасын қарамай, тек өзгерісін ғана қарайды?

  35. Энтальпия дегеніміз не? Оның ішкі энергиямен байланысы қандай? Неліктен конденсацияланған жүйеде ішкі энергия мен энтальпияның айырмашылығы аз, ал газ тәрізді жүйеде көбірек?

  36. Энергияны бір жүйеден екінші жүйеге берудің мүмкін болатын жолдары қандай?

  37. Жылу және жұмыс дегеніміз не ? «Бір стакан ыстық суда қанша жылу бар» деп айтуға бола ма ? Неліктен.

  38. Үлестік, атомдық және молярлық (мольдік) жылу сыйымдылық дегеніміз не? Тұрақты қысым мен тұрақты көлемде мольдік жылу сыйымдылықтың арасында қандай байланыс болады?

  39. Жұмыс екі шамамен анықталады. Олар интенсивтілік фактор және сыйымдылық факторы. Осы шамалар механикалық, электрлік жұмыс жасағанда және газды ұлғайту кезінде қалай өзгереді?

  40. Идеальды газды ұлғайтудағы максимальды жұмыс дегеніміз не ? Неліктен ваккумдегі газ ұлғайғанда жұмыс жасалмайды?

  41. Изотермилық, изобарлық, изохоралық және аудиобаталық процестер кезінде идеалды газды ұлғайтатын масималды жұмыстың теңдігін жазыңдар.

  42. Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестерге мысал келтіріңдер. Табиғи процестерді толығымен қайтымды деп есептеуге болады ма?

  43. 1 Термодинамиканың ІІ заңына тұжырым келтіріп, математикалық өрнегін жаз.

  44. П.Ә.К. дегеніміз не? Неге ол әрқашанда 1-ден кіші болады.?

  45. Термодинамиканың ІІ заңының физикалық химия және химиялық технология үшін маңызы неде?

  46. 4. Термодинамиканың ІІ заңы І заңға қарағанда статистикалық . Бұл нені білдіреді?

  47. Бос және байланысқан энергия дегеніміз не?

  48. Энтропия дегеніміз не?

  49. Судың қатты күйінен сұйыққа, одан бу тәрізді күйге өтуінде энтропия қалай өзгереді?

  50. Неліктен жүйе энтропиясы нольден үлкен?

  51. Оқшауланған қайтымды, оқшауланбаған қайтымды изотермиялық, оқшауланбаған қайтымсыз процестер үшін энтропияның өзгеріс теңдеуін жаз.

  52. Клаузистың тұжырымы әлемдегі жер шарының жылып күйреуінде неге іске аспайды.

  53. Изобарлық-изотермиялық және изохоралық изотермиялық потенциалдардың мағынасы неде?

  54. Термодинамика дегенiмiз не және ол қандай құбылыстарды қарастырады ?

  55. Бiрнеше тұжырымдарын келтiрiп, олар бiр-бiрiне қайшылығы жоқ екенiн дәлелдеңдер.

  56. Система (жүйе) дегенiмiз не? Қандай түрлерi бар ? Мысалдар келтiрiңдер.

  57. Энтальпия деген не және iшкi энергиямен байланысы қандай ? Неге конденсирленген жүйелер үшiн iшкi энергия мен энтальгия арасындағы ерекшелiгi аз, ал газ тәрiздiлер үшiн көп ?

  58. Екiншi термодинамикалық заңға бiрнеше мысал келтiр және математиалық өрнектi жаз.

  59. ПӘК- дегенiмiз не ? Неге ол 1-ден төмен болады ?

  60. Энтропия дегенiмiз не ?

  61. Бiрiншi термодинамикалық заңға қарағанда екiншi термодинамикалық заңның маңызды болу себебi неде ?

  62. Химиялық реакцияның жылу эффектiсi деген не ?

  63. Гесс заңын тұжырымдап, одан шығатын сандары ? неге Гесс заңы термодинамиканың I заңының жеке жағдайы екенiн түсiндiрiңдер.

  64. Қандай теңдеулердi термохимиялық деп атайды ? Кәдiмгi теңдеулерден қандай айырмашылығы бар ?

  65. Еру жылуын анықтағанда неге әртүрлi ерiген заттардың 1 мольiне әртүрлi мөлшерде ерiткiштер алынады ?

  66. Термиялық анализ дегеніміз не? Ол нені зерттейді. ?

  67. Фаза және компонентке түсінік беріңіз.

  68. Таза заттармен қоспалардың салқындату қисықтарында қандай айырмашылық бар ? Оларды қалай алуға болады ?

  69. Гиббстің фазалар ережесінің математикалық өрнегін жазыңыздар. Фаза, компонент және еркіндік дәреже саны деп нені айтады?

  70. Балқу диаграммасын қалай құруға болады ? Ол бойынша нені анықтауға болады. ?

  71. «Эвтектика, эвтектикалық нүкте және эвтектикалық температура» түсініктеріне сипаттама беріңіздер.

  72. Ликвидус , солидус сызықтары нені көрсетеді?

  73. Бинар системасының балқу температурасында F нүктесі ликвидус сызығынан жоғары сызықтың үстінде және эвтектикалық нүктеде орналасқандағы системаның еркіндік дәреже санын есептеңіздер.

  74. Ерітініді деген не? Ерітінділердің негізгі белгілерін көрсетіңдер?

  75. Ерітінді молекуласына қандай күштер әсер етеді? Ерітіндінің ішкі құрылысы қандай?

  76. Ерітінді теориясының мазмұны қандай ? осы теорияларға сай мысалдар келтіріңдер.

  77. басқа заттың бір заттағы ерігіштігін қалай түсіндіруге болады?

  78. Концентрация деген не? Масса, моль және көлем арқылы өрнектелетін концентрацияларға мысалдар келтіріңдер. Оларға анықтама беріңдер.

  79. Әр түрлі бірлікпен байланысқан концентрациялардың формулаларынкелтіріңдер: а) масса және молялдық бойынша процент.

  80. б) молярлық және молялдық. В) молялдық және мольдік үлес. г) молярлық және мольдік үлес. Е) процент (масса бойынша) және мольдік үлес.

  81. Идеал газдар үшін мольдік үлес неге көледік үлеске тең болады.
  82. Сұйықтың қаныққан бу қысымы қандай факторларға байланысты ?


  83. Ұшқыш ерітінділердің қаныққан бу қысымы неліктен ерітіндінің қаныққан бу қысымынан аз болатындығын есептеңдер.

  84. Рауль заңын формула түрінде және математикалық өрнегін жазыңдар.

  85. Екі, үш әр түрлі заттан тұратын, бірақ бу қысымдары бірдей ерітінділерге мысал келтіріңдер .

  86. Қату нүктесі дегеніміз не?

  87. Неге ерітінді еріткішке қарағанда басқа температура қатады? Оны түсіндіретін графикті тұрғызыңыздар.

  88. Қату кезіндегі температураның төмендеуі үшін Рауль заңын құрастырыңдар. Оның математикалық өрнегін жазыңдар.

  89. Криоскопиялық тұрақты деген не? Оның физикалық қасиеттері неден тұрады. Оның су үшін сандық мәні қандай?

  90. Крисокопиялық тұрақты қалай анықталады? Оны есептеу үшін қолданылатын формуланы жазыңдар.

    1. судағы 0,2 моль глюказа ерітіндісі қандай температура қатады? Есепті ауызша шешіңдер және түсіріңдер.

  91. Бірдей температурада қататын екі, үш түрлі затың сулы ерітінділерін мысалдар келтіріңдер.

  92. Молекулалық массаны анықтауда криоскопиялық әдістің құрғақтылығы неде?

  93. Криоскопиялық әдіспен қандай заттардың инстиндік молекулалық массасын анықтауға болады?


  94. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет