ПӘннің ОҚу жұмыс бағдарламасы (оқу-әдістемелік материалдар)



бет1/15
Дата09.06.2018
өлшемі4,57 Mb.
#42157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Силлабус

Силлабус


042-18-10.1.46/02-2016

Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)


№ 1басылым 08.09.2016







ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

(оқу-әдістемелік материалдар)


Пән атауы: ХИМИЯ

Кредит саны: 4


Шифр – мамандық атауы: 5В072800 - «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы үшін
Факультет, кафедра: Инженерлік-технологиялық, химия және химиялық технологиялар

Семей 2016
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы



Кабдулкаримова Кульбану Кабдулкаримовна « 29.06 » 2016 жыл

химия ғылымының кандидаты, доцент

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы отырысында № 14 хаттама « 29.06 » 2016 жыл.
Кафедра меңгерушісі ___________ Мұсабаева Б.Х.
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында № 5/1 хаттама « 24.08 » 2016 жыл.
Төрайымы ______________ Нұргазезова А.Н.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды


№ 1 хаттама « 08.09 » 2016 жыл.
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
__________ Искакова Г.К.
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Зертханалық сабақтар

  4. Білім алушының өздік жұмысы



  1. Глоссарий

(бейорганикалық химия)


  1. Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің ( N ) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×1023 моль-1.

  2. Адиабатты процесс – сыртқы ортамен алмасу процесі жүрмейтін процесс.

  3. Атомдық (электрондык) орбиталь ( АО) - квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі.

  4. Гетерогенді жүйелер – бөліктің айырым бетімен бөлінетін заттар жиынтығы.Мысалы, СаСО3(қ) және СО2(г).

  5. Гомогенді жүйе – бөліктің айырым беті болмайтын зат немесе заттар жиынтығы (ерітінділер, газдар қоспасы, ыдыстағы газ, мұз не металл кесегі,т.б.).

  6. Жүйе – зерттеу үшін, кеңістіктен және қоршаған ортадан жекелей алынған бөлщек.

  7. Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен (0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі ( оттегі ) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.

  8. Иондану энергиясы: атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ (1 эВ = 96,48 кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет,себебі оң зарядтың мәні артады: І1 < І2 < І3 ¼

  9. Изотонды коэффициент – іс жүзіндегі қысым, қайнау, қату температураларының өзгеруі, олардың теориялық мәндерінен қанша есе артық екенін көрсетеді.

  10. Ішкі энергия – жүйенің толық энергиясы, яғни жүйені құрған бөлшектердің зат мөлшерінің толық энергиясы.

  11. Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02× 1023 .

  12. Парциалды қысым - газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесі.

  13. Фаза – бірдей физикалық, химиялық қасиеттері бар және жүйенің басқа бөлімдерінен бөліп алынған біркелкі беттік қабаттан тұратын бөлік.

  14. Химиялық кинетика – химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмі туралы ілім.

  15. Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.

  16. Электрондық аналогтар - элементтердің валенттілік электрондары элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасады.

  17. Электртерістік ( ЭТ) – элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән.

  18. Электрон қосылғыштық энергиясы: Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те (теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.

  19. Энтальпия – қысым тұрақты болған жағдайдағы (изобаралық процесс кезіндегі) жылу эффектісі

  20. Энтропия – бөлшектің қозғалысын сипаттайтын заттың қасиеті, ретсіздік дәрежесі.


(органикалық химия)


  1. Алкил – сутегі атомын бөлгеннен кейінгі түзілген көмірсутек қалдығы;

  2. Ассиметриялық орталық – 4 әр түрлі көміртек атомымен байланысқан көміртек атомы;

  3. Атом – химиялық элементтің қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшек;

  4. Атомдық орбиталь – атомдағы электронның толық толқындық функциясы Валентті электрондар – химиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар;

  5. Гетеролиттік реакция – ковалентті байланысты гетеролитті бөле жүретін реакция;

  6. Гибридтелу – әр түрлі типтегі атомдық орбиталдардың комбинация («араласуы») нәтижесінде түзілген эквивалентті орбиталдар;

  7. Гомологтық қатар – СН2 топ санына айырмашылығы бар химиялық қасиеттері ұқсас және құрылыстары бір текті органикалық қосылыстар; Гомологтық реакция – ковалентті байланыстың гомолитикалық бөлінуі нәтижесінде жүретін реакциялар;

  8. Донорно-акцепторлық ковалентті байланыс – бір атомның бөлінбеген (қос электроны) және екінші атомның бос орбиталдары арқылы түзілген байланыс;

  9. Изотоптар – ядро зарядтары бірдей, бірақ массалық мәндері әр түрлі атомдар;

  10. Изомерлер – атомдық массалары және құрамдары бірдей, бірақ құрылыстары әр түрлі, сондықтан қасиеттері де әр түрлі болатын бірнеше химиялық қосылыстар;

  11. Индуктивті эффект – атомдардың әр түрлі электртерістігіне байланысты сигма-байланыс тізбегі бойымен электрондардың әсерін беру нәтижесінде жүретін құбылыс;

  12. Ковалентті байланыс – екі атомның электрондар жұбы арқылы түзілетін байланыс;

  13. Конфигурация – стереоизомерия түзілуіне әкелетін кеңістіктегі атомдардың орналасуы;

  14. Конформации – бұралатын изомерлер, олар жай байланыс айналасында топтардың айналуы әсерінен пайда болады;

  15. Массаның атомдық бірлігі12С көміртегі атомының 1/12 массасына тең шартты бірлік;

  16. Мутаротация - оптикалық активті қосылыстардың жаңадан жасалған ерітінділерінің меншікті бұралу бұрышының алғашқы мәнінің тұрақты мәнге дейін өзгеруі нәтижесінде моносахаридтердің 5 таутомері арасында динамикалық тепе-теңдікттің орнауы;

  17. Нуклеофильді реакция – реагенттің электрондары арқылы жаңа байланыс түзілуге әкелетін реакция;

  18. Нуклеофильді реагенттер – бос электрон жұптары бар аниондар не молекулалар;

  19. Органикалық қосылыстар - бір-бірімен не басқа элементтер атомдарымен ковалентті байланыс арқылы қосылған көміртек қосылыстары;

  20. Полипептидтер – амин қышқылдары конденсациясының өнімі;

  21. Радикал – көмірсутектерден бір не бірнеше сутегі атомдарын алып тастағаннан соң пайда болатын қалдық;

  22. Стереоизомерлер – химиялық құрылыстары бірдей, бірақ кеңістіктегі орналасулары әр түрлі қосылыстар;

  23. Электрофильді реакциялар – субстраттың электрондары арқылы жаңа байланыс түзе жүретін реакциялар;

  24. Электрофильді реагенттер – толтырылмаған электрондық орбиталдары бар катиондар не молекулалар;

  25. Функционалды топтар – берілген қосылыстың қасиетін сақтайтын молекуланың структуралық фрагменті;

  26. Химиялық номенклатура – индивидуальды химиялық заттардың, олардың топтарының және кластарының атаулары, сонымен бірге олардың аттарын құрастыратын ережелер.

МОДУЛЬ 1. ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЗАҢДАРЫ
Дәріс № 1. Химияның негізгі түсініктері және заңдары
1.1 Химияның негізгі түсініктер

1.2 Химияның негізгі заңдары

1.3 Газдардың негізгі заңдары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет