Берілген тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына салынған квадрат катеттерге салынған квадраттар құрастырылған фигуралардан тұратынын дәлелдеуді қарастыруға болады.
2 суретте екі тең квадраттар бейнеленген. Әрбір квадраттың қабырғаларының ұзындығы а + b-ға тең. Квадраттардың әрбіреуі квадраттар мен тікбұрышты үшбұрыштардан тұратын бөліктерге бөлінген.Егер квадрат ауданынан катеттері а және b-ға тең тік бұрышты үшбұрыштың 4 еселенген ауданын алып тастасақ, онда тең шамалы аудандар қалады, яғни c2 = a2 + b2 . Бұл дәлелдеуді ұсынған ежелгі үндістер дәлелдеуді жазбаған, тек сызбаны «қара!» деген сөзбен түсіндірген.
Аддитивті дәлелдеулер
Бұл дәлелдеулер катеттерге салынған квадраттар жіктелген фигуралардан гипотенузаға салынған квадратты құрастыруға болатынына негізделген.
Энштейн дәлелдеуі ( 3-сурет) гипотенузаға салынған квадратты 8 үшбұрыштарға бөлуге негізделген.
Бұл жерде: ABC –тікбұрышы С болатын тікбұрышты үшбұрыш. CMN; CKMN; PO||MN; EF||MN.
4- суретте Пифагор теоремасын Евклидтің «Бастамалар» шығармасының ортағасырлық бағдадтық комментаторы ан- Найризия ұсынған бөлулер көмегімен дәлелдеу келтірілген. Бұл жағдайда гипотенузаға салынған квадрат 3 үшбұрышқа және 2 төртбұрышқа бөлінген.Мұнда: ABC – тікбұрышы C болатын үшбұрыш; DE = BF.
ан- Найризияның дәлелдеуінің негізінде квараттарды қос-қостан тең болатын фигураларға бөлуге де болады ( 5-сурет, бұл жерде ABC – C бұрышы тік болатын тікбұрышты үшбұрыш.).
Квадраттарды тең бөліктерге жіктеу әдісі арқылы тағы бір дәлелдеу «қалқаншалы дөңгелек» деп аталады және 6-суретте көрсетілген. Мұнда: ABC– тікбұрышы C болатын тікбұрышты үшбұрыш; O – үлкен катетке салынған квадраттың центрі, О нүктесі арқылы өтетін пунктирлі түзулер гипотенузаға перпендикуляр немесе параллель.
Достарыңызбен бөлісу: |