Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет103/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

материал-
ды 
(әмбебап) және 
формальды
(таңдаулы) бiлiмдер. Ма-
териалды бiлiм бағытын қолдаушылар Я.А.Коменский пiкiрi-
не жүгінеді: мектептің негiзгi мақсаты – оқушыларға мүмкін 
болғанша әр саладан жан-жақты, көлемдi бiлiм беру. Бұл жоба 
өркениеттi елдердің көбiнде беделдi оқу-орындары тарапы-
нан қабылданған. Бұл бағыттағы оқу Қазақстан мектептерiнде 
де жалғасын тауып, оқу пәндерiн ұсынуда бұрыннан дәстүрлi 
келе жатқан классикалық прогимназия әдістерін пайдалануда. 
Бiршама жетiстiктерi бола тұра, материалды бiлiм бағыты кем-
шiлiкiсiз де емес, олар: оқу курстары арасында байланыс кем; 
шектен тыс артық, бала дамуына кейде тiптi де қажет емес ма-
териалдар қамтыған. Осы жағдайларға байланысты мұғалiм 


140
пәндi асығысты, арасында үстiртiн өтуiне тура келедi, оқу 
бағдарламалары бiр ғана iзбе-iздi сұлба бойынша түзiледi. 
Бұларға қарсы 
формальды
бiлiм бағытын ұстанғандар 
ежелден келе жатқан “Бiлiм - әлi ақылдылық емес” деген халық 
даналығын ұстанып, оқу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, оқудың 
мақсаты – ой жаттықтыру. Әңгіме мазмұн сипатында емес
оқушылардың ой-пiкiр жүргізуге үйренуiнде. Формальды бағыт 
педагогтары басты назарды оқушылардың қабiлеттерi мен 
танымдық ұмтылыстарын, зейiнiн, жадын, ой толғаныстарын 
дамытуды қажет деп бiледi. Ал бұл сапалардың қанат жаю 
құралы – тiл, математика пәндерi, ал гуманитар сабақтардың 
қажеттiгi шамалы. 
Дидактикалық пайдакүнемдiк
(утилитаризм) оқудың 
тұрмыстық, тәжірибелік пайдасын әсiрелеуден туындайды. 
Егер оқу өмiр үшiн ештеңе бермейтiн болса, оған босқа уақыт 
зая етудің не қажетi бар? Оқу баланың жеке-дара қажеттерiн 
қанағаттандыруы тиiс. Ол өзi және ата-аналары қалаған немесе 
өз қабiлеттерi жететiндей iс-әрекет түрлерімен шұғылданғаны 
дұрыс. Осы оқу-тәрбие бағытын қалаған мектептерде балалар 
тұрмыстық дағдыларды қалыптастырады, мұндай дағдылы 
iс-әрекет түрлері: тамақ дайындау, тiгiн тiгу, кесте тоқу, бау-
бақша, көкөнiс көгертуге үйрену, қарапайым кәсiптiк iс-әрекет 
ептiлiктерiн дамыту. Осы сияқты оқу мазмұнын көбiне мүгедек 
және ақыл-есi кем балаларға арналған оқу-тәрбие орында-
ры таңдайды. Осы қарапайым да пайдалы бiлiмдер мен еп-
тiлiктер төңірегiнде ауқымды жалпы бiлiмдер мен ептiлiктер 
жинақталады, бiрақ оларды игеруге жарымжан балалардың 
көбiнің шамасы жетпейдi. 
Сонымен, бастауыш мектеп мазмұны оқушылардың жан-
жақты дамуына, ой, танымдық қызығулары, бiлiм жалғастыру 
мен болашақ еңбек iс-әрекетiне дайындығының негiзiн қалайды, 
қалыптастырады. Ол мазмұн мемлекеттiк стандартқа сай бо-
луы тиiс. Мектептiк бiлiм мазмұнының жалпы негiздерi: адами-
ластыру, бірігімге келтіру, жіктемелеу, тұлғаны жан-жақты да-
мыту мен азаматтық қалыптастыру, ғылыми және тәжірибелік 
маңызды болу, бiлiм күрделiлiгiнің жас ерекшелiктерiне 
сәйкестендiрiлуi, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану. 
Мазмұн баяндау мен ұсынудың кең тараған құрылымдары: iзбе-


141
iздi, шоғырлы, оралымды және аралас. Мазмұн құрастыруда екi 
бағыт қолданылады: материалды (әмбебап) және формальды 
(таңдаулы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет