Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Теория мен тәжірибені байланыстыру принципi



Pdf көрінісі
бет147/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Теория мен тәжірибені байланыстыру принципi
Бұл принциптің негiзiне дәстүрлі философияның ақиқат пен 
танымдық қызметінің дерек көзi – тұрмыс және іс-әрекет екен-
дiгi туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған 
тәрбие әрқашан өмiрдің өзінен тәжірибемен бастау алып, 
онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсiп келе жатқан 
әулеттi, белсендi тiршiлiк қамына дайындайды. Оқудың 
өмiрмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу 
мазмұнына, оқу-тәрбие үдерiсiнің келелi ұйымдастырылуына, 
оқудың тиiмдi формалары мен әдістерiн пайдалануға, еңбек 
пен политехникалық дайындыққа бөлiнген уақытқа, сонымен 
бiрге оқушылардың жас ерекшелiктерiне тәуелдi келедi.
Оқудың өмiрмен ұштастық принципiн iске асыру негiзi 
– теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының 
тәжiрибесiнен туындайды. Осыған байланысты мұғалiмнің 
атқаратын мiндеттерi:
– Мектепте игерiлетiн бiлiмдердің қажеттiгiн оларды 
қоғамдық-тарихи үдеріспен байланыстыра, оқушыларды сендi-
ре, дәлелдеу. Оқу желісін бiлiмнің, оған қоса мектепте алатын 
құндылықтарының өмiрлiк қажеттi дүние болатынын түсiнiп, се-
зетiндей дәрежеде алып барыңыз.
– Тұрмыс қажеттерiнен – бiлiмге, бiлiмнен өмiр қажеттiгiне 
өте отырып, баланы “бiлiм - бұл бай, қуатты тiршiлiк көзі” 
қағидасымен тәрбиелеңiз.
– Балаларға қазiргi заманның жаңа технологиялары, 
өндiрiстiк қатынастары, озат еңбек әдістерi жөнiнде әңгімелеуге 
бiрде жалықпаңыз.


201
– Оқушыларды өз бiлiмдерiн тәжірибеде тексерiп, қолдануға 
табандылықпен үйретіңiз. Қоршаған дүниенi бiлiм көзi және сол 
бiлiмдi қолдану саласы ретiнде пайдаланыңыз.
– Өз жұмысының өмiрлiк маңызын оқушыға түсiндiрiп бере 
алмайтын бiрде-бiр мұғалiм сабақ бермеуі тиiс.
– Мектеп пен өндiрiс орындарының байланысын 
пайдаланыңыз. Оқушылардың өндiрiс өкiлдерiмен қатынас-
тарын оқу-тәрбие жұмыстарының жалғасына айналдырыңыз, 
бұл үшiн “оқу пәнi – өндiрiс” байланысын ептiлiкпен бағдарлап, 
қадағалаңыз.
– Оқушылармен бiрге “тұрмыстық қажет” сипатындағы 
мәселелер мен жаттығулар түзiп, оларды сабақ материалымен 
байланыстыра шешуге дағдыландырыңыз. Оқулықты балалар 
өмiрiмен ажыралмас бiрлiктегi қоршаған болмыс деректерiмен 
толықтырып баруды ұмытпаңыз.
– Оқуды ауыл, қала, обылыс, республиканың нақты болашақ 
даму жағдаяттарымен ұштастырыңыз. Аймақтың келешек 
дамуына орай кәсiби бағдарлау жұмыстарын өткiзiп барыңыз.
– Мәселелi iзденiс және зерттеу тапсырыстары теорияны 
тұрмыспен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды 
әрқилы жолдармен пайдалануға тырысыңыз.
– Балаларды еңбекке, қоғамдық және жеке меншiкке сана-
лы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас 
үлгiсiн өз бойыңыздан көрсете бiліңiз.
– Қоғамдық пайдалы және өндiрiстiк еңбектi оқушылардың 
дербес бақылаулары мен ой толғаныстарына ұштастырып, 
балалардың дүние болмысын тануға деген құштарлығын 
өршiтiп, оларды көп бiлуге, түсiнiксiздер әлемiн ашуға 
ынтықтырыңыз.
– Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегiн оқу және тәрбие 
мақсаттарына бағындыруды ұмытпаңыз. 
– Оқу үдерісiне еңбектi ғылыми ұйымдастыру (НОТ) 
принциптерiн енгiзiп барыңыз. Балаларға еңбектi ғылыми 
тұрғыдан алып барудың теориясы мен тәжірибесін игертiп, 
оның өнiмдi де үнемдi әдістерiмен қарулануына көмектесіңiз, 
өз iс-әрекетiн жоспарлау мен сараптауға үйретіңiз.
– Оқушылардың бiртектi нақты қызметтегi табыстарын да-
мыта түсіңiз әрi бекiтіңiз, оны басқа әрекет түрлерін орындауға, 


202
пайдалануға дағдыландырыңыз. Ұсақ-түйек табыстардан 
тұрақты ауқымды жетiстiктерге ерiсудің жолдарын көрсетіңiз.
– Балаларда өз нәтижелерiн ұдайы жақсартып баруға 
ұмтылыс тәрбиелеңiз, олардың сайыскерлiк қабiлетiн дамыта 
түсіңiз.
– Оқушылардың ақыл-ой әрекетiн бiлiмнің 80-85% игеруге 
жәрдемiн тигiзетiн iстермен байланыстыруға тырысыңыз.
– Балалардың қандай да бiр нәрселердi жетiлдiру, жаңалау 
және өзгерiске келтiру ықылас-ынталарына қолдау көрсетіңiз, 
жағдайлар болып жатса, жас өнертапқыштар жарыстарын 
өткiзiп барыңыз.
– Оқушыларды алғашқыда өздерi қалаған ғылым, техника, 
өнер салаларында өзбетiнше бiлiм игеруге ынталандырыңыз; 
оқудың тұрмыспен байланысын өзiндiк бiлiмденудің көзi ретiн-
де пайдаланыңыз.
Бiз дидактикалық принциптердi қарастырып, олардың iске 
асу ерекшелiктерiн әңгіме арқауы еттiк. Қорытындылай келе, 
айтарымыз: принциптер әрқашан белгiлi жүйеде, бiр уақытта, 
тығыз байланысқан күйде iс-әрекетте кешенді, түрде жүзеге 
асып барады. Оларды кезекпен немесе бiрiнің орындалуымен 
екiншiсiне тiзбектi өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер ара-
сында басты не екiншi дәрежелiсi болмайды, әңгіме тек олар-
дан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық 
дәрежесi жөнiнде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара тығыз 
ұштасқан, сондықтан бiрiнің талаптары, екiншi бiр принцип та-
лаптарымен мәндiк жақындыққа түсiп жатады. Олардың бәрiнің 
де қызметi – бағыттау, оқудың сапалы нәтижелерiне жетудің 
жолдарын көрсету. Бiлiмдендiру iсiн гуманизациялаудың мәнi 
– баланың тән-дене және ақыл-ес мүмкіндiктерiн сақтау және 
дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегiнің нәтижесi оған жұмсалған 
оқушы күш-қуатының деңгейiмен салыстырылып, бағаланады. 
Принциптер баланың табиғи және әлеуметтiк мүмкіндiктерiн, 
күш салаулары мен еңбек нәтижелерiн қалыпты мөлшерлеп 
отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар 
арасындағы теңдiктің сақталғаны.


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет