Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


бiлiм беру; тәрбиелеп,  кемелдендiру



Pdf көрінісі
бет186/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

бiлiм беру;
тәрбиелеп, 
кемелдендiру
және 
дамыту.
Сабаққа 
қойылатын жалпы талаптар осыған орай дидактикалық, 
тәрбиелiк және дамыту тұрғысынан нақтыланып барады. 
Әрқандай дәрiстің 
дидактикалық талаптары
келесiдей:
– әр сабақтың бiлiмдендiру мiндеттерiн нақты анықтау;
– сабақтың ақпараттық толымдылығын жетiлдiру, әлеуметтiк 
және тұлғалық қажеттерге орай оңайластыру;
– танымдық iс-әрекеттердің жаңашыл (инновация) техноло-
гиясын енгiзу;
– әрқилы оқу түрлері, формалары және әдістерiн бiр-бiрiне 
ұтымды байланыстыру;
– сабақ құрылымын шығармашылықпен қалыптастыру;
– көптүрлі ұжымдық iс-әрекет формаларын оқушылардың 
өзiндiк жұмыстарымен ұштастыру;
– нақты – қызметтiк (оператив) керi байланыс пен басымды 
бақылау- басқаруды қамтамасыз ету;
– сабақ өткiзудегi ғылыми топшылау мен шеберлiк.


254
Сабаққа қойылатын 
тәрбиелiк 
талаптар:
– сабақтағы оқу материалдары мен танымдық iс-әрекеттердің 
тәрбиелiк мүмкіндiктерiн анықтау, орындалуы нақ тәрбие-
мақсаттарын қалыптастыру және көздеу;
– оқу жұмыстарының мақсаттары мен мазмұнына тiкелей 
байланысты тәрбиелiк мiндеттердi жоспарлау;
– балаларды жалпы адамзаттық құндылықтар аясында 
тәрбиелеп, өмiрлiк қажет сапалар: ынталылық, ұқыптылық, 
жауапкершiлiк, тыңғылықтылық, дербестiк, еңбеккерлiк, зейiн-
дiлiк, адалдық, ұжымдылық және т.б. – негiзiн қалау;
– оқушыларға iлтипат және ықылас танытып, педагогикалық 
әдеп талаптарын орындау, балалармен қызметтестiк қатынасқа 
түсiп, олардың табыстарына қызығушылық бiлдiру;
– сабақты адамилық қатынастар, бiрлiктi қызмет, нақты 
тұлғалық тәрбие ошағына айналдыру.
Барша сабақ түрлері мен формаларында ұдайы iске асыры-
латын 
дамытушылық
талаптары:
– балалар оқу-таным iс-әрекеттерiнің, қызығуларының 
шығармашылық ынталылығы мен белсендiлiгiнің ұнамды сеп-
түрткілерiн қалыптастыру әрi дамыту;
– оқушылардың даму деңгейiн зерттеу және оны ескерiп 
бару, олардың “жақын уақыттағы даму аймағын” жобалау.
– оқу дәрiстерiн “iлгерiлестiрiлген” деңгейде жүргізу, 
оқушыларды өз даму барысындағы жаңа сапалық өзгерiстерге 
ынталандыру;
– оқушылардың сана-сезiмдiк, көңіл-күй және әлеуметтiк 
дамуындағы “секiрiстерді” алдын-ала болжастыру, заман ауы-
суларына орай оқу сабақтарын нақтылы әрекеттерге келтiрiп 
бару.
Жоғарыда аталғандарға қосымша сабаққа басқа да та-
лаптар тартылады. Олар – психологиялық, басқару, санитар-
гигиеналық, эстетикалық, этикалық, сонымен бiрге мұғалiмнің 
оқушымен оңтайлы қатынасы және қызметтестiк талаптары.
Сонымен, сабақ - мектептiк оқу жұмысының ең көрнектi 
формасы, оқу үдерiсiнің мағыналық, мерзiмдiк және ұйымдасу 
бiтiмiне ие бөлiгi. Сабаққа қосымша формалар қолдау, көмек 
бередi. Сабаққа қойылатын талаптар өте жоғары. Әр сабақта 
үш бiрлiктi мақсат орындалады: оқытып үйрету, тәрбиелеу, да-
мыту.


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет