259
Бiрiгiмдi сабақтарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткiзуге
қойылатын талаптар төмендегiдей:
– мұндай сабақтар жүйесiн әр сынып үшiн өз алдына бiр
жылға мөлшерлеп белгiлеу;
– әр сабақты мұқият жоспарлау, басты және қосалқы
мақсаттарын ажырата бiлу;
– сабақ жоспарын жобалап (талдау, iрiктеу, көп мәрте
қайталап тексеру), оны басты мақсатқа тiкелей қатысы бар ма-
териалдармен байыту;
– сабақ типi мен құрылымын, оқу әдістерi мен құрал-
жабдықтарын мұқият таңдау;
– балаларды заңдылықтарға сәйкес деңгейде әсерлендiру;
– бiрiгiмдi сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзуге әрқилы оқу
пәні мұғалiмдерi мен мамандарды тарту.
Мазмұнды әрi мақсатты бағытталған бiрiгiмдi сабақтар
мектеп оқуының үйреншiктi құрылымына бала үшiн ұнамды
жаңалық енгiзiп, пән бойынша оқудың қатаң шектерiн
босаңсытады, мұғалiм мен оқушының оқу мазмұны және
формаларын таңдастыруына еркiндiк бередi. Бұл оқушыға
бастауыш мектепте игерiлуi тиiс аса маңызды түсiнiктер мәнi
мен мазмұнын тереңiрек ұғуға жәрдем бередi, пәндiк ұғым,
құбылыс, үдерiстер бiртұтастықта қарастырылуымен бiрге жан-
жақты талданып, қабылданады. Жалпы оқу-тәрбие үдерiсiнде
бiрiгiмдi сабақтар үлесiнің күннен-күнге артуы – заман талабы-
на орай заңды құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: