285
1.
Тәрбие мақсатының шынайылығы
(реализм).
Бүгiнгi таңдағы тәрбиенің нақты мақсаты – адамды оның өз
басының тiлек, қабiлет және дарынына сәйкес жан-жақты
дамыту. Бұл мақсатты iске асыруда сүйенiш болар құрал –
оқушыға мәдениеттің тiрек негiздерiн игерту. Осыдан, тәрбие
мазмұнындағы өзектi ұғым – тұлғаның
“тiрек мәдениетi”
.
Бұл әр адамның өз тiршiлiк және өмiрлiк салты мен әрекет
жолын таңдастыра бiлу мәдениетi, яғни жалпы бiлiктiлік және
адамгершiлiк сапа-қасиеттерi қоры: дүниенi тану бiлiмдерi мен
оған қатынасы; инабаттылық және имандылық қылық-әрекетi;
адамилық қатнастары мен еңбектену мәдениетi; демократиялық
және құқықтық, экономикалық және экологиялық, көркемөнер
және тән-дене, отбасы қатынастары мәдениетi.
2.
Ересектер мен балалардың бiрлiктi iс-әрекетi.
Аға ұрпақ есiнде: кеңестiк педагогика талаптарына сәйкес
педагог пен оқушы қызметi өзара ажыралатын: педагог мiн-
детi - оқушылар үстiнен қарап, олардың жұмысына басқарым
беретiн де, оқушылар – мұғалiм нұсқауларын бұлжытпай
орындауға мiндеттi болатын. Мұндай жүйе тыңғылықты нәтиже
қамтамасыз етуде қауқарсыздық танытты, себебi тәрбиешi
мен тәрбиеленушiлер әрекетiнде бiрлiк болмады. Гуманистiк
педагогика педагогтарды инабаттылық өнегелерiн балалармен
бiрге тiзе қоса iздестiруге бағыттап, ең жоғары рухани және
еңбек мәдениетi үлгiлерiн iрiктеуге, соның негiзiнде өзiндiк
құндылықтар, жеке өмiрлiк қалып талаптары мен заңдылықтар
қалыптастыруға ойыстырады. Тәрбие мұраты арқауына
қол жетпейтiн “ай, жұлдыз” емес, нақты өмiр қажетiне тиiстi
құндылықтар алынуы тиiс.
3.
Достарыңызбен бөлісу: