286
4.
Тәрбиенің нақты тұлғаға бағытталуы.
Барша тәрбиелiк жұмыстардың өзегi бағдарлама,
жабдықтар немесе әдістер мен формалар емес, –
бала –
бiздің барша педагогикалық қызметтерiмiздің мәнi де ең
жоғары мiндет – мақсаты да сол.
Тәрбие
мiндеттерi - сол
нақты баланың дара бейiмдiлiктерi мен қызығуларын, мi-
незiн, өз қадiрiн тану сезiмiн дамыту. Тәрбиеленушiнің жақын-
жуық мүдделерi мен қызығуларынан оның ең жоғары рухани
қажеттерiне қарай iлгерiлi қозғалысты дамыта түсу – тәрбие
үшiн басты көрсетпе және негiзгi ереже болуы тиiс.
5.
Еркiндiлiк.
Тәрбиеленушiлердің
өз қалау еркiндiгi болмай, тәрбиенің
мән-мағыналық идеялары: рухани даму, өмiр кедергiлерiн
жеңу,
өз қадiрiн ардақтау, сонымен бiрлiктi қызметтестiк
қажеттiгiн түсiну – орындалуы мүмкін емес. Зорлау не жоғары
нұсқау негiзiнде ұйымдастырылған тәрбие үдерісi баланы да,
мұғалiмдi де адамгершiлiк ыдырау (деградация) дағдарысына
ұшыратады. Баланы “тәрбиелен” деп, мәжбүрлеу мүмкін емес.
Егер тәрбиешi балалық қызығу мен асқақ арманға, жолдастық-
достық сезiм мен азаматтық борышқа, дербес өзіндiк қызмет
пен шығармашылыққа сүйене алса,
тәрбиеленушiнің еркiн-
дiгi мен ерiктiк қуаты барынша жарқырай көрiнiп, тұлғалық
дамуындағы жетекшi күштерге айналады.
6.
Ұжымдылық.
Бастауыш мектептегi тәрбиелiк жұмыстар мазмұны ұжымдық
тұрғысынан да өзгерiстерге түсе бастады. Ендi ұжым тәртiп
орнатушы
басты орган, кезiккен мәселенi шешуге тәрбиешi
көмекшiсi болу сипатынан қала бастады. Әлбетте, балаларды
бiрлiктi өмiр сүруге, қызметтес болуға, туындаған мәселелердi
бiрлесiп шешуге баулу қажет. Дегенмен, бiрдей ерiктi, тәуелсiз
адам ешқандай ұжымға бағынбайды. Демократиялық тәрбие
мен ұжымдық тәрбиенің өзара ажыралатыны да осы тұста.
Ұжымдық тәрбие, қазiргi заман көзқарасында, қаншама тиiмдi
болғанымен, жеке тұлғалықты басуға, оның рухани, адамгер-
шiлiк күштерiн бұғаулауға бағытталған.
Мектептің демократиялық болашаққа ұмтылысы тәрбие
мазмұны мен әдістерiнің жаңалану кепiлi, ол:
287
– тұлғаны көп
iшiнде еленбей қалудан сақтап, оның жан-
жақты дамып, жарқырай көрiнуiне ықпал жасайды;
– жаттанды бiлiмдермен шектелмей, дүниенi жете тану мен
қайта құруға бастау бередi;
– әмiршiлдiк пен жатырқаушылықтан шынайы адамгершiлiк
қарым-қатынас және қызметтестiкке жетелейдi.
Бұл идеялардың iске асуы үшiн iс жүзiнде
тәрбие қалай
ұйымдастырылуы қажет? Бүгiнгi таңда тәрбиеленушiге “адам
ондай да мұндай тәрбие алуы қажет” – деп уағыз айту жет-
кiлiксiз. Бала “Ал оның неге қажетi бар, одан не түседi?” – деп
қарсы сұрақ қояры сөзсiз. Шетелдiк тәрбие жүйелерiнде ең ал-
дымен осы тұрмыстық мүдделер (
Достарыңызбен бөлісу: