Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


алғыс жариялау  мен  байрақтау



Pdf көрінісі
бет230/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

алғыс
жариялау 
мен 
байрақтау
– тәрбиеленушiде ұзаққа бекiген ықылас-ни-
етке себепшi күштi де тұрақты көңіл шарпуларын (эмоции) 
пайда етедi әрi қолдайды, себебi мұндай мадақ түрлері ұзаққа 
созылған тыңғылықты еңбек нәтижесiн берiп қоймастан, жаңа, 
жоғары деңгей жетiстiгiн де танытады. Байрақтау салтанатты 
жағдайда, барша тәрбиеленушiлер, педагогтар, ата-аналар 
қатысуымен өткiзiлуi қажет. Бұл ынталандырудың сезiмдiк си-
паты мен одан болатын толғаныстар әсерiн әрлендiруге себiн 
тигiзедi.
Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлi де iс. 
Мадақ шектен тыс әсiреге айналып кетпей, орынсыз кем де 
болмауы керек. Санамен сарапталмаған әсiре мадақ баланы 
бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен 
оның салдарын ескерген жөн:
1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсiп, әйгiлену ниетiмен 
емес, мақтаушы мұғалiм мен марапатталушы оқушының, яғни 
екi тараптың бiрдей жан дүниелiк қалауы мен қабылдауынан 
болуы шарт.


308
2. Мадақтау арқылы тәрбиеленушiнi басқа балаларға қарсы 
қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа 
жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен 
еңбектенген, өз iсiне адалдық танытатындардың бәрiне де 
жылы лебiз, мадақ сөзді аянбаған жөн.
3. Мадақ қолдана отырып, кiм, не үшiн, қаншалықты 
сыйға тұрарлық екенiн сараптауды ұмытпаңыз. Әсiре мадақ 
астамшылдыққа апарады.
4. Әрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшелiктердi еске-
румен берiледi. Өзіне сенiмi жоқ, үлгерiмi төмен оқушыны 
қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педа-
гог сол арқылы балада сенiм оятады, ұмтылыс пен дербестiк, 
кедергiлерден сескенбеу қасиетiн баулиды. Өзіне тәрбиешi
төңірегiндегi адамдар сенiмiн артқан бала, өз кемшiлiктерiн де 
“жүгендеп”, оңды жолға түсе бастайды.
5. Бүгiнгi мектеп тәрбиесiндегi басты мiндеттерден жазбау. 
Мадақтау мәселесiн шешуде өз шәкiрттеріңiзбен пiкiр алысуды 
да жадтан шығармаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет