Нақты тұлғаға бағытталған
(личностно-ориентированное)
тәрбие
– жеке адамның өмiрi, тұлғалық болмысы және қылық-
әрекетiн ескерумен орындалатын тәрбие жүйесi.
Тәрбие үдерiсiнің технологиялық құрамы:
тұлға,
нақтама, қызметтестiк, жауапкершiлiк, қолайлы жағдаяттар,
бала мүмкіндiгi, ынталандыру, тәрбиешi, тәрбиеленушi.
Арақатынастар сипаты:
түсiнiм, баланың iшкi жан дүниесiн
сезiну, таным, баланы қайталанбас даралық деп бiлу, қабылдау
(бала болмысына деген сыйластық нәтижесi).
Гуманистiк тәрбиедегi бала сипаты:
еркiн, белсендi, өз
қадiрiн бiледi, басқаны құрмет тұтады, ашық көңілдi, үйiршең,
ынталы, тәуелсiз.
325
Гуманистiк педагогика принциптерi:
тұлғаны құндылық
деп тану, оған деген құрмет-сый, тәрбиенің тұлға табиғатына
сәйкестiгi (природосообразность), мейірiмдiлiк пен аймалау
(ласка) – тәрбие негiзi.
Тұлғалық тәрбиенің өзегi
– талаптарды орындауда зорлау
мүлде жоқ, оларды орындауға толық мүмкіндiктер жасалған.
Педагог-тәрбиешi
– баланың даму үдерісiне өзiн икем-
дестiредi, ал оған тiкелей араласып, желiсiн өзгертуден мүлдем
аулақ.
326
“Бала
еркiн
матамай,
жаздыра
бiлетiн, аяқ асты қылмай, ардақтай
бiлетiн, жұмарламай, қалыптастыра
бiлетiн, ерiксiз көндiрмей - үйрететiн,
талап ете бермей - сұрайтын тәрбиешi
ғана өз шәкiртiмен шабытты сәттер
ләззатына бөленедi, емiренген назары-
мен перiштенің сайтанмен тайталасы-
на ден қойып, ақ перiште жеңiсiне шат-
тана, көзіне жас алады’’.
Я.Корчак
Достарыңызбен бөлісу: |