327
гуманистiк педагогика
принциптерiмен танысқанбыз. Оның
нәтижелерiнің тиiмдi болғаны соншалықты, бұл күнде оған қарсы
тұрмақ түгiл, гуманистiк тәрбиенің пайдалы тәжiрибесiн жоққа
шығару ешкiмнің де ойына келер емес. Тәрбие жүйелерiнің
гуманистiк негiзге өтуi, елiмiздің
оқу-тәрбие орындарында да
бiртiндеп iске асуда.
Гуманистiк педагогика идеялары бiздің ел үшiн өте маңызды
болып отыр. Белгiлi әлеуметтiк себептер нәтижесiнде ұрпақтар
арасындағы рухани байланыстардың табиғи тетiгi дағдарысқа
ұшырады. Аралық қашықтық ұлғая түстi. Ересектер жастардан
бөлектенiп, олардың мүлтiксiз бағынышты болуын талап еттi.
Ұзақ уақыт әйел-аналар ерлердің ауыр өндiрiстiк мiндеттерiн
өз мойнына артып, өз балаларының толыққанды тәрбиесiнен
қол үздi. Балалармен қатынас “мүмкін”, “болмайды” төңірегiнен
аспады. Жанұя өзiнің басты қызығы-балаға деген шынайы
мейiрден айрылады. Нәтижеде тұтастай бiр ұрпақ тәуелдi, ер-
кiндiгі матаулы, өз ой-пiкiрiне жұтаң, өзiнше шешiм қабылдап,
оған жауап бере алмайтындай дәрежеде өсiп ержеттi. Ал
қазiргi заманда мұндай ұрпақтың қолынан келерi – құлшылық,
бағыныштылық.
Бiртектi мемлекеттiк тәрбие (ясли, бала-бақша, күнi
ұзартылған мектеп, интернат) баланың мұғалiмдермен, ере-
сектермен араласа қатынас жасауына
қажеттi рухани байла-
ныстар дамуын шектедi. Балалар толыққанды өзiндiк рухани
даму тәжiрибесiнен қол үздi.
Дәстүрлi ұйымдастырылған тәрбие үдерiсiнің бiзге
ұнамайтын қырлары қандай? Бiрiншiден, мұндай тәрбие
әмiршiл-әкiмшiл сипатты, яғни тәрбиешi үкiмi басым келiп, ал
тәрбиеленушi тәуелдi, бағынышты күйде қалады. Екiншiден,
бұл тәрбиенің гуманистiк тұрғыдан басты кемшiлiгi –
шешiм
қабылдайтын да, бүкiл тәрбие үдерісін басқаратын да тәрбиешi,
ал тәрбиеленушi талаптарды бұлжытпай орындаушы ғана.
Осыдан да бала – енжар орындаушы, iстеп жатқан қызметiне
селқос, немқұрайлы адам кейiпiнде тәрбиеленедi.
Нұсқаулар педагогикасы тәрбиелiк ықпалды “талап –
қабылдау – әрекет” байланысында қарастырады. “Түсiндің
бе? – мұғалiм сұрағы. – “Ал, ендi орында!” – мұғалiм үкiмi.
Әрқашанда, барша нәрсе түсiнiктi бола бермейдi, ал не
328
үшiн орындау қажеттiгi – тiптi де түсiнiксiз қалады. Осылай-
ша ұйымдастырылған әрекет-қылық оқушыны көнгiштiкке
мәжбүрлейдi.
Оқушы талапты орындайды, бiрақ мұндай
әрекетке мұғалiм не ата-ана нұсқауы болмағанда барар ма
едi? Өзiнше шешiм қабылдай алмайды, жауапкершiлiк жоқ,
салдарына жауап бермейдi.
Әмiршiл тәрбие үдерiсiнің
бұдан былайғы дамуы қалай
болмақ? Адам жасық, жiгерсiз болып өстi. Қайсы бiр кезеңде
ересектердің оны басқаруға қауқары жетпей жатқанын
байқаймыз. Бойы да, салмағы да, тебiндеп көрiнiп келе жатқан
мұрты да өзiнше бiр сый-құрметтi жасайды. Тәрбиеленушi сол
сыйға өз күшiмен қол жеткiзуге тырысады. Уақытында берiл-
мегендi ендi ол тартып алуға бейiмделедi.
Осылайша бала
үлкендердi сыйлаудан қалып, олардан өз бойын аулақ салуға
ұмтылады. Мұның салдарынан болатын сезiмнің ең жоғары
көрiнiсi – арсыздық пен ұятсыздық. Бiр мәрте пайда болып,
тиiстi тежеуiне тап болмаған бұл сезiм таудан түскен қар селiн-
дей жайылады. Зіңгiттей жетiлген баланы тоқтата алмайсың,
“мiлисамен қорқытуға” ерте, қуып салғанда, қайда барады.
Сый-құрметсiз бала тәрбиесiнің салдары осы.
Дұрыс тәрбие
- қайырлы кәрiлiк, бұрыс тәрбие – көз жасы және қасiрет – деп
А.С.Макаренко бекер айтпаған.
Өз бетiнше шешiм қабылдап, оның салдарына жауап бере-
тiн ерiктi де еркiн тұлға қалыптастыру жолы басқаша. Алдымен
ойлап, кейiн iске кiрiсетiн, әрекетi бiрдейiне дұрыс, зорлықсыз-
зомбылықсыз iс-жүргізетiн, тұлға таңдауы мен шешiмiн сый-
лап бiлетiн, оның бағыт-бағдарымен, көзқарас пiкiрлерiмен,
қабылдаған шешiмдерiмен есептесе
бiлу секiлдi қасиеттердi
бойына сіңiрген адам тәрбиелеу қажет. Бұл талаптар
Достарыңызбен бөлісу: