394
Шеберлiктің және бiр маңызды көрсеткiшi – оқушыларды
белсендiлiкке ынталандыра бiлу,
олардың қабiлеттерiн,
дербестiгi мен зерделiлiгiн көтере түсу, балаларды сабақ ба-
рысында ой толғастыруға ойыстыру.
Оқу үдерiсiнде тәрбие жұмыстарын тиiмдi жүргізе бiлу,
оқушыларда жоғары инабаттылық, ұлтжандылық, отан
сүйгіштiк сезiм, еңбеккерлiк, өз әрекет-қылығына жауапкершiлiк
қалыптастыру ептiлiктерi де – мұғалiмдiк шеберлiктің ажырал-
мас элементтерiнен.
Шеберлiк деңгейiнен көрiне алмаған мұғалiм баланың ой-
лануына, пiкiр жүргізуiне мүмкіндiк бермей, өз бiлгенiн оған
қандай да жолмен
таңа салуға
ұмтылады. Ал шебер ұстаз
сол бiлiм арқылы баланы оқу ләззатына бөлеп, қуанышқа
жеткiзедi. Мұғалiмнің мiндетi – оқуға қажет ұнамды көңіл
шарпуларының сол оқу үдерiсiнің өзінен пайда ету. Сол үшiн
де ол жұмыс түрлерін ауыстырып барады, оқушылардың бел-
сендiлiгiне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайда-
ланумен бала қызығуларын оятады, т.с.с. Бiр жұмыс не әдіс
түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан жаңа да
соны тәсiлдердi шаршамай iздестiру мұғалiмнің шартты мiн-
детi болуы қажет.
Педагогикалық шеберлiктің маңызды элементi – жоғары
деңгейдегi
педагогикалық техника.
Педагогикалық техни-
ка - бұл педагогикалық қызметтестiк әдістерiн тиiмдi қолдану
үшiн мұғалiмге қажет бiлiм, ептiлiк, дағдылар жиынтығы.
Педагогикалық техниканы меңгеру үшiн педагогика мен пси-
хология бойынша арнайы бiлiмдердi, ерекше тәжiрибелiк
дайындықты қажет етедi. Ең алдымен педагогтың игеретiнi –
балалармен қарым-қатынас, тiлдесу ортақтастығы (общение):
оқушылармен орынды сөйлесу мәнерi мен ортақтасу мәнерін
таңдай бiлу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи
болғаны жөн. Мұғалiм жасөспiрiммен тiлдесуде жалған сөз,
құрғақ уағыз бен жасанды ағайынгершiлiктен (панибратство)
аулақ болғаны дұрыс.
Педагогикалық техниканың құрамды бөлiгi – тәрбиешiнің
Достарыңызбен бөлісу: