52
қарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған iс-әрекет
көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал
етуi үшiн оны қажеттi деңгейде ұйымдастыру және келелi
бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие тәжірибесінда өте күрделi
iс. Өкiнiшке орай, көп жағдайларда осы күрделiлiк даму
мүмкіндiктерiн шектейдi; кейде тәрбиеленушiлер ең қажеттi
болған жағдаяттарға - қоғамдық, еңбек, таным әрекеттерiне
белсендi араласа алмай, енжар бақылаушы күйiнде қалып,
дайын ережелердi жаттаудан ары өте алмайды.
Балалар мен жасөспiрiмдердің
iс-әрекеттерiнің
негiз-
гi
түрлері – ойын, оқу, еңбек
. Бағдары бойынша iс-әрекет
танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлiк, техникалық,
кәсiптiк, құмарлық
(гедоникалық) болып ажыралады. Барлық
жастағы оқушылардың iс-әрекеттерiнің ерекше түрі –
тiлдесу,
қатынасу (ортақтасу).
Iс-әрекет сипаты бойынша
белсендi
(актив) және
енжар
(пассив) болуы мүмкін. Тiптi, құрттай ғана сәбидің өзi бел-
сендi тiршiлiк иесi болып көрiнгендi қалайды. Ол жасына
қарамай, үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды,
төңірегiндегi кiсiлерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз
қатынасын бiлдiруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған
орта және тәрбиенің ықпалы арқасында белсендiлiк көтерiлуi
де мүмкін, кейде төмендеуi де ықтимал. Мысалы, адам көп
жұмыс iстеуi мүмкін, бiрақ iске құлықсыз, көңілi құламай, орын-
дауы қалай болса, солай – енжар. Әлбетте, мұндай iс-әрекет
адамды жоғары нәтижелерге жеткiзбейдi. Дамудың тиiмдi бо-
луы iс-әрекеттің белсендiлiгiне, көңіл-күй жарасымдылығына
тәуелдi. Адам таңдаған iсiне жан-тәнiмен кiрiсiп, өзiндегi бар
мүмкіншiлiктердің бәрiн iске жұмылдырып, өзiн кемелден-
ген тұлға ретiнде көрсете бiлуi қажет. Мұндай қызмет адамға
қанағат ләззатын әкелiп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады.
Сондықтан да, iс-әрекеттің маңыздылығы оның өздiгiнен ғана
емес, сол әрекетте көрiнетiн тұлға белсендiлiгiнің деңгейiне
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: