Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет47/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

ретрада-
ция, 
яғни 
балалардағы тән-дене және ақыл-ес дамуының 
кешеуiлдеуi. 
Мұндай кешеуiлдеуге себепшi – нәсiлдiктен болған 
генетикалық тетіктердің бұзылысы, даму үдерісiне керi ықпал 
жасаушы экологиялық орта, бiр жағынан, радиациялық фон, 
екiншi жағынан. Ретрадация әсiресе балалардың психикалық 
дамуында елеулi келеңсiз көрiнiс бередi. Мұндайға ұшыраған 
балалар оқу-тәрбие үдерісiне икемдесiп, қатарларымен бiрге 
жасай алмайды. 
Сонымен, әрбiр жас кезеңiне сәйкес физикалық, психикалық 
және әлеуметтiк өз дамуы болады. Педагогтар үшiн балалар 
мүмкіндiктерiн, оларды жас кезеңдерiмен сәйкестендiрудi 
жеңiлдету үшiн жастық кезеңдестiру сұлбасы жасалған. Ол 
сұлба жас ерекшелiктерiн ажырата бiлуге негiзделген. Жас 
ерекшелiктерi – бұл нақты өмiр жасына тән анатомиялық-
физиологиялық және психикалық сапа-қасиеттер. Саналы 
ұйымдастырылған тәрбие балалардың жас ерекшелiктерiне 
икемдестiрiлiп, оларға негiзделуi тиiс. 
Мектеп жасына дейiнгi балалардың дамуы
3 жасынан 6-7 жасына дейiнгi дәуiрде балада ой-өрiс да-
муы жылдамдасады, қоршаған дүние жөнiндегi танымы 
қалыптасады, өмiр ағысындағы өзiн-өзi және өз орнын түсiне 
бастайды, өзiндiк баға беру ептiлiгi шыңдала түседi. Оның бұл 
күндегi негiзгi iс-әрекетi – 
ойын
, ендi бiрте-бiрте ойынның жаңа 
сеп-түрткілері басты рөл атқара бастайды, бала өзiн қияли 
жағдайларға салып, сондағы қимыл-әрекеттердi орындауға 
тырысады. Бұл кездегi басты үлгi – ересектер. Егер кешегi 


66
күнi өнегелiк әсерлердi анасынан, әкесiнен, тәрбиешiлерiнен 
алатын болса, бұл күнде ол теледидардың өрескел ықпалына 
түсiп, қарақшылардың, тонаушылардың, зорлықшылардың, 
ланкестердің қылықтарын қайталағанды қызық көредi. Бала-
лар экранда не көрсе, соның бәрiн тiкелей тұрмыста қайталауға 
құштар келедi. Осыдан, баланың психикалық және әлеуметтiк 
дамуында өмiр шарттары мен тәрбие шешушi рөл атқаратыны 
жөнiндегi тұжырымның дұрыс екенiне көзiмiз жетiп жүр. Табиғи 
қасиеттер, нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келiп, бiрақ 
бала дамуында қозғаушы күш мiндетiн атқара алмайды. Бала 
қалайынша қалыптасады, қалай ол өседi – мұның бәрi оны 
қоршаған адамдарға тәуелдi, олардың қалай тәрбиелеуiне бай-
ланысты. Мектепке дейiнгi балалық шақта даму үдерісi барша 
бағыттарда өте қарқынды жүріп жатады. Оның миi әлi жетiле 
қойған жоқ, қызметтік ерекшелiктерi дараланбаған, қызметi 
шектеулi. Сәби бала өте икемдi, оқу әрекетiне берiлгiш. Оның 
мүмкіндiктерi ата-аналары мен педагогтардың шамалағанынан 
көп жоғары. Осы кезеңдiк ерекшелiктi тәрбиеде толығымен 
пайдалана бiлу қажет. Сонымен бiрге тәрбиенің жан-жақты 
және үйлесiмдi сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек 
қана iзгiлiк дамуын тән-дене тәрбиесiмен, еңбек қабiлетiн 
көңіл-күймен, сананы эстетикалық сезiммен табиғи байланыс-
тыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық сапа-
қасиеттерiн бiрқалыпты және үйлесiмдi дамытуға болады. 
Мектеп жасына дейiнгi баланың 
қабiлеттерi
дәл, сезiм-
тал қабылдауға, күрделi жағдайларда жол таңдауға ептi, сөз 
байламы пайымды, бақылағыш және тапқыр келедi. 6 жасқа 
жақындағанда арнайы, мысалы, музыкалық, көркемөнерлiк 
– қабiлеттерi дами бастайды.
Баланың 
ойлау қабiлетi
оның таным-бiлiмiмен байла-
нысты, неғұрлым көп бiлген балада жаңа ойлар құрастыруға 
қажет ұғымдар қоры ұлғая түседi. Бiрақ, жаңа бiлiмдердi 
жинақтау барысында бала өзiнің алғашқы ұғымдарын жетiлдi-
ре түсумен бiрге, мағынасы күңгірт, белгiсiз болған болжаулар 
мен түсiнiксiз сұрақтар шеңберiне шырмалады. Бұл қарқынды 
дамудағы танымдық үдеріске кедергi жағдайларды тудырады. 
Түсiнiксiздерге кезiккен бала дамуы ендi сәл тоқырауға кез бо-
лады. Ойлау үдерісi жас шектеуiне кезiгiп, “балалықтан” шыға 
алмай әуре болады. Әлбетте, әртүрлі айла жолдарымен бұл 


67
жағдайдан аттап өтуге болар, бiрақ, 6 жасар баланы оқыту 
тәжiрибесi көрсеткендей, мұнымен айналысудың қажетi жоқ. 
Кiшi жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар берiп, 
қапелiмде жауабын талап етедi. Бұл жаста ол шаршап-
шалдығуды бiлмейтiн зерттеушiге айналады. Педагогтардың 
көпшiлiгi 
мұндай 
жағдайда 
баланың 
талғамдарын 
қанағаттандырып, құмарын басу үшiн ол неге қызықса, не 
жөнiнде сұрап жатса, соған жауап берiп, үйрету, оқыту орынды 
болатынын алға тартады. 
Бұл жаста баланың сөйлеу тiлi жемiстi дамуда болады. 
Сөздік қоры ұлғайып (4000 сөзге дейiн), тiлдің мағыналық та-
рапы өрiстей бастайды. 6-7 жаста балалардың көпшiлiгi дұрыс 
дыбыстауды игередi. 
Бiрте-бiрте балалардың үлкендермен қатынастар сипаты 
өзгере бастайды. Әлеуметтiк шарттар мен еңбек дағдыларының 
қалыптасуы жалғаса түседi. Осы жаста дағдыланған өзiн-өзi 
күту, жуыну, тiс тазалау сияқты әрекеттерi өмiрлiк әдеттерге 
айналады. Егер осы қасиеттердің қалыптасу дәуiрiн байқамай, 
өткiзiп алсақ, онда олардың орнын толтыру өте қиынға түседi. 
Бұл жастағы баланың сезiмi ауысымды, қозғыш келедi. Әр күнi 
көретiн теледидардағы қысқа хабарлардың өзi оның денсаулығы 
үшiн өте зиянды. 2 жасар баланың ата-аналарымен бiр сағат, 
кейде одан да артық теледидар алдында отырып қалатын 
жағдайлары көп ұшырасады. Бала әлi өзiнің не тыңдап, не көрiп 
отырғанын түсiну дәрежесiне жеткен жоқ. Сондықтан, оның 
жүйке жүйесi үшiн шектен тыс тiтiркендiргiш болған теледидар 
оны шаршатып, көз жанарын әлсiретедi. 3-4 жастан бастап 
балаға кiшкентайларға арналған хабарларды аптасына 1-3 рет 
15-20 минут уақыт арасында қарап тұруға рұқсат берген жөн. 
Егер жүйке-жүйесiнің қозулары жиi және ұзақ қайталанатын 
болса, бастауыш мектеп жасында-ақ бала жүйке сырқаттарына 
тап болуы сөзсiз. Кейбiр деректердің айғақтауынша, мектеп 
жасына жеткен балалардың төрттен бiрiнің ғана денсаулығы 
күмәнсiз өз қалпында. Қалған балалардың қандай да науқас 
белгiлерiне шалдығуының басты себепшiсi – теледидар. Күн 
ұзақ экранға үңілген сәби қалыпты тән-дене дамуынан қалады, 
қажетсiз жүйкесiн шаршатады, тiптi керек болмаған ақпаратпен 
әлi жетiлiп болмаған миiн ластайды. Ал ата-аналар болса, пе-


68
дагогтар мен дәрiгерлердің кеңесiн жол-жөнекей тыңдап, құлақ 
асқысы келмейдi. Мектепке дейiнгi жастың соңғы кезеңiнде 
балаларда саналы белгiленген мақсат және ерiк-күшiмен 
байланысты ырықты, белсендi 
зейiн
нышандары көрiнедi. 
Ырықты және ырықсыз зейiн бiрiнің орнына бiрi келiп, алмасып 
тұрады. Зейiннің бөлiну және ауысу қасиеттерi әлсiз дамыған. 
Сондықтан да, бала бiр орнында отыра алмайды, алаңдағыш, 
назары шашыраңқы. Мектеп алды баласы көп нәрсе бiледi және 
көп нәрсенi орындай алады. Бiрақ, оның ақыл мүмкіндiктерiн, 
былдырлаған тiлiне қызығып, артықша әсiрелеуге болмай-
ды. Ойлаудың қисынды қалпы әлi онда қалыптаспаған. Бұл 
кезеңдегi жетiлген ақыл-ес дамудың қортындысы – көрнекi-
бейнелi ойлаудың ең жоғары түрі. Баланың ақыл дамуында 
математикалық ұғымдар маңызды рөл атқарады. Кейiнгi он 
жылдықтарда әлемдiк педагогика 6 жасар балаларды оқыту 
мәселелерiне орайлас логикалық, математикалық, жалпы 
абстракт ұғымдарды қалыптастырудың көптеген қырларын 
түбегейлi зерттедi. Осының арқасында мұндай абстракциялар 
пайда ету үшiн бала ақылы әлi жетiспегенi дәлелдендi. Де-
генмен, орынды әдістердi қолданып, оқытатын болсақ, бала 
бiлiм игеруде көңіл толарлықтай табыстарды иеленуi мүмкін. 
Ақыл дамуы желiсiнде түсiнiм “кедергiлерi” ұшырасады. 
Бұл құбылыстың мәнiн ашуда швед психологы 
Ж.Пиаже
көп 
еңбектенген. Балалар ойын барысында ешқандай оқымай-ақ 
заттардың формасы, көлемi, саны жөнiндегi түсiнiктердi жеңiл 
игерiп алады. Бiрақ, арнайы педагогикалық басшылық болмай, 
қатынастарды түсiну “кедергiлерiнен” балалардың аттап өтуi 
қиын. Мысалы, мектепке дейiнгi бала қай жерде көлемдiк, ал 
қай жерде сандық артықшылық барын түсiне алмай дал бола-
ды. “Бiр кiлә мақта ауыр ма, бiр кiлә темiр ауыр ма?” деген 
сұраққа бала ойлануға ақылы жетпегендiктен – бiр кiлә темiр 
ауыр дей салады. Бұл қарапайым мысал ойлаудың принцип-
тiк мүмкіндiктерiн ашып бередi. Мектеп жасына дейiнгi баланы 
өте қиын және күрделi заттарға (мысалы, интеграл есептеу-
лерге) үйретуге болады, бiрақ, одан түсер пайда жоқтың қасы. 
Халықтық педагогика, әлбетте “Пиаже кедергiлерiн” бiлген, 
сондықтан да, бала тәрбиесiне даналықпен келесi тұжырымды 
қосқан: “Жас күнiнде – жаттасын, есейгесiн – түсiнер”. Өз 


69
уақытында келетiн мүмкіндiктi уақытынан бұрын, жас кезеңi 
келмей, зорлап ашудың қажетi болмайды. Даму желiсiн жа-
санды өзгертуден тәрбиеде зияннан басқа, қолға түсер дәнеңе 
жоқ. 
Мектеп босағасын аттау кезеңiне баланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет