Жас ерекшелiктерiн есепке алу
(учет) – Негiзгi педагогика
принциптерiнің бiрi.
Акселерация
– Балалық және жасөспiрiмдiк жастағы тән-
дене және кей жағдайлардағы психикалық сапалардың шектен
тыс қарқынды дамуы.
Ретрадация
– Келеңсiз нәсiлдiк аурулар мен қолайсыз
экологиялық жағдайлардың әсер етуiнен болатын баладағы
тән-дене, рухани дамудың кешеуiлдеуi.
Жастық даму заңдылықтары
– 1. Жастық шақта адамның
тән-дене дамуы тез әрi қарқынды жүріп жатады. 2. Тән-дене
дамуы бiркелкi болмайды, бiр кезеңде жылдам дамыса, екiншi-
60
де – тым баяулап кетедi. 3. Адам денесiнің әрбiр ағзасы өзіне
тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене бөлiктерiнің да-
муында теңдестiк пен сәйкестiк болмайды. 4. Адам жасы мен
оның рухани дамуы өзара керi тәуелдiлiк байланыста (обрат-
нопропорциональная зависимость). 5. Адамның рухани дамуы
бiрде қарқынды, жедел болса, әлде бiр жағдайда баяу хәлге
түседi. 6. Даму барысында кейбiр психикалық сапа-қасиеттер
мен мүмкіндiктердің қалыптасуы үшiн тиiмдi жас кезеңдерi
(сентизивные периоды) болады.
Жеке бас
(индивидуальные)
ерекшелiктерi
– Баланың
түйсiну, қабылдау, ойлау, ес, қиял, қызығу, бейiмдiлiк, қабiлет,
темперамент, мiнез бiтiстерiндегi өзiндiк сапа белгiлерi.
Мектепке дейiнгi жас
кезеңнің соңына қарай
– 1. Қоғамдық
мәндi iс-әрекетке ұмтылыс байқалады. 2. Өз әрекет қылығын
басқару қабiлетi дамиды. 3. Қарапайым қорытындылау ептiлiгi
қалыптасады. 4. Тiлi жетiледi. 5. Басқалармен өзара байланыс,
бiрлiктi iс-әрекетке түсе алады.
Бастауыш
мектеп
оқушыларының
психика-
педагогикалық ерекшелiктерi
– 1. Жүйке жүйесi жетiле түседi.
Психикасы жедел дамуға келедi. Тежелу кемде де, қозуы
күштi. 2. Танымдық iс-әрекетi тiкелей оқумен байланысты. 3.
Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекi қызығушылық ба-
сым. 4. Зейiнi ырықсыз, тұрақтылығы кем, шектелген. 5. Ой-
лауы бастапқыда көңіл шарпуы (эмоция) мен бейнелi негiзде,
кейiн дерексiз (асбстракция) – логикалық кейiпке келе бастай-
ды, тiл дамуымен бiрге жүреді. 6. Есi (память) қызықты, нақты,
жарқын материалға бейiмдеу, көрнекi-бейнелi сипатқа ие. Есiн
толығымен қажетiне пайдаланып, оқу мiндеттерiн атқаруға
қолдана алмайды. 7. Кiшi мектеп жасы iзгiлiк, адамгершiлiк
сапаларды баулауға ең қолайлы кезең. 8. Өзiн-өзi мақтау мен
басқалар мадағын жақсы көредi. 9. Ой-көңіл дүниесi сырт-
тай әрекет-қылығынан анық көрiнедi. 10. Бала еңбегiн ойын
үдерісiмен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.
61
Мектеп жасына жеткен бала өзiнің осы
кезеңдегi сапа-қасиеттерiмен бұған дейiн
мүмкін болмаған қандай да жаңа оқу айналы-
мын бастауға қабiлеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |