Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет54/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

тепе-теңдiк
болмайды. 
Психикалық қабілеттер мен рухани сапалардың негiзiнде бола-
тын тұлға қасиеттерi бiрдей даму деңгейiнде жүрмейдi. Өмiрдің 
кейбiр кезеңдерiнде нақты сапалардың дамуына сай ұнамды 
жағдайлар болып қалады. Бiр сапалар тез, ал екiншi бiреулерi 
– жайымен қалыптасып жатады. 
3. Кейбiр психикалық әрекеттердің дамуы мен қалыптасуы 
үшiн тиiмдi (оптималь) мерзiмдер болады. Қандай да 
сапалардың қалыптасуы үшiн аса қолайлы болған жас 
кезеңдерi психологияда 
сензитивтiк 
кезеңдер деп аталады 
(Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.А.Крутецкий). Сензитивтiк се-
бептерi – ми мен жүйке жүйесiнің пiсiп жетiлуiндегi теңсiздiктер 
және тұлғаның кейбiр қасиеттерiнің бұрыннан қалыптасқан 
сапалар негiзiнде орнығуынан. Әлеуметтену үдерiсiнде 
қабылданған өмiрлiк тәжiрибе де үлкен маңызға ие. 
Нелiктен бала–Маугли ересектердің қалыпты тiлiн иге-
ре алмады? Жауап анық - бұл сапаның қалыптасуы үшiн 
сай болған сензитивтiк кезең өтiп кеткен. Егер бала бел-
гiлi уақыт аралығында (1,5–2,5 жас) тiлге үйренбесе, кейінгi 
кезеңдерде оны қалыпқа келтiру бiрте-бiрте қиындай бередi. 
Басқа да сапалардың: физикалық, психикалық, әлеуметтiк, 
инабаттық – қалыптасуы жөнiнде де осыны айтуға болады. 
Бұлардың арасындағы күрделiлерi екiншi бiр оған iргетас бо-
латындары қалыптаспағанша, орнына келмейдi. Мысалы, 
тура, тiк жүруге үйренбегеннен қозғалыс және дене теңдiгi 
(вестибуляр) аппараттары дамымайды. Дамудың сензитив-


80
тiк кезеңдерi жақсы зерттелген. Педагогтар интеллектуалдық, 
инабаттық, әлеуметтiк сапалардың қалыптасу кезеңдерiн 
(кiшi және орта мектеп жасы) үздiксiз бақылауға алуы шарт. 
Жақын уақыттарда американ психологтары 
мәселе шешу 
дағдыларының
дамуына байланысты сензитивтiк кезең 6-12 
жастар аралығы екенiн анықтаған. Осы кезең еленбей қалса, 
адамның жоғары деңгейдегi шығармашыл ойлау тәсiлдерiн 
игеруi өте қиындасады. 
4. Адамның психикалық дамуының арқасында оның рухани 
сапалары орнықты, тұрақты, сонымен бiрге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет