Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


бiрлiгi  педагогикалық үдерiстің  мәнiн



Pdf көрінісі
бет73/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

бiрлiгi 
педагогикалық үдерiстің 
мәнiн
құрайды. 
Педагогикалық үдеріс
көптеген оқу-тәрбие iс-
әрекеттерiнің iштей байланысқан бiрiгiмi. Онда тұлғаның оқу, 
бiлiмдену, тәрбие, даму және қалыптасуы үдерістері ажы-
ралмас тұтастыққа қосылған. Бiрақ бұл аталған үдерiстердің 
қарадүрсiн, механикалық бiрiкпесi емес, ал өзiнің ерек-
ше заңдылықытарына бағынған жаңа сападағы құрылым. 
Педагогикалық үдерiстің тұтастығы мен бiрлiгi оның 
құрамындағы үдерiстердің бәрiн бiр мақсатқа жұмылдырады. 
Педагогикалық үдерiстің iшкi күрделi қатынастары: 1) үдерiстi 
құраушы элементтердің бiрлiгi мен дербестігiнен, 2) ол құрамға 
кiретiндердің тұтастығы мен өзара тәуелдiлiгiнен, 3) жалпылық 
пен анайлылықтың (специфичность) сақталуынан көрiнедi. 
Бiртұтас педагогикалық үдерiстi құраушы жекеленген 
бөлiктердің өздерiне тән ерекшелiктері неде? Ол әр бөлек 
үдерiстің 
басты қызметтерiн
ажыратуда байқалады. Оқу 
үдерiсiнiң негiзгi функциясы – бiлiм беру, тәрбиенiкi – тәрбиелеу, 
даму үдерiсiнің мiндетi – дамыту. Сонымен бiрге аталған 
үдерiстің әрқайсысы тұтас үдерiсте қосалқы қызметтердi де 
орындайды, яғни тәрбие – тәрбиелiк мiндетпен бiрге дамыту 
және бiлiмдендiру қызметтерiн де атқарады, ал оқу онымен 
бiрге жүретін тәрбиелiк және дамыту iстерi болмаса, өз мәнiн 
жояды. 
Басты және қосалқы қызметтердi ажырата бiлуден бiз 
жеке үдерiстердi iске асырудың мақсаттарын, мiндеттерiн, 
мазмұнын, формалары мен әдістерiн тереңiрек талдауға 
мүмкіндiк аламыз. Мысалы, оқу мазмұнында кейiн тұлғаның да-
муы мен тәрбиелiгiне үлкен ықпал жасайтын ғылыми ұғымдар 
қалыптастыру, түсiнiктердi игеру қызметтерi басымдау ке-
ледi. Сондықтан, интеллектуалдық, тәрбиелiк және дамыту 
тұрғысынан қайсы бiлiмдер аса пайдалы болатынын жақсы 
түсiнiп алу қажет. Ал тәрбие мазмұнында, сенiм, моральдық 


104
ережелер, мұрат-мақсаттар, құндылықты бағыт-бағдарлар, 
көрсетпе-нұсқаулар, сеп-түрткілер қалыптастыру мiндеттерi 
қойылуымен бiрге ғылыми ұғымдар да, бiлiмдер де, ептiлiк-
тер де бiрдей қалыптасуын талап етедi. Осыған орай аталған 
жағдаяттардың бәрi бiрiге тұлғаның ақыл-ес дамуына, жалпы 
кемелденуiне қалайынша әсер ететiнiн ескерген де жөн. Оқу 
және тәрбие үдерістерінің екеуi де басты мақсатқа жетелеп
бiрақ, олардың әрқайсысы көзделген мақсатты орындау үшiн 
өздерiне тән құрал-жабдықтарды, шараларды пайдалана-
ды. Үдерiстердің ерекшелiгi мақсатқа жетудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет