© 2017 Al-Farabi Kazakh National University
ҒТАМР 13.61.11.
Шамахай С.
«6D020100– Философия» мамандығының PhD докторанты,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Қазақстан, Астана қ., e-mail: sh.saira@mail.ru, тел.: +7 701 499 5860
«ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕ» – МӘДЕНИ МҰРА
Мақалада XIII-ХІV ғасырларға тиесілі моңғол-түркі тарихының мәдени мұрасы «Моңғолдың
құпия шежіресінің» жазылуы, таралу жолдары, зерттелу ауқымы қарастырыла келе, кейбір
тарихи мәселелер төңірегінде жапон, қытай, орыс, моңғол зерттеушілерінің тұжырымдары
сарапталып, лингво-философиялық пайымдар жасалған. «Моңғолдың кұпия шежіресі» орта
ғасырдағы моңғол-түркі тайпаларының, сол кездегі тарихын, тілін, әдебиетін салыстырып
түсінуде, зерттеуде аса құнды рухани мұра болып табылады. Шежіренің негізінде көшпенді
жұрттың адам мен әлем және адам мен адам қарым-қатынастарының генезисі мен аксиологиялық
тамыры жатыр. Мақаланың
мақсаты
«Құпия шежіренің» жазылуы мен таралуы, сондай-ақ тілі,
этнографиясына қатысты деректерге компаративистикалық, мәдени-философиялық талдау
жасау. Талдау барысында «Моңғолдың кұпия шежіресіне» қатысты орта ғасыр кезеңінен бастап
Орталық Азия, Сібір аймақтарында өрістеген ауызекі тарихнама мен ауызекі дәстүрлі әдебиетте
көрініс тапқан деректер, еңбектер анықталды.
Мақаланың теориялық негізінде орталықазиялық далалық империялардың мәдениетіндегі
моңғол-түркі коммуникациялық жүйелерге семиотикалық талдау жатыр.
Зерттеудің әдістемелік негізінде «Моңғолдың құпия шежіресі» туралы отандық және шетелдік
ғалымдардың зерттеу нәтижелері алынады. Тақырыпты талдау барысында гуманитарлық
және философиялық білімдерде кеңінен қолданылатын, тарихилық пен логикалықтың өзара
байланысы, тарихи-компаративистикалық, абстрактылықтан нақтылыққа өту, жалпыдан жекеге
өту, герменевтика іспетті тәсілдердің бірлігі қамтылады.
«Моңғолдың құпия шежіресіне» осыған дейін тарих, тіл, әдебиеттану, әскери істер,
этнография тұрғысынан зерттеулер жасалғандықтан ендігі кезекте бұл шежірені мәдени-
философиялық тұрғысынан зерттеп, баға беруге тиіспіз.
Түйін сөздер:
«құпия шежіре», Шыңғысхан, түркі, моңғол, тайпа.
Shamakhay S.
Doctoral student specialty «6D020100 – «Philosophy», L.N. Gumilyov Eurasian National University,
Kazakhstan, Astana, е-mail: sh.saira@mail.ru, tel.: +7 701 499 5860
Достарыңызбен бөлісу: |