«ҚҰпия шежіре» – МӘдени мұРА


«Құпия шежіренің» аудармалары



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата29.12.2022
өлшемі1,41 Mb.
#164845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
524-1-1003-1-10-20180915

«Құпия шежіренің» аудармалары
Жоға-
рыда
 
«Құпия шежіренің» қытайша көшірмесін 
П. Кафаров орыс тіліне аударып, 1866 жылы 
жарыққа шығаруы туралы айттық. Кейін 
П. Кафаров қытай иероглифімен дыбысталып 
көшірілген нұсқаны кирилл əрпімен алмастырып 
жазып, əрбір көне моңғол сөздің астына орыс
-
ша аудармасын қытайшадан қойып жарыққа 
шығару кезінде ауырып еліне жете алмай, жол
-
да кемеде қайтыс болады. Оның жазған бұл 
еңбегі Ресей мемлекеттік Ғылым академиясы, 
Шығыстану жазба архивінде сақталған. Оның 
фото көшірмесі Моңғол Ғылым академиясына 
берілген. 
П.И. Кафаровтың өзі моңғолтанушы емес, 
қытайтанушы болғандықтан өзінің бұл аудар
-
масы мен қытайша түпнұсқасын моңғолтанушы 
ғалым Алексей Матвеевич Позднеевке (1851–
1920) берген екен. А.М. Позднеев бұл мəліметті 
1883 жылы жеке кітапша ретінде жарыққа 
шығарған. Кейінірек, 1897 жылы «Моңғол 
əдебиетінің тарихы» деген атаумен шығарған 
кітабына қосымша ретінде Құпия шежіренің 96 
əңгімесін литографиямен орыс монгол əрпімен 
жазып бастырған.
Бұдан өзге бұл шығарманы зерттеуде жетіс-
тікке жеткен Орыс ғалымы
 
Сергей Андрееевич 
Козин (1879–1956) болды. Ол бұл шығарманы 
он бес жыл бойы зерттеп, 1941 жылы Құпия 
шежіренің басын орысша тəржімаланған ау
-
дармасымен бірге бір дəптер етіп бастырған 
екен. «Монголдың құпия шежіресінің» мəтіндік 
толық транскрипциясын «Лу». Алтын тобчы» 
туындысының транскрипциясымен қатар беріп, 
орыс тіліне аударып, сөздігін жасаған (Козин 
1941). Шежіренің 12 дəптерінде түпнұсқада жоқ 
атауларды (1. Родословная и детство Темучина. 
2. «Юность Чингиса» жəне т.б.) қойған. 
Францияда атағы шыққан шығыстанушы 
Пелльо (Pelliot) Поль (1878–1945) 1913 жыл
-
дан бастап осы тарихты зерттеп, қызықты 
тақырыптарын бөлек-бөлек бастыра отырып, 
соңғы кездерде басқа байланысты жазбалары
-
мен салыстырып терең қорытып, алты бөлімінің 
французша аудармасын толық нұсқасымен 
бірден бастырған екен (Pelliot Paul 1913). 
А. Мостарт 1953 жылы «Моңғолдың құпия 
шежіресінің бірнеше аудармасы» атты кітабын 
жарыққа шығарды (Mostaert 1953)
Немістің қытайтанушы ғалымы Эрих Хэниш 
бұл тарихты зерттеп бірнеше бөлігін 1931 жылы 
бастырған жəне Қытай ғалымы 1931 жылы Ей 
Дэ-хуй 1908 жылы бастырған жалғыз нұсқасын 
негізге ала отырып латын əрпіне аударып жа
-
зумен қатар тарихқа қатысты сөздікті де бірге 
бастырған. Ол 1937 жылы толық транскрипция-
сын, 1939 жылы мəтіннің моңғолша-немісше 
сөздігін жасады (Haenisch 1931).
Шежірені А. Темір қазіргі түрік тіліне 
(Temir 1946, 1986), 1955 жылы П. Поуха чех 
тіліне (Poucha 1955), Л. Лигети мажар тіліне 
(Ligeti 1964), С. Калужинский поляк тіліне ау
-
дарыпты (Kaluzunski 1970), И. Рахевилэ сөздік 
көрсеткіштері мен ағылшынша аудармасын жа
-
риялады. (Rachewiltz I. 1972), В. Кливез француз 
тіліне аударған (Woodman 1982).
Жапон тілінде 1907 жылы зерттеуші Нака 
Мичио, 1940 жылы зерттеуші Широ Хаммопи, 
1963 жылы Ивамура Шинобу аударды. (Iwamura 
1963; Naka 1907; Xammopu 1940).


Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
170
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
1985 жылы жапонша толық аудармасын 
моңғолтанушы Озауа Шигео 6 томын жарыққа 
шығарды (Ozawa 1984-1984). 
Моңғол ғалымдарынан алғаш рет Цэнд гүн 
біраз зерттеп, қытайша қысқаша аудармасын 
моңғол тіліне аударған. Ал Ц. Дамдинсүрэн 
«Моңғолдың құпия шежіресінің» көне моңғол 
тіліндегі нұсқасынан қазіргі моңғол тіліне 
əдеби-көркем аударма жасаған. Ал қазақ тіліне 
Ц. Дамдинсүрэннің көркем аудармасы екі мəрте 
(1978, 2006) аударылды. 
Моңғолдың құпия тарихының шет тілдеріне 
аударған аудармалардың ішіндегі ең беделділері 
ғылыми-ақпараттық түрлі анықтаулардан өткен 
қытайша аудармаларын айтпағанда, франция 
ғалымы П. Пелиоттың француз тіліне аударған 
аудармасы (1920), С.А. Козиннің орысша аудар
-
масы (1941), неміс ғалымы Хеништің немісше 
аудармасы (1931), жапондық ғалымдар Ширато
-
ри жəне Ивамураның зерттемелік аудармалары 
(1911-1915) болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет