«ҚҰпия шежіре» – МӘдени мұРА



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата29.12.2022
өлшемі1,41 Mb.
#164845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
524-1-1003-1-10-20180915

«ХІІ ғасырда 
монғолдар көптеген руларға бөлініп, түрлі 
диалектілерді пайдаланды. Олардың ортақ 
тілі болмады. Моңғолдармен еншілес отырған 
керейттер мен наймандар Орта Азиядағы 
халықтармен тығыз байланыста болды және 
өздері христиан-несториандар еді» 
(Владимир
-
цов 1929:19-20].
«Құпия шежіренің» бізге жеткен нұсқасы 282 
баптан тұрады. Олардың 166 бабы моңғолдардың 
өз тарихына арналған. Мұнда Тэмужин-Шың-
ғысханның 22 атасының тарихи шежіресі тара-
тылған жəне оның өзінің туғанынан 66 жылғы 
өмірінің басты оқиғалары қамтылған. Сонымен 
қатар, ІХ-ХІІІ ғасырда Моңғол үстіртін мекен ет
-
кен түркі тайпаларының қарым-қатынастарына 
қатысты 97 бап берілген. Оның ішінде ке
-
рейттерге қатысты – 21, татарларға қатысты 
– 18, наймандарға қатысты – 13, қоңыраттарға 
қатысты – 10, жалайырлардың тарихи шежіре-
сіне қатысты – 8 бап берілген. Меркіт жəне 
Оңғұттардың əр қайсысына қатысты – 9 баптан 
бар (Қинаятұлы 2008а:10). 
Моңғол ғалымдарының пікірінше, «Моңғол-
дың құпия шежіресі» – «Мəдениет пен шешендік 
тірегі», «халық даналығының інжу-маржаны», 
«ата-баба салт дəстүрі мен этнографияның төл 
энциклопедиясы» (Оловинцов 2013в:25). 
«Құпия шежіреде» ХІІІ ғасырда моңғол 
мемлекеті орнаған кездегі елде болған оқиғалар 
суреттелетіндіктен, аса маңызды мəдени-тарихи 
дерек болып есептеледі. Бұл шығармада моңғол 
əскерлерінің шетелдерге шабуылы туралы 
толық жазылмаса да, олардың бастыстағы ел
-
дерге жасаған шабуылы жəне т.б. деректерді 
сол кездегі Иранның үлкен шахы əрі ғалымы 
Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» еңбегі 
толықтырары сөзсіз. 
Бұл жерде «Құпия шежіренің» алғаш қай тіл-
де жазылғаны туралы заңды сұрақ туындай ды. 
Моңғол ғалымы Ц. Дамдинсүрэн «Моңғолдың 
құпия шежіресі» кітабының алғысөзінде шежіре-
нің «көне моңғол тілінде» жазылғандығы жəне 
қазіргі моңғолдар ол тілді мүлдем ұмытқандығы 
туралы айтады.
Я. Шмидт, А.М. Позднеев, В.Я. Владимир
-
цов, ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көне моңғол əдеби 
тілінің негізі сол кездердегі іргелі ұлыстар – керей
-
лер мен наймандардың тілі деген болжам айтқан. 
Н. Поппе, Э. Хейниш, Г.Д. Санжеев жəне т.б. 
ғалымдар қолдады. Н. Поппе былай дейді: 
«
Жазба 
моңғол тілі алдымен кереиттердің жазуы ретінде 
қалыптасты жəне кейін бүкіл Шыңғыс хан импери
-
ясында басымдыққа ие болды (Poppe 1937:13). 
Ал тарихшы, ғалым Зардыхан Қинаятұлы 
бұл шежіренің көне түрік-моңғол жерінде 


ISSN 1563-0307 Journal. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №2 (60). 2017
169
Шамахай С.
жазылған деген қорытындыға келеді: «Құпия 
тарихтың» құрылымында түрік-моңғолдық сти
-
листикасы бекем сақталған. Егер шежіре алғаш 
қытай тілінде жазылып, соңынан моңғол тіліне 
аударылса, онда моңғол-түрік тілінің ХІ-ХІІІ 
ғасырдағы сөйлемдік құрылымы бойынша жа
-
зылмас еді. Біз, осы жайларды сараптап келіп, 
«Құпия тарих» алғаш ежелгі түрік-моңғол тілінде 
ұйғыр жазуымен жазылып, кейін Құбылайдың 
Юань əулеті орда тарихшыларының күшімен 
қытай тіліне аударылып, реттелген деген 
қорытындыға келеміз. Өйткені Құбылайдың 
тұсында ата-баба тарихына үлкен мəн берілді 
жəне бұл істің басында қытайлық ғұламалар 
тұрды. Сондықтан біз «Моңғолдың құпия та
-
рихын» ежелгі түрік-моңғол жазылымы ретінде 
қараймыз». (Қинаятұлы 2008б:10).
«Құпия шежіренің» шетелдегі зерттелуі 
ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған. 
Еуропалықтар алғаш орыс ғалымы И. Кафаров-
тың қысқаша аудармасы (1866) арқылы таны
-
ды, кейіннен неміс зерттеушісі Хейниш (1937), 
кеңес тарихшысы С.А. Козин (1941), француз 
ғалымы П. Пеллио (1949) толықтай аударып, ба
-
стырды. Ц. Дамдинсүрэн, Ш. Гадамба, Д. Цэрэн
-
содном секілді моңғол ғалымдары құнды зерт
-
теулер жасады. 1969 жылы «Моңғолдың құпия 
шежіресі» қазақ тілінде М. Султанияұлының 
тəржімалауымен Баян-Өлгий қаласында жарық 
көрді. 1998 жылы Алматыда, 2002 жылы Улан-
Баторда қазақ тілінде қайта жарияланды. Осыған 
дейін жапонша, орысша, немісше, мажарша, 
ағылшынша, французша, моңғолша, түрікше, 
чех жəне қазақша аудармалары жасалды. Жапо
-
ния, Франция, Германия, бұрынғы Кеңес Одағы, 
Венгрия сияқты елдер латынша дыбысталуы 
бойынша транскрипциясын жасап, баспадан 
шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет