Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет224/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

Циклдық модель. 
Бала кезінде өзі құрбан болған ата
-
ана баланың отбасында құрбан 
болуына әкеледі. Бұл физиологиялық құрбандық: яғни баланы аяусыз ұру, өз қалауын орындату 
тұрғысынан көрініс табады. Зерттеулер бойынша отбасында құрбан болған балалардың 

93%
агрессивті мінез
-
құлық танытады.
Психопатологиялық модель.
Бұл модель мынадай сипаттамадан көрінеді:

психодинамикалық өзгеріс;

психикалық ауытқулар;

мінез
-
құлық сипаттамасы.
Дәстүрлі криминологиялық сипаты бойынша.
Х.Мартин бойынша отбасы тарапынан 
балаға көрсетілетін қаталдықты үшке бөліп қарастырады:
1.баланың отбасындағы рөлі;
2.кездейсоқ жағдайлар;
3.отбасының дисфункционалды құрылымы.
Әлеуметтік
-
мәдени модель.
Баланың әлеуметтік жағдайларда құрбан болуымен, ортаның 
балаға қысым қөрсетуімен сипатталатын модель.


ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
190 
Отбасындағы виктимизация 
– 
бұл физикалық, сөздік, эмоционалдық, рухани және 
экономикалық жағдайға байланысты үнемі қайталанатын тұлғаны кемсіту мұндағы
мақсат 
бақылау, қорқыту. Отбасындағы көрсетілетін зардаптарға байланысты Л. Уокер XX ғасырдың 80 
жылдарында мынадай ұғымдарды маңызды деп санады: қорқыныш, депрессия, кінәлі болу, өзін
-
өзі бағалаудың төмендігімен көрсетті. Кейіннен Дж. Дуглас жаңа ұғымдарды енгізді: 
травматикалық зардаптар, өзгелерге көмектесе алмау. Отбасындағы зардаптарға байланысты 
нағыз және әлеуетті құрбандар келесідей: пассивті, өз
-
өзіне сенімсіз, бағынғыш, басқаларға сын 
көзбен қарау, агрессия, билік жүргізу, тұйықтық импульсивтілік
[3].
Виктимділік жағдайдағы балалармен жұмыстың әлеуметтік
-
педагогикалық түзету 
бағдарламасын құруда ілгері қағидаттар ретінде келесілер ескеріледі:
1. кәмелетке толмағанның оңтайлы сапаларына негізделу. Әлеуметтік педагог үшін
жәбірленген баланы үзілді
-
кесілді даттауға, жаман болжамдар айтуға жол берілмейді. Оған 
«жетістік жағдаятын» жасау арқылы жүру, жасөспірімнің жүріс
-
тұрысынан жағымдыны таба білу, 
осыған сәйкес әлеуметтік педагогтың іс
-
әрекетін жоспарлау қажет;
2. болашақ өмірлік ұмтылыстарды қалыптастыру. Ереже бойынша, мектепте оқуға уәжі 
төмен жасөспірімдер жиі торығады, өз күштеріне сенбейді, болашақты көрмейді. Мұндай 
жасөспірім үшін ары қарай кәсіби өзін
-
өзі анықтау маңызды, және бұл жағдайда әлеуметтік 
педагогтың психологпен бірге көмегі
оның болашақ кәсібін анықтауға, жасөспірімнің 
қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сай келетін оқу орнына орналастыруға бағытталған;
3. жасөспіріммен өзара қатынаста сыйластық пен сенім. Сабыр мен төзім 
— 
әлеуметтік 
педагогқа осындай балалармен жұмыс істеудегі басты көмекшілер.
Әлеуметтік
-
педагогикалық түзету іс
-
әрекет үрдісінде маман келесі қызметтерді атқарады:
-
қалпына келтіру, жасөспірімде жағымды сапаларды қалпына келтіру;
-
белсендіру, жасөспірімді қоғамдық
-
пайдалы, оған маңызды іс
-
әрекетке қосу арқылы 
жасөспірімде тұлғаның қандай да бір сапаларын түзетуге ұмтылысты қалыптастыруды 
түйіндейтін, өтеушілік; жасөспірімнің өзін
-
өзі кемелдендіру, өз әрекеттерін өзіндік талдау 
негізінде өзін
-
өзі тәрбиелеу қажеттіліктерін, өз мінез
-
құлқын белсендіру;
-
ынталандырушылық, түрлі тәрбие тәсілдерін 
– 
сендіру, бекіту, мысалдар және т.б. 
ұйғаратын, жасөспірімнің іс
-
әрекеттерінің жағымды түрткілерін белсендіруге бағытталу.
Жасөспірімнің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес түзету бағдарламаларын құруда 
жасөспірімнің қандай жағдайда екенін ескеру керек. Бұл қатарластарымен немесе отбасындағы 
кикілжіңдер, үйден қашу салдарынан әлеуметтік бейімделмеумен шартталған дағдарыс 
алдындағы жағдай болуы да мүмкін. Әлеуметтік педагогтың осы санаттағы балалармен жұмысы 
жасөспірімнің ішкі әлемін әлеуметтік сауықтыруға бағдарланған. Әлеуметтік педагог
– 
отбасында, мектепте, ұжымдағы жағдаятты шұғыл диагностикалау тәсілдерін игеруге міндетті. 
Іс
-
әрекеттің негізгі түрлері: жеке кеңес беру, жасөспірімді жағымсыз эмоционалды 
маңызды жағдаяттарды түзету мақсаты бар тренингтік топтарға қосу, бала құндылықтарының 
жүйесімен жеке жұмыс, әлеуметтік дағдыларға, тиімді қарым
-
қатынас тәсілдерін үйрету. Бұдан
басқа, отбасының педагогикалық диагностикалауды, жеке кеңес беруді, баламен тиімді ата
-
аналық өзара қатынасты құруға бағытталған тренингтік топтарға ата
-
аналарды қосу, бала мен ата
-
ана арасындағы маңызды өзара қатынасты орнату мақсатында ата
-
аналармен жұмыс істеу қажет.
Түзету бағдарламаларын іске асырудың шарттары: 
1) бағдарламаның барлық қатысушыларын ынталандыру (баланы, ата
-
аналарды);
2) мекеме жетекшілері мен мамандардың педагогикалық
-
психологиялық құзыреттілігі; 
3) түрлі мемлекеттік қызметтер іс
-
әрекетінің координациясы: білім беру, денсаулық сақтау, 
құқық қорғау ұйымдарының т.б.
Әлеуметтік
-
педагогикалық виктимология қоғамдағы құрбандық пен зорлық
-
зомбылық 
мәселелерін зерттейтін маңызды саласы. Ол құрбандықтың себептері мен салдарын түсінуге, 
зардап шеккендердің алдын алу мен оңалтудың тиімді әдістерін жасауға көмектеседі.
Виктимологияның өзіндік негізгі ұғымдары мен терминдері, сонымен қатар принциптері мен 
зерттеу әдістері бар. Жәбірленушілермен табысты жұмыс істеу және зорлық
-
зомбылықтың алдын 
алу үшін әлеуметтік педагог
-
виктимолог құзыреттерге ие болуы керек. Әлеуметтік
-
педагогикалық 
виктимологияны тәжірибеде қолдану бізге қоғамның барлық мүшелері үшін қауіпсіз және 
қолайлы орта құруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет