Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
Ключевые слова : платформы цифрового обучения, Moodle, MOOC, iNACOL,
Cengage MindTap.
Annotation: The article describes the effectiveness of using digital platforms in teaching
methods in the pedagogical process. In the learning method, digital platforms are seen as powerful
tools to support and expand paradigm shifts. The impact of digital technologies on learning, along
with new developments in various software, the new educational space talks about its effective
impact on the development of a child's knowledge and the formation of his personality. To focus
on the types of digital learning technologies and consider the effectiveness of their application in
the process of education and upbringing.
Keywords: digital learning platforms, Moodle, MOOC, iNACOL, Cengage MindTap.
Қазіргі уақытта цифрлық платформа провайдерлері тұтас педагогикалық процесте
оқыту әдісі мен түрлеріне барлық принциптерді қамтитын біртұтас, жан
-
жақты жүйені
құрауда. Жаңа оқу кеңістігі
-
цифрлық кеңістік барған сайын танымал бола отырып,
оқытуды ұйымдастырудағы маңызы ғаламдық оқыту қауымдастығын құру арқылы
сыныптар, мектептер, аудандар, ұлттар мен континенттер арасындағы байланысты
күшейтуде. Цифрлық оқыту платформалары арқылы педагогикалық технологияны
қолданбалы пайдалану оқу процесінде баланың білімін дамыту мен оның жеке тұлға болып
қалыптасуына өзінің тиімді әсерін бере алады.
Оқыту әдісінде цифрлық платформалары парадигмалардың өзгеруін қолдау мен
кеңейтудің қуатты құралдары болып табылады. Цифрлық оқыту платформасы нақты
уақыттағы оқу процесіне қолдау көрсете отырып, деректерді құра және талдауда тиімділігін
көрстеді. Цифрлық платформалар жеке және ұжымдық деңгейде кез
-
келген аудиторияда
оқыту әдісіне айнала алады. Сондықтан, оқыту экожүйелері оқушының нақты және
цифрлық әлем арасында оңай қозғалуы үшін цифрлық оқыту платформалары сияқты
технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерді педагогтің
көмегі мен қадағалауында мейлінше
пайдалануы керек.
Отандық ғалымдарымыздың К.Д.Бұзаубақова [1], Д.М.Джусубалиева [2],
А.К.Мынбаева [3], А.Б.Айтбаева [4], Ж.А.Караев [5] және т.б. педагогика ғылымында
оқытуда заманауи цифрлық технологиялары қолдану аясында зерттеулер жүргізіп,
еңбектерін ұсынған. Ғалымдар зерттеулерінде оқыту процесінде замануи технологияны
қолданудің кері байланыс және оқыту бойынша ұсыныстар, байланыс және
ынтымақтастық, дағдылар мен құзыреттілік, саралау, белсенді оқыту және әдістемелер,
шығармашылық және инновациялық бағыттарды қамтуы керектігі айтылады. Аталған
зерттеулерге сүйенсек, оқытудаңы цифрлық технологиялар оқушылардың қай жерде
болмасын оқу мүмкіндіктеріне қол жеткізе отырып, жаңартылған ақпараттарды және
деректер жедел алуға мүмкіндік беретіндігін айта аламыз.