Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет250/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
212 
2. Оқылым кезіндегі тапсырмалар: түрлі оқылым дағдыларын меңгеріп дамытуға 
байланысты тапсырмалар (сұрақтар тізбесі). Алғашқыда тапсырмалар жалпы мазмұнды түсінуге 
бағытталса, одан кейінгі тапсырмалар нақты ақпараттарды табуға бағытталуы тиіс.
3. Оқылымнан кейінгі орындалатын тапсырмалар: мәтіндегі негізгі көтерілген мәселеге, 
берілген ақпараттарға қатысты талқылау сұрақтары ретінде болады. Бұл сұрақтар білім алушылар 
үйренген жаңа сөздер мен мәтін ішінде кездесетін сөздерді қолданып, жауап бере алатындай 
формада ұйымдастырылуы тиіс. Сондай
-
ақ, ұсынылатын сұрақтар білім алушылардың өмірлік 
тәжірибесімен байланысты құралып, өз көзқарастарын айқын білдіруге мүмкіндік 
беретіндейболуы керек.
Енді сөз етіп отырған негізгі мәселеміз жазылымға байланысты сабақ құрылымын талдасақ:
Жазылым 
– 
тілдік төрт дағдының бірі және де өнімді дағдылардың қатарына жатады. Өнімді 
дағды 

тілдік құбылыстар туралы ережелер мен модельдерге арқа сүйеп сөйлеу немесе жазу 
дегенді білдіреді. Жазылымның түрлері: тізім жасап жазу, құттықтау қағазын жазу, электрондық 
хат жазу, күнделік жазу, хабарлама жазу, әңгіме жазу, эссе жазу және т.б.
Жазылым дағдысы түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерібар. Олар жазылым 
дағдысы түрлерінің құрылымы мен мақсатына, шешуге тиісті міндеттеріне де байланысты болады. 
Атап айтақ, жазу стилінің
деңгейлерінің

ресми (ғылыми және іс қағаздар стилі) және бейресми 
(ауызекі сөйлеу дағдысы);
жазу барысында мәтінді немесе берілген ақпараттарды жазудағы 
өзіндік тәртіппен орналасқан ақпараттар ретінің берілуімен; мәтінмен жұмыстың 
ұйымдастырылуымен айқындалады.
Жазылымды қалыптастырудың бірқатар жолдары бар. Олардың ең бастыларына 

продуктивті жазылым мен жазылым үдерісі жатады.
Егер жазылым үлгі беру арқылы үйретілсе, ол продуктивті жазылым деп аталады.
Яғни 
мұғалім жазылым түрлері үлгілерімен таныстыра отырып, мәтінмен жұмыс жасатуы қажет. 
Ұсынылған жазылым үлгісі мәтіннің мазмұнымен, стилімен, лексикасымен және де құрылысымен 
танысуға септігін тигізеді. Сондай
-
ақ, берілген үлгілер білім алушыға қалай жазу керек екендігіне 
байланысты ой салады.
Ал егер де мұғалім білім алушыларға жазылымға байланысты орындалатын барлық 
қадамдармен жұмыс жасауды үйретіп қамтамасыз етсе, онда ол процес жазылым үдерісі деп 
танылады. Анықтап айтсақ, жазылымды жоспарлағаннан бастап, оның алғашқы нұсқасын 
жаздырту, оны түзету және де тексеруге дейінгі білім алушылардыңіс
-
әрекетін ұйымдастыру. Бұл 
білім
алушыларға жазылымның қатысты түрлі аспектілермен әр уақытта жұмыс жасай алуға 
дағдыландырады. Атап айтсақ, жоспарлау кезінде
-
ақ идеяларды ойлап табады, оны 
ұйымдастырады, жазылымның алғашқы нұсқасын жазу барысында өз ойларын жеткізуге қажетті 
сөздер, сөйлем құрылымдарын іздеп табады, түзету мен тексеру барысында жазылымның дұрыс 
ұйымдастырылуына, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни білім алушыларға жасаған 
жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты ойлануға мүмкіндік береді [2].
Белгілі бір ұсынылған жазылымды толық орындау бірнеше қадамдардан тұрады:
1.
Әуелі жазылымға қажетті нәрсені нақтылап, анықтап алу;
2.
Өз ойын дұрыс жеткізуді бағамдап, жоспарлау;
3.
Алғашқы (шимай) нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрін) жазып көру;
4.
Түзету енгізу және редакциялау (қателерін түзету және қажет болса мазмұнын толықтыру)
5.
Тексеріп шығу (сауаттылыққа қатысты тексеру және түзету енгізу)
6.
Дұрыс нұсқасын (екінші немесе соңғы
нұсқанын жазып шығу) жазу.
Сондай
-
ақ орта мерзімді жоспардағы ұсынлған оқу мақсаттарын
жүзеге асыру барысында 
ұсынылған әдіс
-
тәсілдермен бірге, мұғалім өзінің тиімді деп тапқан басқа да әдіс
-
тәсілдерін де 
қолдана алады.
Жазылым дағдысын қалыптастыруда мұғалім ресурстармен жұмыс жасауға да назар 
аударуы керек.
Мұғалім қазақ тілі сабақтарында
оқулықтармен бірге, ғаламтор желілерінен іріктеліп 
алынған есту, көру материалдарын: аудиохабарламалар, телебағдарламалар және газет
-
журналдардан алынған қажетті ақпараттарды, кестелерді, диаграммаларды, сызбаларды, ондағы 
айтылған мәліметтерді де қолданып ұсына алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет