КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ:
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ:
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД
269
қалаумен қатар көмек көрсетуден асқан қуаныш жоқ. Соның нәтижесінде, балалар қоршаған
ортада өздерін құрушы, жасаушы ретінде сезініп, олардың бойында бастапқы патриоттыққа тән:
қамқорлық, мейірімділік, жауапкершілік, борыштылық және т.б. құндылықтары қалана бастайды.
Табиғатпен жүйелі танысуында мектепалды жасындағы балалардың жоғары сезімдері қалыптасып
қана қоймай, экологиялық мәдениетінің қалыптасуына да жағдай жасалады. Балалардың бастапқы
патриоттық сезімі мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру кезінде халық арасында тараған,
кейбір жағдайда ұмытыла бастаған, табиғат қорғауға байланысты дәстүрлерді толық жинақтап,
жүйеге келтіріп, олардың тәрбиелік мәнін ашып, жаңартып, ұрпаққа асыл қазына ретінде ұсынуды
басты мақсатқа айналдырған Н.Сарыбеков, М.Сарыбеков, Қ.Д.Сарыбековтердің «Қазақ халқының
табиғат қорғау дәстүрлері» атты кітаптағы табиғатты қорғауға байланысты халық дәстүрлері
баяндалған тәжірбиесіне сүйенуге болады.
[
4
]
.
Мектепалды балаларды халықтың мәдени мұрагерлік дәстүрлеріне баулу арқылы да
бастапқы патриоттық тәрбие беруді үлкен жетістікпен жүзеге асыра аламыз. Балалар педагогы
А.М.Меңжанованың: «Мектеп жасына дейінгі кезден бастап
-
ақ балаларды өз халқының өмір
жолымен, сан ғасыр қыспағынан сүрінбей өткен дәстүрмен, мәдени жетістіктермен көркем
шығармалар арқылы таныстыру, содан рухани нәр алдыру баланы елін, жерін, Отанын сүйетін,
адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді»
[
5,173б
]
деген пікірін білдірсе, ғалым
С.Қалиевтың тиімді тәрбие беру жүйесі халықтың тарихи және оның материалдық, рухани
мәдениеті арқылы туындайды деген ғылыми тұжырымын ұсынған
[
6
]
. Сондай
-
ақ, С.Ғаббасов
халық педагогикасымен тәрбиелеу ісі 4
-
7 жас арасындағы бала санасына қабылданған өнеге мен
адам қуаты өмірлікке қалатынын ескеріп, осы жаста ғасырлар бойы қалыптасқан ата
-
баба
дәстүрінің небір күрделі сәттерінен жасқанбай, қайта лапылдап тұрған жас жүректің алауын
лаулата түсіп оларды бала қырандай баулып
–
жыраулыққа да, термешілікке де, күйшілікке де,
қиялшылдыққа да
–
тіпті салыстырмалы таным мен жүйелі (логикалы) ойлауға да, баулу керектігі
мәселесін қозғайды
[
7,184б
]
. Бұл дегеніміз, бүгінгі жаһандану үдерісі кезеңінде елімізде
алаңдатушылық тудырып отырған, атап айтқанда: ұлттық мәдени дәстүрімізді жоғалпай болашақ
иесі білімді, дені сау ұрпақ санасына ұлттық рухани
-
мәденитімізді дарытып, әлемдік кеңістікке
ену мәселесі және болашақта ұлттық мәдениет түрлері қоғамда ысырылып, мұражай
экспонантарына айналады деген «батысшылдық» саяси болжамдарға төтеп беруіміз үшін кезек
күттірмес тәрбиелеу болып та табылады.
Халықтың мәдени мұрагерлік дәстүрлеріндегі педагогикалық құралдары ғасырлар бойы
сақталып бізге жеткен халықтың ауыз екі фольклорлы және классикалық шығармаларында,
халықтық қолданбалы салт
-
дәстүрлері мен әдеп
-
ғұрыптарында, халықтық қолөнері, бейнелеу
өнері, сәулет өнері, мүсіндеу шеберлерінің шығармаларында жинақталған. Халықтың осындай
мұрагерлік мәдениеті мен дәстүрлерін баланың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне қарай тәрбиелеу
бала бойында халықтың мәдени мұрагерлік дәстүрлеріне деген ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық
мақтаныш пен құрмет сезімінің қалыптастыруына себебші бола алады. Сондықтан да, балабақша
мен отбасында балаларды қазақ халқының ата
-
бабадан қалған дәстүрлері мен әдеп
-
ғұрыптармен
таныстыра отырып, олардың белсенді қызығушылықтары мен ұмтылыстарын тудыру қажет.
Сонда ғана, баланың өз халқының рухани құндылықтарын бойына сіңіре отырып, өз ұлты мен өзге
ұлттардың дәстүрлеріне деген дұрыс көзқарасы, патриоттыққа тән қарапайым жалпыадамзаттық
құндылықтары көрініс табады деп айта аламыз. Осының нәтижесінде, баланың күнделікті
әрекетінде көрініс табатын патриоттық тәрбиенің бір көрінісі
–
мәдени мінез
-
құлыққа
дағдыландыра аламыз. Мәселен, оларға:
біріншіден,
балалардың қатарластары арасындағы өзара
мейірімділік, сыпайылық, шыншылдық, ұйымшылдық, ұстамдылық мінез
-
құлықтарын
ұйымдастыру;
екіншіден,
балалардың жеке тұлғалық жағымды дағдылары мен әдеттерін
қалыптастыру: қоғамдық орындарды мәдени мінез
-
құлық ережелерін сақтай білу (саябақтан
белгіленген уақытта қыңырланбай үйге, балабақшаға оралу, өз бетімен таңертеңгілік ұйқыдан
тұрып, балабақшаға бару), дербес еңбек әрекетін мұқият және тиянақты орындай білу;
үшіншіден,
балалардың үлкендер мен қатарластары арасындағы қарым
-
қатынастың ізгілік, адамгершілік
(үлкендерге сыпайы, зейінді қарау, жолдастарына көмектесу, кішкентайларға қамқор) және т.б.
түрлерін қалыптастыруға болады. Аталған бағыттарды балабақшада жүргізілетін ұлттық ойындар,
айналамен таныстыру сабағы, экскурсия, еңбек және ойын, тұрмыстық әрекеттер, мерекелік
|