3-тақырып. Темперамент және іс-әрекеттің даралық стилдері.
Адамның қарым-қатынасы, танымдық процестері және әрекеттеріндегі темперамент қасиеттерінің көрнісі оның іс-әрекетінің даралық стилін анықтайды. Ол іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерінің темпераментке тәуелді қалыптасқан жүйе. Іс-әрекетінің даралық стилі сол адамға тән әрекеттер тәсілін құрайды. Бірақ іс-әрекетінің даралық стилі толығымен темпераменке тәуелді деп айтуға болмайды, ол өзінің құрамында өмір барысында қалыптасқан іскерліктер мен дағдыны енгізеді. Іс-әрекетінің даралық стилін адамның оргаизімі мен жүйке жүйесінің тума қасиеттерінің орындалып келген іс-әрекеттің шарттарына бейімделу нәтижесі деп те қарастыруға болады. Бұл бейімделу іс-әрекетте неғұрлым төмен мөлшердегі шығыспен жоғары нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі қажет.
Адамды әрекет барысында бақылау кезінде темперамент белгілері (түрлі қозғалыстар, реакциялар, әрекет-қылық формасы. деп қарастыратынымыз, темпераменттің емес іс-әрекетінің даралық стилінің белгілері болуы мүмкін. Іс-әрекетінің даралық стилінің белгілері темперамент белгілеріне ұқсас та, алшақ та болуы мүмкін.
Іс-әрекетінің даралық стилінің ядросын адамда бар жүйке жүйесінің тума қасиеттерінің кешені анықтайды (Климов Е.А. Индивидуальный стиль деятельности //Психология индивидуальных различий: Тексты. – М., 1982..
4-тақырып. Темперамент және жеке тұлға.
Темперамент және жеке тұлғаның өзара байланысы тұлғаның басқа да көптеген қасиеттері (ең алдымен мінездің. жалпы негізі ретінде сипатталады. Бірақ ол сәйкес тұлға қасиеттерінің динамикалық көрінісін анықтайды. Темпераментке тұлғаның келесі қасиеттері тәуелді: эмоционалдық, импульсивтілік, алаңдаушылық.
Бұл тұлға қасиеттерінің өзара бірігуі темпераменттің дара типін жасақтайды. Сондықтан тұлғалық қасиеттердің бұл сипаттамалары темпераменттің даралық ерекшеліктерін сипаттауда бірге беріледі. Темпераменттің бұл көрністері, нәтижесінде тұлға қасиеттеріне айнала отырып, оқыту, тәрбиелеу, әсер ету, мәдениет, дәстүрлер сияқты сыртқы ықпалдарға тәуелді.
5-тақырып. Мінез-құлық.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарн бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт бағдарын құрайды, яғни оның материалдық және рухани қажеттіліктеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мақсатарына негіз болады. Мінезге қарай адамның дүниеталғамы, өмір мәнеі, әрекет-қылықтарының себептері анықталады.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын байқалады: біріншінің қимыл әрекеттері – шапшаң, екіншісінің қимыл әрекеті – баяу, бірақ тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты шешімге келеді және т.б. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктерді - мінез бітістері дейміз. Қандай жа бір бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері мен оның сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, адам әдетіндей бірқалыпты, механикалқ қайталана бермейді. Әдет пен мінез бітістерінің арасында өзара байланыс болғанымен олардың табиғаты екі бөлек. Мінез бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол әрекет-қылық барысында қалыптасады. Сондықтан мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты- бейтарап және т.б. Мінез қаталдыңы өжеттік , тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарының, жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі. Темперамент пен мінездің өзара байланысы :
Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер.;
Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін деген (антогоностикалық қатынас – Викторов, Левтитов.;
Темпераментті мінездің элементіретінде;
Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының негізі деп мойындау.
Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.
Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерөкшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, баскаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке карағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі түракгалған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға дара-лығының интегралды сипаттамасын береді,
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда “мінезді адам” және “еркі күшті адам” сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күші-мен, қатаіщығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапа-лар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бул тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әруақыт мақсатына орай нық, турақты және табан-дылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда “мінезсіз” деп сипаттайды. Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік ж.т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткен-дей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екін-шіден, осы сезімдердің өздері тулғаға тән турақты ерек-шеліктерге өтіп, адам мінезін қурайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары да-мыған адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект. үлкен маңызға ие, ой тереңдігі мен жүйріктілігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жумысындағы ынта мен сенім – бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау – тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан. жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, оларды даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сайқалдык, т.б... Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.., сезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.., ақыл-саналық (ой терендігі, сындарлық т.б.. адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам – сақ та табанды; ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
6-тақырып. Мінез типологиясы.
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі турде кдлыптасуы оның коршаған дүниеге катынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік
объекттердің маңызымен анықталады:
Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші, әдепті – дөрекі т.б.).
Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер – еріншек т.б.)
Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
Заттарға қатынасынан (сақи – ашкөз, үқыпты – салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан көп адамдардың әрекет-қылығында өзара ұқсастық болады немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншсі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,
Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) – адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі – мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістөр және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
Үйдесімді (гармонический. мінез типі – қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды. Ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мүраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бүл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
Іштей қарама-карсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бүл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет – қылығы арасында келіспестік бола түрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын түрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мүндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күн-делікті түрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани кундылық-тарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге
ынталы емес.
Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией. мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, үнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бүл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты – тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жүмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бүл адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпей-ді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз пси-хологиялық қорғаныстармен (қыңырлық, нәтижесіз армандау. айналып өтуге тырысады.
Тиянақсыз (вариативный. мінезді адам – бағыт-бағдарының түрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Түрақты мінез-қүлығы каланбаған, осыдан барша
іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс. Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет-қимылы тік, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта-ықласы, нақгы, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
7-тақырып. Мінездің қалыптасуы.
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблө-маларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен қубылыстарды бақылауға (созерцательность. бағыттала-ды. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге үмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағам-дай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәржірибе мен білім бозбалалық кезеңнің турақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық (юность. шақтың өмірге қойған талап-тары өте жоғары да бірбеткей көледі, қажеттіктер ауқы-мы көңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек
Мінездік бітіс асқынуы (акцентуация. психологияда – мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының “әлсіз жерлері” формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте кінәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқын-ба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тулғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің “әлсіз жерлеріне” соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің – орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы – осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған үнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.
Сонымен қатар, мінездің қалыптасуында Мінездің ұлтгық ерекшеліктері. Ұлгтық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бір-лестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың,. Үлттың, халықтың өмір тіршіліп” мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен үлттың, эт-ностың өзіндік мінез-қүлықтарының ерекшеліктері болатындығы – тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түра-тын өзіндік сипат-касиеттері бар, Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-қүлқына тән бірсыпыра кңсиет-терді атап көрсеткен-ді, Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кең пейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз әнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары - әлеуметтік психология саласы – этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамның мінез-құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық және объектив фактор.
8- тақырып. Мінез және жеке тұлға.
Мінез және жеке тұлғаның өзара байланысы темперамент мәселесін қарастыру кезінде тоқталып өттік. Тұлғалық қасиеттердің жалпы құрылымында мінез басқа қасиеттер мен әрекет-қылықтың ерекшеліктерін біріктіре отырып, орталық орынға ие лік етеді. Мінез – қабылдау, зейін, қиял, ойлау, ес сияқты таным процестеріне әсер етеді. Бұл әсерлер мінездің еріктік және құралдық бітіс ерекшеліктері арқылы жүзеге асырылады. Ал адамның эмоционалдық, мотивациялық және еріктік сфералары тікелей мінезге тәуелді. Ең алдымен мінез адамның даралығын, өзіндік ерекшелігін анықтайды.
Мінез сонымен қатар, басқа қасиеттеріне қарағанда өзінің тұрақтылығымен, неғұрлым ерте қалыптасатындығымен ерекшеленеді.
Нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінін мінезіне таңбасын салады, осыдан көй адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншсі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.
9- тақырып. Қабілеттер.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мүндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам кабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі –баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр-түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттеріндө көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет – білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалык қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл пе-дагоғ, отбасы мүмкіндіктері ж.т.б.. орындалмаса, қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте “үштік” бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмүн мен сипат береді, Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу ж.т.б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын. байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, “қабілет” түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов. атайық:
Кабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән касиеттер қабілет бола алмайды.
Кабілет – барша түлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптар-ды орындай алмаса, оның қабілөтінің жөтімсіздігін атап өткен жөн. Мүндай түлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, үзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-пөда-гогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдала-нуы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович-Данченко “Кім бол-са, сол режисер бола алады ма?” деген сұраққа “Әлбет-те, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл, үшіншіге – 300 жыл да аз” – деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мумкін,
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше. Көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекегтер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жүмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған кдбілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақгы әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипагтау керек, Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Калыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші» (Коупленд П.)
Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекетгің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға кабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметгік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттөр өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде кәрі-ніп не пайдалану сәті болмай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |