ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 05. 03-2010 №1 басылым 02. 09. 2008 орнына


-тақырып. Жеке тұлғаның қазіргі заман теориялары



бет2/12
Дата29.01.2018
өлшемі2,13 Mb.
#36171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3-тақырып. Жеке тұлғаның қазіргі заман теориялары.

  1. Жеке тұлға теориясы ғымына түсінік.

  2. Жеке тұлға теорияларының негізгі компоненттері.

  3. Жеке тұлға теорияларының типтері: психодиамиклық, социодинамикалық, интеракционистік. (B=F (P,E..

Адамның негізгі әрекет-қылықтық аспектілерін түсіндіру үшін жеке тұлғаны зерттеудің қандайда да бір ғана бағытын ұстану дұрыс емес. Жеке тұлға теориясы дегеніміз – адамның кім екенін, оның белгілі әрекет –қылық көрсетуінің себебі туралы тиянақты жинақталған гипотезалар мен ой қорытындылары. Теорияның негізгі қызметі – түсіндіру және болжау. Сонымен қатар теорияның өзі қойатын сұрақтары және мәселелері болады. Бұл сұрақтар мен мәселелердің (теория компоненттері. дұрыс құрылуы адам әрекет-қылығын логикалық дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз етеді. Жалпы жеке тұлға теориясын қарайтын негізгі мәселелері:

    • Жеке тұлға құрылымы;

    • Мотивация;

    • Жеке тұлғаның дамуы;

    • Психопотология;

    • Психикалық денсаулық;

    • Жеке тұлғаны терапевтік әсер етудің көмегімен өзгерту. Жеке тұлға теорияларының

Жеке тұлғаның қазіргі заман теориялары бүгінгі күнде өте көптеп саналады (48 нұсқа.. Бұл бағыттар келесі параметрлер бойынша бағаланады:

  • Әрекет-қылықты түсіндіру тәсілі;

  • Жеке тұлға туралы мәліметтерді алу тәсілі;

  • Жеке тұлғаны бағалау бұрышы;

  • Жас ерекшелік диапазон;

  • Жеке тұлғаны сипаттау түсініктері.

Әрекет қылық өзгермелі, сондықтан жеке тұлғаны оның әрекет қылығы арқылы түсіндіруші психодинамикалық бағыт әрекетқылықты психологиялық, субъективтік сипаттаманың негізінде түсіндіреді: B=F(P., В - әрекет-қылық, F- функционалды тәуелділік белгісі, P- жеке тұлғаның психологиялық- субъективтік сипаттамасы, Е - әлеуметтік қоршаған орта.

Социодинамикалық бағыт: B=F(Е.;

Интеракционистік бағыт: B=F(P..

Жеке тұлға теорияларының эксперименталды бағыты тәжірибе жүзінде жинақталған факторларды сараптау және жалпылаудың негізінде жасалынды.



Эксперименталды емес бағыт өкілдері өздерінің ой қорытындыларын жеке бақылаулар, әсерлердің негізінде жасақтайды.

Құрылымдық бағыт жеке тұлға құрылымы мен оларды анықтаушы негізгі түсініктер мәселелерімен айналысады. Динамикалық бағыт жеке тұлғаның дамуындағы өзгеру, динамика мәселелеріне басты назар аударады.

Өмірдің мектепке дейінгі және мектеп кезеңдері және өмірдің туғаннан соңғы күндеріне дейінгі кезеңдері бағыттары жеке тұлға ерекшеліктерін жеке тұлға дамуының органикалық даму кезеңдерінің негізінде түсіндіреді.

Қасиеттер, сипаттар (теория черт. теориясы аталған бағыттардың жиынтығын құрайды деуге болады, тұлғалық қасиеттерді сипаттайтын ішкі психологиялық ұғымдарды зерттейді. (Р.Кеттел – 16-факторлы тұлғалық сауалнама..

Әрекет-қылықтық теория жеке тұлғаның психологиялық сипаттамалары көрсетілетін қылықтар,әлеуметтік әрекеттер, ал бұған әсер ететін қоршаған орта адамдары, олардың қатынасы.

Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары:

Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:

1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.

2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.

3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.

4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.

5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:

а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;

b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;

с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.

6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.

7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.

Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.

Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.

Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды.

Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.

Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі түсініледі, оның себебі, оны психологияның пәні ретінде анықтаумен, психологиялық зерттеулерге деген қатынаспен, зерттеулерде қалыптасқан пршциптермен байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм аясында негізгі ұғым инстанциялар мен, өзбеттілі өмір сүретіндердің арасындағы конфликт ретінде қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды.
4-тақырып. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.


  1. Жеке тұлғаның онтогенезде дамуы.

  2. Даму стадиялары мен оның жас кезеңдері.

  3. Тұлғаның дамуы жөніндегі психолог-ғалымдардың концепциялары

Онтогенез – жеке ағзаның даму процесі (процесс развития индивидуального организма.. Психологияда онтогенез индивид психикасының негізгі құрылымдарының балалық кезеңде қалыптасуын қарастырады.

Даму дегеніміз - өзгеру. Яғни, анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі. Даму тек қана прогресс емес, ол – тұйықталу немесе регресс те болуы мүмкін.

Даму мәселелерімен салыстыру психологиясы, генетикалық психология, психогенетика, даму психологиясы және жас ерекшелігі психологиясы айналысады.

Дамудың көріну формалары: филогенез, онтогенез.

Даму сфералары: 1. психофизикалық – дене күшінің өзгеруі (индивид.;

2. Психоәлеуметтік сфера (жеке тұлға.;

3. когнитивтік сфера (іс-әрекет субъектісі..

Психикалық дамудың факторлары: 1. тұқым қуалаушылық;

2. орта;


3. белсенділік.

Тұқым қуалаушылық жеке қасиеттерде дамудың шарты ретінде роль атқарады. Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы. Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

Фенотип = генотип + орта

Генотиптік факторға байланысты эволюцияда екі тенденция бар: типизация және индивидуализация.

Даму принциптері:


  • даму жүйесінің көзі ретіндегі тепе-теңдік еместің тұрақты динамикалық рпинципі;

  • даму жүйесінің шарты ретінде сақталу және өзгеру тенденцияларының өзара әсер ету принципі;

  • даму құрылымының критериі ретіндегі дифференциация және интеграция принципі;

  • даму функциясының критериі ретіндегі бүтіндік принципі.

Жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму туралы нақты ортақ теория жоқ. Дегенмен жеке тұлғаның тума құбылыс емес, жүре қалыптасатындығы ортақ тұжырым мен сәйкес дәлелдемелер бар. (Жеке тұлға компоненттеріне қысқаша талдау жасау.. Жеке тұлға биологиялық тұқым қуалаушылық қасиеттер мен әлеуметтік шартты қасиеттердің қосындысының негізінде қалыптасатындықтан қалыптасу және даму жөніндегі алшақтықтар қалыптасу және дамудың негізгі қозғаушы күштерін анықтауда байқалады.Олар: жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және дамуының заңдылықтары, оған әсер ететін әлеуметтік топтардың маңызы, даму этаптары, тұлға дамуының қалыптасу және дамуындағы дағдарыстар, олардың ерекшеліктері, даму процесін түзету немесе тездету мүмкіндіктері және т.б.

Осы мәселелерге байланысты жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму стадиялары сатылары туралы жоғарыда аталынған түрлі теоретиктер өз ұстаным бағыттарын ұсынады. Әрбір теория өзіндік сенімді дәлелдемелері бар, соның ішінде барлық теориялар мен концепциялар позицияларын пайдалана отырып, дамудың интегративтік концепциясын жасаған американ психологы Э.Эриксонның эпигенетикалық теориясын атауға болады. Бұнда жеке тұлғаның туғаннан соңғы күндеріне дейінгі дамуының генетикалық алғышарттылық 8 кезеңдерін көрсетеді. Бұл кезеңдерді адам өміріндегі міндетті түрде болатын психологиялық дағдарыстардың (қарама-қарсылықтар: қалыпты және қалыптан тыс шекаралар. негізінде түсіндіреді. Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:

1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)

2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)

3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)

4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін)

5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).

6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы).

7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы).

8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).

Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.

Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.

Жас ерекшелік кезеңдері мен стадиялары көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әлі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді.

Сонымен, жас шағы адамға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктері деңгейімен , білім мен ойлау дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.



5-тақырып. Эмоция және сезім.

  1. Эмоция және сезімдер туралы түсініктер.

  2. Олардың түрлері мен адам өміріндегі ролі.

  3. Негізгі функциялары.

Адам қоршаған ортаны танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын білдіреді, адам баласы бір нәрсені ұнатуы немесе ұнатпауы мүмкін. Адам өз қажетіне қарай айналасына әр түрлі көңіл күй білдіреді.

Көңіл-күйдің қатты әсерленуі психологияда эмоция ұғымымен түсіндіріледі. “Эмоция” – тітіркену, толқыу деген мағынаны білдіреді. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде бірдей көрніс береді.

Эмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамуыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрнісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен , эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:


  • Бейнелеу қызметі;

  • Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;

  • Қолдаушы Қызметі;

  • Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;

  • Коммуникативтік қызметі;

  • Ықпал жасау қызметі.

6-тақырып. Эмоцияның психологиялық теориялары.

  1. Ч. Дарвиннің Эволюцианистік теориясы.

  2. Джемс-Ланге бойынша эмоцияның шығу тегі және оның негізінің психоорганикалық концепциясы.

  3. П.В.Симонов бойынша эмоцияның ақпараттық теориялары.

Эмоциялар мәселелерінің төркінін ашуға байланысты ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардан бастап түрлі теориялық бағыттар пайда бола бастады.

Интеллектуалистік теория бағытының мәні – адамдағы барша органикалық көрністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымдамада.

Неміс психологы Гербардтың ойынша эмоционалдық дүниенің ірге тасы елестер деп саналынады. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз кезегінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге, қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады. Неміс ғалымы В.Вундт осы бағытты қолдағанымен , оның тұжырымдары электикті болды, яғни эмоция- алдымен сезімнің елес желісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда ішкі өзгерістердің сезімге әсер, ал органикалық процестер – эмоцияның салдары ғана.

Чарльз Дарвин бойынша ұсаққоректілердің эмоционалдық қозғалыстарын салыстырмалы зерттеулердің негізінде эмоциялардың биологиялық концепциясын жасады. Бұл концепция бойынша эмоциялық қозғалыстардың негізінде инстинктивті әрекеттің көршісі болып табылатын биологиялық маңызды сигналдар ретінде қарастырылады. Бұл теорияны тереңдетіп қарастырсақ П.К. Анохин эмоцияны, жануарлар әлеміндегі бейімделуші фактор ретінде эволюцияның жемісі деп қарастырады.

Эмоция - өмірлік процестердің реттеуші механизм ретінде қарастырылады. Яғни бұл еңбектің құндылығы эмоцияның өмірлік процестердің жандандыратын (жеке организм немесе бір түрдің сақталуын қамтамасыз ететін. құрал ретінде қарастырылады.

Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған “Эмоция деген не” атты мақаласымен басталады. У.Джемс және бұдан бөлек Г.Ланге пайымдаған теория бойынша : эмоциялардың туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. “Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден” (У. Джеймс.. Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық. органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардан ырықты реттелуінің қара – дүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады – мыш.

Джемс – Ланге тұжырымы бірқанша қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әректтер бір – біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан – алуан эмоциялық қасиеттеріне сай кле бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіиіне орай басын изейді, ал болғар – шайқайды; африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының беріне түкіретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр... Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл – күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай “молдамыз” шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберетіміз осыдан.

Психологтардың үлкен тобы сезімді жай – күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болумен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент.. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп – қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырады. Ол “қандай да бір сезімнің туындауы – адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан (адаптация.. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді” – деп жазады.

Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл – ой (когнитив. мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана үйлесімсіздігі (когнитивный диссонанс. теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: дам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы “білімдер” үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс - әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл – ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар: 1. өз ниетінің шындыққа сәйкес өзгерту; 2. ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырылады.
7-тақырып. Эмоциялар және жеке тұлға

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интелект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.

Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.

Адам практикалық және теориялық іс - әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады. Адам сезімі – қоршаған ортаға деген қарым – қатынас, осының барлығы қобалжуға әкеледі.

Қобалжу – объект мазмұнын немесе сыртқы көрінісін түсіну болып келеді.

Эмоция – психологиялық кейіптің ерекше көрнісі, ол адамның қоршаған ортаға қатынасы жағымды – жағымсыз түйсіктер арқылы белгілі жағдайларға белгілі формада көріну. Егер индивиттік тек биологиялық ағза деп алсақ, онда оның эмоция көрсеткіші органикалық қажетіліктердің орындалу және орындалмауына байланысты болушы еді. Эмоциясыз өмір түйсіксіз өмір. Әр адам жеке тұлға ретінде әртүрлі эмоциялардың параметрлері бар: эмоционалдық қозғыш ұзақ немесе қысқа үстем болуына байланысты.


8-тақырып. Ерік.

Ерік дегеніміз – адамның ішкі және сыртқы бөгеттерді жеңумен байланысты адамның әрекет қылықтары мен қызметін саналы түрде реттейді.

Ерік саналықтың сипаты ретінде қоғамның еңбек әрекетінің пайда болуымен қалыптасты. Ерік адам психологиясының маңызды компоненті және ол танымалдың және эмоцияналдық процестермен тығыз бацланысты. Адамның барлық әрекеттерін екі категорияға бөлуге болады: 1.ырықты және ырықсыз, 2. шартты немесе шартсыз.

Ырықсыз әрекеттер, саналы емес немесе нақты емес, саналы емес қозу нәтижесінде жүзеге асырылады. Мысалы: аффект қалпындағы қорқыныш ашу немесе т.б. адам әрекеттерін айтуға болады. Ырықты әрекеттер, нақты мақсат, түрлі тәсілдерді жоспарлау негізінде жасалынады. Ендеше ырықты әрекеттер саналы түрде жасалынса, ол әрине адам еркімен шарттас болады. Адам өмірінде ерік мақсат таңдауда, шешім қабылдауда, түрлі бөгеттерді жеңуде қажет.

Ерік – адамның физикалық, интелектуалдық және моральдік күшін жинақтаушы жүгіле – психикалық қысымның ерекше қалны. Адамның ішкі дүниесін күрделілігімен сыртқы қиындық деңгейіне қарай еріктің көрінілуінің төрт нұсқасын қарастыруға болады. Басқа психиқалақ әрекеттер сияқты еріктің қызмет атқаруы мидың қызмет етуімен байланысты. Күрделі еріктік әрекеттер келесі этаптардан тұрады:


  1. мақсатты түсіну.

  2. мақсатқа жетудің бірнеше мүмкіндіктерін түсіну.

  3. мотивтер күресі.

  4. бұл мүмкіндіктердің нақтылаушы және жоққа шығарушы мотивтердің пайда болуы.

  5. шешім ретінде біреуін қалылдау.

  6. қабылданған шешімді жүзеге асыру.

  7. қабылданған шешімді жүзеге асырудағы сыртқы бөгеттерден жеңу.


9-тақырып. Ерік теориялары.

Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (Г. Л. Тульчинский.. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына “даналық мұраттың” ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды.

Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орыналған экзорис – жын – шайтан қуу үрдісінен аңдауға блады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив. бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын ұяң ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түрнде енген құбылыс деп есептелген.

Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі – сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекетқылығының негізі оның өзіне екенін мойындамаудан.

Ерік түсінігінің жаңа “Қайта өрлеу” (возврождение. заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болады. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, “тіпті қаретлер жіберуге де бейім” дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып тек (род. ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе – ерік бостандығы.

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация. нәтижесінде экзистенциялизм немесе “тіршілік философиясы” пайда болады. Экзистенциялизм (М.Хайдегтер, К. Ясперс, Ж.П. Сартр, А. Камю ж.б.. ерікті тәуелсіз, тысқы әлеумкттік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды.Мұндай пайымның негізі – қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік – мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный. адам. “Дүние қандай да бір күшпен кліп қалған ” бұл адамның өмірі мағынасыз “қымқиғаш оқиғалар” жиынтығы да адамның өзі – “пайдасыз құмарлық” Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабатты міндеттер мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып – тәртіп (норма. ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П. Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғам мекемелерінің талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз, “әлеуметтенуге” қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан кзистенциялистер адам болмысының жалпы негіздеріжөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мән, мақсаты және жауапкетшілігінен айратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір – ақ түсіреді.

И.П. Павлов ерікті – адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшендік – “еріктің истинкті (рефлекс.” деп қарастырады. “Еріктің истинкті ретінде ерік аштық пен қауып – қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса,– деп жазады И.П. Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз – кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді”. Ал адам үшін мұндай кедергілер қаратына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлерге ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұныда болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан еріктің истинктіболған ерік, Г.Л. Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейілерінде көрінеді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидплыққа дейін апарады.

З. Фрейд пен Э. Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде “ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат” деген түсінік ғылымға енеді. Бұл ғалымдардың болжауынша, адам қылықтарының психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З. Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ “либидо” (махаббат. – жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З. Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни “либидоның” “мәдениеттестірілген” алғашқы көрініс (эрос. деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге. ұмтылысының белгісі (танатос. екнін түсіндіріп бақты.

З. Фрейд болжамдары оның шәкіртерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К. Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш (агрессив. болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер тұрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшылыққа әрекеттермен ұштасуы мүмкін. А. Адлер, К.Г. Юнг, К. Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.Г. Юнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебеб қылық және ойлау түрлері, А. Адлер мен Э. Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.

Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкіллерінің (З. Фрейд және шәкірттері. қай – қайсысыда қорытынды пікірлерін – адам әрекеттерінің көзі қажеттіктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз “тіршілік сақтау” мен “тұтастығын қолдауды” қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысын, яғни тіршілігіне қарсы қаретге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп – қатерде батылдық және т.б., бірақ фрейдшілер бұл жағыдайды ескермейді.

Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қамым – қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы (детерминированность. адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғаты қоршаған орта жағдайлаы болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалылаған заңдылықтарын терістеу емес, керсінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет