ПОӘК-042-14 05 20. 46/03-2011 №3 басылым 05. 09. 11ж



бет8/10
Дата10.06.2017
өлшемі2,5 Mb.
#18918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-бап. Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары

Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

 

3-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдардың өмiрiн құтқару мен олардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мiндеттерiнiң басымдығын көздейтiн iзгiлiк пен қайырымдылық;

төтенше жағдайларды жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына дара басшылық;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде өзiн-өзi ақтайтын тәуекелдiлiк және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларға жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiгi.

4-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi:

төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар;

адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар;

кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау;

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге:

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу;

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу;

халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу;

құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру;

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн.

2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.

5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн:

авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;

ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;

құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады;

халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне)  қаржы жағынан қолдау көрсетедi.

 6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар  жатады.


2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары 

7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру

1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:

тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер;

ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар) және аумақтық;

ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады.

3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады.

4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.

Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.



8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

9-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарында оқуға  медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады.

3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi.

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады.

Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі.

4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртібі мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi.

10-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу

1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi

1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады.

3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган  iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi.

4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткізу арқылы қамтамасыз етiледi.

5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.

6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Пәннің жалпы мазмұны

  2. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы

  3. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  4. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.

  5. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер.

5-6 Тәжірбиелік сабақтар. Құтқарушылардың статус жүйесі. «Құтқарушы» біліктілігін беру реті. Құтқарушыға қойылатын талаптар. Оларды аттестациялау реті, құқықтары мен міндеттері. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. №12,21,22,23,24,25 бабтар


Жоспар: Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. №12,21,22,23,24,25 бабтарын оқып меңгеру.
Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады.

Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары:



  • төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық;

төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті;

  • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы.

Барлық авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша аттестациялауға жатады. Аттестациядан өткен және тексерулер барысында төтенше жағдайға әрекет ету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін дәлелдеген авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына лицензия беріледі.

Егер де көрсетілген мекемелермен құрылған немесе оларға келісім шарт бойынша қызмет көрсететін нысандық кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары белгілеген нормативтерге жауап бермесе, ұйымның қызметі толығымен немесе жартылай тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады.

Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі.



Құтқарушылардың құқығы.

Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы:адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға;өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға; құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге; төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға; көмекші іздестіру иттерін қолдану.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы.

Құтқарушылар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс уақытында өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге құқылы. Кәсіби және ерікті авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушылары, құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген мөлшерлері бойынша авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарын қамтуға бөлінген азық – түлік және тұрақпен қамтамасыз етілуге құқылы.

Еңбек келісімінде (келісім шарт) жүктелген міндеттерді орындау кезінде кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары, сондай – ақ ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тартылу барысында зардап шеккен болса, олар тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Құтқарушылардың міндеттері.. Зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқаруға шешімдер қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа көмек түрлерін көрсетуге; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын тұру, өзінің дене шынықтырудан, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге; авариялық – құтқару құрамаларының қатарында іс - әрекет машығын жетілдіруге; құтқару және шұғыл жұмыстарды жургізудің технологиясын бұлжытпай орындауға; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өздері (құтқарушылар) құрамына кіретін авариялық – құтқару құрылымдары басшыларының берген бұйрықтарын бұлжытпай орындауға; төтенше жағдайды болдырмау мақсатында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін және орын алған кездегі іс - әрекеттердің тәртібін түсіндіруге.

Кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғылармен, ережелермен, нұсқаулармен белгіленеді және еңбек келісімінің (келісім – шарт) құрамдас бөлігі болып табылады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары

  2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары

  3. Құтқару жұмыстары кезінде құтқарушылар қандай жұмыстарды істей алу қажет қолдарынан келуі тиіс?

  4. Құтқарушылардың статусы, міндеттері мен құқықтары

7 Тәжірбиелік сабақ. Апаттық-құтқару істерінің негізгі түрлері. Жоспарды жасау реті. Жоспарлар жасауға қойылатын талаптар және мәліметтер.


Жоспар: Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар  жатады.


  Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады.

Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары:



  • төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық;

төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті;

  • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

    1. Апаттық-құтқару істерінің негізгі түрлері

    2. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары

8 Тәжірбиелік сабақ. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 5,6 бабтар



Жоспар: Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңында пайдаланылатын негізгі ұғымдар оқып меңгеру
5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн:

авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;

ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;

құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады;

халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне)  қаржы жағынан қолдау көрсетедi.

 6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар  жатады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы

  2. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

9 Тәжірбиелік сабақ. Бейбіт кезіндегі ТЖ сақтандыру және оның салдарын жою үшін ТЖМ күштерінің әрекеттер жоспары.

Жоспар: Бейбіт кезіндегі ТЖ сақтандыру және оның салдарын жою үшін ТЖМ күштерінің әрекеттер жоспары. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны

Төтенше жағдай дегеніміз – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері орналасқан. Мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарына материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар, мемлекеттік әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принцптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принцптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты апат, зілзала т.б қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып белгіленген АҚ жоспарларымен анықталады. Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын анықтау АҚ, ТЖ ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді. Бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайда ауаның, судың, топырақтың, және басқа да объектілердің улы, радиоактивті заттармен ластанғанын бақылап, лабораториялық талдаудан өткізіп отыру; ірі апатқа ұшыраған аймақтың көлемін, қолайсыз эпидемиялық не эпизодтық жағдайға ұшыраған аудандарды анықтау; елді мекенді көшіретін жағдайда жолдың, жолбойғы құрылымдардың жәйін, апатқа ұшырау қауіпі бар объектілерге жол – қатынас мүмкіндігін зерттейді; барлаушылар соғыс сипатын, жаппай қырып жою құралдарын және қарудың түрін, апат ошақтарын, химиялық қару жарылған орындарды анықтайды.

Зақымға ұшыраған елді мекендердегі панаханалардың дайындық жағдайын, адамдарға қажетті құрал жабдықтармен, медициналық құрал жабдықтармен көмек көрсете алу мүмкіндігін анықтайды. Су және құрғақтағы көлік жүйелерінің жағдайларын олардың халықты көшіруге дайындығын, құтқарушылар үшін жасалған жұмыс жағдайларын, анықтап біледі.

Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және төтенше жағдайларда АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптары мен құралдарын беруге міндетті. Өрттен құрғау қызметтеріне өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын бақылау және оның бұзылуын болдырмау мақсатында өздеріне тиеселі өндірістік, шаруашылық, тұрғын үймен өзгеде ғимараттарға зерттеу мен тексеру мүмкіндігін жасауға міндетті. ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, Азаматтық қорғаныс шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат «баршаның назарына!» дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға қажет. Ересек халықтың маңызды міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Жоғарыда көрсетілген халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз орындау Азаматтық қорғанысын нығайтуға төтенше жағдайлар санын төмендетуге ықпал ететін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет