ПОӘК 042-14 05 20. 56/03- 2011 №2басылым 30. 09. 11ж 100беттің 1-сі



бет13/14
Дата28.01.2018
өлшемі13,51 Mb.
#34632
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жұмыс мақсаты: Концентрациялық фотоэлектрлі колориметрКФК-2 және рефрактометрИРФ – 22аспаптарының пайдалану мақсаттарымен, құрылы-сымен, сипаттамаларымен, өлшеу принциптерімен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1. Әдістемелік нұсқау;

2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

Жұмыс тәртібі:

1.КФК-2 аспабының пайдалану мақсатымен, құрылысымен танысу.



2.РефрактометрИРФ – 22 аспабының сипаттамаларыменжәне жұмыс принципімен танысу.
КФК-2- концентрациялық фотоэлектрлі колориметр

КФК-2 бірсәулелі аспап және ерітінділердің,қатты денелердің абсорбциялығын және өткізгіштік коэффициентерін жарық фильтрлері бөліп шығарған 315..980 нм толқын ұзындығы жеке бөліктер диапазонында есептеуге, сондай-ақ ерітіндідегі заттар концентрациясын анықтауға арналған. Бұдан басқа, колориметр жеңіл қоспалардың эмульсиялар мен коллоидты ерітінділердің өткізгіштік коэффициенттерін жарықпен өлшеуге мүмкіндік береді.



КФК-2 аспабын сумен жабдықтау кәсіпорындарында, медицинада, химиялық, тамақ, металлургия өнеркәсіптерінде және ауыл шаруашылығында қолданады.

Сурет.1.1.КФК-2 аспабының сыртқа түрі



  1. микроамперметр; 2- кюветтік бөлімінің қақпағы; 3- «Түзету 100 шамалы» тұтқасы; 4- аспаптың сезгіштігін түзету тұтқасы; 5- кювет ауыстырғыш тұтқасы; 6- жарықфильтрді түзету тұтқасы; 7- жарық көзі.

Аспаптың техникалық сипаттамасы

Жұмыстың спектральді диапазоны (жарық сүзгілері арқылы жеке интервалдарға бөлінген).....................................................315...980 нм

Сәулеленуді қабылдағыштар:

Фотоэлемент Ф-26........................................................315..590 нм диапазонда жұмыс істеу үшін

Фотодиод ФД-24К ..................................................590..980 нм диапазонда жұмыс істеу үшін

Абсорбциялануды өлшеу диапазоны...........................................0..1,3

Қоректік кернеу................................................................220 В, жиілігі 50 Гц
Аспаптың құрылысы

Колориметр қоректік блок пен оптикалық блоктан тұрады. Оптикалық блокқа жарықтандырғыш, оптикалық құрсау, жарық сүзгілері, кювет ұстағышы бар кюветтік бөлім, тұрақты токты күшейту және реттеу элементтері бар фотометрлік құрылғы және тіркеуші құрал кіреді.

Жарықтандырғыш КГМ типтес лампадан тұрады. Жарықтандырғыштың құрылымы лампаның өзара перпендикуляр 3 бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. Құрсауға конденсор, диафрагма және обьектив бекітілген. Түсті жарық фильтрлер дискінің ішіне орнатылған. Жарық фильтрін жарық шоғына тұтқа арқылы қосады. Әр жарық фильтрінің жұмысшы жағдайы реттеліп отырады.

Кювет ұстағыш, қақпақ астындағы кюветтік бөлімде орналасқан. Жұмыс кезінде кюветтік бөлімде бір уақытта 2 кювет болады, оның бірінде еріткіш, екіншісінде боялған ерітінді болады. Кюветті жарық шоғына тұтқаны бұрау арқылы қосады.

Фотометрлік аспапқа Ф-26 фотоэлементті, ФД-24К фотодиоды, жарық бөлуші пластинка және күшейткіш кіреді. Фотоқабылдағыштарды тұтқа арқылы қосады.

Тіркеуші құрал ретінде М907-10 типті микроамперметр қолданылады, оның шкаласы абсорбциялық пен өткізу коэффициенттерін анықтау үшін цифрленген.

Аспаппен жұмыс істеу әдістемесі

Колориметрді желіге өлшеу бастаудан 15 минут бұрын қосу керек. Қыздыру кезінде кюветтік бөлім ашық тұруы керек.(Бірақ фотоқабылдағыш алдындағы перде арқылы жарық ағынынан бөлініп тұруы қажет).

Өлшеу тегіне сәйкес түсті жарық фильтрін тұтқамен енгізеді. Сосын құралды минималды сезгіштікке қояды, ол үшін «сезгіштік» тұтқасын «1»-ге «түзету 100шамалы» тұтқасын сол жақ шетке қояды.

Өлшеулер алдында фотоқабылдағыш қосылған кезде микроамперметр тілшесінің жағдайын тексеру керек. Тілше нөлдік жағдайдан ауытқыған болса, оны «Нуль» потенциометрімен нольге әкелу керек.

Одан әрі жарық шоғына суы бар кюветті енгізіп, кюветтік бөлімінің қақпағын жабу керек. «Сезгіштік», «түзету 100 шамалы» және «Дәл» тұтқаларымен абсорбциялық шкаласы бойынша нольге келтіру. « Сезгіштік» тұтқасы «1», «2» немесе «3» жағдайлардың бірінде тұруы қажет.

Сосын тұтқаны бұрап, суы бар кюветті боялған ерітінді құйылған кюветке ауыстырады. Абсорбциялық мәнінің шкаласы бойынша көрсеткішті жазып алады.



Өлшеуді 3-5 рет жүргізеді, сосын өлшенген абсорбциялықтың соңғы мәнін алынған сандардың орташа арифметикалық мәнін табу арқылы анықтайды

Рефрактометр ИРФ-22

15-сур. ИРФ – 22 рефрактометрінің жалпы көрінісі;1 – жарық бергіш призма; 2 – айна; 3 – штуцер; 4 – бұрандалы қысқыш; 5 – дисперсті реттегіштің маховигі; 6, 11 – түтіктер; 7 – юстировка кілтінің ұясы; 8 – юстировкалық кілт; 9 – призма блогын бұру маховигі; 10 – көру түтігі.

Рефрактометр ИРФ-22 (сурет 15) сұйықтар мен қатты денелердің сыну көрсеткішін өлшеуге, сонымен қатар сулы, спиртті, эфирлі және т.б. ерітінділердің концентрациясын сапалы және тез анықтауға арналған. Көбінесе ИРФ-22 ауыз суының сапасын бағалауға қолданады.

Аспап химиялық және технологиялық зертханаларда, сонымен қатар объектілерді және экологиялық зерттегенде, оның ішінде оқу орындарында қолданылады.

Рефрактометр ИРФ-22 жұмысқа қолайлы, себебі арнайы оптикалық жүйе көргіш түтік көмегімен, визир сызығымен жарық пен қараңғы шекарасы жүргізілетін аумақтағы сынудың көрсеткіш шкаласын көруге мүмкіндік береді.

Сыну көрсеткішінің өлшеу дәлдігі ±1...2·10-4 құрайды,ал сыну көрсеткішінің өлшеу шегі -1,3...1,7. Жұмысты бастамас бұрын қондырғының термостатикасын және оптикалық өсін қалыпқа келтіреді (орнықтылымдырады).

Термостаттау үшін тубусы және термометрі бар құмыраға температурасы 20ºC су құяды. Құмыраның шлангісін өлшегіш призманың сыртқы бөлігінің штуцеріне жалғайды.

Аспаппен жұмыс істеу тәсілі.


  1. Сұйықтардың сыну көрсеткішін өлшеу.

  1. Қиылған шар тәрізді өлшегіш басты (головка) ашу. Өлшегіш бастаманың ішінде үшбұрышты өлшегіш және жарықтандырғыш линзалар блогы орналасқан.

  2. Призманың өлшегіш кеңістігіне шыны түтікше көмегімен зерттелетін сұйықтың бірнеше тамшысын тамызып, абайлап бастаманы жабу.

  3. Екі призмалар арасындағы сақылаудың зерттелетін сұйықпен толтырылғанына көз жеткізу.

  4. Жарықтандырғыш айнаны, одан жарық өлшегіш бастаманың терезесіне түсетіндей етіп орналастыру.

  5. Окулярдың айқындылығын, оны оңға және солға айналдыру арқылы реттеу.

  6. Үлкен маховикті айналдыру арқылы жарық пен қараңғы арасындағы шекараны табу.

  7. Кіші маховикті бұрау арқылы ерітіндінің боялуын жою.

  8. Үлкен маховиктің көмегімен бөлім шекарасын тордың жақтауына дәл келтіру.

  9. Сыну шкаласы бойынша көрсеткіштерді алу.

  1. Қатты денелердің (nD) сыну көрсеткішін анықтау.

  1. Екі призманың бетін спиртпен немесе эфирмен жуып, өлшегіш призмаға аралық сұйықтан бірнеше тамшы жағып, I бөлімдегі 1-3 операцияларды қайталау.

  2. Жылтырлатылған бет үлгісі призманың өлшегіш, ал жылтыр емес жағы- жарықтандырғыш бетінде орналасатындай қылып қатты үлгіні аралық сұйыққа орналастыру.

  3. Өлшегіш бастаманы жауып, окулярдан интерференциялы жолақтардын пайда болуын бақылау.

  1. Боялған немесе бұлдыр үлгілердің сыну көрсеткіші дәл I-II пунктегі сияқты жүзеге асады, бірақ өлшегіш бастама мен диафрагманың метал фиксаторы арасына орналасқан диафрагманы қолданып жүзеге асырамыз.

  2. Орташа дисперсті жүйені зерттеу I-III бөлімдердегідей, бірақ кішкене маховикті оңға және солға бұрау арқылы жүзеге асады. Санақ басы барабан бойындағы "0" нүктесінен басталады. Бірнеше өлшеулерді жүргізу керек.

Жұмыс аяқталғаннан кейін призма бетін эфирмен сүрту керек.

Өлшеу нәтижелерін бағалау

Рефрактометр шкаласы қоршаған орта температурасы 20ºC болғанға негізделген; әртүрлі сұйықтарға белгілі-бір температура, концентрация және химиялық құрам тән.

Алдымен өлшегіш призма әйнегінің сыну көрсеткішінің температуралық коэффициенті анықталады.

Барабанның орташа арифметикалық көрсеткіші мына формуламен анықталады:

Z=ΣZi/n,

мұнда ΣZi – бір жақтағы барабанның барлық көрсеткіштерінің қосындысы.

n- барабанның әрбір жағының жеке алғандағы есептеулер саны.

Кейін ортаның орташа дисперсиясы және сыну бұрышын анықтаймыз.

Аспаптың техникалық сипаттамасы

Сыну көрсеткішін өлшеу диапазоны.......................................1,3...1,7

Көргіш түтіктің ұлғайту көрсеткіші................................................25х

Көргіш түтіктің көру диапазоны..................................................7º 25'

Есептік жүйенің ұлғаюы..................................................................5,2х

Көру кеңістігі........................................................................4,7х5,9мм
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  Жоғарыдағы аспаптар қандай деңгейдегі аспаптарға жатады?

2. Фотоэлектроколориметр КФК-2,Нефелометр НФМ қандай әдіспен сараптау жүргізетін аспаптар?

3. КФК-2 колориметрінің құрылысы және сипаттамалары қандай?

4.   НФМ нефелометрінің құрылысы және сипаттамалары қандай?
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1,5,9,11.



Тәжірибе сабағы -№ 9.Топырақтың сапасын бақылауға арналған аспаптардың құрылысы, жұмыс принциптері, көрсеткіштері


        1. Жұмыс мақсаты:«ЭБИК/Морион» нитратомері, топырақ анализаторы «АП-дельта» аспаптарының пайдалану мақсатымен, құрылысымен, жұ-мыс принципімен, сипаттамаларымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1. Әдістемелік нұсқау;

2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

Жұмыс тәртібі:


        1. «ЭБИК/Морион» нитратомері, Топырақ анализаторы «АП-дельта» аспап-тарының құрылысымен танысу.

        2. Негізгі топырақты ластаушы заттардың ШРК- сымен танысу.

        3. «ЭБИК/Морион» , «АП-дельта» аспаптарыныңсипаттамаларымен және жұмыс принципімен танысу.

1. «ЭБИК/Морион» нитратомері.

2. Топырақ анализаторы «АП-дельта»

1-ші оқулық, 68-70 беттер.Голицын А.Н. Основы промышленной экологии. Учебник для Вузов. – Москва, «Академия», 2007 г.



Негізгі топырақ ластаушы заттардың ШРК- сы


Ластаушы заттар

ШРК мг/кг

Бенз-а-пирен

ДДТ


Гексахлорциклогексан

Трихлордифенил

Пентахлордифенил

Сынап


Кадмий (қозғалыстағы үлгісі)

Қорғасын


0,02

0,1


0,1

0,03


0,1

2,1


3,0

32,0

Зиянды заттарды улылығы бойынша жіктеу олардың ШРК- сын ескеріп жүргізіледі. ШРК- сы неғұрлым төмен болса, заттың улылығы жоғары болады.

Ең жоғары улы қосылысқа суперэкотоксиканттар жатады: бенз(а)пирен, N-нитрозадиметиламин, сынап қасылыстары, қорғасын, никель оксиді, ванадий(V) оксиді, мышьяк, мырыш оксидтері, кокс шаңы төтенше қауіп болып саналады (мысалы, кейбір диоксиндердің атмосферадағы ШрК- сы 5*10-5 мг/м3- бұл молекулярдың деңгейі).

Ластаушылар арасында радионуклидтер ерекше орынға ие, олар барлық тірі заттарды жояды, ал табиғат олардан өздігінен қорған алмайды, себебі, никлидтердің жартылай ыдырау периодтары ондаған жылдарға созылады.

Қоршаған ортаның ластаушыларынының ішіндегі ерекшелеріне жылу, шу, діріл және электромагниттік толқындарда жатады. Бұлар үшін де шекті рұқсат етілген нормалар жасалған.


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  «ЭБИК/Морион» , «АП-дельта» аспаптары қандай деңгейдегі аспаптарға жатады?

2. Негізгі топырақты ластаушы заттарды ата?

3. Аспаптардың құрылысына қандай бөліктер кіреді?

4.   Аспаптардың өлшеу тәсілі қандай құбылысқа негізделген?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1,5,9,10.
10. Сабақ тақырыбы:Адамды қоршаған ортаның көрсеткіштерін өлшеуге арналған аспаптар.
Жұмыс мақсаты: Қоршаған ортаға шудың әсерін білу, оны мөлшерлеу және шуды өлшеу әдісін, аспабының жұмысымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1. Әдістемелік нұсқау;

2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

Жұмыс тәртібі:

1. Қоршаған ортаға шудың әсерін білу.

2. Қоршаған ортаға әсер ететін шу деңгейін мөлшерлеу.

3.Шу өлшегіш аспаптың сипаттамаларыменжәне жұмыс принципі- мен танысу.
Жалпы мәлімет. Шу – бұл әр түрлі күштегі және жиіліктегі әр деңгейде шығатын жағымсыз дыбыс. Дыбыс тығыз орта арқылы берілетін толқын тәрізді қозғалатын қатты денелер болып табылады.

Ағзаға шудың ұзақ әсері шаршағыштық пен жұмыс қабілетін төмендетеді, сонымен қатар бас ауырады, жүйке мен жүрек қан тамыр жүйесін бұзады, кереңдікке әкеліп соқтырады. Бара келе шу назарды төмендетеді, қозғалыстың дәлдігі мен координациясын бұзады, түсті және дыбысты қауіпті сигналдарды қабылдаудың бұзылуы, содан жарақаттар пайда болуы мүмкін.

Адамның есту мүшесі жиілігі 16-дан 20000 Гц-ке дейінгі аралықта дыбысты естиді. Инфрадыбыстар (16 Гц-ке дейін), ультрадыбыстар (20000 Гц-тен жоғары) адам құлағы естімейтін жиіліктері.

Дыбыс толқындардың толқынды таралуы ауаның атмосфералық қысымның өзгеруін шақырады. Дыбыс толқынымен шақырылған ауа қысымының атмосферадағы ауытқуын дыбыстық қысым деп аталады. Адам дыбыс қысымын 2 · 10 -5 Па-дан (есту табалдырығы), 200 Па-ға дейін (ауырсыну табалдырығы) қабылдайды.

Адамның есту органына әсер ететін шу естудің төменгі деңгейінен адам құлағына ауыртпалық түсіретін деңгейіне дейін 107 дейін өзгереді. Бірақ та адам адам организімі осы өзгерістің абсолютті қысымын емес, оның өзгерген салыстырмалы қысымын қабылдайды. Сондықтан шудың көрсеткіштерінің бағалау үшін логарифмді шама алынады, ал аспаптарда логарифмдік шкалалар қолданылады.

Шу қарқындылығының бірлігі ретінде Белл (Б) бірлігі алынады.

0,1 Б=1дБ

Адамның есту органы әр түрлі жиіліктегі дыбыстырды әр түрлі қабылдайды, сондықтан дыбыстың қаттылығын білдіру үшін фон деген шама алынады. 1 фон дегеніміз- 1000 Гц жиіліктегі 1дБ қарқындылығындағы дыбыстың қатаңдығы. Бұл жиіліктегі дыбыс деңгейі дыбыс қысымына тең.

Дыбыстың жиілік спектріне байланысты шуды сипаттайтын шама үшке бөлінеді. Жиілігі 300 Гц төменгі жиілікті, 300-800 Гц орта жиілікті және 800 Гц-тен жоғары жоғарғы жиіліктегі шу деп саналады.

Жұмыс орындарында тұрақсыз шудың сипаттамасы болып, МЕСТ 20445-75 бойынша анықталып, дБ-да дыбыстық эквивалеттік деңгейі (энергия бойынша) саналады.

Шудың зиянды әсері жиілігіне байланысты болғандықтан, әрбір октавалық жолағының рұқсат етілген шу деңгейі болады.

Жұмыс орындарында шуды мұқият зеерттеген сон және МЕСТ талаптарымен салыстырған соң, жұмысшыларды қарау бойынша шаралар жасалады. Шумен күресудегі негізгі шаралар болып саналады; шу көзінде шуды төмендеуі (реттеу, құралды жоспарлы жөндеу), шу бағытын өзгерту (желдету ауа кіретін тесіктерінің орентациясын өзгерту); бөлмелерді аккустикалық өңдеу (дыбыс жұтқыш экрандар, қабырғаларды және төбені өңдеу); таралу жолында шуды азайту (дыбыс жұтқыш кабиналардың құрылғысы).



( МЕСТ 12.1.003-76 және МЕСТ 12.1.036-81) дыбыс қысымының рұқсат етілген мөлшері

дБ берілген қысымының мөлшері және орта геометриялық жиілік Гц-пен берілген октавалық тілігі

дБ берілген дыбыс қысымының эквиваленттік мөлшері

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000




Жұмысшы бөлмелер мен басқару бөлімшелеріндегі және жұмыс орындарында

79

70

68

58

55

52

50

49

60

Мекеме аумағындағы және мекеме аумағындағы және тұрақты өндірістік бөлмелердегі тұрақты жұмыс орындағы нормалары

99

92

86

83

80

79

76

74

85

Жүргізушілердің жұмыс орындары,Тракторист, машинистердің жұмыс орындағы шудың деңгейі

99

92

86

83

80

78

76

74

85

Оқу залы, мәжіліс залы, аудитория, оқу залы,конференц залдары

63

52

45

39

35

32

30

28

40


Құралдар мен қондырғылар. Шуды тікелей өндірістік шарттарда зерттеу кезінде шуды және дірілді өлшегіштер ИШВ-1, шумомер Ш-70, комплект «Брюль және Кьер», «RFT», микрофон қажет.

Шуды лаборатория шарттарда зерттеу кезінде, 13 суретте көрсетілген: шуды және дірілді өлшейтін ИШВ-1; дыбысты канал; алмастыратын дыбысжұтқыш заслонкалар, лабораторлы столды орнатылған болса жеткілікті.



Жұмысты орындау тәртібі. Аспаптың құрылысын және жұмыс принципін, зерттеу әдістемесін және есептеуін оқып үйрену. Шу өлшегіште және ИШВ-1 дірілдері микрофон 1, электрлік кернеуге дыбыстық қысымының толқуын тудырады. Одан кейін күшейткіштен және түзеткіштен өтіп, магнит электрлік тілшілік аспаппен өлшенеді. Ол дицибелмен көосетіледі. Құрылғы тоқтан 220 В пен немесе 8 элементтік «373» батарейлік блоктан қоректендіріледі. Микрофон М101-1 құрылғымен өлшегіштің 2 кіруі арқылы жалғанады. Құрылғы панелінде орналасқан; фильтр жиілігін ауыстырғыш 3, реттеуші винттік ұя 4-5, «микрофон-датчик» ауыстырғышы 6, сигналды лампа 7, «Калибр» ұясы 8, тілшелі аспап 9, заземления қысқышы 10, «Шығу» ұясы 11, жұмыс түрлерін ауыстырғышы 12, «Децибел – ІІ» ауыстырғышы.

13.сурет. шуды зерттеуге арналған лабораторлы орнату. 1- шу көзі; 2- микрофон; 3- лабораторлы стол; 4 – желі қосқыш; 5- сигналды лампа; 6-шумомер; 7 – сигналды қосатын кнопка; 8 және 9 – микрофонды бір жерден екінші жерге ауыстыратын кнопка; 10 – микрофон жылжыту электродвигателі; 11- дыбыстық канал; 12- дыбысжұтқыш заслонкалар; 13- қосымша шу көзі.

14.сурет. шу мен дірілді өлшейтін ИШВ-1

1 – микрофон; 2 – кіру өлшегіші, 3- жиілік ауыстырғыш фильтр; 4 және 5 – реттеу бұрандасы; 6 – «Микрофон Датчик» қосқышы; 7 – сигналды лампа; 8– «Калибр» ұясы; 9- тілшелік аспабы; 10 - заземление ; 11 – жазатын аспапқа шығу; 12- жұмыс түріне ауыстыру; 13 – «Децибел – ІІ» ауыстырғышы; 14- «Род измерений» ауыстырғышы; 15 - «Децибел – І» ауыстырғышы.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  Шу мен дірілді өлшейтін аспаптар қандай деңгейдегі аспаптарға жатады?

2.Шу қандай көрсеткішімен мөлшерленеді?

3. ИШВ-1 аспабының құрылысына қандай бөліктер кіреді?

4.   ИШВ-1 аспабының өлшеу тәсілі қандай құбылысқа негізделген?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2, 5,10.

10. Б) Радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар.


Сабақ мақсаты: Радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдардың жұмыс принциптерімен құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет