ПОӘК 042-14 05 20. 56/03- 2011 №2басылым 30. 09. 11ж 100беттің 1-сі



бет9/14
Дата28.01.2018
өлшемі13,51 Mb.
#34632
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Рефрактометр ИРФ-22


15-сур. ИРФ – 22 рефрактометрінің жалпы көрінісі;

1 – жарық бергіш призма; 2 – айна; 3 – штуцер; 4 – бұрандалы қысқыш; 5 – дисперсті реттегіштің маховигі; 6, 11 – түтіктер; 7 – юстировка кілтінің ұясы; 8 – юстировкалық кілт; 9 – призма блогын бұру маховигі; 10 – көру түтігі.


Рефрактометр ИРФ-22 (сурет 15) сұйықтар мен қатты денелердің сыну көрсеткішін өлшеуге, сонымен қатар сулы, спиртті, эфирлі және т.б. ерітінділердің концентрациясын сапалы және тез анықтауға арналған. Көбінесе ИРФ-22 ауызсуының сапасын бағалауға қолданады.

Аспап химиялық және технологиялық зертханаларда, сонымен қатар объектілерді және экологиялық зерттегенде, оның ішінде оқу орындарында қолданылады.

Рефрактометр ИРФ-22 жұмысқа қолайлы, себебі арнайы оптикалық жүйе көргіш түтік көмегімен, визир сызығымен жарық пен қараңғы шекарасы жүргізілетін аумақтағы сынудың көрсеткіш шкаласын көруге мүмкіндік береді.

Сыну көрсеткішінің өлшеу дәлдігі ±1...2·10-4 құрайды,ал сыну көрсеткішінің өлшеу шегі -1,3...1,7. Жұмысты бастамас бұрын қондырғының термостатикасын және оптикалық өсін қалыпқа келтіреді (орнықтылымдырады).

Термостаттау үшін тубусы және термометрі бар құмыраға температурасы 20ºC су құяды. Құмыраның шлангісін өлшегіш призманың сыртқы бөлігінің штуцеріне жалғайды.
Аспаппен жұмыс істеу тәсілі.


  1. Сұйықтардың сыну көрсеткішін өлшеу.

  2. Қатты денелердің (nD) сыну көрсеткішін анықтау.

  3. Боялған немесе бұлдыр үлгілердің сыну көрсеткіші дәл I-II пунктегі сияқты жүзеге асады.

  4. Орташа дисперсті жүйені зерттеу I-III бөлімдердегідей, бірақ кішкене маховикті оңға және солға бұрау арқылы жүзеге асады. Жұмыс аяқталғаннан кейін призма бетін эфирмен сүрту керек.

Өлшеу нәтижелерін бағалау

Рефрактометр шкаласы қоршаған орта температурасы 20ºC болғанға негізделген; әртүрлі сұйықтарға белгілі-бір температура, концентрация және химиялық құрам тән.

Алдымен өлшегіш призма әйнегінің сыну көрсеткішінің температуралық коэффициенті анықталады.

Барабанның орташа арифметикалық көрсеткіші мына формуламен анықталады:
Z=ΣZi/n,

мұнда ΣZi – бір жақтағы барабанның барлық көрсеткіштерінің қосындысы.

n- барабанның әрбір жағының жеке алғандағы есептеулер саны.

Кейін ортаның орташа дисперсиясы және сыну бұрышын анықтаймыз.


Аспаптың техникалық сипаттамасы

Сыну көрсеткішін өлшеу диапазоны.......................................1,3...1,7

Көргіш түтіктің ұлғайту көрсеткіші................................................25х

Көргіш түтіктің көру диапазоны..................................................7º 25'

Есептік жүйенің ұлғаюы..................................................................5,2х

Көру кеңістігі........................................................................4,7х5,9мм


Полярографтар
ПУ-1 әмбебап полярографы ерітіндінің сапалық және сандық анализін жүргізуге, сонымен қатар электрохимиялық зерттеулерде қолданылады. Сонымен қатар полярограф метал, оның қоспалары жартылай өткізгіш, химиялық реактивтердегі бөгде қоспалары анықтауға: судың, ауаның, тағамдық өнімдердің және медициналық препараттардың тазалығын бақылауға; биохимиялық зерттеулер жүргізгенде қолданылады.

ПУ-1 құралында полярографияның келесі түрлері қарастырылған: тұрақты тоқта; айнымалы тоқта: поляризацияланатын кернеуі тік бұрышты айнымалы тоқта; поляризацияланатын кернеуі синусоидалы формалы айнымалы-тоқта; импульсті дифференциалды; инверсиялық режимді. Аспап үздіксіз тест-тіркеу жүргізуге мүмкіндік береді. Полярограмды жазу екі координатты тіркеу аспабында іске асады.

Полярографтың жұмыс істеуі үшін келесі жағдайлар қажет:

қоршаған орта температурасы............................................................10...35ºC

салыстырмалы ылғалдылық

қоршаған орта температурасы 25ºC болғандағы..............................80% дейін

қоректендіру кернеуі.........................................................................220 В(50Гц)

поляризациялау кернеуі............................................................................0...4 В

Полярограф құрылымы үш блоктан тұрады: полярографтың өзінен (өлшегіш блок), полярографиялық датчик ДП-2 және екікоординатты тіркегіш құралдан.
Сұйықтық хроматограф
Сұйықты хроматограф 4 негізгі мақсаттық бөліктен тұрады: қозғалмалы фаза ағынының көзінен (насос), үлгіні енгізуге арналған құралдан (инжектор), бөлгіш блоктан (колонка) және детектрлегіш блоктан.

Қозғалмалы фаза ретінде органикалық және органикалық емес еріткіштер, әртүрлі тұздардың судағы ерітінділері қолданылады. Қозғалмалы фаза келесі шарттарды қанағаттандыру керек: зерттелетін компоненттерді жақсы ерітуі, тұтқырлығы төмен болуы керек, өзге қоспаның болмауы, қол жетерлік болуы керек, колонканың сипаттамасын өзгертпей, қолданылған детоктермен сәйкестене алатын.


«АНРИ – Сосна 01-02» дозиметрі
Аспап радиациялық жағдайда дозиметриялық бақылауға, киімнің радиактивтік ластануды анықтауға, тамақ өнімдерінің ластануын анықтауға арналған.

Аспап сәулелену мөлшерінің қуатын, радионуклидтермен ластанған жазықтықтағы β-бөлшектердің ағынының тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді.

Аспапты еңбекті қорғауда, ауыл шаруашылығында, күнделікті өмірде қолданады.
Аспаппен жұмыс істеу тәсілі

I. Аспап қарапайым дозиметр ретінде артқы қақпағы жабылған күйінде жұмыс істейді; өлшеу бірлігі – мкР/сағ

1. Аспапты қосу, «Пуск/Стоп» тетігін басу және 1-өлшеуге сай келетін «МД» жұмыс режиміне қою.

2. Дәлдігі төмен өлшеуге сай келетін, әрбір 10 импульс сайын, дыбыс белгілері көмегімен жүзеге асатын, «Т» жұмыс режиміне қою.


II. Аспап β-дозиметр ретінде артқы қақпағының ашық қалпында жұмыс қолданылады.

Бұл жағдайдағы дозиметрмен жұмыс атқару I бөлімнің 1 және 2 бөліктеріне сәйкес жүзеге асады.


III. Тамақ өнімдерін зерттеу.

  1. Тәжірибені бастамас бұрын пластмасс ыдысты кіржуғыш ұнтақпен жуып, сосын құрғағанша жақсылап сүрту қажет.

  2. Ыдысты сумен толтыру (неғұрлым таза ауыз суы болса)

  3. Аспаптың артқы қақпағын ашып (β-ағынымен жұмыс) оны ыдысқа салу.

  4. Аспапты қосып «Т» режиміне келтіру.

  5. Өлшеу уақытын секундометрмен немесе секунд көрсеткіш тілшесі бар сағатпен тіркеу (өлшем уақыты t1=10мин ±5с)

  6. 10мин өткеннен кейін аспаптың көрсетуін жазып алу және өлшеуді тағы қайталау.

  7. Ыдысты жуып, ұсақталған зерттелетін өніммен (картофель, қияр, орамжапырақ және т.б.) толтыру.

  8. 3-6 пункттерге сәйкес анализді қайталау

  9. Тәжірибе аяқталғаннан кейін артқы қақпақты жауып, «Вкл/Выкл» тетігін басу арқылы қондырғыны сөндіру

Сараптама нәтижесін бағалау



  1. Аспап көрсеткішінің орташа арифметикалық мәні х (мкЗв/ч немесе мкР/ч) мына формуламен анықталады:

х=Σ хi/n

мұндағы: Σ хi- аспаптың барлық көрсеткіштерінің қосындысы

n-жүргізілген тәжірибелер саны


  1. Өнім үлгілерін зерттегенде радионуклидтердің белсенділігі және жазықтықтағы сәуле ағыны тығыздығы анықталады.

Аспаптың техникалық сипаттамасы

Өлшеу уақыты (режимге байланысты):

қалыпты режим...............................................................................30с

үлгіні зерттеу режимі..................................................10 және 30 мин

Аспаптың үздіксіз жұмыс істеу уақыты.............................................6сағ

Өлшеу қателігі (изотопқа байланысты):

цезий-137 сәуле беруі..................................................................±30%

стронций-90 сәуле беруі.............................................................±45%

Шкала градуировкасы (сұйық кристалды таблодағы мүмкін көрсеткіш)

γ- сәулесі...................................................................0,010...9,999мкР/сағ

β- сәулесі..........................................................10...5000частиц/(см2мин)


СРП-88 дозиметрі
СРП-88 дозиметрі экспозиционды дозаны және рентген, β-сәулеленудің қуатын анықтауға арналған.

Өнеркәсіп орындарында және зертханаларда радиациялық жағдайды дозиметрлік бақылау үшін қолданылады.


Дозиметрдің құрылысы және жұмысы
Аспап өлшегіш блоктан және жеке көрсеткіш датчиктен тұрады. Датчикте орналасқан бөлшектерді ұстағыш, олар пайда болған кезде зуммерлі дыбыс арқылы белгі береді.

Белгі өлшегіш блокқа беріледі, өлшегіш блок тағайындалған сезімталдыққа және өлшеу диапазонына байланысты нәтижелерді цифрлы таблоға жібереді.

Дозиметр сонымен қатар, сезімталдық қуатын деңгейін көрсететін миллиамперметрмен жабдықталған.

«Изм» ауыстырғышы β-дозаларды өлшеуге, ал «2-10» деңгейлері рентгенді сәулеленуді өлшеуге қолданылады.


Аспаптың техникалық сипаттамасы

Өлшеу қателігі...........................................................................................±20%

Өлшеу уақыты..............................................................................................30с

Шкала градуировкасы (аспап көрсеткіші таблоға шығу мүмкін)..............................................................................0,010...9,999мкР/сағ

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  Жоғарыдағы аспаптар қандай деңгейдегі аспаптарға жатады?

2. Фотоэлектроколориметр ФЭК-56М,Нефелометр НФМ қандай әдіспен сараптау жүргізетін аспаптар?

3.Полярографтар, Сұйықтық хроматограф аспаптары қандай заттарды және қандай әдіспен зерттейді?

4.     «АНРИ – Сосна 01-02» дозиметрінің жұмыс тәсілі қандай?
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2, 5, 9.

3. Сабақ тақырыбы:Аспаптарды тексеру және сынау түрлері. Градировкалық және салалық тексеру.
Өлшем құралдарын тексеріс – деп метрологиялық органдардың өлшем құралдарының қатесін анықтап, олардың қолданысқа жарамдылығын анықтауын айтады. Дәлдігі тексерілмеген өлшем құралдарын қолдануға тиым салынады. Өлшем құралдарының дәлдігін тексерудің тәртібі арнайы нормативтік – техникалық құжаттарда белгіленген, олар: тексеріс әдістері мен құралдарының стандарттары, тексеріске арналған нұсқаулар, әдістемелер. Нормативтік құжаттардағы талаптар бойынша қолданылатын өлшем құралдарының аттары және сипаттамалары көрсетіліп протокол жасалады. Протоколда көрсетілген материалдар тексеріс барысында талданады. Талдау кезінде тексерілген өлшем құралдарының қолданысқа жарамдылығы не жарамсыздығы туралы қорытындылар жасалады. Қортынды жазылған протокол негізгі заңды құжат болып есептелінеді. Мемлекеттік тексерістен өткен өлшем құралдарына куәлік, ал ведомстводан өткендерге аттестат беріледі. Тексерістен өткен өлшем құралдарына немесе олардың құжаттарына тексерістің нәтижелерін растайтын белгі (клеймо) қойылады.
Өлшем құралдарын дәлдеу – деп метрологиялық органдар арқылы өлшем құралдарының қатесін, олардың дәлдігі жағынан қолдануға жарамдылығын тексеруді айтады. Мұнда тексеруді тек дәлдікті тексеру деп түсіну керек, ал бұзылған құралдарды тексеріп жөндеу метрологиялық тексеруге жатпайды. Метрологиялық дәлдеудің бір түрі салыстыру. Салыстыру – деп тексеру кезінде өлшем құралдарының дәлдігін эталондармен немесе үлгі құралдармен салыстырып анықтайды.
Мысал. Инфралит-8 газанализаторын тексеру реті.
3.Өлшеу және құралды бақылау

3.1 Өлшеуге дайындау


Құралды орамынан шығарған соң оны қорғанышы бар 220 В және 50гц электр желісіне жалғайды.

Шлангаларды жалғау және сүзгілерді орнату тәртіпке сай жүргізіледі. Шлангілер ұзындығын іске қосылу уақытын бөгемеу үшін мүмкіндігінше қысқа етіп ұстау керек.

Үзіліссіз әсер конденсатының бөлгішін іске қосу үшін / 2/ жинақтауыш /37 / көлемін суға толтыру керек.

Толтыруды кез келген жұмыс жағдайында жүргізуге болады.

Су ыдысы конденсат бөлгішінің төменгі бөлігі арқылы енгізіледі. Артық су бірден төгіледі.

Жұмыс кезіндегі кедергілер туралы, дабыл:

Көрінетін аймақта су деңгейі маркалаудан/ 38 / жоғары:

-қалыпты жұмыс

Су деңгейі маркалаудан төмен:

-сүзгі пластинасы қатты толған - ауыстыру.

-коненсат бөлгіші мен сорап арасында тығыздық жоқ.

-газ жіберу сорабында ақау бар.


Су деңгейі көрінетін аймақтан жоғары немесе ауа көпіршіктерінің шығуы:

-газ жинау зонды бітелген - тазалау

-газ жинау өткізгіші иілген.
Назар аударыңыз!

Қызмет көрсету персоналына зияны тимеуі үшін жергілікті талаптарға сәйкес газдың шығатын штуцеріне өлшенетін газды өлшеу орнынан әкететін шланг жалғау керек.

3.2 Инфралитті юстировкалау 8

Қосу алдында механикалық нөл нүктесін тексеру керек. Ауытқулар болған кезде/15 / түзету жүргізеді. Осыдан кейін батырма/ 16 / арқылы құралды іске қосады. 30 мин кейін батырма/ 17 / арқыла CO-дан босаған ауа сорылады.

Енді электрлік нөл нүктесін тексереді. Ауытқулар болса нөлге жеткізу үшін іске қосады/ 19 /. Батырманы басу арқылы/ 18 / құралды индикациялау жүргізіледі. Егер көрсеткіш / ▼ /қызыл маркалаудан жоғары немесе төмен болса (20) арқылы түзету жасайды.
4.Техникалық қызмет көрсету.

4.1 Өлшеу құралына техникалық қызмет көрсету.


Өлшеу құралына техникалық қызмет көрсету 3.2 пункте сипатталған күнделікті юстировкамен шектөледі. Сонымен қатар,қорғаныш сүзгісін / 4 /ауыстыру жүргізіледі. Сүзгіні қою 5-суретте көрсетілген.

Сүзгі шайбалары кұңгірт тартса, оларды ауыстырады.
4.2 Оснастка құрылғыларына қызмет көрсету.

Кейде газ жинау зондының жолын тексеру керек. Ыстық тазалау керек. 50 жұмыс сағатынан кейін қорғаныш сүзгісі / 4 / қарқынды кұңгірттенсе консенсат бөлігіндегі сүзгі қақпақшасын/ 39 / ауыстыру керек. Сүзгіні қою сүзуші материалды ауыстыру арқылы реттелуі тиіс. / Әйнек талшықтан жасалған 2 пластина /


Жұмыс кезінде конденсат бөлгішінің тығыздыққа тексеру.
Газ беру сорабы жұмыс істеп тұрған кезде конденсат бөлгішінде газдың кіру және шығу жолындағы шлангілерді бір уақытта бүгу керек. Көрінетін аймақта қысқа уақыттық бақылауда төмендемейтін су деңгейі қойылады. Жұмыс кезінде немесе конденсат бөлгішін тазалаған соң сопло / 40 / конденсат ыдысының түбінде тығыз тұруын міндетті түрде бақылау керек.
5.Оснастка.

-7.6924.002.09 4 тактілі іштен жану қозғалтқышы үшін газ жинау зонды.

-7.6924.001.09 2 тактілі іштен жану қозғалтқышы үшін газ жинау зонды.

-конденсат бөлгіші 7.6940.000.09


6.Қосымша бөлшектер
- сүзгі шайбасы I.4000.231.91:02

-кіргізу шайбасы I.1713.001.81:06/4

-дөңгелік сақина I.ТГЛ 6365-WS|27055

-конусты гайка 4 I.2109.001.81:02

-конусты гайка 6 I.2109.002.81:08

-шлангы 4x1,жұмсақ ПВХ 000 426:110.30

-шлангы 6x1,жұмсақ ПВХ 000 426 :096.30

-сүзгіні қою конденсат бөлгіші үшін

-сүзгі шайбасы I.4000.154.91:09 бөлгішіндегі жұқа

тазалау сүзгі үшін

-G-балқытылған қою Т О,250 А-ТГЛ 0-41571

-кішкентай дабыл шамы А 24 в 0,025 А-ТГЛ 10499

-G-сақтандырғыш ұстағышы үшін А.ТГЛ 7606 бұрандалы қақпақша.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2.

4. Сабақ тақырыбы:Анемометр ИСП-МГ4-ң құрылысы, жұмысы.


Жұмыс мақсаты: Анемометр аспабының құрылысымен, сипаттамалары-мен, жұмысымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1.Әдістемелік нұсқау;

2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

Жұмыс тәртібі:

1.Анемометр аспабының пайдалану мақсатымен, құрылысымен танысу.



2. Анемометр аспабының сипаттамаларыменжәне жұмыс принципімен танысу.
Анемометр ИСП-МГ4 аспабын пайдалану мақсаты:

  • Жоғары дәлдікте ауа ағымының жылдамдығын үздіксіз өлшеу;

  • Жоғары дәлдікте ауа ағамының температурасын үздіксіз өлшеу;

  • Автоматты режимде ауа ағымының жылдамдығы мен температурасын өлшеу.

Анемометр ИСП-МГ4 келесі артықшылықтарға ие:

  • Анемометр ИСП-МГ4 Ресейдің Мемлекеттік өлшем құралдары реестіріне енгізілді;

  • Бір уақытта ауа ағымының жылдамдығы мен температурасын өлшеу;

  • Анемометр ИСП-МГ4-ң ауа ағым жылдамдығы мен температурасын өлшеудің үлкен диапозоны бар;

  • Жоғары сенімділік пен өлшеу дәлдігі;

  • Тұтынушымен орнатылатын уақыт аралық интервалынан кейінгі өлшеудің нәтижесін автоматты тіркеу ұзақтылығы 24 сағатқа дейінгі БАҚЫЛАУ режиміндегі жұмыс жүргізу;

  • Анемометрде өлшеудің 99 нәтижесіне дейін сақтау;

  • Өлшем мерзімі мен уақыты бойынша нәтижені маркерлеу;

  • Анемометр дисплейінде өлшеу кезіндегі секундомер көрсеткіштері;

  • Ауаны қолдану көлеміне қарай өлшем режимі;

  • Ағым бағытын анықтау;

  • Қызмет көрсетудегі ыңғайлылық пен қолданудағы қарапайымдылық;

  • Сыртқы ортаның зиянды факторларынан қорғанудың жоғары дәрежесі;

  • Өлшем нәтижелерін компьютерге беру;

  • Қолайсыз жерлерде өлшеу жүргізу;

  • Жеткізу комплектінде анемометрдің ыңғайлы жұмыс қорабы;

  • Қорек элементерінің зарятталу үлесін қадағалау.

ИСП-МГ4 анемометрінің техникалық сипаттамасы:

Ауа ағым жылдамдығының өлшем диапазоны 0,3 ... 30 м/с

Орта жылдамдығының өлшемінің келтірілетін шегі,

V – өлшенген жел жылдамдығы ±(0,1+0,05·V) м/с көп емес

Ағымдағы жылдамдық өлшемінің келтірілетін шегі,

V – өлшенген жел жылдамдығы ±(0,1+0,06·V) м/с көп емес

Анемометр типі қанатты

Индикация типі сандық

Жылдамдық датчик сезімталдығының шеті 0,15 м/с көп емес

Ауа температурасын өлшеу диапазоны -20 ... +100 ºС

Ауаны өлшеуге кеткен қателігі ± 0,5 ºС көп емес

Анемометрде сақтау архивтелетін ақпарат көлемі 99-ға дейін

Анемометрдің электрлі қорегі «Корунд» типті

батарея (6F22,

6LR61) 6 ... 9 V

Қолданылатын ток өлшем блогы 60*7*27 мм көп емес

Анемометр аумағы алғашқы ауыстырғыш

Ø 60*260 мм

Алғашқы ауыстырғышы бар анемометр салмағы 0,4кг көп емес

Анемометр эксплуатациясының шарттары температурасы -20 ºС-дан

+60 ºС-ға дейін

30 ºС-ғы қатысты

ылғалдық 80%-ға дейін

Анемометрдің орташа қызметінің мерзімі 8 жылдан кем емес



ИСП-МГ4 анемометрінің толымы:

ИСП-МГ4 анемометрінің негізгі құрамына мыналар кіреді:



  • Электронды өлшеу блогы;

  • Алғашқы ауыстырғыш;

  • Қапты кейс;

  • Паспорт;

  • Қолданылу бойынша жетекшілік;

  • Анемометр тексеруінің протоколы.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  Анемометр ИСП-МГ4 аспабын пайдалану мақсаты?

2. Анемометр ИСП-МГ4 қандай артықшылықтарға ие?

3. Аспап қандай әдіспен өлшеу жүргізеді?

4.    ИСП-МГ4 анемометрінің техникалық сипаттамасы қандай ?
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2,8.
5. Сабақ тақырыбы:Атмосфералық ауа көрсеткіштерін өлшеуге арналған аспаптардың жұмыс принциптері, құрылысы.


Жұмыс мақсаты: Инфралит 8 газоанализатор аспабының құрылысымен, сипаттамаларымен, жұмысымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1. Әдістемелік нұсқау;

2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

Жұмыс тәртібі:

1.Инфралит 8 газоанализатор аспабының пайдалану мақсатымен, құрылысымен танысу.



2. Инфралит 8 газоанализатор аспабының сипаттамаларыменжәне жұмыс принципімен танысу.

1. Техникалық мәліметтер

1.1. Қолданылуы:

Инфралит 8 газоанализаторы - автокөліктердің шығару газдарындағыСО-ның газ қоспаларындағы концентрациясын үздіксіз санын анықтау үшін керек. Аппарат СО-ң 0 ден 10% дейін диапазоны бойыншаөлшеу жүргізеді.

1.2. Өлшеу принципі

Инфралит 8-ң өлшеу принципі инфрақызыл сәулелердің жұтылу принципіне негізделген. Ол өлшеуші газбен толтырылған сәуле шығару қабылдағышы жұмыс істейтін екісәулелі аппаратта орындалады.

Газ жұмыс камерасына /6/ өлшеуіш кюветі арқылы өтеді. Салыстыру камерасы /7/ /N2/ инертті газбен толтырылып жабдықталған.

Осы жағдаймен инфрақызыл сәуле шығарудың жұтылуы тек өлшеуіш кюветінде ғана орындалады. Осы жұтылу салдарынан /11/ сәуле қабылдағыштарда температура өзгерісі және жабық жүйе болғандық-танқысым өлшемі өзгерісі туындайды. Оның салдарынан сәуле қабылдағыш камералардың арасында орналасқан мембралық конденсатор /12/ өзінің көлемін өзгертеді.

1.3. Техникалық мәліметтер

Өлшеуіш диапазоны: 0 ден 10 об. % СО

Көмекші энергия: 220в +10%-15%

50гц ± 2%

40 ват

Газдың қосылуы: Өлшеуіш газ зонд және фильтрі бар конденсат бөлгіші



арқылы сорылады және құралдын екінші жағына шығады.

Құрал ішінде өлшеуіш газ қорғаныш фильтрі және өлшеуіш кювет /6/ екінші жағына өтеді.

Насос: ≥120л/сағ

Масса: 14 кг

Габариттер: ұзындығы 367 мм

ені 308 мм

биіктігі 182 мм

Жұмыс температурасы: +5ºC дан +40ºC-дейін

Уақыт /95% уақтылы/: 3м шлангы, конденсатты бөлгіш және қорғаныш фильтрі ≤сек.

Шығу белгісі: 0 ден 20 ма /унифицированный ток/

Кнопканы /32/ басқаннан кейін диод буксасы /33/ арқылы алынады.
Ескерту! Егер диод буксасы /33/ қосылмаса және кнопка /32/ басылса, индикация орындалмайды.

Шығу белгісінің үстемесі: 0 ден 500 ом

Қорғаныс дәрежесі: ИП 20

Индикация қателігі: ±2,5


Құрал құрылысы 1-сурет.
1 – газ жиналатын зонд,2 – конденсат қашықтығы,3 – жұқа тазалау фильтрі

4 – қорғаныс фильтрі,5 – мембраналық сорап,6 – кювет өлшеуіші,7 – кювета-лық салыстыру,8 – параболалық айналы инфрақызыл сәулелену көзі,

9 – синхронды электрқозғалтқыш,10 – обтюратор,11 – инфрақызыл сәулеле-нудің сәуле қабылдағышы,12 – мембраналы конденсатор,13 – күшейткіш

14 – индикатор құралы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет