Нефелометр НФМ
Нефелометр НФМ коллоидты ерітінділер, суспензиялар мен эмульсиялардың концентрациясын анықтауға арналған. Аспаптың жұмыс істеу принципі ерітіндіден шашыраған және сейілткішпен шашыраған екі жарық ағынын теңестіруге негізделген.
Екі жарық ағыны да бақылаушының көзіне түседі, ол көру аумағын ортасынан бөлінген шеңбер ретінде көреді. Санау барлық көру аумағының бірдей жарықтандырылуы сәтінде басталады. Өлшеу өлшегіш барабанның қызыл шкаласы бойынша жүргізіледі, ол ерітіндінің жарықты шашыратқыш қасиетін көрсетеді.
Сурет 1.3.Нефелометр НФМ
негіз бағанасы; 2- бағана; 3- санақ барабаны; 4- тірек планкасы; 5 – окуляр; 6 – жарықфильтрі бар диск; 7- фотометрлік бөлік; 8 – дистильденген су құйылған камера; 9 – қызулы шам; 10 - нефелометрлік қосымша; 11 – сейілткіштері бар диск.
Аспап құрылысы
Негіз орнатылған бағанаға тірек планкасы қойылған, оған фотометрлік бөлік және нефелометрлік қосымша бекітілген. Фотометрлік бөлік санақтық барабаны бар диафрагмадан, жарық фильтрлері бар диск және окулярдан тұрады. Нефелометрлік қосымшаға қызулы шам ішіне дистильденген су құйылатын камера кіреді. Камера ішіне коллоидты ерітінді және сейілткіштері бар диск орналасады.
Жарық шамының штекеры трансформатор ұяшығына қосылады. Камераны мұқият жуып-шайып су деңгейі линзадан біраз жоғары болатындай етіп дистильденген сумен толтырады. Кювет – пробирканы коллоидты ерітіндімен толтырады, қақпаққа бекітіп, камераға қояды. Дискіні айналдыра отырып, түсі коллоидты ерітіндіге жақын түстес жарық фильтрін енгізеді. Санау барабандарын қызыл шкала бойынша 0-ге қояды, ол ашық диафрагмаға сәйкес болады. Ерітіндінің сейілту қабілетін өлшеу үшін сол жақ диафрагманың енін сол жақ кері санау барабанын көрінетін алаңнан екі жағы да бірдей жарықталғанға дейін айналдырып өлшейді. Санау сол жақ барабанның қызыл шкаласы бойынша жүргізіледі.
Флуориметр ЭФ-3МА
Аспап люминесценцияланатын заттарды сандық сараптауға арналған.
Аспаптың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Жарық кварцты шамнан диафрагма арқылы өтіп ашық тұрған жапқыштан өтіп, бірінші жарық фильтріне түседі. Сосын сәуле кварц линзалардан өтіп люминесценциялайтын ерітінді құйылған пробиркаға түседі. Сол сәтте УК-сәуле әсерінен ерітінді жарық шығара бастайды.
Сурет 1.4.Флуориметр ЭФ-3МА жалпы түрі
1,3 – екінші жарықфильтрлері; 2 –бірінші жарықфильтр; 4- ерітінді бар кювет –пробирка; 5 – диафрагмамен байланысқан тұтқа; 6- жапқышпен байланысқан тұтқасы; 7,10- микроапмерметр тілшесін қоюға арналған тұтқасы; 8 – микроамперметр; 9- шунтпен байланысқан тұтқа; 11 – батырма; 12 – қуыс; 13 –металл қақпақшасы.
Жарық ерітінді кварц линзалар арқылы өтеді. Ары қарай фокустелген жарық шоғы екінші жарықфильтрлерінен өтіп фотоэлементтерге түседі, мұнда люминесценция энергиясы электр энергиясына түрленеді де жарық ағыны электрлік күшейткішке беріледі. Күшейткіштің анодтық тізбегіне микроамперметр жалғанған, оның көрсеткіштері люминесценция қарқындылығына пропорционал. Схемадағы екі фотоэлемент люминесценцияның жиынтық деңгейін береді.
Флуориметр ЭФ-3МА металл қорапқа жинақталған. Құралдың жоғары бөлігінде металл қақпақпен жабылатын қуыс болады. Қуыста бірінші және екінші жарықфильтрлері, ерітінді құйылған кювет –пробирка қойылатын орындар болады. Барлық басқару тетіктері мен микроамперметр флуориметрдің алдыңғы панелінде орналасқан.
Құрал кернеулігі 220 В, жиілігі 50 Гц желіге қосылады. Құрал 15 минут уақыт қыздырылады. Сосын кюветка люминофор ерітіндісін қойып, құрал қақпағын жабады. Микроамперметр тілшесін нольге қояды. Ол үшін алдымен батырманы басып тұрып, сосын батырманы жіберіп нольге қояды. Бұл операцияны 3 рет қайталайды. Сосын жапқышты ашып, диафрагма енін өзгертеді де микроамперметр тілшесін қажетті мәнге қояды.
Ерітіндіні ауыстырған кезде люминесценция қарқындылығын өлшеу үшін, тетікті төмен басып, микроамперметр көрсеткіші бойынша санақ жүргізсе жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |