2.2 Діріл дегеніміз қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы.
Синусоидалдық тербелістің негізгі көрсеткіштеріне: тербеліс жиілігі ƒ-өлшем бірлігі, герц; тербеліс амплитудасы А-м,см; тербеліс жылдамдығы υ-м/сек; тербеліс үдеуі-а-м/сек2.
Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады:
Lυ=20 lg υ/5*10-8; La=20 lg a/3*10-4;
мұндағы 5*10-8 м/с тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) деңгейі.
3*10-4-тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі м/сек2.
Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.
Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.
І дәреже-транспорттық діріл-машиналар мен тіркемелерден берілетін жол дірілі.
ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, машиналардан берілетін-кран, эксковаторлар, шахтадағы әртүрлі машиналар.
ІІІ дәреже-технологиялық діріл-тұрғылықты машиналар дірілі (Станок, электр қозғалтқыш, т. с .с.).
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жарықтың қандай көрсеткіштері өлшенеді?
2. Люксметрдің құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
3. Аспаптың жұмыс істеу принципі қандай ?
4. Шудың ,дірілдің қандай көрсеткіштері өлшенеді?
5. Люксметрдің құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
6. Шу, дірілді өлшегіш аспаптардың жұмыс істеу принципі қандай ?
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1, 2, 5.
3. Тәжірибе сабақтары
1-ші дәрежелі аспаптар
№ 1 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы
зиянды заттардың мөлшерін анықтау.
Жұмыс мақсаты: Жұмыс орындарындағы ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін индикаторлық әдіспен анықтауды меңгеру.
Оқу құрал жабдықтары:
Универсалды газанализаторлар УГ-2;
Индикатор түтікшелері мен ұнтақ салынған жабдық қорап /ЗИП/;
МЕСТ-тің анықтама жинағы.
Жұмыс тәртібі:
Универсалды газанализаторлардың /УГ-2/ құрылысымен жұмыс істеу, негізімен танысу;
Индикаторлық түтікшелерді жұмысқа дайындауды игеру;
Ауаның құрамындағы газдарды зерттей білу.
4.Суға, топыраққа, жеміс жидекке, радиацияға экспресс-сараптама жүргізетін-БИОТОКС, «АП-дельта»,нитратомерЭБИК/МОРИОН, «Белла» дозиметрінің жұмыс принциптерімен танысу.
Ауа құрамының тазалығын анықтамас бұрын методикалық нұсқау бойынша газанализатордың құрылысымен, жұмыс ретімен танысу қажет. Штокты, втулканы, фиксаторды көрсете біліп, штоктың қырына жазылған санның мәніне және оның анықтауға арналған газға қандай қатысы бар деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Универсалды газанализатордың УГ-2 жұмысы мен құрылысы
1. Аспапты қолдану мақсаты:
Универсалды (жан-жақты) қолға алып жүретін газанализатор УГ-2 өнеркәсіп орындарындағы ауаның құрамындағы төмендегідей улы, зиянды заттардың мөлшерін анықтауға арналған :
1. Күкіртангидриді
2. көміртегі тотықтары
3. ацетиленді
4. күкіртті сутегі
5. хлорды
6. аммиакты
|
7. азот тотықтарын
8. этилді эфирді
9. бензолды
10. бензинді
11. Толуолды, 12. ксилолды
|
13. мұнайдың көмірсутектерін (керосин, трактор жанар май, уайт –
спирт т.с.с)
Газанализатор өз жұмысын төмендегідей жағдайлар сақталған кезде іске асыра алады:
ауадағы шаң құрамы 40 мг/м3 аспаған жағдайда;
ауа қысымы 740 – 750 мм сынап бағанасы аралығында болғанда;
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% аспағанда;
ауа температурасы 10ºC –тан 30ºC аралығында болғанда .
Осы жағдайлар келіспеген уақытта аспаптың көрсеткіші дәл болмауы мүмкін және оның қате жіберу мүмкіндігі артады.
2. Аспап жұмысы
Газанализатордың жұмыс индикаторлық түтікше арқылы ауа сорғыштың көмегімен құрамында зиянды газдар бар ауаны сорып өткізуге негізделген. Индикаторлық түтікше ішіндегі ұнтақтың түсінің өзгеруі, сол ұнтақпен зерттеліп отырған улы газ немесе оның буы арасындағы реакцияның нәтижесінд болады. Түсі өзгерген ұнтақ мөлшері улы газдың концентрациясына тра прапорцианал болады да, мг/м3 өлшемімен анықталады.
3. Ауа сорғыштың құрылысы
Суретте ауа сорғыштың жалпы құрылысы мен ЗИП-тің құрамы берілген. Ауа сорғыштығ негізгі бөлігі көрік (сильфон). Жабық қорап (1) ішінде резинадан істелген көрік (2), стакан (13). Пружина (3), резина түтікше орналасқан. Көріктің ішкі қатпарына оған қаттылық беретін және берілген көлемді ұстау тұруы үшін кергіш сақина (4) қойылған. Қораптың жоғары қақпағына бекітілген қозғалмайтын втулкада (7) шток (6) төмен жүргенде көрікті сығып ішінен белгілі мөлшерде ауа шығарады. Сырттан ауа кіру үшін көрікті жоғары қарай көтеру керек. Бұл міндетті бір басы қораптың қозғалмайтын қақпағына бекітілген, екінші басы көрік ішіндегі стақанға бекітілген серіппе атқарады. Ал стақан, серіппе үшін оны қорап және көрікпен жалғастырып тетік болып табылады. Қорап сыртындағы резина түткіше, штуцер (11) арқылы қорап ішіндегі түтікшемен жалғасады. Ал оның екінші жағы төменгі фланец (14) арқылы көріктің ішкі кеңістігімен жалғанған. Сыртқы резина түтікшенің (10) бос басына анализ кезінде индикаторлық түтік жалғанады. Бұл түтік арқылы сорылатын зерттеуге арналған ауа көрікті шток арқылы төмен басқаннан кейін сорылуы тиіс. Штоктың қырларындағы санда, зерттеуге арналған улы газдарды анықтау үшін қанша мөлшерде ауа сору керегін көрсетеді. Ал сан мәні таблицада көрсетілгендей, газдардың түріне қарай әртүрлі. Штоктың қырларында төрт өзекше бар, оның әрқайсысында фиксатор кіретін екі ойықтан жасалған. Ойықтардың арақышықтығы, көрік соратын, зерттеуге арналаған зиянды қоспасы бар ауаның көлеміне тең немесе штокта көрсетілген көлемге тең
Достарыңызбен бөлісу: |