ПОӘК 042-14 05 20. 56/03- 2011 №2басылым 30. 09. 11ж 100беттің 1-сі



бет7/14
Дата28.01.2018
өлшемі13,51 Mb.
#34632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Ауа сорғыштың құрылысы:

13-ші Сурет. 1 – қорап; 2 – көрік (сильфон); 3 – пружина; 4 - кергіш сақина; 5 – екі ойықты өзекше; 6 – шток; 7 – втулка; 8 – фиксатор; 9 – жоғарғы негіз; 10 – резина түтік; 11 – штуцер.
Бұл жұмыста біз ауа құрамында кездесетін улы, зиянды заттардың біреуін оқытушыныңтапсырмасына сәйкес анықтаймыз.
Индикаторлық түтікшені жұмысқа дайындау

Ұзындығы 90 мм, ішкі диаметрі 2,5 – 2,6 мм шыны түтікшені бір жағынан темір стерженді кіргізіп, екінші жағына мақтадан қалыңдығы 2,5 мм тығын жасаймыз. Оны тығыздалған соң стерженді алып түтікшеге воронка арқылы индикаторлық ұнтақ толтырамыз.

Түтікшенің қабырғасын еппен шерте отырып ішіндегі ұнтақты тығыздау қажет. Тығыздалған ұнтақтың мөлшері /ұзындығы/ 68 – 70 мм болу керек. Сонан соң екінші жағына да мақтадан тығын жасап жабамыз.

Дайын болған түтікшені ауа сорғыштың шлангысына жалғамас бұрын мына ережені қатаң сақтау керек.

Түтікшені жалғау алдында ауа сорғыштың штогі төмен басылып тұруы керек. Түтікшені шлангіге жалғап барын штокті басса, түтікше ішіндегі ұнтақ қысыммен бет- көзге шашырауы мүмкін. Ал ұнтақтың зиянды әсері бар екенін естен шығармау қажет.

Түтіктің дайындығының дұрыстығы ұнтақтың тығыздығына, тығын-дардың қалыңдығына байланысты. Ережеге сәйкес дайындалмаған түтікшенің тәжірибе кезінде көрсеткіші де қате болады.

Тексеру кезінде түтікше ішіндегі ұнтақ түрін өзгертсе, онда ауа құра-мында зиянды заттың болғаны. Ал оның ауадағы мөлшерін, түрі өзгерген индикаторлық парашок шамасының ПДКкаточкасындағы шкаламен сәйкес келтіріп анықтаймыз. Ол үшін индикаторлық түтікшенің төменгі деңгейін ПДК шкаласының О (ноль) санымен сәйкес келтіреміз. ПДК шкаласымен түрі өзгерген парашоктың жоғарғы деңгейі сәйкес келген шкала тұсындағы сан, тексеріп отырған ауадағы зиянды заттың мөлшерін көрсетеді.

Істелген жұмыс қорытындысын дәптерге жазу керек. Ол үшін стандарт бойыша зиянды заттардың классификациясын, қандай улы классқа жататынын білуі керек. Көрсетілген нұсқау бойынша жұмысын істеп бітірген соң оны оқытушыға өткізу керек (тәжірибе кестесі төменде көрсетілген).


Тәжірибе кестесі


Өлшенетін газдың аты, сипаттамасы

Тәжірибе №

Ауадағы газдың мөлшері, мг/м3







Жұмыс орнында

Санитарлық мөлшері




































Жұмыс бойынша қорытынды :


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.      Жоғарыдағы аспаптар қандай деңгейдегі аспаптарға жатады?

2. БИОТОКС, «АП-дельта»,нитратомерЭБИК/МОРИОН, «Белла» дозиметрі.УГ-2 газанализатор қандай принциппен жұмыс істейді?

3.      Аспаптардың пайдалану мақсаты қандай?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2, 5, 9.

2 Сабақ тақырыбы: 2-ші дәрежелі аспаптардың сипаттамаларымен және жұмысымен танысу
Жұмыс мақсаты: Ауаның, судың, топырақтың ,жеміс жидектің, жердегі, бұйымдардағы радиацияны өлшеуге арналған аспаптардың жұмысымен ,си-паттамаларымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1.Универсалды КФК-2 аспабы;



  1. Әдістемелік нұсқау;

  2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

  3. Жұмыс тәртібі:

1.Универсалды КФК-2 , ГИАМ-21аспаптары құрылысымен жұмыс істеу, негізімен танысу;

2.Суға, топыраққа, жеміс жидекке, радиацияға сараптама жүргізетін ФЭК-56М,Нефелометр НФМ,Флуориметр ЭФ-3МА,Рефрактометр ИРФ-22,

Полярографтар,Сұйықтық хроматограф аспаптары, «АНРИ – Сосна 01-02» дозиметрінің , сипаттамаларыменжұмыс принциптерімен танысу.


КФК-2 Фотоэлектрлі концентрациялық колориметрі

КФК-2 бірсәулелі аспап және ерітінділердің,қатты денелердің абсорб-циялығын және өткізгіштік коэффициентерін жарық фильтрлері бөліп шығарған 315..980 нм толқын ұзындығы жеке бөліктер диапазонында есеп-теуге, сондай-ақ ерітіндідегі заттар концентрациясын анықтауға арналған. Бұдан басқа, колориметр жеңіл қоспалардың эмульсиялар мен коллоидты ерітінділердің өткізгіштік коэффициенттерін жарықпен өлшеуге мүмкіндік береді.



КФК-2 аспабын сумен жабдықтау кәсіпорындарында, медицинада, химиялық, тамақ, металлургия өнеркәсіптерінде және ауыл шаруашылығында қолданады.

Сурет.1.1.КФК-2 аспабының сыртқа түрі



  1. микроамперметр; 2- кюветтік бөлімінің қақпағы; 3- «Түзету 100 шамалы» тұтқасы; 4- аспаптың сезгіштігін түзету тұтқасы; 5- кювет ауыстырғыш тұтқасы; 6- жарықфильтрді түзету тұтқасы; 7- жарық көзі.

Аспаптың техникалық сипаттамасы

Жұмыстың спектральді диапазоны (жарық сүзгілері арқылы жеке интервалдарға бөлінген).....................................................315...980 нм

Сәулеленуді қабылдағыштар:

Фотоэлемент Ф-26........................................................315..590 нм диапазонда жұмыс істеу үшін

Фотодиод ФД-24К ..................................................590..980 нм диапазонда жұмыс істеу үшін

Абсорбциялануды өлшеу диапазоны...........................................0..1,3

Қоректік кернеу................................................................220 В, жиілігі 50 Гц


Аспаптың құрылысы

Колориметр қоректік блок пен оптикалық блоктан тұрады. Оптикалық блокқа жарықтандырғыш, оптикалық құрсау, жарық сүзгілері, кювет ұстағышы бар кюветтік бөлім, тұрақты токты күшейту және реттеу элементтері бар фотометрлік құрылғы және тіркеуші құрал кіреді.

Жарықтандырғыш КГМ типтес лампадан тұрады. Жарықтандыр-ғыштың құрылымы лампаның өзара перпендикуляр 3 бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. Құрсауға конденсор, диафрагма және обьектив бекітілген. Түсті жарық фильтрлер дискінің ішіне орнатылған. Жарық фильтрін жарық шоғына тұтқа арқылы қосады. Әр жарық фильтрінің жұмысшы жағдайы реттеліп отырады.

Кювет ұстағыш, қақпақ астындағы кюветтік бөлімде орналасқан. Жұмыс кезінде кюветтік бөлімде бір уақытта 2 кювет болады, оның бірінде еріткіш, екіншісінде боялған ерітінді болады. Кюветті жарық шоғына тұтқаны бұрау арқылы қосады.

Фотометрлік аспапқа Ф-26 фотоэлементті, ФД-24К фотодиоды, жарық бөлуші пластинка және күшейткіш кіреді. Фотоқабылдағыштарды тұтқа арқылы қосады.

Тіркеуші құрал ретінде М907-10 типті микроамперметр қолданылады, оның шкаласы абсорбциялық пен өткізу коэффициенттерін анықтау үшін цифрленген.

Аспаппен жұмыс істеу әдістемесі

Колориметрді желіге өлшеу бастаудан 15 минут бұрын қосу керек. Қыздыру кезінде кюветтік бөлім ашық тұруы керек.(Бірақ фотоқабылдағыш алдындағы перде арқылы жарық ағынынан бөлініп тұруы қажет).

Өлшеу тегіне сәйкес түсті жарық фильтрін тұтқамен енгізеді. Сосын құралды минималды сезгіштікке қояды, ол үшін «сезгіштік» тұтқасын «1»-ге «түзету 100шамалы» тұтқасын сол жақ шетке қояды.

Өлшеулер алдында фотоқабылдағыш қосылған кезде микроамперметр тілшесінің жағдайын тексеру керек. Тілше нөлдік жағдайдан ауытқыған болса, оны «Нуль» потенциометрімен нольге әкелу керек.

Одан әрі жарық шоғына суы бар кюветті енгізіп, кюветтік бөлімінің қақпағын жабу керек. «Сезгіштік», «түзету 100 шамалы» және «Дәл» тұтқаларымен абсорбциялық шкаласы бойынша нольге келтіру. « Сезгіштік» тұтқасы «1», «2» немесе «3» жағдайлардың бірінде тұруы қажет.

Сосын тұтқаны бұрап, суы бар кюветті боялған ерітінді құйылған кюветке ауыстырады. Абсорбциялық мәнінің шкаласы бойынша көрсеткішті жазып алады.

Өлшеуді 3-5 рет жүргізеді, сосын өлшенген абсорбциялықтың соңғы мәнін алынған сандардың орташа арифметикалық мәнін табу арқылы анықтайды.
Фотоэлектроколориметр ФЭК-56М

ФЭК-56М сұйық ортаның ластануын анықтауға арналған. Бұл құралда екі жарық ағыны дифференциалды схеме бойынша жалғанған фотоэлементке түседі, яғни ток фотоэлементтерден қарама-қарсы бағытта жүреді. Егер екі фотоэлементтің де жарықтануы бірдей болса, онда пайда болатын фототоктар да мағынасы бойынша бірдей, бірақ бағыты бойынша қарама-қарсы болады. Бұл жағдайда микроамперметр тілшесінің ауытқуы байқалмайды, себебі токтар компенсациясы жүреді.

Аспаппен жұмыс істеу әдістемесі

Аспапты 220 В кернеулі желіге стабилизатор арқылы өлшеулерді бастаудан 30 минут бұрын қосу керек. Осы уақытта аспаптың электросхемасы оның жұмыс режимінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қыздырылады. Бұдан әрі қарай аспатың «Электрлік нөлін» қою керек. Ол үшін тұтқамен жарық ағындарын пердешелермен бөледі. Микроамперметр тілшісін тұтқамен нольге қояды. Бұл кезде аспаптың сезгіштігі максимал болуы керек, ол үшін тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенше бұрау керек.



Жарық ағынының сол жағына барлық өлшеу уақытында еріткіш құйылған кювет қойылуы керек, ал оң жағынан ерітінді және еріткіш құйылған екі кювет болуы тиіс.

Сурет 1.2.Фотоэлектроколориметр ФЭК-56М



  1. пердеше тұтқасы; 2- микроамперметр; 3,6- санақ барабандары; 4- құрылғының сезгіштік тұтқасы; 5 – электрлік нөлін орнату тұтқасы; 7 – кювет орнату тұтқасы

Алдымен жарық ағынына оң жағынан ерітіндісі бар кюветті орнату керек. Бұл кезде оң және сол фотоэлементтерге әр түрлі жарық ағындары түседі де, микроамперметр тілшесі нольдік деңгейден ауытқиды. Жарық ағындарын компенсациялау үшін микроамперметр тілшесін нольге қою керек. Бұл операция пердеше ашық тұрғанда орындалады. Сосын ерітінділі кюветті еріткішті кюветпен ауыстырады. Жарық ағындарын теңестіру үшін, оң жақ барабандыайналдыра отырып, микроамперметр тілшесін нольге келтіреді. Санақты қызыл шкаладан оң жақ барабаннан бастайды.

Жұмыс басталар кезде оң және сол диафрагмалар толық ашық болуы тиіс, ол үшін санақ барабандарын қызыл шкала бойынша нольге қояды, ол үшін барабандарды өзіңе қарай айналдыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет