ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым


Педагогикалық қарым-қатынас стильдері



бет9/11
Дата05.11.2016
өлшемі2,47 Mb.
#550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.

Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық,



  1. Қарым-қатынастың аеторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында оқушылардың тұлға ретінде дамуына көп кедергілер кездеседі және ұстаз бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, шиеленіс, қарама-қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.

  2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше
    шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға,
    әріптестеріне ысырады. Мұғалім
    тек оқыту процесімен шектеліп
    балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз
    беттерінше жібереді. Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша
    жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те
    қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына,
    жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын
    жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешкандай
    белсенділік, шығармашылық танытпайды. Оқушылардың тәрбиесі,
    дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас барысында ынтымақтастық,
    түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін»,
    «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.

  3. Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен
    мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері
    ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық
    қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке
    алынып, олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары
    бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту,
    өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады. Мұндай
    стиль окушылардьң тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың
    субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың
    орнығуына, жағымды психологиялық ахуалдың калыптасуына әсері
    көп. Бұл стильді ұстанатын педагогтар оқушылардьң көңіл-күйін,
    психологиялық жағдайын түсінуге, олардың мүмкіншіліктерін
    жетістіктерін дұрыс бағалауға, оларға дұрыс құндылықтық бағыт-бағдар беруге тырысады. Осындай мұғалімдердің басқаруымен жұмыс істейтін оқушылар да өз беттерінше жұмыс істеуге дағдылану, жауапкершілік, шығармашылық, өзінің қабілеттерін дамытып іске асыру ерекшеліктері жиі байқалады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.

Н.Н.Ханның зерттеуінше мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ынтымақтастың қарым-қатынасты іске асыруға даярлығы мынандай компоненттерді қамтиды:

  1. Педагогикалық іс-әрекетке деген кәсіби ынтаның болуы.

  1. Оқу процесінде оқушы түлғасын қалыптастыруға қажетті білім көлемінің болуы.

3. Педагогикалық процестің қызметіне жағымды әсер беру
мақсатындағы кәсіби іскерліктер жиынтығы.

В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтаған:

1.Бірлсскен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім окушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды).


  1. Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды).

  2. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік рөль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында такты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын алады).

  1. Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату {мұғалімнің өктемдігі басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді).

  2. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді).

Мұғалім шәкірттер алдында өзінің

  1. артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен гана айналысады, үнемі өзінің балалардан жогары екенін дәлелдеуге тырысады).

Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастырады. Қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық ерекшеліктерін, құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы зерттеп білуі қажет. Коммуникативтік қабілетті зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелердің түрлері қазіргі педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде өте көп. Солардың бір мысалы ретінде адамның қарым-қатынас жасауға бейімділігін анықтауға байланысты мынандай тестті қарастырып өзімізді зерттеп көрейік.

Тест «Сіздің адамдармен қарым-қатынас жасауға бейімділігіңіз»

Берілген 16 сұрақтың әркайсысына «иә», «кейде», «жоқ» деп шынайы жауап беріңіз.



1.Сізді ерекше ресми кездесу күтіп түр. Ол сізді қобалжытып, көңіл-күйіңізге әсер ете ме ?

  1. Сіз дәрігерге баруды ауру жаныңызға батқанға дейн кейінге қалдыра бересіз бе?

  2. Әр түрлі жиналыстар мен кеңестерге сізге баяндама, хабарлама жасау керек болса сіз ыңғайсызданасыз ба?

  3. Сізді бұрын өзіңіз көрмеген қалаға жұмыс бабымен іс сапарға жіберетін болды делік. Сол сапарға бармаудың түрлі амалдарын іздестіресіз бе?

  4. Ішкі толғаныстарыңызды кез келген адамға жайып сала бересіз бе?

6. Көшеде танымайтын адамның жол көрсету, уақытты айту,
немесе басқа бір өтініштері сізді ашуландыра ма?


  1. «Бала мен әке» арасында кикілжің - екі ұрпақ өкілінің бірі-бірін түсінуге қиын болады дегенге сенесіз бе?

  2. Танысыңыздың бұдан біраз уақыт бұрын өзіңізден азын-аулақ ақша алғанын есіне түсіруге ұяласыз ба?

  3. Қоғамдык тамақтандыру орындарында сізге дәмсіз ас берсе сіз үндемей тамақты бір шетке ысырып қоя саласыз ба?

10. Таныс емес адаммен- жеке қалғанда онымен өзіңіз

әңгімелеспейсіз, дегенмен ол алдымен сөз бастаса сіз оны қаламай қаласыз. Шындығында солай ма?

  1. Қандай да болмасын ұзаққа созылған кезекке тұру (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында) сіз үшін үлкен қиындық. ұзак кезектің соңында тұрғанша сіз атқаруға келген ісіңізді тындырып кетуден бас тартасыз ба?

  2. Жанжалды жағдайды шешетін сарапшылар құрамына кіруге жүрексінесіз бе?

  3. Әдебиет, өнер, мәдениет туындыларына баға беруде өзгенің пікіріне қосылмай, өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіре аласыз ба?

  4. Сіз өзіңізге белгілі нәрсе туралы қате пікір естісеңіз үндемей қоя саласыз ба? Дауласпайсыз ба?

  5. Қызмет бабымен немесе оҚу барысында біреу көмек сұраса, бұл өкініш тудыра ма?

  6. Сізге өз ойыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызшаға қарағанда жазбаша білдіру оңай ма?

Енді корытындыны шығарып көріңіз:

«Иә» - 2 ұпай.

«Кейде» - 1 ұпай.

«Жоқ» - 0 ұпай,

Жинақталған ұпай санын қосып,өзіңіздің қай топка жататынынызды анықтаңыз.



30-32 ұпай: Сіз ортаға мүлде бейімделгіш емессіз. Мінезіңіздегі олқылық та осы. Осыдан зардап шегетін де өзіңіз. Айналадағыларға қиындық тудырасыз. Сізге ұжымдық жұмыстарға арқа сүйеуге, сеніп тапсыруға болмайды. Өзіңізді-өзіңіз көпшіл болуға тәрбиелеңіз, өзіңізге-өзіңіз бақылау жасаңыз.

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты жақсы кересіз, сондыктан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс орны, осыған байланысты орныққан байланыстар сізді қалыпты жағдайдан ауытқытып жібереді. Өз мінез ерекшеліктеріңізді білесіз де, өзіңіз өзіңізге риза болмайсыз. Риза болмаушылықты ғана басшылыққа алмаңыз. Оны жеңу қолыңыздан келеді. Бар ынтаңызбен жұмыс істесеңіз, мүмкін жылдам «беймделгіш» болып кетерсіз. Тек өзіңізді-өзіңіз қолга алғаныңыз жөн.

19-24 ұпай: Белгілі бір шекте ақжарқынсыз, таныс емес ортада өзіңізді өте сенімді ұстайсыз. Туындап жатқан жаңа мәселелер сізді алаңдатпайды. Таныс емес адамдармен абайлап араласасыз. Дау мен пікірталасқа көп кірісе қоймайсыз. Негізсіз айтылатын сарказмге (мысқылдауға) бейімсіз. Бірақ оны жөндеуге болады.

14-18 ұпай: Ортаға тез бейімделесіз. Сіз сыпайысыз, пікірлесіңіздің әңгімесін қызыға тыңдайсыз, қарым-қатынаста салмақтысыз, өз көзқараеыңызды эмоцияға берілмей-ақ дәлелдей аласыз. Таныс емес адамдармен еш қиыншылықсыз сөйлесіп кетесіз, бірақ шулы ортаны жақтырмайсыз. Көпсөзділік пен кеудемсоқтық жүйкеңізге тиеді.

9-13 ұпай: Тым ашықсыз (шектен шығып кетуіңіз де мүмкін). Өзгенің құпиясын білуге құмарсыз.

Әрине, бұндай зерттеулер жүргізуде бір ғана тест немесе сауалнамамен шектелу дұрыс емес. Адам өзі туралы рефлексиялық талдау жасауы үшін бір неше диагностикалық әдістемелерді қолданып, олардың нәтижелерін өзара салыстырып, өзін-өзі түзету бойынша арнайы жүйелі жүмыс істеуі керек. Болашақ мұғалімнің сөйлеу шеберлігі біртіндеп қалыптасады, оны жетілдіру үшін тынбай үздіксіз еңбектеніп, өзінің барлық мүмкіндіктерін дамытып іске асыру қажет. Адамзат тарихында осындай өзін-өзі жаттыктыру, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жоғары жетістіктерге жеткен тұлғалар туралы мысалдар жеткілікті.


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

  2. Педагогикалық қарым-катынасты қалай түсінесіз?

  3. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай кезеңдерін білесіз?

  4. Педагогикалық қарым-катынастағы авторитарлыкқ стиль дегеніміз не?

Педагогикалық қарым-қатынастағы либералдық стиль дегеніміз не?

6. Педагогикалық қарым-қатынастағы демократиялық стильдің ерекшелігі неде?

  1. Эмпатия, симпатия, антипатия ұғымдарын қалай түсінесіз?

  2. Педагогикалық карым-қатынастың қандай түрлерін білесіз?

  3. Рефлексиялық талдау дегеніміз не?

Әдебиеттер

  1. Станкин М.И. Психология общения. Курс лекции, М., 2000 г.

  2. Поваляева М.А., Рутер О.А. Невербальные средства общения. - Ростов н/Д.: 2004. - 352 с.

  3. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. -Алматы: 1997. -212 с.

  4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы., Алматы, 1995 ж.

  5. Сластенин В.А. Педагогика: учеб. пособие для етуд.высш. учеб. заведений/ В.А. Сластенин, и др. - М.: - 2007. - 576 с.


Тақырып 3.Өзін-өзі білімін көтеру мен өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің шығармашылық кәсіби дайындығының құралы ретінде.

Мақсат: Болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістерімен таныстырып, өздігінен білім алу туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

Жоспар:

І.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі.



  1. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.

  2. Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру, өздігінен білім алу.

Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады. Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор.

Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.

Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес,

сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан.



Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.

Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.

Қай кезден бастап бала өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз. Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке «Менін» қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді.



Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған: Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым балалар бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын)

Ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын қоғамдық борыш, белсенділік т.б.қасиеттерді дамытады).

Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады {балалардың санасын қалыптастырады, өз-өзімен жұмыс істеуге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап багалауда көмек көрсетедІ).



Жеке тұлғаның дамуындағы ұжымның, әлеуметтік ортаның әсерін атақты педагогтар К.А.Гельвеций, Д.Дидро, Р.Оуэн жоғары бағалап, адамды өзгерту үшін оны қоршаған ортаны өзгерту керек деген идеяны негіздеп кеткен. Педагогика ғылымында жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудің жуйелі теориясы құрастырылып, оның даму заңдары тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттелген. Осы ұжымда тәрбиелеу теориясының авторы белгілі педагог А.С.Макаренко болған. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасындағы қарым-катынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері, ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдагы шиеленістік жағдайлар және оны шешу жолдары сияқты мәселелер жан-жақты зерттелуде.

Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамньң өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.

Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды.

Әрине, өзін-өзі басқару, билеу оңай іс деп айтуға болмайды, десек те мынандай қанатты создерді есте сақтау көптеген жағдайларда адамның өз ерігін шыңдауға негіз бола алады:



«.Өзіңді-өзің билеу - ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына айналу — ең қорқынышты құлдық»

Сенека.


«Мъқтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мьқты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең»

Абай.

Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.

Адамзат тарихында өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, көпшілікке танымал болған адамдар аз емес. Бірақ ондай табысқа жету үшін ерінбей еңбектену, жалықпай жаттығу қажет. Эдисон айтқандай: «Данышпан - бұл 1 процент шабыт, 99 процент -тер төгу». Осындай адамдарды мысалға келтірсек Ольга Скороходова көзі көрмей, құлағы естімей, тілі сөйлемейтін болса да тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеу нәтижесінде төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістіктерге жеткен.

Ол кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басының ауыр жағдайына қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білді.

Өзін-өзі тәрбиелеуде кітап оқудың да ролі маңызды. Кітап арқылы біз өте қызықты адамдармен танысамыз, соларға қарап жақсы болуға тырысамыз, кітаптарды оқу арқылы өзімізді әдепті ұстауға, қарым-катынасты дұрыс ұйымдастыруға үйренеміз. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары да адамның жалпыадамзаттық мәдениетке енуіне ықпал жасауда. Деректі фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-танымдық бағдарламалар т.б. іс-шаралардың барлығы адамның өз тұлғасын дұрыс қалыптастыруына бағыт-бағдар беруі мүмкін.

Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тэжірибесін меңгеру процесі.

Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады.

Мысалы, аты әлсмге әйгілі ғалым Альберт Эйнштейн мектепте үлгермеушілер - қатарында болған. Көрнекті ғалым-физик Исаак Нъютон физика сабағынан үлгермейтін болатын. Гоголь бала кезінде шығарманы тек орташа ғана жаза алған, Щедриннің өз қызына жазьш берген шығармасына «2» бағасы қойылып, «орыс тілін білмейсіз» деп жазылған екен, Шаляпинді консерваторияға қабылдамай тастаған.

Бұл мысалдарға қарап біз адамның қабілеттілігі жас кезінде де, едәуір ересек кезінде де қалыптасуы мүмкін екенін аңғарамыз. Сондықтан да «менің қолымнан ештеңе келмейді, мен ешнәрсеге жарамсызбын» деп өз қабілетіңіздің дамуына шек қоюға асықпаған жөн. Осы жайлы жаңашыл-педагогШ.А.Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жарқын болашағын «тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін еске сала кетуіміз орынды.

Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - «талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар» деген дұрысырақ болар.

Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.



Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс.





Өзін-өзі меңгеру

Өзін-өзі сендіру Өзін-өзі қадағалау Өзіне-өзі бұйырык беру Өзін-озі илаидыру Өзін-өзі кұптау




Өзін-өзі тану

Өзін-өзі бақылау

Өзіне-өзі талдау жасау

Өзін басқалармен салыстыру

Өзін-өзі бағалау


Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 - суретте көрсетілгендей әр

топқа жататын бірнеше әдістерді атап көрсетеді.

Өзін-өзі ынталандыру

Өзін-өзі көрсету

Өзін-өзі мақұлдау

Өзін-өзі мадақтау

Өзін-озі жазалау



Сурет 1. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері.

Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің аса көп қолданылатын әдістеріне тоқталып өтейік. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адамның өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер де адам өзін басқалармен салыстыра келе өзін төмен бағаласа, ол көптеген қиындықтарға кездеседі, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалармен қарым- қатынас жасау киынға соғады.

Гете айтқандай:«Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ». Мысалы, жас мұғалім өзіне төмен баға берген болса, ол балалар алдында қобалжып немесе балаларды басына шығарып аламын ба деген оймен оларға айқайлап, басқарудың авторитарлық әдісіне жүгінеді. Тым жоғары берілген баға да адамды басқалардан алыстатьп жібереді, ұжым ішінде жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бөгет жасайды. Ондай адам мақтаншақ, кеудемсоқтық, т.с.с жағымсыз қасиеттерімен көпшіліктің көңіліне жақпай қалады.



Ал өзін-өзі бағалау нақтыдан сәл ғана жоғарырақ болса ол адамның жаңа деңгейге көтеріліп отыруына көмектеседі. Өзін-өзі бағалау сол сәттен жағдайларға тікелей байланысты болады. Мысалы, аудиторияға өте жақсы киініп келген адам кірсе, студенттер өздерінің киім киюдегі эстетикалық талғамдарын төмен бағалаған, ал керісінше киімдері үтіктелмеген, қарапайым киінген кісі кіргенде, студенттер өздерінің сыртқы пішіндерін жоғары бағалаған.

Өзін-өзі қадагалау басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы, кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты күн күркіреуі ол адамды сондай қатты ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның Сол ызалалықты тудыратын объектіге өзінің қандай қатынаста екеніне байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау қиын жағдайларда ашуға жол бермей өзін-өзі ұстай алуға итермелейді. Адам үшін өз сезімдерін басқарьп, оны уақытында тежей алу жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық процесс екеніне келісу керек.

Осы мәселені Абайдың: «Өзіңе-өзің үңіліп, өзіцді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу - осы істегі бастапқы қадам» - деген сөздерімен негіздей кетуге болады. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуына мысал ретінде мұғалімдердің ұстамдылығын, шыдамдылығын, төзімділігін, толеранттылығын келтіруге болады.



Өзіне-өзі бұйырық беру адамды жаксы жаққа жетелеп отырады. Бүл эдіс көбінесе адам бір нэрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нэрсені істеу қажет екенін түсінгеннен кейін қолданылады. Бүл эдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйрық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сондай бұйырықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырықты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайта-қайта қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйырық беру арқылы адам ерік-жігерін тәрбиелейді. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашан да жетістіктерге жете алады.

¥лы Отан соғысы кезінде әуе шайқастарында ұшағы өртеніп жау жеріне құлаған әскери ұшқыш Маресьев тұтқынға түсіп қалмауы үшін, ауыр жаралы болып, қайта-қайта есінен танып қалса да жер бауырлап, өзіне «алға, алға», «шыда, шыда» деген бұйырықтар беріп отырып өз партизандарына тірі жеткені белгілі.

Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа жаққа бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғаны уақытша болсын азаяды. Сенека айтқандай «ауыруды ойлай берсең ол үлкейе береді». Островский, Кант, Паскаль т. б. өз ауыруларына көп көңіл бөлмей тек өздері сүйетін шығармашылық істермен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыру арқылы адам көптеген жағымсыз қылықтарынан арылуьша болады.

­­ Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырык беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал береді. Өзін-өзі иландыру мен өзіне-өзі бұйырық беру адамның өзін меңгеруіне көмектесуімен қатар, олардың арасын жеке бастың саналы және санасыз әрекетіне жіктейді.

Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның жеткен жетістіктері оның қабілеттіліктерін бағалатып, өз күшіне деген сенімдерін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырьш отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ойша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» -деп адам өзіне жақсы мақсаттарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жаксылық жасаймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбиелеймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті нәтижесін күттірмейді.

Сонымен қатар болашақ ұстаздарға өздерін-өздері тәрбиелеуге мүмкіншіліктерін зерттеп көру үшін В.Пекелистің ««Адам қабілетінің қайнары» атты кітабына жүгінулеріне болады.

Адам өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру арқылы жақсы жетіле алады. Өзіне-өзі бұйырық беру көбінесе төтенше жағдайларда орын алады. Аталған тәсілдердің барлығы психология заңдылықтарымен, адамның миының физиологиялық кұрылысымен түсіндіріледі.

Адамның ғажайып мүмкіндіктері бар екені белгілі. Бірақ олардың барлығы тежеуіш, қорғанғыш механизмдерімен бейне бір тізбек секілді тұйықталады.

Мектеп ісінде реформалау жүргізуде мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру сұрақтары әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім кәсіби құзіреттерді, іскерліктер мен дағдыларды, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қалыптастыруы аса маңызды. ¥лы неміс педагогы А.Дистервег «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барльқ өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне-өзі ғана жақсы көмек көрсете алады.

К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеумен жақсы айналысқан педагогтардың бірі. Ол өз тұлғасын жетілдіруде мынандай факторлар көмектескенін атап көрсетеді;



  1. Сабырлық сақтау.

  2. Түзу сөйлеу, түзу жүру.

  3. Әрбір істі ойлап істеу.

  4. Тез шешім қабылдай алу.

  5. Өзі туралы қажетсіз ештеңе айтпау.

  6. Өзіңе ұнайтын нәрсемен шұғылдану.

  7. Әрбір кеш сайын өзіңе есеп беру.

  8. Мақтанбау т.б.

¥стаздык жұмыспен айналысатын адамдар өзін-өздері тәрбиелеу арқылы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабыр сақтауға, өз ерігі мен эмоциясын басқаруға үйренеді және осылайша өз мінезіндегі кейбір жағымсыз жақтарынан арылады. Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз ерігін өзіне бағындыра отырып байыппен әдепті сақтау негізінде педагогикалық қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасау және оны іске асыру өте жауапты да күрделі іс. Адамның жауапты міндеттерді шешуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады.

Мысалы, кейбір мұғалімдер өз жұмысындағы кемшіліктерді оқушылардың тәртібінің нашарлығынан, балалардың тәрбиесіздігінен көреді. Жасы ұлғайған сайын адам өмірінде өзі туралы жеке түсінігі қалыптасады. Адамның өзі туралы түсінігі өзіне маңызды бола тұрса да, сырт көзге басқаша көрінуі мүмкін. Өзінің сүйікті бейнесіне, өз кемшілігіне сыни тұрғыдан қарамауы салдарынан, адамның өз қатесін елемеуі мүмкін, ондай адамдар өзінің жеке басына шаң жуытпайды, өзінің істегенін ғана дұрыс деп есептейді. Бірақ оның жеке пікірі, көпшіліктің пікірімен сәйкес келе бермеуі мүмкін. Сондықган да әр мүғалім өзін жүздеген, мыңдаған сәби көздері бақылайтынын, әр минут, әр сағат сайын үздіксіз сын үстінде болатынын есте сақтауы қажет.

Адам өміріндегі сәттіліктер кездейсоқ нәрсее мес.Оның өзі адамның қандай өмірлік позицияны таңдағанына, өмірдегі мақсаты қандай екендігіне байланысты. Егер адам өмірінде дұрыс ойластырылмаған зор мақсат болмаса, онда сәтсіздіктер де жиі кездесуі мүмкін. Ерік күреспен, қиындыкты жеңумен келеді. Бұл ерікті дамытудың басты бағыты. Ерікті шынықтыру - зор еңбек. Л.Н.Толстой: «Ұрыста кім жеңемін деп батыл шешімге келсе, сол жеңеді»-дейді.

Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп беру қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, өз бойыныздағы ең үш жағымсыз жақтарыңызды дәптеріңізе жазыңыз:


  1. Жалқаулык,

  2. Көнгіштік,

  3. Ұялшақтық.

Сонан кейін осы жағымсыз жақтардан арылудың өзіндік бағдарламасын жасап көріңіз. Қазіргі кезде адамның өзімен-өзі жұмыс істеуіне көмектесетін көптеген газет-журналдарда сауалнамалар,тесттер кездеседі. Соның бірі ретінде «Наука и жизнь» журналынан алынған мынандай тестті қарастыруға болады.

Тест «Ерік-жігерді шыңдау жолдары»

«Болды! Ертеңнен бастап өзімді-өзім қолға аламын, кемшіліктерімді қайталамаймын» деп бір рет те болса өзіне іштей уәде бермеген адам жоқ шығар. Бірақ, олардың көпшілігінің мұндай талабы ұзаққа созылмайды, «Менде ерік күші жоқ» деп өзіне-өзі қатал үкім шығарып, қолын сілтей салады. Мұндай «Жолы болмағандардың» сәтсіздігі олардың ерік-жігерді тәрбиелеудің шын мәнін түсіне алмауынан деп есептейді психологтар. Жалпы, ерік-жігер дегеніміз - артықшылық немесе кемшілік емес, адамның басқа да қасиеттері тәрізді мақсатқа жету құралы.

Ерік-жігерді тәрбиелеудің мәнін өзіңіз каншалықты дұрыс ұғынатыныңызды білгіңіз келе ме? Ол үшін теменде ұсынылған әрекет түрлеріне бес баллдық жүйе бойынша баға қойып шығыңыз. Ерік-жігерді шыңдауға қай-қайсысын қолайлы көресіз, қайсысынан бастар едіңіз?

1.Нақты күн режимін белгілеу.

2.¥лы адамдардың өмірбаянын оку.

3.Өз өміріңіздегі ең басты нәрсені ащыидау.



4.Темекіні тастауга бел байлау.

5.Өз бойыңыздағы артъқшылъқтарды жақсы қасиеттерді анықтау.

6.Арылуға тиісті кемшіліктеріңізді анъқтау.



7. Белгіленген жоспардан, істен, режимнен бір perт тe ауытқымауға серт ету.

8.Өзіңізді жетілдірудің ұзақ мерзімдік бағдарламасын жасау.

9.Қажырлы көршіңіздің, досыңыздың тәжірибесін зерттеу.

10. Қазір қолыңыздан келмей жүрген істе (топта, сыныпта,жұмыс бабында) үздік шығуга уәде беру.

11. Дәрігердің, психологтың кеңесін тыңдау.

12. Өз бөлмеңізді, жұмыс орныңызды тәртіпке келтіру.

13.Қаламайтын істеріңіздің де бәрін атқаруга қатаң шешім қабылдау.

14.Әрбір қиындықты жеңген сайын өзіңізді ынталандыру жүйесін құру.

15. Өзін-өзі тәрбиелеу аутотренинг туралы әдебиеттерді оқу.

Енді 3 5, 8, 11, 14, 15 нұсқауларға қойған ұпайларыңызды бір-біріне қосыңыз;



1,6,7,10,12,13 нұсқауларға қойған ұпайларыңызды да өз алдына жеке қосып шығыңыз. Бірінші шыққан қосындыдан екінші қосындыны алыңыз. Қорытындысы: осы сандардан қалған айырма қаншалықты үлкен болса, сіз де шындықтан соншальқты алыс тұрасыз.

Ерік-жігерді тәрбиелеуде табысқа жеткіңіз келсе, төмендегі нұсқауларға да назар аударыңыз..

  1. Бұл істі бөлмеңізді тәртіпке келтіруден емес, ойыңызды тәртіпке келтіруден бастау керек. Ерік-жігер сізге қандай мақсатқа жету үшін қажет екенін анықтап алыңыз. Мақсатыңыз үлкен, биік, ұзағынан болса, соған лайық ерік-жігер талап етіледі. Бір сәттік, ұсакқ мақсатқа ерекше даярланбай-ак, табандылық танытсаңыз жетіп жатыр.

  2. Ойлағаныңызға жетуге, көбінесе, кедергі болатын нәрсе бар, ол өзіңіздің тілек-қалауыңызға қарсы тұру және үнемі өз-өзіңізді қамшылап, күштеу арқылы ғана ерік-жігер қалыптасады дегенге сену. Адамның бүкіл қасиеттері көңіл-күйдің көтеріңкі жағдайында ғана берік орнығып, тәрбиеленетіні дәлелденген. Өзіңе-өзің зорлық жасау - күштеудің ең бір бүлдіргіш әрі пайдасыз түрі. ¥лы адамдар өзіне пайдасы тиетін, ең қажет санаған істерді ғана табандылықпен атқару арқылы жетістіктерге жеткен. «Ерік» деген сөздің өзі «еркіндік», «бостандық» дегенге жақын емес пе? Демек, ерік- сөзсіз мойындалған қажеттіліктің іс-әрекеттен көрініс табуы.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің ішінен өзіңізге ең қолайлысын таңдап алған дұрыс. Көпшілігіміз табысқа жеткендердің іс-әрекетіне еліктейміз де, өз мінез-құлқьмыздағы ерекшеліктерді ескермейміз. Педагогтар баланың жеке ерекшеліктерін білу және соған лайық тәсілдер қолдану тәрбиенің маңызды шарты екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің табиғи ерекшелігін білу. Көздеген сапаға жету үшін ең әуелі өз мінезіңіздің жақсы жақтарын іске қосу керек. Кемшіліктеріңізді бейтарап қалдырып, назар салмаған дұрыс.

Жоғарыда 2, 4, 9 сандарымен берілген тұстардың есепке алынбау себебіне келсек, көршінің кеңесі мен ұлылардьң өмірбаяны біреуге пайдалы болғанымен, біреуге пайдасыз. Ол туралы айтып та өттік. Ал темекіні ерік-жігерді тәрбиелеуді ойламаған жағдайда да сөзсіз тастау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет