3 - тақырып. Кемірушілер отряды. Ақ қояндар тұқымдасы. (Sciuridae)
Кемірушілер отрядына қысқаша сипаттама:
Системетикасы (жүйеленуі): кемірушілер тұқымдасы – 35, туыс 355 және түр 1597 сүтқоретілер отрядын құрайды. Отряд сыртқы белгілірі әр түрлі, ұсақ және орташа мөлшердегі көптеген сүтқоректілерді қарастырады. Отрядқа келесі тұқымдастар кіреді: ақ қояндар, құндыз, жайра, шиншилла, су тышқан, қосаяқ, көртышқандар, тышқандар, атжалман тәрізділер, Сипаттамасы: бас суйегінің беткі жағы ми бөлігінен қысқа. Көздері суйек доғасы жоқ ашық, есту аппараты қатты қампиған. Төменгі жағы тез қимылдайды (өсімдік тектес азықты жеп, шайнауға бейімделген). Шайнау бұлшық еттері дамыған. Тістері: күрек және азу тіске дифференцияланған, жыртқыш тістері жоқ. Азу тістері күрек тістерінен алшақ орналасқан ірі азу тістері үшкірленбеген. Шайнауға арналған тістер өткір емес төмпешік, ал кейбірінде жазық болып келеді. Бұл тістер үнемі өсіп және шайнау кезінде қайралып отырады. Мидың үлкен бөлігі үлкен емес, миы тегіс, жатыры 2 бөлікті, жыныс мүшесінде сүйек бар кейде кездеспейді. Түкті қабаты әр түрлі, кейбір түрлерінде ине тәрізді түрге ауысады ұштары 5 салалы, сирек 4 салалы, және 3 салалы болады. Күрек тістері жақсы жетілген және жануарлардың даму кезінде үнемі өсіп отырады; қоректенгенде өздері қайралып отырады. Көбінің асқазаны жай түрлі, ішегі сәйкесінше ұзын және соқыр ішегі жақсы дамыған. Таралуы. Кемірушілер әр түрлі ландшфтыда өмір сүреді. Олар қилы өмір жағдайына бейімделген. Жабайы сүтқоректілердің ішіндегі кемірушілер ғана адам баласының мекенінде бірге жүреді. Олар қазіргі заманғы құрылыстарда және қалаларда жүре береді. Бұлардың қозғалу қабілеті де әр түрлі: жүгіретіндер, секіретіндер, өрмелегіштер. Кейбіреулері тіпті жоспарлап ұшады. Өсімдікпен қоректенеді. Экваторға дейін полярлы және жазықтан қарлы таулы жерге дейін таралған. Кемірушілердің таралуы өсімдік жамылғысымен байланысты, олардың қорғаныштық және азықтық маңызы бар. Әр түрлі температуралық режимдерді жақсы көтереді және соған байланысты жүнінің жыл мезгіліне қарай өзгереді. Кейбір кеміргіштер жайсыз уақытта азық жинаса, кейбірі ұйқыға кетеді. Кеміргіштердің кейбір топтары (мысалы тышқандары) кеуде алды аутотомиясы бар. Жауымен құйрығынан ұстаған жануардың терісі құйрық құйрық омыртқасынан сырғып түседі. Жаланаш қалған құйрық ұшы құрап түсіп қалады, кей түрлерінде шектеулі регенерация байқалады. Көбеюі және өсіп дамуы: кеміргіштерге кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, жоғары көбею тән. Олардың көбі жылына бірнеше ұрпақ береді, жас балалары ерте уақытта жыныстық жетіледі, буаз болу мерзімі ұзақ емес. Көп түрдің саны құбылмалы болып келеді, қолайлы жағдайда саны көбейеді, ал қолайсыз кездерде минимумға дейін төмендейді. өмір сүру кезені көп уақытта ұзақ емес. Халық шаруашылығындағы маңызы.
Адамдар үшін кемірушілердін маңызы зор және әр түрлі. Олардың кері әсері, азық – түлікті бұзуда, мәдени және табиғи маңызы бар өсімдіктерді құртуда. Олар ін қазудың арқасында топырақтың жел эрозиясына ұшырауын қамтамасыз етеді, егіске шабындықпен жайылымжерлеріне кері әсерін тигізеді. Сүт қоертілердің ішіндегі адаммен жануарға ауру тсыйтын және жұқтырытын кемірушілер. Олар бит масат.б. омыртқасыздардың негізгі қоректену көзі болып табылады. Кемірушілердің індері трансмиссиялық ауруларды тасыған буын аяқтылырдың көбею орны блып табылады. Кемірушілер арасында жүн өндірісінде және спорттың аншылық нысанасы болатындар да бар.
Аққояндар тұқымдасы — SCIUR1DAE Систематикасы: аққояндар тұқымдасы. Кіші тұқымдастардан тұрады, нағыз тиіндер, суырлар, ала тышқан, саршұнақ Қазақстанда осылардың барлығы кездеседі.
Сипаттамасы: кемірушілер негізінен орташа және ірі мөлшерлі болып келеді, дене ұзындығы 60см, салмағы 8 кг ге дейін. Ұсақ түрлері тропиктермен суптропиктерде мекендейді. Ағаш және жартылай ағаш кемірушілердің денесі мүсінді, мойны анық көрінеді, құйрығы ұзын, қалың жүнді, аяқтары әсіресе артқысы ұзын, ұзыншақ жінішке бармағында ұшталған тырнағы бар. Үйде тұратын жануарлардың мойны көрінбейді, құйрығы сәйкесінше қысқа, сәл үлпілдек. Аяғы қысқа, бармағында сәл бүгілген тырнағы бар. Бірінші түрлердің алдыңғы аяқтарының бармақтары жетілмеген, ал екіншісінікі кейде тіптен болмайды. Түкті жамылғысы өзгермелі, ағаш кемірушілердікі қалың, жұмсақ және үлпілдек. Жүн түсі сұр, кейде қара және жирен түсті. Суырлар еуразия және солтүстік Америкада санаулы таралған. Олардың жеке өкілдері Тундра және суптропиктерде кездеседі. Азияттық ұзын құйрықты саршұнақ Америкалық ұзын құйрықты саршұнаққа жақын. Қазіргі кезде Азияттық ұзын құйрықты саршұнақтардың келесі түрлері белгілі; олардың ақырғы екеуі Қазақстанда кездеседі:
Байқал сыртындағы ұзын құйрықты саршұнақ; 2) нерчиндік ұзын құйрықты саршұнақ; 3) якуттық ұзын құйрықты саршұнақ; 4) амурлық ұзын құйрықты саршұнақ; 5) алты айлық ұзын құйрықты саршұнақ; 6) моңғаол ұзын құйрықты саршұнағы.
Сипаттамасы: арқасындағы жүннін түсі бұрыл қызғылт, басының жоғарғы жағы жирендеу келеді. Ұсақ ашық түсті жолақтар басының жоғарғы жағында байқалады. Саршұнақтардың Қазақстандық түрлерінде мезгілді жүнінің диморфизия көрінеді. Қыста жоғарғы жағы ашық сұр, көрнекі, ал төменгі жағы сарғыштау. Жазда арқасы жирендеу реңі бар қара. Түкті жамылғысы жұмсақ және үлпілдек, 12-15мм. Таралуы: азияттық ұзын сар шұнақ Тянь Шаньның солтүстік бөлігінде және онт. Сібірден Амурға дейін, Монғолия, солт. және солт. Шығыс Қытайға дейін. Қазақыстанда, Жонғар Алтауды сонымен қатар онт. және онт. Батыс алтайда таралған. Көбеюі мен өсіп дамуы: балалары әлсіз болып туады. 4 қүндіктердің7 г. салмағы бар. 3 – 4 аптада өседі, 30 күнде бұталарға шығады, 40 күндіктері азығын өзі табады, бірақ 2 айға дейін аналық сүтімен қоректенеді.
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтар:
1) Отрядқа сипаттама беріңіздер?
2) Систематикасын атаңыз?
3) Халық шаруашылығында маңызы қандай?
4) Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді
4 - тақырып. Кемірушілер отряды. Тышқан тәрізділер тұқымдасы, тышқандар туысы (Murinae), атжалман тұқымдасы (Cricetidae).
Кемірушілер отрядының қысқаша сипаттамасы:
Тышқан тәрізділер тұқымдасы.
Систематикасы (жүйеленуі). Тұқымдас мөлшері, келбеті, өмір сүрүлеріне қарай әр түрлі жануарларды біріктіреді. Мөлшері бірден ұсақ тышқандарға дейін бар. Дене ұзындығы 5 – 48 см. Көбінің құйрығы денесінің ұзындығынан асады. Шайнайтын тістері дөнестеу келеді. Өрмелеуіш тышқандар (Dendromurigae). Сипаттамасы. Жанбас сүйегі 6 -10 см. Құйрғы 7 -12 см. Өрмелеу кезінде құйрығымен жіңішке бұталарды және шөптердің сабақтарын орап алады. Алдынғы аяқтарын ұшталған тырнақты 3 ұзын бармақтары бар.
Таралуы: барлық жерде. Саванналарда, ормандарада, бұталы жерлерде тұрады. Көбеюі және өсіп дамуы. Жылда әр түрлі уақытта көбейеді. Аралығы 305 балаға дейін туады. Тышқандар. 100 туысқа біріккен 400 тышқан түрінің, 300-ге дейі тышқандарға жатады. Африқалық шөптесін, бұлақтар маңындағылар, жолақты, ала, мысырлы, азияттық, сары тамақты, таулы және қара түрлері ажыратылады. Сиппатамасы. Ұсақтауларының көлемі 5- 6 см, орташасы 35-50 см. Аралығында құбылады. Салмағы 7-8 грамм 3 кг- ға дейін. Құйрығы сирек түкті қабыршақпен қапталған.
Таралуы. Барлық жерде кездеседі. Көбеюі мен өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 25 тәулікке созылады. Аналық 3-4 бала туады.
Африкандық тышқан Дала тышқаны
Акациев көртышқаны Қосаяқ
Кішкентай тышқан Ондатр
Достарыңызбен бөлісу: |