Еліктер тұқымдасы (Capreolinae.) Сипаттамасы: Елік дене тұрқы кішкене, салыстырмалы түрде қысқа келген бұғы. Түсі жазда ақшыл, қыста көкшіл. Дене ұзындығы 100-135 см, биіктігі 75-90см, салмағы 20-37 кг.
Таралуы: Европада, Кавказда. Иранда, Алтайда, Қытайда таралған.
Жапырақты, аралас орманды мекендейді. Шөптесін және бұталы өсімдіктермен, жидектермен, емен жаңғағымен қоректенеді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімінің ұзақтығы 9 ай, оның 4-4,5 жасырын кезеңіне келеді. Аналықтары 1-2 бала туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: спорттық аңшылықтың көзі ретінде пайдаланылады.
Еліктер
Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae). 6-7 түр тармағына бөлінеді, оның 4-5 түрі ТМД-ны, қалған 2 түрі Солтүстік Американы мекендейді.
Сипаттамасы: Өте ірі бұғы. Дене ұзындығы 300 см-ге дейін жетсе, биіктігі 235 см және салмағы 580-600 кг. Аяқтары ұзын , кеуде бұлшық еті күшті. Түсі қара – қоңыр. Таралуы : Солтүстік Америка, Европа, Азия, Канада да таралған. Орманның әртүрлі аймағын мекендейді. Ағаш-бұтақты өсімдіктермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Көбеюі және өсіп-дамуы: Жүктілігі 225-240 күн, 1-2 төл туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор
Әдебиет: 1-9 (негізгісі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтар:
1.Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағы. Құдыр, Бұғы
тұқымдастарына сипаттама беріңдер.
2. Жүйеленуін атаңыздар
3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?
14 - тақырып. Жұп тұяқтылар отряды. Күйіс қайыратындар отряд тармағы. Жарты мүйізділер (полорогие) тұқымдасы
Жұп тұяқтылар отряды. Күйіс қайыратындар отряд тармағы. Жарты мүйізділер (полорогие) тұқымдасының сипаттамасы
Жарты мүйізділер түқымдасы: (Bovidae)
Систематикасы.Түр санына байланысты жұп тұяқтылардың ең ауқымды тұқымдасы, сонымен қатар биологиялық типіне байланысты: ең кішкентай қояннан бастап орасан зор үлкен бұқаларға дейін жеңіл қара құйрықтан көлемді қойларға дейін болады. Тұқымдасты 53 туысы және 115 түрі бар 10 тұқымдас тармағына ажыратуға болады. Тістер жүйесінде жоғарғы күрек және жыртқыш тістері болмайд. Бұлардың бас терісінің бездері жақсы дамыған және де құйрығында және шабымен тұяқ аралырындағы бездері жақсы дамыған.
Дукерлар тұқымдас тармағы (Cephaiophihae).
Сипаттамасы: көлемді емес Африкандық бөкенге ұқсас, ең үлкен дегендері еліктің көлеміндей қояннан сәл үлкендеу болады. Мүйіздері қысқа, Артқы аяқтары алдынғыларынан сәл ұзынырақ. Тұқымдас тармағы 2 туысты біріктіреді: бұталы және орманды немесе айдарлы дукерлар.Таралуы: Африканы мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: Буаз болу мерзімі 4 ай шамасында. Аналығы 1- 2 төл туады. Ергежейлі бөкендер тұқымдас тармағы: (Neotraginae) .
Сипаттамасы: Тұяқты жануарлардың арасында ергежейлі. Биіктігі 25 см., салмағы 8 – 9, реңі бір келкі бұрыл құрсағы ақ түсті. Таралуы: Батыс Африкада . Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 6 ай шамасында тек бір ғана төл туады.
Винтмүйізді (Бұралған мүйізді) бөкендер тұқымдас тармағы (Tragelaphinae).
Сипаттамасы: орташа және ірі көлемді жануарлар мүйізі спираль етіп оралған. Тұқымдас тармағы 10 түрлі 4 туысты біріктіреді.
Үлкен куду (Tragelaphinae strepsiceros). Бұл сымбатты ірі бөкен, ашык көгілдір немесе сарғыш сұр түсті жанында жіншке ақ жолақтары болады. Басты әдемілігі мүйізінде спиральды мүйізі 1,5 метрге дейін жетеді.Таралуы: Африкада және Онтүстік Азияда. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7- 8 ай шамасынд. Халық шаруашылығындағы маңызы: Эвропалық және Американдық аншылардың басты олжасы
Төр мүйізді бөкен (Tetracerus quadricornis):
Сипаттамасы: Озінің атауының, аталығында 2 жұп мүйізінің болуымен қатар маңдай бөлігінің алдынғы жағында тағыда 2 жұп қысқа мүйізі болады. Үлкен емес сымбатты жануар бұрыл түсті, құрсақ бөлігі ақ түсті. Таралуы: орманның жайылымды жерлеррі қалың бұталы ормалдармен ауысып отыратын орындарды қалайды . Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 180 тәулік шамасында қаңтар немесе ақпан айларында аналығы 1 – 3 төл туады .
Сиыр тәрізді бөкен тұқымдас тармағы(Alcelaphinae). Кәдімгі бубалдарды (Alcelapnus), хиролдарды (Dama hunteri), гнуды (Connochaetes) біріктіреді
Сипаттамасы: кәдімгі бубалдар туысы (Alcelapnus) немесе конгалар(A buselapnus)–едәуір ірі бөкен. Реңі жирен, бір келкі. Жіңішкерген және ұзындау басы үлпілдеген құйрығы бар едәуір ірі бөкендер.Тұқымдас 3 туыс және 6 түрді біріктіреді.
Таралуы: Африка, Конго.орманы жоқ жазықтықтарды мекендейді. Конгондароте жақсы жүгіреді, тіпті жылқыларда жете алмайды.
Көбеюі және өсіп дамуы: буаздылығы 250 – 260 тәулікке созылады маусымда аналығы 1 – 2 лақ туады. Қызыл кітапқа еңгізілді.
Бубал немесе хирола (Dama hunteri).
Сипаттамасы: 100 см ұзындыққа дейін жетеді. Реңі жирендеу, көздерінің арасын қосатын ақ түсті көлденең жолағы бар. Мүйізі жіңішке және ұзындығы 66 см шамасында. Таралуы: Хирола 10-20 жануар болып топтап өмір сүреді. Құрғақ, қалың бұталы өскіндер өскен жерлерді мекендейді. Сипаттамасы: гну туысы (Connochaetes). Ірі көлемді жануарлар, ұзындығы 130-145 см., салмағы 250-270см шамасында. Түсінің жалпы реңі көгілдір-сұр түсті. Жануардың қабырға тұсында көлденең қаралау түстегі жолақтар өтеді. Таралуы: Шығыс және Оңтүстік Африканы мекендейді. Саванналарда және кең ауқымды төмендегі жазықтықтарда кездеседі.Көбеюі және өсіп дамуы: гнулардың шағылысу кезеңі сәуір айында басталады. Бұзаулау кезеңі ақпан-наурыз айларында болады.
Қылышмүйізді бөкендер тұқымдас тармағы (Nippotraginae).
Сипаттамасы : едәуір ірі өкілі-атты бөкен (Nippotraginae equinus). Биіктігі 160 см –ге дейін жетеді, салмағы 300 кг., қатты жалы бар жуан мойны бұл бөкенді атқа ұқсас етіп көрсетеді. Көлемді, өткір, түріктің қылышы сияқтанып бүгілген мүйізі 90-95 см дейін жетеді. Таралуы: Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу уақытының ұзақтығы 270-280 тәулікке созылады. Бір ғана бұзау туады.
Су текелері тұқымдас тармағы (Reduncinae). Тұқымдас тармағы 8 түрі бар 3 туысты біріктіреді.
Сипаттамасы: ересек бөкендердің биіктігі 120-130 см дейін жетеді, ал салмағы 250 ег. Мүйіздері ауыр салмақты, арасы кең қойылған, аша тәрізді, 1 м ұзындыққа дейін өседі. Түсі бурыл-сұр, жануардың сауырында ақ дақ болады.
Таралуы : Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді.
Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7-8 ай. Жалпы бұзаулау жауын-шашын кезеңінің басында басталады.
Қарақұйрықтар тұқымдас тармағы (Ahtilopihae). Тұқымдас тармағында 7 туыс, 19 түр бар. Сипаттамасы: қарақұйрықтардың аяқтары ұзын, бойының ұзындығы 100-120 см., салмағы 70-85 кг. Түсі біркелкі құмды сұр түсті немесе қоңыр. Басы қара және ашық түсті жолақты суреттермен салынып қойылғандай.
Джейран (G subgutturosa) – аяғы ұзын қарақұйрық, дене тұрқы 95-115 см., салмағы 18-33 кг. Аталықтарының мүйізі қара түсті, бүгілген.
Томсонның қарақұйрығы Тар
Таралуы : Иран, Ауғаныстанда, Монғолияда, Қазақстанда, Өзбекстанда және т.б.Көбеюі және өсіп дамуы: жыныстық жағынан 18-19 айлығында жетіледі. Буаз болу мерізімі 5,5 ай. Сәуір мен мамыр айларында туады.
Сайғақтар (киіктер) тұқымдас тармағы (Saiginae). Теке мен қара құйрық аралығындағы жануарлар.
Сипаттамасы: Дене тұрқы 100-145 см., биіктігі 55 – 80 см., салмағы 20-50кг. Сайғақтың ең көзге түсетін корнекісі Ауызының үстінен жұмсақ қозғалмалы томпайған мұрны. Мүйізі жартылай мөлдір ашық балауыз түсті, тігінен койылган тәрізді. Таралуы:Монголия, және Европаны т.б. мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтар лағын бір жасында туады.
Теке және қойлар тұқымдас тармағы (Caprinae). 11туыс және 16-20 түрді береді.
Сипаттамасы: Горал (Hemorhaedus goral) – жануардың денесі тығыз орналасқан, үй текесін еске түсіреді. Дене тұрқы 106-125 см, биіктігі 70-75 см., салмағы 32-42 кг. Мүйізі қара түсті, ұзындығы 10-23 см. Реңі жирендеу-бурыл немесе сұр. Мұрнынан басы арқылы қара жолақ өтеді.
Таралуы : Азия, Қытай, Корея, Тибетті мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 250-260 тәулік. Маусым айында аналығы 1 немес 2 лақ туады. Қызыл кітапқа енгізілген. Тау текелер туысы (Capra) 8 түрді және 20 түр тармағын біріктіреді.
Сипаттамасы: жануарлар орташа көлемді, денесі тығыз орналасқан, мықты аяқтары бар. Құйрығының төменгі жалаңаш бөлігіндегі безі жақсы дамыған , бұл без өткір иісті иіс бөледі. Аталықтарының мүйізі қара түсті, қылыш тәрізді бүгілген, л аналықтарының мүйізі қысқа. Таралуы: Түркия, Иран, Кавказ, Грузия, Азербайжан, Туркменияда таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: анылқтары мен аталықтары бір жылға таяу уақытта бөлек жүреді. Шағылысу мерзімі қараша айының ортасынан желтоқсан айына дейін жүреді. Сәуір-маусым айларының аяғына қарай аналықтары 1-2 лақ туады.
Арқар (Ovis ammon). Арқардың 10-11 түрі белігілі.
Сипаттамасы: Өте әдемі, сымбатты, денесі жеңіл жануар, аяқтары ұзын, мойны жіңішке және басы жоғары қарай қойылған. Кейбір түрлерінде мойны мен кеудесінде ілгіші бар. Түсі сары немесе қоңыр-сұр. Биіктігі 65-75 см., салмағы 20-4 кг . Таралуы : Үндістанда, тибетте, орталық азияда, қазақстанда, еуропа мен Қырымда кездеседі.
1 — меринос; 2 — романовді; з — каракуль; i — сириялық күйрықты
Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 155-170 тәулік. Наурыз айының ортасында сәуірде туады.
Қарлы қой, чубук (Ovis canadensis) арқардан айырмашылығы денесінің ауырлығында, мойыны қысқа және жуан. Дене тұрқы 148-182 см., биіктігі 95- 115 см., салмағы 70-140 кг.
Таралуы : Шығыс Сібірде, Камчаткада, таулы, таудың қиыр беткейлерін жақсы көреді. Көбеюі және өсіп дамуы: анылықтар жыныстық жағынан өздерінің өмірлерінің екінші жылында ғана жетіледі. Ал аталықтары шағылысуға үшінші жылы ғана түседі.
Бұқалар тұқымдас тармағы (Bovinae) . тұқымдас тармаққа 4 туыс және 10 түр кіреді.
Сипаттамасы : жартымүйізділердің ең ірі өкілдері. Көлемді дене тұрқын мықты аяқтары ұстап тұр, ауыр, үлкен, төмендеу орналасқан басында мүйіздері бар. Тұяқ арасында бездері жоқ. Түкті жамылғысы қысқа, денесіне жақсы бекіген. Таралуы : Азияда, Африкада, Еуропада, Америкада, Қазақстанда таралаған. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 275-315 тәулік. Көбеюі мерзімі белгілі бір жыл мезгіліне негізделмеген.
Бұл тұқымдас тармағына үнді буйволы, гаур, бантенг, як, тур, зубр жатады.
Аноа Индийялық буйвол
Бантенг Гаур
Як Тур
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтары:
1. жұптұяқтылар отряды, жартымүйізділер тұқымдасына сипаттамасын беріңдер.
2. Жүйеленуін атаңыздар
3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
4. көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?
Достарыңызбен бөлісу: |