Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда келесі түрлерін жаратады. Орташа орыс - Mustela erminea aestiva тобольдік- M. е. tobolica Алтайдық- М. е. iytnani Ферғандық- М. е. ferghanae , Жетісулық- М. е. shnitnikovi .
Горностой Перевязка
Тайра
Пятнистый хорек
Росомаха
Сипаттамасы: денесі жінішке біркелкі. Мойны қысқа және жуан. Құлақтары кең домалақтау, сыртқы жиегі 2, аяқтары қысқа, 5 барамқты, бармақ аясында түк пен қапталған жарғақтары бар табаны сүйелдерінен басқасы түкті келеді. Құйрығы денесінің 3 /4 бөлігіндей, жүні қысқа, денесіне бір келкі шыққан . Жаз мезгіілінде жаны, арқасы, басының жоғарғы жағы коңыр.
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10 – 12 (қосымша).
Сұрақтар:
Жыртқыштар отряды, сусар тұқысмдасына сипаттмам бериндер
Жүйеленуін атаныздар
Халық шаруашылығында маңызы қандай
Көбеюі мен өсіп – дамуы қалай жүреді:
10 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Мысық тәрізділер тұқымдасы (Felidaе)
Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасынына қысқаша сипаттама.
Тұқымдасты екі подсемейства, төрт туысқа және отыз жеті түрге ажыратады. Мысық тәрізділер – жыртқыштардың ішіндегі өздерінің жемтіктерін баспалап, қарауылдап, сирек аңдып аулаудан ең жақсы әдістенген жануарлардың бірі болып табылады. Денесінің ұындығы 50 -ден 380 см-ге дейін, құйрығы 10-нан 114 см, салмағы 1,5-тен 275 кг арылығында болады. Жыртқыш тістері ұзын, майысқан. Азу тістері өткір және кескіш болып келеді. Барлық мысық тәрізділер жер үсті өмір салтынмен өмір сүреді. Олар орман, сирек шөл даланы, саванналар мен тауларды мекендейді. Мысық тәрізділердің арасында жақсы жылдам жүгіретіндері де кездеседі. Олардың барлығы бармақтарымен жүреді. Тек жануарлармен ғана қоректенеді.
Көбінесе дараланып немесе топтап, ал арыстандар 20 особьке дейін не одан да коп топтармен өмір сүреді. Буаз болу кезеңі 55-270 тәулікке дейін созылады. Балалары соқыр және әлсіз болып туылады. Көп түрлерінің аналықтары 12-15 айдан кейін жыныстық есейеді. Өмір сүру ұзақтығы 30 жыл.
Орман мысығының суреті
Орман мысығы – Felinae silvestris, кейде еуропалық немесе жабайы мысық деп те атайды. Сыртқы келбеті бойынша кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене тұрқы 75-80 см, құйрығы 30-34 см, салмағы 6 – 10 кг шамасында.
Батыс Еуропа, Шотландия, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Орман мысығы таулы ормандада және аралас ормандарда өмір сүреді. Буаз болу мерзімі 63-68 тәулікке созылады. 3-8 жас мысық туады. 9- 11 күнде өсіп жетіледі.
Дала мысығы- Felinae Lybica. Сыртықы көрінісі бойынша үй мысығына ұқсайды, сәл ған үлкендеу және реңі басқа. Дене тұрқы 63-70 см, құйрығы сұр-сарғыштау 23-33 см. Қысқы жүнінің жалпы реңі арқасы мен жанында қара дақтары бар сұрғылтым-сарғыш. Құйрығында бірнеше қара сақиналары бар. Таралу ареалы: Орташа және орталық Азия, Қытай, Армения, Урал, Қазақстан. Қара сексеуіл өсетін құмды шөлдерде, сазды көлдері бар бұталы жазықтықтарда мекендейді. Негізінен ұсақ тышқанрмен, ондатрмен, тушканчиками және т.б. қоректенеді. Шағылысу –қаңтар-наурыз айларында өтеді. 5-10 жас мысық туады.
Шағыл мысығы-Felinae margarita. Мысық тәрізділерге жататын түр. Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай түбегінде, Сахараның солтүстігі мен Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі. Ал қазақстанда Маңғыста түбегінің бұйратты құмдары мен шағылдарында және Қызылқұмды мекендейді. Дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. арқасы мен бүйірі құм тектес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Қоныс тепкен жерлерінде ін қазады, кейде түлкі, қарсақтың ескі індерін де пайдалана береді. Ұсақ кеміргіштермен (қосаяқтар, құмтышқандар), кейде бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді. Корегін аулауға түнде шығады. Шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық туады. Құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Шағыл мысығының саны қай жерде де аз, қазақстанда 1952-55 ж. Оның 6 дарабасы ұсталғаны туралы деректен басқа мәлімет жоқ. Республикада Үстірт және Ақтау-Бозашы қорықшыларында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қамыс мысығы-Felinae chaus. Басқа мысықтарға қарағанда ірілеу келеді, мөлшері 73-75 см аралығында, салмағы 16 кг дейін. Денесі салыстырмалы алғанда қысқа, аяқтары биік, құйрығы ұзын емес, құлағында кішілеу шашақтары немесе тұлымы бар. Өзен көл бойындағы қопалар мен тоғайларды мекендейді. Құм қояны кеміргіштер, су құстарымен қоректенеді. Жемін көбіне түнде аулайды. Жылына бір рет қаңтар-сәуір айларында мауығып, мамырда 3-5 мысық табады. 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қамыс мысығының терісі аса бағалы емес, сондықтан оның шаруашылық маңызы шамалы. Ауыл шаруашылықтарына зиян келтіреді.
Манул- Felinae manul. Қысқа жуан аяқтары бар үй мысығына ұқсайды. Басы нығырлау келген, құлақтары домалақтанған, құйрығы өте жуан. Дене тұрқы 52- 65 см, құйрығының ұзындығы 21-25 см. Манул санаулы ғана, сол себептен қызыл кітапқа енгізілген.
Пума
Достарыңызбен бөлісу: |