ПОӘК 042-18. 22. 1/03-2013 2013 ж. № басылым


Бамбук егеуқұйрық тұқымдасы



бет3/11
Дата15.09.2017
өлшемі6,48 Mb.
#33895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бамбук егеуқұйрық тұқымдасы.

Сипаттамасы: денесі көлемді, басы домалақ, көздерік кішкентай, құлақ қалқаны жетілмеген жүні әр түрлі құрылымды. Таралуы. Африка, Үндістан, Қытай және т.б. жерлерде. Көбеюі және өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 21 тәулік, аналық 3-5 бала туады.

Көртышқандар тұқымдасы.



Сипаттамасы жер астында өмір сүруге бейім. Дене мөлшері орташа, ұзындығы 20-30 см. Құйрығы сыртқа шықпайды. Құлақ қалқаны жоқ. Басы үлкен. Жүні ұзын емес, бірақ қалың. Аяғы қысқа, білегі мен табаны жалпақ. Топырақ қазудағы басты мүшесі аяғы емес күрек тістері. Таралуы: Африка, Азия, Таяу Шығыс елдерінде Песчанковые сыртқы келбеті жағынан көртышқандарға немесе тышқандарға ұқсайды. 102 түрі белгілі, олар 13 топқа топтастырылған. Ергежейлі, қызыл құйрықты т.б. түрлерін ажыратады.

Дене ұзындығы 10 см дейін, құйрығы 12 см-дей, ұшында сыпыртқы басы сияқтысы бар. Жалпы сарғыш-сұр, жирендеу түсті. Табаны жүнмен қапталған.

Әдебиетер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Сұрақтар:

1. Тышқан тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер

2. Жүйеленуін атаңыздар

3. Халықшаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?



5 - тақырып. Жыртқыштар отряды (CARNIVORA). Иттер тұқымдасы (CANIDA). Қасқыр және қорқау түрі.

Жыртқыштар отрядына сипаттама. Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау түрі.

Бұл тұқымдастың өкілдерінің дене көлемі орташа, аяқтары ұзын, саусақтарымен басып тез қозғалатын ұзын тұмсықты, әдетте құйрығы ұзын жүнбесті болып келеді. Алдыңғы аяғы 5 бармақты, артқысы 4 бармақты тырнақтары моқал. Жыртқыш тістер мен шошақ тістері жақсы дамыған. Иттер тұқымдасының өкілдері көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Систематикалық ерекшелігі бойынша үлкен орын алады, олар аюлар тұқымдасы мен жанаттар тұқымдасына жақын. Иттер тұқымдасы Антарктикадан басқа барлық жерге таралған. Қазақстанда 2 түрі-қасқыр және қорқау қасқыр таралған. Отрядқа жануарларды азық көзі ретінде пайдалануға бейімделген сүтқоректілер жатады. Көлемі орташа, бірақ ірі түрлері де кездеседі (жолбарыс, ақ аю). Дене көлемі кіші жыртқыштарға ақ күзен, ақ кістерді жатқызуға болады. Көпшіл жыртқыштар құрлық жануарлары болғанмен, жартылай суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Бас сүйегі әр түрлі пішінде: кейбір түрлерінде бет әлпеті алдыға созылыңқы болса, енді біреулерінде қысқа бірақ ми сауыты дамыған. Үлкен ми сыңарларында иірімдер айқын байқалады. Төрт тіс типтері де түбірімен дамыған, күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы дамыған, ұзын және өткір. Үстіңгі жақтың соңғы жалған азу тістері мен бірінші азу тістері айқын байқалып жақсы формада дамыған. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табанды, жартылай табанды және төрт немесе бес болып келетін бармақты жақсы дамыған сүйек болып келеді. Бұғанасы кейбіреулерінде рудимент түрінде болады немесе мүлде болмайды. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысындай немесе одан да ұзын), сирек қысқарақ болады. Денесі түктермен қапталған. Аталық бездері құрсақ бөлімінде орналасқан. Жатыры екі ұшты. Жыныстық диморфизм көпшілігінде әлсіз дамыған, немесе тіпті болмайды. Сезім мүшелерінің жақсы дамығаны есту мен иіс сезу мүшелері өру мүшесі. Көптеген жыртқыштар жылына бір ұрпақ әкелсе, кейбір түрлері екі жылда бір бала туады. Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың арасында бағалы терілі аңдар да (бұлғын), спорттық және кәсіптік аңшылық объектілері де кездеседі. Бір түрлері малшаруашылығына зиян тигізіп, әр түрлі ауру таратушылар болса, енді біреулері ауылшаруашылығына зиянды кемірушілердің санын реттеуші болып табылады. ТМД да 6, Қазақстанда 5 тұқымдас мекен етеді.



Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus

Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда жануардың 4 түр тармағы кездеседі: сібірлік орман қасқыры (C. aliaicus), дала қасқыры (C. catpe-stris)- батыс және орталық Қазақстанда, шөлді жердің қасқыры (C. desertorum)- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жазық бөлігінде тибеттік қасқыр (C.chanco). Сипаттамасы: сымбатты, күшті, үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, ірі овчаркаға ұқсайды. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.

Сібірлік қасқыр-ең ірі және бассүйегі көлемді келеді. Дала қасқыры дене пішіні жағынан сібірлік қасқыр мен шөл қасқырдың арасында, ал шөл қасқыры-ең кішісі: Ересек аналықтардың салмағы 25-28, аталықтарының салмағы 28-38 кг шамасында. Басүйегі кішкентай, ростралды бөлігінде сәл созылыңқы келеді. Көбінің түсі ашық сұр түсті болады, кейбіреулерінде қылшықтарының ұшы қара түсті болып келеді. Желке тұсында және құлағының сыртқы бөлігінде жирен түске ауысады. Жүні басқа түр тармаққа қарағанда қатты және азырақ сәнді болады. Тибеттік қасқыр, дала қасқыры сияқты, сібірлік және шөлді қасқыр арасында орташа көлемді болып келеді. Арқасы тегіс, желке тұсы жоғары, артқы бөлігі жалпақтау және төмен орналасқан. Кеудесі үлкен, ауыр, күшті жақтары үлкен, мұрны ұзын, кең маңдайлы. Көздері алшақ орналасқан, үлкен емес, сәл қиқарлау келеді. Құлақтары үлкен емес, үшбұрыш пішінді, ұштары үшкірлеу келеді, алға қарай бағытталған, аралары алшақ.




Қасқыр
Құйрығы үлкен, серпімділік буынына дейін түседі. Қыста жүні сәнді, ал шөлді қасқырдың жүні қатты болады. Жыл мезгіліне байланысты жүнінің түсінде айырмашылық байқалмайды. Шөл қасқырының бас сүйегі ірі және көлемді. Бет жағы мықты тістерінің орналасуына байланысты ұзыншақ, миы үлкен емес. Тістері өте күшті, жыртқыш тістері үлкен, тістері аса ұзын емес, бірақ негізі жалпақ келеді. Апанын адам аз жерлерде борсықтың, түлкінің інін кеңітіп (1-2 м), таудың беткейінде, жыраларда кездеседі. Таралуы. Қасқыр еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. ТМД-да барлық жерлерде кездеседі. Қасқыр көбінесе ірі және орташа көлемді жемтіктермен, үй жануарларымен қоректенеді. Қазақстан территориясында қасқыр барлық жерінде кездеседі, бірақ біркелкі емес. Бұл жыртқыштар сулы және қорек бар жерде ғана жүреді. Қасқырлар өзінің ареалында санын өздері ретейді. Бұл табиғат санитар, себебі кез келген жыртқыш сияқты біріншіден, ауру немесе әлсіз жануарлармен коректенеді, яғни табиғаттағы табиғи сұрыптаудың маңызды факторы болып табылады. Қабан, құлан, елік қасқырдың негізгі жемтігі болып табылады. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Жаз мезгілінде қасқыр өзін және бөлтірігін саршұнақпен, сұртышқанмен асырайды, ал қыста үй жануарларына шабады. Көбеюі және өсу шегі. Ересек қаншық қасқырдың күйлеуі шағылысуға дейін 1 ай бұрын бастайды (2-ден 6 апта). Кейбір аналықтар наурыз айының бірінші жартысында шағылыса алады. Жас аналықтар жорыққа 22 айында шығады және шағылысу ересек аналықтарға қарағанда 7-14 күн кешігеді. Қасқырдың иттермен шағылысу жағдайлары да кездеседі. Қасқырлар өзара шағлысады: ата-ана х бала, бауыр х қарындас. Жануарлар бірін-бірі иіскеп, мұрындарымен бір-бірін итеріп, тістерімен терісін тістейді. Қаншық қасқырдың жүктілігі 62-63 күн шамасында. Аналықтар 22 айында жыныстық жетіледі. Халықшаруашылығындағы маңызы. Адамдардың жыртқыштарға деген көз қарасы теріс. Қасқыр мал шаруашылығына көп теріс әсерін тигізеді, жыл бойына малға шабады. Қасқырды қазіргі кезде жүн алу мақсатында көп пайдаланбайды, бірақ қасқыр жүнінің тауарлық бағасы жоғары. Бұдан жасалған бұйымдардың өткен уақыттарда маңызыз зор болатын. Қазіргі уақытта қасқыр терісі көне заманның бұйымы ретінде қабылданады және унты, тұлұп т.б. тігуде таптырмас материал болып табылады. Қорқау қасқыр-Canis auerus Linnaeus.

Систематикасы (жүйеленуі): қазіргі уақытта қорқау қасқырдың 4 түрі эфиопиялық (C.simensis Ruppel), жолақты (C.adustus Sundevall), чепрачный (C.mesomelas Schreber) және қорқау (Canis auerus Linnaeus). Бірінші 3 түрі Африкада мекендейді, соңғысы Африкада, Еуропада және Азияды. ТМД территориясында 1 түрі-қорқау қасқырдың 2 түр тармағы кездеседі. Бұлардан Қазақстанда қорқау қасқыр таралған. Сипаттамасы: Қорқау қасқыр — ірі сүтқоректілердің өлекселерін жеп, тіршілік етеді. Сырт белгілері бойынша қасқырға ұқсайды. Мөлшері қасқырдан еі есе кіші. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзындау, жерді қазып, кемген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Емшегі 5 жұп. Жоғарғы ерінінің төмені бөлігі, басының төменгі жағы және тамағының алдыңғы бөлігі ақшыл-қызғылт түсті, мұрны көзіне дейінгі аралықта ақшыл қоңыр сұр түісті, арқасы көзге жақсы көрінетін дағы бар сұр, құйрығының үсті жирендеу, орта шені ашық түсті және төменгі бөлігі қара түсті. Бассүйегі қасқырдыкіне ұқсайды, бірақ бас сүйегі ұсақ және көлемі кіші.

Қорқау қасқыр


Таралуы: Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Бізде Кавказ маңыда және Орта Азияның оңтүстігінде бір түрі — теңбіл қорқау қасқыр кездеседі. Апандары өсімдік бұталарымен, жапрақтарымен және бұталы өсімдіктер шырмауықпен жақсы оралып жауын-шашын өткізбейтіндей жақсы қорған бола алады. Көбеюі және өсу шегі. Қорқау 1 жылда 1 ұрпақ береді. 9 айында жыныстық жетіледі. Аналықтар 10 айында шағылыса береді. Балаларын көздері жабық күйінде, тіссіз туады. Халықшаруашылығындағы маңызы.

Терісі сапасы жағынан қасқырдікінен төмен, жылуды жақсы ұстайды, тері салмағының жеңілдігімен бағаланады. Өндірісте терісінен малақай, жаға, тон тігуге пайдаланады. Бұзау, лақ, қозыға шабады. Елді мекендерде құстарды ұрлайды.

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Сұрақтар:



  1. Жыртқыштар отрядына сипаттама бер

  2. Систематикасын (жүйеленуін) атаңдар

  3. Халықшаруашылығында маңызы қандай?

  4. Көбеюі мен өсу шегі қалай жүреді?

  5. Қасқырдың қорқау қасқырдан қандай айырмашылығы бар?

6 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысы (VULPES OKEN).

Түлкі Vulpes vulpes Linnaeus.

Системетикасы (жүйеленуі): дене мөлшері кішілеу (денесінің ұзындығы 70-77 см, салмағы 6 – 7 кг) және құйрығы ұзын (55 см-ге дейін) үлпілдек, ұшы ақ аяқтары қысқалау болып келеді. Құлақтары үлкен, ұштары үшкір келеді. Түлкінің естуі, иіс сезу қабілеті ерекше жақсы дамыған бірақ көруі әлсіз. Аяғындағы бармақ сүйелдері үлкен емес. Түлкі терісінің бояуы ашық сары түстенсұо-қызыл қошқыл түске дейін өзгереді. Қазақстандық түлкінің түкті жамылғысы үлпілдек, түсі ашық сары. Қарны мен құрсағы ақ түсті, ал аяқтары қаралау сұр жолақты болып келеді. Ірі түлкі – караганка. Бұндай түлкі түрі қызылқұм, мойынқұм және ....... шол даларында кездеседі. Бұл итүлкінің басқа түрінен ерекшелігі мынада: түкті жамылғысы қатты және ұзын болады, құйрығы ұзын, ұшы әлсіз ақ түсті және де тамағы мен кеудесі ақ реңге боялған болады. Сиппатамасы: басқа түрлермен салыстырғанда дене бітімі ірі келеді. Денесінің ұзындығы 52-77см, ал құйрығы 39-5см. Еркегінің салмағы 3,3-6,8, ұрғашысы 3,3-6,0кг аралығында болады. Жүннің жоғары жағы қызыл- қошқыл түстен ақшыл сары сұрлау түске және қара араласқанға дейін өзгереді көбіне тамағы мен кудесі, денесінің алдыңғы бөлігі, құйрығы лас ақ түсті болып келеді, кейде қаралау немесе тіптен қара түсті болады. Біріқ құйрығының ұшы әр уақытта ақ түсті. Таралуы: Бүкіл Еуропада, Африкада, Азияның көп бөлігінде, және солтүстік Америкада таралған. Біздің Республикамызда Альпы тауынан шөлге дейін, дала мен орман далада, яғни Республикамыздың барлық жерінде кездеседі дерлік..








Караганка Ақ түлкі

Түлкілердің арасында өздерінің жүнінің түсін өзгертетіндер кездеседі. Оларда денесінің жоғарғы бөлігі қаралау, ал төменгі бөлігі қара сұр, кейде тіпті қара түсті, арқасында крест тәрізді қара суреті бар түрлері кездеседі. Тағы бір түрі бар оның арқасындағы крест тәрізді суреті қара бұрыл түсті, ал денесінің төменгі бөлігіәрқшанда қара түсті болады. Оларды кресті түлкілер деп атайды. Сонымен қатар бүкіл денесі қара түсті, кейде бұрыл рен кездесетін түрі болады. Бұрыл рен көбінесе қабырғасанда, аяғында көрінелі, ал қошқыл түс мүлдем болмайды. Жүндерінің түсін өзгертіп тұратын түлкілер қазақстанда жиі, ал крестілер, серебрянка және қара бұрыл түлкі сирек кездеседі. Түлеу: Түлкі жылына 1 рет түлейді. Онтүстік Қазақстанда көктемгі түлеу кезеңі ақпанның ортасында – ақ байқалады. Бірқалыпты түлеу кезінде ескі жүн уыс – уыс болып толық түсіп, орнына жана түк өсіп шығады. Жаз бойы түлкі жүнінң бір қабаты ғана өседі. Сол себептен жүні жұқа және қатты болады. Күзге қарай мамық жүні өсе бастайды кейін жүні ақырындап қалындап, қазақстанның онтүстік бөлігінде қарашаның бірінде, солтүстікте- 15 қарай қалыптасады. Тұрақты орны және уақытша тығылатын жері. Інің өзі қазады немесе борсықтыкін тартып алады. Інінің бір неше есіктері, ұзың дәріздері болады, олардың бәрі ең түпкі ұяға барып тіреледі. Інің көл жағасына, жайылым жерлерде қазады. Мезгілге байланысты тәуліктік күн көруі. Мінез құлқы. Түлкінің белсенділігі азығына байланысты. Көбінесе бұл жыртқыш кеш қарайғанда шығады жәнеде азығы коп болады қарыны тоқ болса, түн ортасына қарай дем алады. Танға жуық қайта жорыққа шығады, сосын түске қарай, күндіз тағы дем алады. Өз азығын белсенді түрде кеш мезгілінде 17-22 сағат аралығында іздейді. Ерте коктемде жорыққа күндізде шыға береді. Тіптен түлкіні қатты аязында жорыққа шыққаның байқадық. Бұлар ұсақ кеміргіштермен, көбіне тышқандармен қоректенеді, сонымен қатар жерде ұялайтын құстардың ұяларын бұзады, майда құстарды ұстайды. Қоңыр күзбен қыста жануарлар қорегі аз боғанда, әр- түрлі жеміспен шырынды өсімдіктерді жейді. Мысалы қант қызылшасының қалған түбіртегін кеміреді.



Көбеюі және өсіп дамуы. Түлкі 49 -58 кун аралығында жиірек 52 кун буаз болады.

Әр күшіктегенде 4 -6 , кейде тіпті 12 ге дейін туады. Оларды ата – анасы бірге тәрбиелейді. Күшіктері әлсіз, соқыр, тіссіз және есту қабілеті жетілмей туады. Салмағы 100 – 115г аралығында, дене ұзындығы 10 -15 см құйрығы 3,4 -3,5 см болады. 1,5 -2,5 айлықтарында жорыққа шығып кетеді. Түлкі жұптасып тіршілік етеді. Күйлеу уақыты қаңтар- ақпан айлары. 50 – 60 күннен кейін аналығы арнайы апанда 15-ке дейін жәутігін әкеледі. Халық шаруашылығындағы маңызы: кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл шаруашылығына оң әсер етеді. Орман далада Солтүстік Қазақстанда жылына 2000тышқан тектестерді құртады. Түдкі терісі бағалы аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» түлкі терісінен жасалады. 50-60 жыл бұрын Қазақстанда жылына 100 мың түлкі терісі дайындалатын, ал 1985 жылы 2 мыңнан аспады.

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Сұрақтар:

1.Жыртқыштар отрядына, иттер тұқымдасы түлкі туысына сипаттама беріндер?

2.Жүйеленуін айтып беріндер?

3.Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4.Кобеюі өсіп дамуы қалай жүреді?



7 тақырып. Жыртқыштар отряды жанат тәрізділер тұқымдасы (PROCYONIDAE).
Жыртқыштар отрядының және жанат тұқымдасының сипаттамасы:

Жануарлар әр түрлі көлемді, салмағы 0,8 ден 160 кг ға дейін болады. Сыртқы келбеті жақсы ерекшеленеді: кейбір түрлері мысықты, түлкіні, жанат тәрізді итті, аюды еске түсіреді. Мұндай жануарлардың ерні және мұрны қозғалмалы тұмсық (хобот). Тұқымдастың ең ірі өкілі гиганттық панда – денесінің құрылысына қарай орташа көлемді, аюға ұқсайды. Басы әр түрлі формалы, болек түрлерінің беткі бөлігі созылынқы басқаларыныкі қысқа. Құлақтары қысқа сәл домалақ келген, аяқтарында 5 бармақ болады. Табаны кобінесе жалаңаш. Үшінші бармағы ұзыншақ келеді. Тырнақтары қысқа, бүктелген және жанынан қысылған. Көп түрлерінде тартылмыған. Түкті жамылғысы жақсы дамыған қалын және биік. Түсі бір қалыпты сары немесе бұрыл ашық жирен және қара түс аралас болып келеді. Бас сүйегі әр түрлі формалы, ми қорабы және бет бөлімі жақсы жетілген қысқадан ұзынға дейін. Жыртқыш тістері кішікентай және ірі болады. Азу тістері өткір емес. Көп түрлері (гиганттық пандадан басқалары) ағашқа жақсы өрмелейді, ал кинкожу өзінің өмір сүру кезенің ағашта өткізеді. Тұқымдас ареалы 2 бөлімшеден тұрады: бірінші бөлігі солтүстік. Американың үлкен бөлігін, орталық және Онтүстік Американы, ал екінші бөлігі онтүстік Шығыс Азияның Гималай ауданыны, Непал және Сикким, жоғары Бирманы, Юньань, Гань-Су шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Тұқымдас 8 туыс және 15 түрді құрайды, олардың 2 туысы онтүстік шығыс Азияны мекендейді.

Жаннат туысы— PROCYON STORR.

Жаннат туысы орташа көлемді жануарлар. Денесінің ұзындығы 41-60, құйрығы 20-40 см , салмағы 15-22кг. Денесі сәйкесінше қысқа, аяқтары ұзын, басы, бет бөлігі жалпақ, құлағы сәл домалақтау, көздері үлкен, азу тістері жалпақ. Аяғы бес бармақты, бармақ арасы жарғақпен қосылған. Білегі мен табаны қысқа, түкпен қапталған бұл түктер денсіндегі түктерден қатты еркшеленеді. Түкті жамылғысы қалың үлпілдек келеді.



Систиматикасы (жүйеленуі): үлпілдек жүнді, қысқа аяқты, орташа мөлшердегі жануарлар, мөлшері және түсінің ерекшелігіне қарай жанат тәрізді итті еске түсіреді. Құлақтары үлкен ұш жағы домалақтау, қыс мезгіліндегі жүнінің түсі бұрыл-сұр, жирен және қызылдау ренді, күнгірт. Жүнінің ұш жағы қаралау болғандықтан терісі ұсақ шымырлау келеді. Денесінің төменгі бөлігі ашық түсті, білегі мен табаны ашықтау тіпті ақ түсті түктермен қапталған. Бармақтары терен ойылған, құйрығында 5-7 ге дейін қара немесе бұрыл түсті сақиналары бар. Басы сұр түсті. Құлақтарында негізінен артқы болігінде үлкен емес қара дақтары бар. Жанаттың бас сүйегі үлкен ми қорабымен ерекшеленеді, мұрын сүйектері қысқа және жалпақ, есту барабаны домалақ формалы. Жыртқыш тістері ұзын емес жоғарғы тістері түзу төменгілері сәл бүгілген. Төртінші және бірінші жоғарғы азу тістері бірдей ал екінші азу тістері біріншісінен екі есе кіші аталығыныңдене ұзындығы 435-545 аналығы 410-570 мм. Аталығының құйрық ұзындығы 200 – 405, аналығыныкі 192-340 мм. Жануарлардың салмағы жыл мезгіліне байланысты ауысып отырады 5,4 – 15,75 кг.ға дейін тіптен 22,2 кг. ға дейін өседі.

.

Енот



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет