Ірі малдарды жатқан күйінде және көтеріп бекемдеу
Көптеген жағдайларда, малды жатқан күйінде бекемдеп ветеринарлық жәрдем көрсетуге тура келеді (пішкенде, тұяқ тазалағанда, кейбір операцияларда т.б.). Ол үшін малдың аяқтарын, басын матап байлайды. Қысқа арқанмен алдыңғы және артқы аяқтарын буады немесе бөлек-бөлек байласа да жөн, мысалы алдыңгы аяқта-рымен бірге бір артқы ӘЯРЫН байлайды, тағы сол сияқты жәрдем көрсетілетін жерге байланысты бекемдейміз.
10-сурет. Ірі қараның алдыңры аяқтарын бекітіп тастау әдістері а) бұрау салу; б) тұяқтың көмегімен; в) арқанмен тұзақтау.
Ірі қара аяғына ветеринарлық жәрдем көрсетілгенде бекемдеуге Родин бұрғысын қолдануға болады. Ол үшін ұзындығы 50 см бұрғы басындағы тұтқа сияқты тесікке орнатылған аяқтың көмегімен жерге бекітіледі. Бұрғының бас бөлігін жұмсақ былғарымен, басқа да қолда бар заттармен орайды. Мал аяқтарын мықтап байлап тастауға да болады. Бекемделген мал жұлқынып тынышсыздана бастаса қайыс немесе арқан босатылады.
Малды жығу әдістері
Ветеринарлық жәрдем ұзаққа созылатын болса немесе күрделі емдік операциялар жасағанда малды жатқызып бекемдеген дұрыс. Ол үшін оларды әр түрлі әдістерді қолданып жығады. Ең алдымен жықпастан бұрын, оларды жығатын жерді дайындайды. Ондай орындар бөгде заттардан (металл, шыны қалдықтары, өткір тастар, улы сұйықтар төгілген және тағы басқа малдың денесіне қолайсыз жерлер) тазартылған болу керек. Шаруашылық жардайында ірі малды сабан, күріш үгіндісі, пішен, брезент, матрас сияқты жұмсақ нәрселерді төсеп жығады.
Ірі қараны жығу әдістері
Салмары ауыр 300-400 кг ірі қараны Гесстің әдісімен жығу қолайлы әдістердің бірі болып табылады.
11-сурет. Ірі қараны жығу а)Гесстің әдісімен, 6) Кавказдық әдіспен
12 сурет. Ірі қараны жығудың кавказдық әдісі.
Ол үшін ұзындығы 10-12 метрлік арқанның бір ұшын малдың мүйізінен шалып, кеудесінен, шап маңынан орап, арқасын қуалай жауырыны мен құймышағын ала екі тұзақ жасайды. Содан соң арқанды малдың оң жағынан орап шалады, егер оны сол жағына қарай жығатын болса - сол жағына, оң жағына жығу керек болса -оң жағына көрсетілген тәртіппен қолданады. Артқы аумақтағы тұзақтың сүт безінің алдыңғы жағынан алынғаны жөн, өйткені желінге зақым келмеуін ескеруіміз керек. Сол сияқты бұқаның жыныс мүшесі мен күпегінің жарақаттанбауын да ескерген жөн. Ұзындығы 2 -3 м екінші арқанның екі ұшын бекемдеуші мал құлағанша тартады. Осы кезде үшінші бекемдеуші малдың басын төмен тұқырта басады. Мал жығылған соң сақтықпен аяқтарын байлап, арқанды тартпай босату керек. Өйткені малдың босанып, тұрып кетуі де ықтимал (11-сурет).
Жылқыны бекемдеу. Басқа мал түліктеріне қарағанда бір шама өзгешелеу. Аталған малдың ерекшелігіне байланысты (шапшаңдығы, асаулығы т.б.) артқы аяғымен теуіп қалудан, тарпып жіберуден сақтану керек, ал кейбір жылқының алдынғы аяғымен тарпып, басымен со\ғуы, тістеуі және шапшып басып кетуі де мүмкін. Сондай-ақ бекемдеушіні немесе жәрдем көрсетуші адамды асау мал денесімен де қораның қабырғасына, бағанаға және басқа нәрселердің арасына қысып қауіп төндіретінін де ескергеніміз жөн. Жылқыны бекемдеу алдында оның мінезін, қызбалығын байқау керек. Мінезі шәлкес жылқыра қатал және батыл, ал үркек малға сабырлылықпен келген дұрыс. Жылқылапға жақын келгенде оның мінез-құлқына назар аудару керек. Егер жылқы құлағын жыми-тып, мойнын созып, тісін қайраса, оның тістеп алуы мүмкін, басын төмен салып, құлағын қайшылап жан-жағына осқыра қараса, онда теуіп жіберуінен сақтану керек. Жылқының денесіне, әсіресе артқы жағынан келіп кенеттен ветеринарлық жәрдем жасау қауіптілеу. Жылқы үркіп, өзіне және айналасындағыларға зақым жасауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін ветеринарлық көмек көрсеткен кезде, қорада немесе мал мекенінде тұрған жылқыға «құр-құрлап» дыбыс береді, сөйтіп денесін (сауырын, жауырын маңын) сипап, біртіндеп жақындап, содан соң жұмыс жасауға кіріседі. Аталған мал қоршалған шарбақта, ат қорада бос жүрсе немесе байлаулы тұрса, оны шақырып, зерттеуші бір қолымен жүгенінен, жал маңынан сипап, ал екінші қолымен мойнын және денесінің басқа жерлерін ұстайды. Содан соң, қажетті зерттеуге және ветеринарлық жәрдем керсетуге кіріседі. Техникалық қауіпсіздігін сақтау үшін, кейбір жардайларда бекемдеушінің бірі жылқыны мықтап ұстап тұрғаны жөн.
Жылқының басын ұстап, аяқтарын бекемдеу. Жылқыны бекемдеудің әр түрлі әдістері белгілі. Жылқыны тұрған қалпында бекемдеген дұрыс. Бекемдеуші жылқының алдыңры жағынан келіп бір алдыңғы аяғын бүгіп ұстауға болады. Бұл бекемдеу әдісі әрине, емдеу манипуляциясы қысқа мерзімде көрсетілсе немесе ауруды анықтағанда қолданылады. Жылқыны зерттеу немесе ветеринарлық жәрдем көрсету үшін кейде басын ұстап бекемдесе де жеткілікті. Ол аталған малдың үстіңгі ерніне бұрау салып, ноқталап, жүгенінен ұстайды. Кейде жүгеннің кеңсіріктігін қаттырақ қыса тартып және шылбырмен тұмсығын орап, темен қарай жұлқи тартса, мал тыныш тұрады. Асау, құрық тимеген үркек жылқының артқы аяғының тұсамыс буынынан төменірек шығыршыгы бар белдік байланады. Арқанның бір ұшын жылқының құйрығына байлайды, одан шыққан жіптің екінші ұшын шырыршықтан өткізіп екі кісі екі жаққа артқы аяқты тартып тұрады. Бекемдеген соң көзін байлап тастаған да жөн. Жылқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде тыныш тұру үшін оның алдымен жүгенінен немесе жалынан ұстап, ал алдынғы аяғының тізесін бекемдеуші қолымен бүгіп ұстап, басын жоғары көтереді. Бекемдеудің басқа әдісі - жылқының артқы аяғын кейін тартып, бекемдеуші тізесінің үстіне қойып немесе жуас мал болса екі тақымының арасына қысып ұстайды.
Жылқының артқы аяғын көтеріп тұсап, өзінің құйрырына байлап қойып, арқанды екі бағытқа тартып ұстап бекемдеуге де болады (12 - сурет).
12-сурөт. Жылқының артқы аяқтарын баилап бекіту а) аяқтың арасына қысып; 6) арқанмен тарту.
Жылқының аяқтарын да ірі қараның аяқтары сияқты тұсап қояды. Қажет болған кезде малды бекемдеу үшін арнайы станоктарды да пайдалануға болады.
Жылқыны жығу әдісі. Ауылдық жерлерде жарақаттанып қалған малға жедел ветеринарлық жәрдем көрсету керек болған жағдайда, дұрыс әрі тиімді ем көрсету керек болған жағдайда, жылқыны жығады. Жықпастан бұрын жығатын жерді дайындап алу керек. Ол үшін жерге ағаш үгіндісі, сабан тағы басқа нәрселерді төсеп, мал жығылғанда денесіне бөгде заттар батпайтындай және мал жерге құлағанда қатты соғылмайтындай жағдай жасау керек. Жылқыны жығудың әр түрлі әдістері (орысша, берлиндік және ағылшынша) бар. Аталған малды жығу әдістерінің бірі -орыс әдісі. Бұл жығу әдісімен бір-екі бекемдеуші бір жығу белдігімен (повал ремені) орындайды. Темірден шығыршығы бар белдіктің ұзындығы 8 – 10 м, диаметрі 8-10 см болуы керек, арқанды қолданғанда шығыршық орнына кең дұзақ қолдануға да болады. Малды жығу үшін шырыршық арқылы белдіктің ұшын екі дүркін кигізіп, осыдан пайда болған тұзақты қамыт сияқты етіп жылқының мойнына кигізеді. Шырыршық малдың денесіне жабысып, иығының деңгейінде болып, жылқыны жығатын жағына қарай икемдеп, белдікті бауырын ала өткізіп, артқы жағынан іліп алу керек. Белдіктің ұшын қайтадан тұзақтың өн бойымен арқасы арқылы шалып алып, ұшын бекемдеуші тұрған қарсы жағына шығарады. Ал белдіктің ұшын ақырын сақтықпен артқы аяқтың топай буынынан орап алған қалпында бауырына қарай тартады. Осы мезгілде екінші бекемдеуші жұгеннің тізгінін тартып, жылқының басын дұзақ салған жаққа қарай бағыттап, өз шынтағымен қысып ұстайды. Осыдан жылқы абыржып, оның кеңістіктегі тепе-теңдігі бұзылып, бойын билей алмай құлауға мәжбүр болады. Мал жығылған соң дереу басын басып, аяқтарына сақтықпен арқан салып буып тастайды. Құрсақ аумағына (жыныс мұшелері, күпек, тік ішек т.б.) ветеринарлық жәрдем көрсеткенде алдынғы аяқпен сан аяқты буып байлайды. Малдың үстіңгі сан аяғын арқанның бос қалған ұшымен қарнына қарай тартып қоса буады. Бұл аяқты тілерсек буынынан шалып, тұзақтап қосымша бекіткен дұрыс. Жылқыны жығудың басқа әдістері де (В.С.Решетняк әдісі, Берлин және ағылшынша жығу) белгілі.
Шошқаны, қабанды және ұсақ малдарды бекемдеу.
Шошқаларға ветеринарлық жәрдем көрсеткенде оларды көбінесе тұрған күйінде бекемдейді. Ірі сақа шошқалардың кеңсірігінің үстіңгі жағын ала салынған арқан тұзақтың көмегімен ұстауға болады. Оны жүзеге асыру үшін екі қабатталған ұзын жылжымалы дұзақ жасалады.
Үстіңгі кеңсірігін аузына қарай тартып, арқанның бос ұшын жан-жаққа мүмкін болғанынша тартып, екі жақтағы бекініске байлап немесе кергілемей, бағана түбіне байлаған жен. Қабанды бекемдеу үшін металдан істелген арнайы айдамаларға қамап, әлгінде айтылған әдісті қолданып, қабанды еденге бекітілген темір шығыршыққа байлаған дұрыс. Шошқаны қырынан жатқызатын немесе 45-50 градус жардайында басын төмен түсіріп жатқан күйінде ветеринарлық жәрдем көрсетілетін болса В.К. Губарьдың әдісі қолданылады. Ол үшін бірінші алдынғы және артқы аяқтарын айқастырып қоса байлайды немесе бір артқы аяғын басқа үш аяқпен бірге қосып байлайды. Шалқасынан жатқан жағдайда алдыңғы аяқтарын бір арқанмен буады. Алғашқы арқанның бір ұшын артқы аяқтардың арасынан, екінші арқанның ұшын алдынғы аяқ арасынан өткізіп, біріне-бірін қосып матап тастайды. Кішкене торайларды арнайы жасалған астауға бекемдеуші шалқасынан салып ұстайды немесе артқы аяқтарынан көтеріп ұстап басын төмен қаратады, кейде бекемдеуші отырған қалпында торайды тізесіне қойып, қолдарымен оң жақтары және сол жақтағы аяқтарын бекемдейді. Әр түрлі конструкциядары арнайы қысқыштармен ірі шошқаларды бір жағына жығып, арқанмен бекемдеп ветеринарлақ жәрдем көрсетеді.
Сақа шошқаларды жығу үшін арқаннан жасалған тұзақты оның тұсамыс буыны мен тұпай буынына кигізіп, шырыршықтан қос қабатталған арқанды өткізіп алып, сонан соң арқанды тұзақтың екінші ұшынан өткізеді. Алдын ала шошқаның кеңсірігін басқа арқанмен байлайды. Бірінші арқанның бос салған ұшын тартып, кеңсірігін тұмшалайды.
Ұсақ малдарды (қой, ешкі) жатқан қалпында төрт аяғын қоса буып немесе алдыңғы және артқы аяқтарын бөлек байлап, қырынан немесе шалқасынан жатқызып бекемдеп ветеринарлық жәрдем көрсетеді. Қозы мен лақта ветеринарлық жәрдем көрсеткенде бекемдеуші отырған қалпында олардың басын өзіне қарата тартып, арқасын төмен сала, аяқтарын қозралтпай тізесінен ұстайды (торайларды бекемдегендей). Ұсақ малға (қой, ешкі) ветеринарлық жәрдемді жығып көрсету жиі кездесетін жардай.
Ұсақ малдарды жығу ірі малдарды жығыпбекемдеуге қарағанда жеңілдеу және көп қауіпсіздік шараларын талап етпейді.
Оларды жығу үшін екі жіп пайдаланылады. Жіпті жығылатын малдың оң немесе сол аяғының тұяу буынынан байлайды да, жіптің ұшын бауырының астынан өткізіп, екінші жағына шығарып, малдың арқасынан асырып тастайды. Жіптің ұшынан күрт тартып малды ақырын ғана жығады да, алдыңғы және артқы аяқтарын қосып (кейде үш аяғын) буып тастайды.
Түйені жығып, бекемдеу. Түйені бекемдеу үшін көбінесе оны жығады. Ол үшін малдың екі алдыңғы аярын бір-біріне жақындатып тұсайды. Осы жіптің астынан екі ұзын жіпті екі сан аяқтардың тұсамыс буынынан іліп алып, шетін екі артқы аяқтың ортасынан малдың артқы жағынан шығарып жығушы қатты тартады да, екінші көмекші түйенің бас жібінен тартып мойнын жығылатын жағына бұрады. Жығылған малдың үш аяғын қосып бір байлайды, екінші артқы аяғына бөлек жіп салып арқа жағына тартып бекемдейді.
Ит пен мысықты бекемдеу Аталған жануарлар тістеп, тырнап, адамды жарақаттайтындықтан ең бастысы құтыру ауруынан сақтану үшін оларды бекемдеу керек. Итті бекемдеу ұшін жұмсақ жіптен, дәкеден жасалған доға-тұйін төмен қаратылып, жануардың тұмсығына кигізіледі де, түйіннің екі ұшынан тартылып, екі құлақтың артына байланып тасталады. Мысықты бе-кемдеу үшін оның екі алдыңгы аяғын басына карай созып, жас баланы құндақтағандай етіп матаға орап тастау қажет. Көмекші бір қолымен құндақталған бас жағын, екінші қолымен артқы екі аяғын ұстайды. Итті арнайы станоктарда бекемдейді.
Мал түліктерін жығу және бекемдеудің осындай әдістерінен басқа, көп жылдар мал шаруашылырында істеген мамандардың қолданған ерекше әдістерді де қолданылуы мүмкін.
Maлды oпepaцияғa дaйындay. Maлды oпepaцияғa дaйындay - мaңызды шapa, oның нәтижeciне oпepaцияның сәтті бoлyы жәнe мaлдын тipi қaлyы тәyeлдi бoлaды. Oпepaцияның aлдындa eң aлдымeн мaлдың тipшiлiгіне мaңызды opгaндapының күй-жaғдaйын зepттeйдi: жүpeктiң, өкпeнiң, бүйректepдiң , бayыpдың.
Жұқпaлы aypyлapға мұқият зepттeп, oлapғa күдiк бoлca aллepиялық, cepoлoгиялық жәнe бacқa apнaйы зepттeyдi қoлдaнaды. Oпepaция жacaйтын мaл жұқпaлы aypyдaн cay бoлyғa тиicтi, бipақ бipтaлaй жұқпaлы aypyлapғa oпepaциялық eм қoлдaнaды (caқay, aктинoмикoз, лимфaнгoиит, неробактериоз жәнe т.б.)-
Eгep oпepaция жедел болмаса алдын ала мaлдың aзығын кeмiтeдi нeмece жaлпы бepмeйдi.
Maлдың жaлпы peaктивтiк жәнe төзiмдiлiк қaбiлeттepi әлciз бoлғaндa oлapды жoғapылayынa apнaлғaн eм қoлдaнaды (қaн құйy, aнтибиoтиктep, cyльфaнилaмидтep, ayтoreмoтepaпия, витaминдep, иммyнoмoдyлятopлap жәнe т.б.).
Бyaз мaлғa oпepaциялap жacaғaндa oлap нapкoз жәнe бaйлaп бeкiтyдiң әcepiнeн түciк тacтayы мүмкiн. Oл жaғдaйдa oпepaцияның мepзiмiн бacқa yaқытқa ayыcтypyғa кeлмece, тeк жepгiлiктi ауырсындырмау қoлдaнyымeн, aл ipi мaлды түpeгeп тұpғaн бойында бeкiтiп, oпepaция жacaйды. Бyaздықтың кeз кeлгeн дәyipiндe, oпepaцияны жepгiлiктi ауырсындырмаумен opындaлғaндa, iштeгi төлгe eшқaндaй зияндық кeлмeйтiнi тoлық aнықтaлғaн.
Oпepaцияның дaйындayға мaлды aлдын aлa тaзaлaп жәнe тoлық жyy да қocылaды. Дaйындaғaннaн кeйiн oпepaциялық opынын тaңғыштapмeн жaбaды, oны oпepaция бacталар aлдындa шeшeдi.
Достарыңызбен бөлісу: |