Өзгерменің коэффициенті дегеніміз орташа шаршылық ауытқу көрсеткішін арифметикалық орташа шамаға бөлу. Статистикада ол V- әрпімен белгіленеді, оны келесі формула негізінде анықтаймыз:
V=/х*100, мұндағы,
__
х – арифметикалық орташа шама
5. Шашырандының түрлері және қосу ережесі
Статистикалық жиынтықтардың өзгермелі, құбылмалы белгілеріне түрлі себептер әсерін тигізеді. Олар өздерінің тигізетін әсерлеріне қарай кездейсоқ және тұрақты болып бөлінеді. Статистикалық көрсеткіштерге талдау жасауда қорытындылаушы өзгерме көрсеткіштерінің ішінде жиі қолданылатыны шашыранды болып табылады. Шашыранды өзгерме көрсеткіштерінің топтарға бөлінуіне байланысты үш түрге бөлінеді:
жалпы, топаралық, топішілік.
Жалпы шашыранды өзгермелі жиынтық белгілеріне әсер ететін барлық жағдайларды сипаттайды, ол келесі формуламен анықталады:
- жай түрі; - салмақталған түрі.
Топаралық шашыранды дегеніміз жеке топтық орташа шаманың жалпы жиынтықты орташа шамадан ауытқуы.
Топішілік шашыранды деп әрбір топ бойынша кездейсоқ себептердің тигізген әсерінен оның өзгергендігін анықтауды айтады. Оны есептеу үшін алдымен әрбір топ бойынша топтық шашыранды , одан кейін осы көрсеткіштермен орташа топішілік шашыранды есептелінеді .
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Статистикалық орташа шамалар дегеніміз не?
2.Орташа шамалардың қандай түрлері бар?
3.Үйлесімдік орташа шама деген не, оның қандай түрлері бар?
4.Мода дегеніміз не, оны есептеудің формулаларын көрсетіңіз.
5.Медиананы қандай формуламен есептеуге болады?
6.Статистикалық өзгерме дегеніміз не?
7.Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар?
8.Шашыранды деген не, оны қалай есептеуге болады?
Әдебиеттер: (1) 94-133бет, (4) 60-97бет, (7) 89-121бет, (6) 161-122 бет, (2) 47-66бет
Достарыңызбен бөлісу: |