ПОӘК «Топырақтану» пәнінеіне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет4/14
Дата06.07.2018
өлшемі0,97 Mb.
#47556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.Топырақтың түйіртпектілігі

Түйіртпектердің маңызы. Топырақта механикалық элементтер (түйірлер) бытыранды күйінде немесе əр мүсін мен мөлшердегі біріккен бөлшектер (агрегеттар, кесектер, дəн) түрінде кездеседі. Топырақ массасының агрегаттарға бөлшектену қабілетін тйіртпелік (структурность), ал агрегаттардың мөлшерін, мүсінін, сапалы құрамын

1. Топырақтың түйіртпектілік белгілері

Құм жəне құмайт топырақтарда механикалық элементтер бытыранды, ал құмбалшық пен балшық топырақтар түйіртпекті, түйіртпексіз жəне шамалы түйіртпекті күйінде кездеседі. Топырақтануда морфологиялық жəне агрономиялық түйіртпектілік ажыратылады. Түйіртпектілік топырақтың физикалық жəне су-физикалық қасиетіне, су-ауа құбылымына, өңдеу жағдайына байланысты болғандықтан құнарлылық пен өсімдіктер өсіп-өнуіне əсерін тигізеді. Түйіртпекқұралу ілімін П. Костычев, К. Гедройц, В. Дояренко, И. Антипов-Каратаев, Н. Качинский, Н. Саввинов, А. Тюрин, Д. Хан, Э, Рассел т.б. дамытқан. Түйіртпектің сапасы оның мөлшері, қуыстылығы, механикалық беріктілігі жəне суға төзімділігімен анықталынады. Агрономиялыкқ ең құнды ірі агрегаттардың мөлшері 0,25-10 мм шамада, олардың қуыстылығы (>45 %), механикалық беріктілігі жəне суға төзімділігі өте жоғары болады. 0,25-10 мм мөлшердегі түйіртпектер мен олардың 55 проценті суға төзімді болса, ондай топырақ түйіртпекті болып саналады.

С.А.Захаров бойынша түйіртпек үш негізгі типке бөлінеді:

1) Куб тəріздес − түйіртпек бөлшектері 3 бағытында бірдей дамыған;

2) Призма тəріздес − бөлшектер екі көлденең бағытта жақсы дамыған;

3) Плита тəріздес.

Кез келген түйіртпектер агрономиялық құнды емес. Ең маңыздылары - суға төзімді агрегаттар - олардың құрылымы борпылдақ, қуыстары суды жеңіл сіңіріп, оны ұзақ уақыт ұстап тұра алады жəне де тамырлар мен микроорганизмдер өнуіне жеңіл келеді. Агрегаттар тығыздалса, олардың қуыстылығы төмендеп (30-40 процентке дейін), түтікшелері жіңішкеріп кетеді де, су-бу қозғалысы нашарлап, тамырлар мен микроорганизмдер таратылуына кедергі жасайды. Суға төзімді мұндай тығыз түйірлердің агрономиялық сапасы төмен.



Түйіртпектің мөлшеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:

1) Мегатүйіртпектілік (сеңді) −>10 мм көп;

2) Макротүйіртпектілік −10-0,25 мм;

3) Микротүйіртпектілік - 0,01-0,25 мм;

4) Майда микротүйіртпектілік - <0,01мм аз.

Түйіртпектіліктің агрономиялық бағасы топырақтың қасиеттері менрежимдеріне, яғни физикалық қасиеттеріне (қуыстылық, бірігулік), режимдеріне (су, ауа, жылу, тотығу-тотықсыздану микробиологиялық жəне қоректену), физика-механикалық қасиеттеріне байланысты болады. Сондай-ақ, түйіртпектілік топырақты жыртқандағы өңдеуге сыбағалы қарсыласуын, оның қабыршақтануын, эрозияға төзімділігін анықтайды.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет