ПОӘК042-18-18 45/01-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


- Тақырып. Тарих сабақтарындағы тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздері



бет3/8
Дата30.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#15229
1   2   3   4   5   6   7   8

10- Тақырып. Тарих сабақтарындағы тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздері
1.Хронология оның мақсаттары мен міндеттері

2.Тарихи құжаттар және онымен жұмыс

3.Тарихи дереккөздері және тарихты оқытудағы көркем әдебиеттер
1.Хронологияның тарих ғылымында алатын орны ерекше. Оқиғаның болған уақыты белгілі болған соң оның бұрынғы және кейінгі оқиғалармен байланысын, сабақтастығын айқындауға болады. Хронология –халықтар мен мемлекеттердің күнтізбесі мен жыл санау жүйесін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Ол тарихи оқиғалардың айы, күнін, оқиғалардың кезекпен болғандығын білдіретін ғылым саласы.

Мектепте хронологияны оқытудың мақсаты – тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сабақтастығын, олардың ұзақтығын көрсету, уақыт өлшемін түсіндіру, жыл санау жүйесімен таныстыру болып табылады. Оған жетудің міндеттері мынадай:



  • оқушылар санасына тарихи уақыттың дұрыс бейнесін қалыптастыру,

  • уақыт туралы ұғымының дамуына ықпал жасау,

  • маңызды оқиғалардың датасы мен уақыт санаттарын (жыл, ғасыр, дәуір) игеруге көмектесу т.б.

Мектепте тарихты оқыту маңызына қарай даталарды шартты түрде негізгі және тірек даталары деп бөледі. Негізгі даталар басты деректерге байланысты Мысалы: Қазақ хандығының құрылуы, т.б. Ал тірек датасы сол оқиғалар уақытындағы болған ішінара жағдайлар датасы болуы мүмкін. Оқыту әдістемесі қиын. Сондықтан оқыту кезінде алдымен уақыт өлшемін қалай есептеуді түсіндіру керек. Ол үшін алдымен өткен жылдары қандай оқиғалардың болғандығын еске түсіріп әңгімелеу қажет. Сонан соң 10-12 жыл өмірінде оқушы есінде сақталған ең алғашқы оқығаны еске түсіру арқылы уақыт ұзақтығын түсіндіруге тырысуымыз дұрыс болады.

Ал ғасырларды түсіндіргенде былайша түсіндіру керек. Егер төрт таңбалы санның соңғы екеуі нөл болса, онда алғашқы сандар ғасырды білдіреді. Мысалы: 1100-11 (ХІ ғасыр), 1900 -19 (ХІХ ғасыр), т.б. Егер нөлдің орнында басқа сандар болса, 1105- 12 (ХІІ ғасырды), 1916 – 20 (ХХ ғасырды) білдіреді дегенді түсіндіру керек. Рим саны бастапқы ұғымды қалыптастыруда тарих сабағында іске асады. Мысалы: ІУ,У,УІ,УІІ,Х,ХІІІ,ХХІ ғасырлар (4,5,6,7,10,13,21 ) білдіреді.

Хронологияны меңгеру бойынша берілетін тапсырмалар әртүрлі болып келеді. Оған:


  • оқиғаның датасын көрсету,

  • оқиғаны анықтау,

  • оқиға мен даталардың арақатынасын белгілеу,

  • оқиға ұзақтығын анықтау,

  • хронологиялық сабақтастығын анықтау,

  • даталардың арасынан белгілі бір процеске қатысын табу,

  • хронологиялық кесте жасау,

  • оқиғаның даму кезеңдерін анықтау,

  • оқиғаның кезеңге қатыстылығын белгілеу,

  • оқиғалар негізгісін табу,

  • дәуірлердің өлшемдерін негіздеу т.б.

Хронологиялық даталардың қатарын 2 түрлі мазмұнға сай түзуге болады. Бірі-бір ғасырға, екнішісі-оқиғаларға қатысты даталар тізбесі. Ондайда тарихи даталар туралы білімді тексеру үшін сабақтарада түрлі ойындар, байқаулар өткізген дұрыс. Мысалы: даталар бойынша эстафета (ойынға қатысушы команда мүшелері аталған оқиғалар датасын атау), «Уақыт лентасы» (даталарды белгілі бір қағида, хронология бойынша жүйелеу), «Өткен жылдар» ойыны бойынша (әр түрлі мемлекеттерде бір жылда болған тарихи оқиғаларды атау), «Кім жылдам ?» т.б. ойындар.

2.Тарихи құжаттармен тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалған оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Негізінен жазба ескерткіштер тарихи құжаттарға жатады . оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (құжаттармен) танысудың маңызы зор.

Құжаттаың атқаратын рөліне қарай оның сабақта қолданатын орны белгіленеді. Мысалы зертханалық әдісті қолданғанда құжатты оқып-үйрену оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын орындалуы керек. Себебі құжаттану әдістемесін қолданушылар осы тәсілді дұрыс деп есептейді.

Тарихи құжаттарды қолданудың маңызы өте зор. Құжаттаың сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқытудың көрнекілік қағидасы іске асады. Құжат тарихи оқиғалар жөнінде толық мағлұматтар алуға таптырмайтын көрнекілік. Құжаттың маңыздылығы сол- тарихи материалдарды нақтыландырып, өткен оқиғаларды нақтылайды. Және дәуір тынысын сезінуге көмектеседі. Мысалы кез-келген ежелгі тарихи құжаттар мен деректер толық мәліметтер беретіндігін тарихты оқытудың әдістемелік жағын зерттеушілер дәлелдеді.

Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артады. Себебі тарихи тақырыптар үшін тарихи құжаттардың рөлі үлкен. Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабақтарға пайдаланудың өлшемдері мынадай болмақ.



  • Топтастыру әдісі немесе зерттеу әдісі онда баяндау-суреттеу құжаттары арқылы жүреді.

  • Актілік құжаттар – заңдық, шаруашылық, саяст құжаттар (грамоталар, заң, жарлық, сөздер т.б.)

  • Көркемсөз ескерткіштері – ежелгі және ортағасырлардағы халықтардың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар, эпос т.б.)

Сабақта қолдану үшін құжаттардың мынадай жақтарын ескеру керек.

  • тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы

  • сол дәуірдің негізі болуы қажет,

  • бағдарламалық материалдармен байланысты,

  • мазмұны мен көлемі оқушылар жасына лайықты,

  • тұрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы керек.

Құжаттарды оқушылардың оқып-үйренуі алғашында мұғалім көмегімен болады. Мұғалімнің түсіндіруімен сілтемелер жасап, құжаттан үзінділер пайдаланылады. Оның ішінде тарихи тұлғаларға мінездеме береді. Құжаттармен оқушылардың жұмыс жүргізуі жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. 5-6 сыныптарда баяндау-суреттеу

Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Хронология деп...

2.Тарихи дерек көздеріне не жатады?

3.Тарихи құжаттар қандай бөліктерге бөленеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999



9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998


11- Тақырып. Тарих сабағы

1.Тарих сабағы оны дайындау және оны өткізу

2.Сабақ типтері және оларды топтау

3.Аралас сабақ және бөлімдері

Оқушылар тарих сабағында оқу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бірнеше әдістемелік шарттарды орындауы қажет. Алдымен оқыту оқушылар үшін түсінікті және қызықты болуы қажет. Тарих сабағында оқу міндеттерін берілген тапсырмаларды орындауда оқушының білімге деген ықыласын ояту арқылы жетілдіру керек. Оқу материалын саналы түрде игеру үшін оқыушылардың дербес жұмыс істеу іскерлігін және дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Егерде ол жұмыс түрі дұрыс ұйымдастырылмаса берген білімнің нәтижесіздігіне тап боламыз. Сонымен іскерлік деген не? Іскерлік деп- қандай да болмасын қызметтің тәсілін саналы түрде игеруді айтсақ, Жоғары деңгейге жеткізілген іскерлік дағды болып табылады. Демек іскерлік бірте-бірте дағдыға айналады деген сөз. Жалпы дағдыны 4 топқа бөлеміз.



  1. Оқу-ұйымдастыру дағдысы- жоспарлау, тапсырманы орныдау, өзін-өзі бағалау, реттеу.

  2. Сөздік дағдылар- ауызша және жазбаша мәтіндерді баяндау, мазмұндау, талдау, салыстыру

  3. Оқу-ақпараттық дағдылары- оқулық немесе анықтама-библиография, каталогтармен жұмыс

  4. Оқу, ақыл-ой дағдылары - әрекетті дәлелдеу, қортыу, мәселені шешу, қабылдау, еске түсіру, өзін-өзі қадағалау

Оқу жұмысының тәсілдері дегеніміз тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді құрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның жалпы бағыттарын айқындайды.

Тарихты оқыту барысыныда оқушылардың бойында оқу еңбегінің алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптастырылады. Ондайда қисынды операциялар атқарылады. Яғни, тарихи мәснге талдау, тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, материалды жинақтау, қорытыныды жасау. Оқу дағдылары арнайы тарихи материалды игеруге бағытталса, нәтижесінде тарихи дидактикалық ойлау дағдылары қалыптсады.

Тарихты оқыту барысында оқушылардың игеретін дағдылары оқулық мәтінімен, оқу құралдарымен, тарихи құжаттармен деректер арқылы жұмыс жасау және өзіндік ізденістерінен тұрады. Тарихи оқиғалардың мәнін түсінуде оқушылар тарихи процестің жекеленген кезеңдерін немсес ұқсас құбылыстарды сыластыру, себеп-салдарын анықтау, т.б. мәселелерді меңгереді. Әрине басшылық мұғалімнің біліктілігінде. Алдымен іскерлікпен дағдыны қалыптастыру үшін пән мұғалімінің өзі табандылық танытуы қажет. Жетік біліміділік керек. Бұл жұмысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып орындаған дұрыс.

Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиіс. Әр сабақта қандай дағдыны қандай жолдармен қалыптастыру керек екендігін анықтау дұрысырақ болады. Дағдыларды қалыптастыруда тарих сабағында жаттығу тапсырмаларының жүйелілігі ескеріліп, орындалуы қадағалануы қажет. Мұғалім басшылығымен тәсілдерді игеруге қажетті әрекеттер іске асырылады. Қорытындылау кезеңінде оқушының жаңа жағдайы жаңа материалды өздігінен, дербес қолдануын қамтиды. Дағдыны игеруде әрине уақыт төреші, яғни уақыт әрқилы. Түрлі оқу дағдыларын игеру оқушылардың ғылым негіздерін терең меңгеріп, тарихи құбылыстардың байланысын, маңызын ролін дербес анықтай алуына мүмкіндік береді.


Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1.Іскерлік пен дағды деген не?

2.Оқу тәсілдерінің түрлері қандай?

3.Дағдыны қалыптастырудың әдістемесі деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999

9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998


12-тақырып. Жоғарғы сыныптағы оқу сабақтары
1.Семинар сабағы мектеп дәрісі

2.Баяндамалар мен рефераттар

3.Оқытудағы сынақ жүйесі. Сабақ жоспары.

4.Сабақты дайындау функциялары

Оқыту тәсілдері: әңгімелеу, бейнелеу, тапсырма-ойындар. Басты фактілерді оқып-үйренуде бұл тәсілдер жиі қолданылады. Сабаққа дайындық барысында мұғалім оқу материалын мазмұндаудың тәсілін айқындайды. Тарихты оқытудағы әңгімелеу- тарихи оқиға туралы әңгіме немесе қысқа хабарлама. Әңгімеге қойылатын талаптардың бірі- әрбір тарихи дерекке тән ерекшеліктер туралы ұғым қалыптастыруға көсмектесетін уақыт, кеңістік және адамдардың тарихи сипаттамасының бейнеленуі.

Сюжетпен баяндалған әңгіме – драматизммен ерекшеленетін белгілі бір тарихи сюжетке құрылған эмоциялық баяндау. Сюжетті әңгіме шынайы болуы тиіс. Сюжетті әңгімелеудің келесі нысаны – шиеленістіру. Бұл жерде әңгімелеу жанжалды жағдайды шешуге тырысқан екі тұлғаның диалогы түрінде өрбиді. Диалог барысында оқушылар типтік әлеуметтік құбылыстың мәні ашылады.

Картиналық бейнелеу деп материалды ауызша баяндау тәсілін айтамыз. Бейнелі сипаттама- бейнелеудің бір түрі. Нақты кезеңдегі қоғамның типтік өкілдерінің сипаттамасын бейнелі деп атаймыз. Бейнелі сипатама оқушыларға берілетін тапсырмаға ұштастырылады.

Тарих сабағында қолданылатын тапсырма-ойындардың бір түрі – «Көрнекті тарихи тұлғаларға сипаттама беру» деп аталады. Жекеленген сапалар сипаттаудан тұрады. Ойын арқылы оқытуды көптеген зерттеушілер болашақтың дидактикалық жүйесі деп атайды. Дидактикалық ойындар өзге оқу жұмысының түрлерімен тығыз байланысты

Тарих сабағында қолданатын тапсырма ойындардың бір түрі-«Көрнекті тарихи тұлғаларға сипаттама беру» деп аталады. Ондай тәсілдерде мұғалім есімін, уақытын, оқиға орнын атамай тарихи тұлғаның өмірбаяндық мағлұматтарды түгендеуі керек Яғни «тарихи тұлғаны таны», «Кімнің сөзі?», «Бұл кім?» деген сияқты сұрақтар. Бұл ойын элементтерін қолданатын әдіс-тәсілдер болып табылады. Ондайда қатысушылардың белсенділігін көтеруге барынша ықпал жасайды. Ойын әсіресе пәнге қызығушылығын қалыптастыратын жағдайда өтеді. Ондайда мұғалым алдымен ойын тәртібімен таныстырады. Олар жинақы және тапсырманы орындау уақыты шектеулі болып келеді.

Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.Тарихи мәліметтерді баяндаудағы әңгімелесі тәсілдері деген не?

2.Тарихи деректердегі бейнелеу тәсілдері туралы на білесің?

3.Тарихты оқытудағы тапсырма-ойындардың маңызы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999

9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998
13-тақырып: Тарихты оқытудағы жаңашылдық
1.Тірек конспектілер

2.Модульдік оқыту технологиясы

3.Модульдік технологиясының құрылымы
1.Кейінгі уақыттарда оқытудың жаңа әдістерін іздестіруді инновация деп, ал олардың авторын мұғалім-новатор деп атайды. Шығармашылық жұмыспен айналысатын мұғалімдер тарихты оқытудың жаңа әдісі мен жүйесін ұсынады. Олардың сабақтары жеке еркешеліктерге ұқсайды және де мұғалімдердің мүмкіндіктері тұлғаның талабына сай болып келеді. Мұндай сабақтарға дайындалу және оларды өткізу көп күшті, ізденушілік пен уақытты талап етеді.

Сондықтан, жаңа жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен өзінің күші мен мүмкіндіктерін мөлшерлеу, нақтылы оқу жүйесіндегі жұмыс тәжірибесін меңгеру керек. Сабақ кезеңдерін өзгерту, оқытудың бірізділігінде мұғалім-новатор өз нәтижесін ала алмауы мүмкін. Дәл сол оқулықта шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге тек жұмыстың фрагменттері ғана кездесуі мүмкін. Өздерінің тәжірибесін жалпы алғанда, ең алдымен білімді кодтағанда тірек-сызба конспектілерімен жұмыс жүргізу жөн.

Білімді кодтау идеясы шетел мектептерінде 60-шы жылдары қалыптасты, сонымен қоса мектеп оқулықтарында жазыла бастады. Оқулық тарауының соңында жаратылыстану және математика пәндеріндегі схемалар оқыған материалдың мазмұнына кескін беріп тұрды. Сонан кейін схемалар тарихтың әдістемелік құралдарында да пайда бола бастады. Ондағы оқулықтың мазмұны көрермендер бейнесінде жазылды, сонымен бірге шартты символдар арқылы белгіленді. Оқулықтарда тарау соңында «сынып тақтасының түріне» схема, сызба, ескертпелер жазылады. Осылайша ақырындап тірек сигналдарының негізінде оқыту идеясы дамиды.

Тарихи оқиға мен құбылысты шартты белгілер немесе символдар арқылы көрсетуде оқушыларда үлкен ассоциация қалдырады. «Белгі-бұл ішкі құбылыс, өйткені шартты түрде оған көрнекі бейнелер бекітіледі, бізді ойландырып, мазмұнын ашуға көмектеседі». Тарихи құбылыс, яғни схемалық оқулықтарда шартты белгілер, символдар арқылы бейнеленген болса, ол оқушының ойлау әрекетіне тірек бола алады. Белгілер ойша адам миында қалып отырады. Зерттеулер көрсеткендей, заттарды байқау оқушының есінде орта есеппен алғанда 90 %–ы қалады.

Баршамызға белгілі жақсы ойластырылған графикалық схема күрделі сұрақты бірнеше пунктерге бөліп, оларды шартты түрде бейнелеу, яғни тыңдаушының назарын аудартуға, көрсетілген кезеңді толығымен қамтуға көмектеседі. Негізгі фактілердің тірек белгілерінде көрсетілуі ең басты болып табылады. Мұндай тірек конспектілері оқу материалының шартты-графикалық белгілерін бейнелеуге тырысып, оқушының логикасын дамытады және есте қалуына көмектеседі.

Мұғалім түсіндіргелі отырған материалды ерекше түрде конспектілеп, тірек сигналдарын жасайды. Тірек символдары оқушыға ақпараттық негізгі және негізгі емес фактілерін есте сақтауына көмектеседі. Тірек конспектілері әр түрлі түспен көрсетіледі. Бұл жүйе жұмысының есте қалуы үшін бірнеше рет қайталанып отыруы керек және де күнделікті білім сапасын тексеру үшін оқушылардан бақылау алу керек.

Тірек конспектілеріне дайындық қалай жүреді? Ең алдымен мұғалімге мектеп оқулығының мазмұнын білу керек, не болмаса ол барлық тақырыптарды білу керек, сосын барып әрбіреуін тақырып бойынша оқиды. Мұғалім тақырыпты оқи отырып, мәтінге анализ жасайды, яғни қандай параграфтарды біріктіріп бір сабақ қылып өткізуді анықтап жоспарлайды. Келесі кезекте ол тірек конспектілерімен жұмыс жасау үшін парақтар дайындауға кіріседі. Тақырыпты ашу үшін бір параққа ол 4 тақырыпшаны (блок) енгізе алады. Олардың саны оқу материалының күрделілігіне байланысты болады. Дәл осы парақта үй жұмысын белгілеу керек және сигналдардың белгілерін көрсету керек. Егер оқулықта 60 параграф болатын болса, онда параграфтарды біріктіргенде конспект-парақтары аз болады. Дәл осыған өлкетану материалдары бойынша да парақ конспектілер енгізіледі (жергілікті жердің схемасы). Барлық пәннің мазмұны бойынша парақ жұмыстарын жасаған соң, мұғалім көшірме жасап, үлестірме материал жсайды. Тірек сигналдарының парақтары сабақ тақырыбының мазмұны бойынша бірдей болуға тииіс. Егер мұндай болмаса, онда сыныппен жалпы ұжымдық жұмыс жасау мүмкін емес.

Тірек конспектілерімен жұмыс жасау жүйесі бірге оқитын, параллель оқитын, мұғалімнің көмекшілерінің арқасында парақтарды толтыруды, тексеруді талап етеді. Әдетте, дәптерді тексеру олардың 15 минут уақытын алады. Бағалау жалпы сыныптың немесе әрбір оқушының жеке-жеке тақырыптарды меңгеруіне байланысты қойылады.





Оқушының аты-жөні

Жазбаша жауап

Ауызша жауап

Топтық бақылау

Тапсырмалар

1.
















Оқушылар өздерінің бағасына көңілі толмаса, онда келесі сабақтарда дұрыс баға алуына құқық алады.

В.Ф.Шаталов парақтағы тірек конспектілерімен жұмысты келесідей етіп ұсынады:

1. Оқулықтың әрбір бөлімі мен тарауын мұқият оқи отырып, мәтіннің бөлімшелерінің мағыналық негізгі байланыстарын анықта.

2. Мәтінде негізгі ойлардың қысқаша тәртібін түсіндір.

3. Параққа шимақтағы үлгісін түсір.

4. Сигналдарды блокқа біріктір.

6. Блокты кескінге немесе графикалық байланыстарын бейнеле.

7. Белгілі элементтерді түстермен боя.

Ф.В.Шаталовтың тірек конспектілерімен жұмыс бірнеше негізгі және қосымша кезеңдерді сабақта және үй жұмысында қамтиды.

1. Жаңа материалды түсіндіру.

2. Парақтағы тірек сигналдарын, символдардың белгілерін қайталап түсіндіру.

3. Тірек сигналдарды әрбір оқушыға үлестірме материал арқылы оқыту.

4. Оқушыға өзіндік үй жұмысына тірек сигналдарын жаздыру.

5. Дәптердегі тірек сигналдарын оқушының есінде қалғанын жазбаша сұрау. (8-10 минут). Оқушы білімін бағалау. Мұғалімнің оқушыларды тексеруі.

6. Жұмысты орындау барысында әрбір оқушыдан тірек конспектілері бойынша тексеру жүргізіледі; уақытты үнемдеу де жазылып тексеріледі.

7. Бірнеше оқушыдан 1-2 блоктың тірек конспектісін тақтаға жазуын сұрау.

8. Материалды үнемі қайталау мен сабақ үстінде тірек конспектілерімен қайталау-жалпылау сабағын жүргізу. Әрбір 4-5 сабақтан кейін оқушылар қысқаша конспекті жасайды, қайталау үшін 10 сұрақ көлемінде болады. Әрбір оқушы мұғалімнің бұйрығы бойынша бір сұраққа жазбаша жауап жазады не болмаса тест сұрақтарына жауап береді.

Мұғалім түсіндіргелі отырған материалды ерекше түрде конспектілеп, тірек сигналдарын жасайды. Тірек символдары оқушыға ақпараттық негізгі және негізгі емес фактілерін есте сақтауына көмектеседі. Тірек конспектілері әр түрлі түспен көрсетіледі. Бұл жүйе жұмысының есте қалуы үшін бірнеше рет қайталанып отыруы керек және де күнделікті білім сапасын тексеру үшін оқушылардан бақылау алу керек.

Тірек конспектілеріне дайындық қалай жүреді? Ең алдымен мұғалімге мектеп оқулығының мазмұнын білу керек, не болмаса ол барлық тақырыптарды білу керек, сосын барып әрбіреуін тақырып бойынша оқиды. Мұғалім тақырыпты оқи отырып, мәтінге анализ жасайды, яғни қандай параграфтарды біріктіріп бір сабақ қылып өткізуді анықтап жоспарлайды. Келесі кезекте ол тірек конспектілерімен жұмыс жасау үшін парақтар дайындауға кіріседі. Тақырыпты ашу үшін бір параққа ол 4 тақырыпшаны (блок) енгізе алады. Олардың саны оқу материалының күрделілігіне байланысты болады. Дәл осы парақта үй жұмысын белгілеу керек және сигналдардың белгілерін көрсету керек. Егер оқулықта 60 параграф болатын болса, онда параграфтарды біріктіргенде конспект-парақтары аз болады. Дәл осыған өлкетану материалдары бойынша да парақ конспектілер енгізіледі (жергілікті жердің схемасы). Барлық пәннің мазмұны бойынша парақ жұмыстарын жасаған соң, мұғалім көшірме жасап, үлестірме материал жсайды. Тірек сигналдарының парақтары сабақ тақырыбының мазмұны бойынша бірдей болуға тииіс. Егер мұндай болмаса, онда сыныппен жалпы ұжымдық жұмыс жасау мүмкін емес.

Тірек конспектілерімен жұмыс жасау жүйесі бірге оқитын, параллель оқитын, мұғалімнің көмекшілерінің арқасында парақтарды толтыруды, тексеруді талап етеді. Әдетте, дәптерді тексеру олардың 15 минут уақытын алады. Бағалау жалпы сыныптың немесе әрбір оқушының жеке-жеке тақырыптарды меңгеруіне байланысты қойылады.





Оқушының аты-жөні

Жазбаша жауап

Ауызша жауап

Топтық бақылау

Тапсырмалар

1.
















В.Ф.Шаталов парақтағы тірек конспектілерімен жұмысты келесідей етіп ұсынады:

1. Оқулықтың әрбір бөлімі мен тарауын мұқият оқи отырып, мәтіннің бөлімшелерінің мағыналық негізгі байланыстарын анықта.

2. Мәтінде негізгі ойлардың қысқаша тәртібін түсіндір.

3. Параққа шимақтағы үлгісін түсір.

4. Сигналдарды блокқа біріктір.

6. Блокты кескінге немесе графикалық байланыстарын бейнеле.

7. Белгілі элементтерді түстермен боя.

Ф.В.Шаталовтың тірек конспектілерімен жұмыс бірнеше негізгі және қосымша кезеңдерді сабақта және үй жұмысында қамтиды.

1. Жаңа материалды түсіндіру.

2. Парақтағы тірек сигналдарын, символдардың белгілерін қайталап түсіндіру.

3. Тірек сигналдарды әрбір оқушыға үлестірме материал арқылы оқыту.

4. Оқушыға өзіндік үй жұмысына тірек сигналдарын жаздыру.

5. Дәптердегі тірек сигналдарын оқушының есінде қалғанын жазбаша сұрау. (8-10 минут). Оқушы білімін бағалау. Мұғалімнің оқушыларды тексеруі.

6. Жұмысты орындау барысында әрбір оқушыдан тірек конспектілері бойынша тексеру жүргізіледі; уақытты үнемдеу де жазылып тексеріледі.

7. Бірнеше оқушыдан 1-2 блоктың тірек конспектісін тақтаға жазуын сұрау.

8. Материалды үнемі қайталау мен сабақ үстінде тірек конспектілерімен қайталау-жалпылау сабағын жүргізу. Әрбір 4-5 сабақтан кейін оқушылар қысқаша конспекті жасайды, қайталау үшін 10 сұрақ көлемінде болады. Әрбір оқушы мұғалімнің бұйрығы бойынша бір сұраққа жазбаша жауап жазады не болмаса тест сұрақтарына жауап береді.

Бұл пәнді оқып аяқтау үшін сәуір айында 2 бақылау жұмысы алынады. Оқу жылының қалған айында бағаны түзеу, экскурсия, оқырмандар конференциясына уақыт қалады. Шаталовтың жүйесі бойынша жас мамандар мен тәжіриебелі мұғалімдер жұмыс жүргізеді.

2. Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А.С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал “Педагогикалық поэмасында”: “Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару”.

В.П. Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.

Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л.Н. Ланд, Ю.К. Бабанский, Л.М. Эрдиев, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П. Беспалько, М.П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.

Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент теорияларында бағаланады.

Бастапқыда көрсетілген педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. “Педагогикалық технология” термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:

- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;

- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” үғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н.Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан – бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.

Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В.В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:

- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық позициясы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;

- педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;

- диалогтік қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау принциптерін негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;

- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал 2-ші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;

- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар – диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және инструментариялар, белгілі ұстанымдар.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы көрінеді.

Дидактикада өзара байланысқан жалпы және жеке технологияларды айыруға болады, жалпыларға конструкциялау технологиясы жатады. Мысалы, қарым-қатынас процесі және оны іске асыру; жеке бұл оқытудың, оқу іс-әрекетін педагогикалық белсендіру, оқытудың қорытындыларын бақылау және бағалау, және неғұрлым нақты – оқу жағдаятын талдау, сабақтың басталуын ұйымдастыру және т.б. типтес міндеттерін шешу технологиясы.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Қазіргі өндірілген және білім беру тәжірибесінде білімді трансформациялау, іскерліктер мен дағдылар, проблемалық, бағдарламаланған әртүрлі деңгейлік, бейімдік, модульдік оқыту және т.б. технологиялары қолданылады.

Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану кейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды. Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: егер, Л.В. Занков әдістемесі Л.С. Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің принципін содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

Қайталау сұрақтары.

-Тірек-конспектілерінің маңызы неде?

-Модульдік технологиясының құрылымы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет