Политические и правовые учения в странах Древнего Востока


Көне Үнді философиясының негізгі мектептері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі5,76 Mb.
#82092
1   2   3   4
Байланысты:
Үнді және Қытай философиясы

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері Г Жайнизм – көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайн¬дардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса – тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя – ұрлық жасамау; сатья – шыншылдық; апариграха – үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым сал


Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті:
1) джива – тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. «Тірі» болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар «тірі емеске» жатады.
Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге – прадешаларга бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі – «дүние» (лока) және «дүние-емес» (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет