Понедельник №1 билет Генетика Дәрігер – генетикке болашақ балаларындағы қауіпті білу мақсатында отбасы қаралуда. Отбасында 9 жасар «Үдемелі бұлшықет миодистрофиясы»


Сұрақтар: Сіздің қойған соңғы диагнозыңыз. Кариотипін жазыңыз



бет23/56
Дата27.12.2022
өлшемі160,11 Kb.
#164600
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
АРД ГЕНЕТИКА БИЛЕТ ОТВЕТ-2020

Сұрақтар:

  1. Сіздің қойған соңғы диагнозыңыз. Кариотипін жазыңыз.

Менің қойған диагнозым У хромасома дисомиясы. Кариотипi 47 ХУУ

  1. Бұл ауру тұқым қуалайтын аурулардың қай тобына жатады? Осы ауру топтарының негізгі клиникалық белгілерін көрсетіңіз.

Бұл хромасомалық аурулар ішінде гоносомды синдромдар тобына жатады. Тәжірбиелік медицинада хромосомдық синдромдарды төмендегі фенотиптік клиникалық белгілерінен тануға болады:



    1. туылғандағы салмақтың тым төмендігі;

    2. дамудағы көптік ақаулары;

    3. ақыл- ойы дамуы мен дене өсуінің тежелуі;

    4. жыныстық дамуының бұзылуы.



  1. Жүктіліктің 15-18 аптасында қолданылатын пренатальды диагноз қою әдістерін сипаттаңыз.

Өз сөзіңмен өзгертіп жаз
Амниоцентезді сипаттасам - ұрық көпіршігін тесу арқылы ұрық айналасындағы сұйықтықты және ондағы ұрық жасышаларын алу әдісі болып табылады. Жүктіліктің 15-18 апта аралығында жүргізіледі. Асқыну қауіптілігі – 0,5-1%. Хромосомдық синдромдарды және туа біткен ақауларды анықтауда амниондық сұйықтық биохимиялық әдіс арқылы зерттеледі (АФП концентрациясын анықтау). Ұрық жасушаларын жасанды ортада 2-4 апта өсіріп цитогенетикалық, биохимиялық және т.б. әдістермен зерттеуге болады. Тікелей (алған бойда) жасушаларды молекулылқ-генетикалық әдіспен зерттеуге болады.
Хориобиопсия мен амниоцентез арқылы, әсіресе молекулалық-генетикалық әдістермен генетикалық талдау қолданған жағдайда (ДНҚ-дигностика), гендік аурулар мен хромосомдық аурулардың көпшілігін диагностикалауға болады.
Кордоцентезді сипаттар болсам– жүктіліктің 18-22 апта аралығында кіндік тамырынан қан алу әдісі. Алынған қан цитогенетикалық (лимфоциттер жасанды ортада 2-3 күн өсіріледі), биохимиялық немесе молекулалық-биологиялық әдістердің объектісі ретінде қолданылады. Жиі хромосомдық ауруларды (қан лимфоциттерін жасанды ортада өсіріп цитогенетикалық талдау), қанның (гемоглобинопатиялар), имммунитеттің, резус-статусын және т.б. тұқым қуалайтын патологияларын дигностикалауда қолданылады. Асқыну қауіптілігі түрлі мәліметтер бойынша – 1-7%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет