25-билет. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі
Сутегі атомында электрон ядроның дөңгелек орбита бойынша айнала қозғалады деп қарастырылған. Электрон массасы сутегі ядросының массасынан 1836 есе кіші болғандықтан, электронмен салыстырғанда ядро шексіз ауыр, демек ол қозғалмай тыныштықта тұрады деп санауға болады.
Алдымен сутегі атомы үшін стационарлық орбиталар радиусын, электронның орбитадағы жылдамдығын және айналу жиілігін табайық. Егер ядроның заряды + Ζе болса электрон заряды –е, олардың арақашықтығы болса, сонда олардың өзара кулондық тартылыс күші орталыққа тартқыш күш болады. Демек ол орбитадағы электронға үдеуді береді:
Бордың бірінші постулаты бойынша электрон тек стационар орбиталар бойымен қозғала алады, ондай орбиталар бойымен қозғалған электронның импульс моменті h=h/2п шамасына еселі болады
Кванттық механиканың негізгі теңдеуі Шредингердің теңдеуі болады.Осы теңдеуді пайдаланып сутегі атомы энергия деңгейлерін табуға болады.
Егер электронның ядродан қашықтығы r болса, сонда электронның ядроның өрісіндегі потенциалдық энергиясы мынаған тең:
Мұндағы Z – ядродағы элементар оң зарядтардың саны, сутегі үшін Z=1. Потенциалдық энергияның осы мәнін Шредингер теңдеуіндегі (11-дәріс бойынша) өз орнына қойсақ, сонда ол теңдеу мына түрде жазылады:
Достарыңызбен бөлісу: |