Тапсырмалар
1. Гемоглобиннің әртүрлі типтері бар топтарда солтүстіқ қазақ мериносы және еділбай қойларының орташа қырқылған жүндер айырмашылығының дұрыстығын төмендегі мәліметтер бойынша анықтау.
Қырқылған жүн көрсеткіштері мен гемоглобин типтерінің байланыстары
Тұқымдар
|
Гемоглобин типтері
|
А
|
АВ
|
В
|
n
|
( )
|
n
|
Қырқылған жүн
( )
|
n
|
Қырқылған жүн
( )
|
Солтүстік
қазақ мериносы Еділбай
|
14
21
|
|
125
40
|
|
268
75
|
|
2. Сауын сиырлар желіндерінің жасушаларында нуклеин қышқылдарын зерттегенде келесі мәліметтер алынды:
Тұқым
|
Сиырдың 100 кг салмағына лактация кезеніндегі сүт мөлшері (кг)
|
Нуклеин қышқылдарының концентрациясы (шартты бірлік)
|
Ядро
( )
|
Цитоплазма
( )
|
Қара-ала
Қырдың қызыл сиыры
|
666
929
535
808
|
|
|
3. Пневмониядан сау және ауыратын қойлардың 1 қандарындағы лейкоциттер мөлшері (мың) айырмашылығының дұрыстығын төмендегі мәліметтер бойынша анықтау.
Сау
|
5,8
|
6,2
|
8,3
|
6,0
|
9,8
|
7,4
|
7,2
|
8,6
|
7,7
|
8,0
|
ауыратын
|
12,0
|
12,1
|
11,8
|
11,4
|
11,5
|
11,1
|
13,6
|
10,5
|
12,7
|
13,0
|
4. Әртүрлі конституция типтегі гиссар қойларының 0,95 және 0,99 сенімді ықтималдық жағдайында тірідей салмақтары шекараларының дұрыстығын келесі мәліметтер бойынша анықтау:
|
Конституция типтері
|
дөрекі
|
мықты
|
Нәзік
|
Қойлардың тірідей салмақтары (кг)
|
|
|
|
5. Симментал малының P = 0,95 жағдайында әртүрлі конституция типтегі айырмашылығының дұрыстығын және көрсеткіштерінің сенімді шекараларын төмендегі мәліметтер арқылы анықтау.
Әртүрлі конституция типті симментал сиырларының өнімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Кең денелі тип
( )
|
Қысаң тип
( )
|
Тірідей салмақтары (кг)
Лактациядағы жоғарғы сүт өнімділігі (кг)
Сүттің майлығы (%)
|
|
|
6. Сиырлардың қан ферменттері белсенділігінде дұрыс тұқымдық айырмашылық барма екенін төмендегі мәліметтер арқылы анықтау.
Сиырлардың лактация уақытындағы қан ферменттерінің белсенділігі ( ).
Тұқым
|
n
|
Амилаза
(%)
|
Сілтілі фосфатаза
(мг%Р)
|
Альдолаза
(бірлік)
|
Айршир
Голландия
Қара-ала
|
17
20
18
|
|
|
|
1.10 Хи-квадрат белгісі (χ2)
Сабақтың мақсаты. Хи-квадрат әдісін меңгеру, оны генетика-селекциялық, ветеринарлық және т.б. сұрақтарды шешуде қолдану.
Әдістемелік нұсқаулар. Хи-квадрат белгісі гипотезаны тексеру үшін ақиқатпен теориялық ажырасуды салыстыру арқылы қолданылады. Ішінара іріктелген көрсеткіштердің қателері мен екі вариациялық қатарды салыстыру нольдік Ho гипотезаға негізделген. Ол іріктелген жинақтарды салыстырғанда олардың арасында дұрыстылық деңгейде айырмашылық болмайды деп алынады. Нольдік гипотеза жоққа шығарылады немесе күшінде қалады. Бұл пікірдің бағалау белгісі - дұрыстылық деңгейі - Р болады.
Хи-квадрат сәйкестік белгісін есептеуде нольдік гипотеза ұстанымдарына негізделген. Хи-квадрат белгісі тәжірибелік қатарлар жиіліктерін салыстыру немесе гибридологиялық талдауда тәжірибелік қатарларды теориялықпен салыстыру, әртүрлі гипотезаларды тексергенде, дәрілік заттардың тиімділігін бағалауда, популяцияда жиіліктердің таралу заңдылықтары және т.с.с. сұрақтарды зерттегенде қолданылады. Хи-квадрат белгісі – жуық көрсеткіш. Ол іріктеудің саны 20 және одан артық болғанда қолданылады. Оны жиіліктер салыстырмалы шамамен белгіленгенде қолдануға болмайды. Хи-квадрат белгісі формуламен есептеледі:
мұнда О – зерттеу нәтижесінде шыққан шын шама; E – күткен (теориялық) шама; ½ - Йетс түзеуі.
Егер n мен күткен шамалар көп болса, онда формуланы түзеусіз қолдануға болады.
Хи-квадратты сапалы белгілердің тұқым қуалауын зерртегенде қолдану.
Бір жұп белгі бойынша айырмашылығы бар ата-аналарды шағылыстырғанда ұрпақтың ажырау арақатынасы 1: 1 немесе 3:1; ата-аналардың екі жұп белгі бойынша айырмашылығы болғанда 9:3 немесе 3:1 т.с.с. Бұл қатынастар нольдік гипотеза ретінде алынады. Содан кейін, зерттеу нәтижесінде шыққан ажырау нольдік гипотеза мәліметтері сәйкес болуы тексеріледі. Тәжірибені түсіндіру үшін алынған нәтиже күшіне енеді немесе жоққа шығарылады. Мысалы, моногибридті шағылыстырудың екінші ұрпағында 8024 дарақтың 6023 доминантты белгі, 2001 рецессивті белгі болды. Күтілген теориялық ажырау 3:1.
Зерттеу нәтижесінен шыққан доминантты және рецессивті белгілердің арақатынасы (6023:2001) күткен шамаға дәл келмейді (3:1). Бұл кездейсоқ жағдайларға байланысты болса, зерттеу нәтижесінде шыққан шын шама мәліметтері нольдік гипотезаға сәйкес келмейді деп айтуға негіз жоқ. Хи-квадрат белгісін есептегенде мәліметтерді 17 кестедей орналастыру қажет. Күтілетін жиіліктің арақатынасы 3:1, доминантты белгі үшін 3/4 х 8024 = 6018 дарақ, рецессивті белгі - ¼ х 8024 = 2006 дарақты болады.
Алынған хи-квадрат шамасы болып табылады. Берілген мысалда χ2 = 0.0165.
17-кесте. Хи-квадрат белгісін есептеу
Топ
|
Шын шама (О)
|
Күткен шама (Е)
|
(О-Е)
|
(О-Е)²
|
|
Доминантты
|
6023
|
6018
|
+5
|
25
|
0,0041
|
Рецессивті
|
2001
|
2006
|
-5
|
25
|
0,01424
|
|
∑= 8024
|
∑ = 8024
|
|
|
∑ = 0,0165
|
Сәйкестікті бағалау үшін үш маңыздылық деңгейін Р = 0,05; Р =0,01 және Р = 0,001 қолдану қабылданған, олар үшін 2 қосымшада хи-квадраттың стандартты шамалары келтірілген. Егер есептелген хи-квадраттың шамасы Р = 0,01; Р = 0,001 графаларындағы стандартты мөлшерден артық болса, онда нольдік гипотеза зерттеу нәтижесінен шыққан шын шамаға сәйкес келмейді деп есептейді. Егер есептелген хи-квадраттың шамасы кестедегі Р = 0,01 графасындағы саннан кем, бірақ Р= 0,05 графасындағы саннан артық болса, онда зерттеу нәтижесінен шыққан шын шаманың күткен шамаға сәйкес келуі күдікті деп есептелінеді. Бірақ, бұл нольдік гипотезаны жоққа шығаруға құқық бермейді. Егер есептелген хи-квадраттың шамасы кестедегі Р = 0,05 графасындағы саннан кем болса, онда шын шаманың күткен шамаға сәйкес келуі анықталды дейді.
Хи-квадраттың шамасы бостандық дәрежесінің санына байланысты. Сондықтан, ықтималдық деңгейінің (Р) әр мәніне маңыздылық деңгейіне сәйкес 2 қосымшада орналасқан χ2 бірнеше мағынасы берілген. Біз қарастырылған мысалдарда бостандық дәрежесінің саны (v) клас санынан бір санға кем. Тәжірибеде екі класc, бостандық дәрежесінің саны 1-ге тең. Сондықтан, есепті шығару үшін 2 қосымшадан ықтималдық деңгейлері мен «v=1» жолын қолдану керек. Бұл жолда хи-квадраттың 3,8; 6,6; 10,8 мағыналары тұр. Есептелген χ2 –квадрат шамасы кестедегіден едәуір кем. Сондықтан, зерттеу нәтижесінен шыққан шын шама күткен шамаға сәйкес келеді, нольдік гипотеза, яғни 3:1 арақатынаста ажырау күшінде қалады.
Хи-квадрат белгісін екі эмпириялық қатарларды салыстырғанда қолдану.
18 кестеде кавказ енекелерінің селекциялық тобында сүт майлығының вариациялық қатары келтірілген, теориялық жиілік ретінде өнімділік мал тобының вариациялық қатары алынды.
18-кесте. Хи-квадрат әдісімен эмпириялық және теориялық вариациялық қатарларды салыстыру
Сүт майлығы бойынша кластар
|
Шын шама жиіліктері (О)
|
Теориялық жиіліктер (Е)
|
О – Е
|
|
7,5
|
1
|
3
|
-3
|
9:8=1,12
|
7,8
|
4
|
5
|
|
25:10=2,50
|
8,1
|
5
|
10
|
-5
|
16:11=1,45
|
8,4
|
7
|
11
|
-4
|
1:9= 0,11
|
8,7
|
10
|
9
|
+1
|
100:7=14,30
|
9,0
|
17
|
7
|
+10
|
1:5= 0,20
|
9,3
|
4
|
3
|
+1
|
|
9,6
|
2
|
2
|
|
|
Итого
|
50
|
50
|
|
Кавказ енекелерінің әртүрлі топтарында сүт майлығы бойынша айырмашылық дұрыс екендігін анықтау. Нольдік гипотеза ретінде селекциялық және өнімділік топтарының арасында айырмашылық болмады деп болжайды. Егер кластарда шыққан шын шаманың саны 5-тен кем болса, онда шектес кластар жиіліктерін қосады. Осылай 6 клаcc алынды (l қосымша) χ2 = 19,68. Бостандық дәрежесінің санын табады: v = l – 2 = 6 – 2 = 4. Р = 0,01, v = 4 болғанда хи-квадраттың стандартты мағынасы 13,3 тең. Сондықтан, тұқымдық топпен өнімдік табын арасында айырмашылық жоқ деген нольдік гипотеза жоққа шығады.
Екі топ жануарлары арасында айырмашылықтың дұрыстығын анықтағанда хи-квадрат белгісін қолдану.
Қояндардың инфекциялық ауруын алдын-ала сақтандыру үшін жаңа препарат сынау нәтижесін бағалау қажет. 50 қоянның 20-сы профилактикалық препарат алды (тәжірибе тобы), ал 30 алған жоқ (бақылау тобы). Тәжірибе тобында 7 дарақ ауырып, 13 сау болды. Бақылау тобында 14 қоян ауырып, 16 сау болды. Препараттың профилактикалық әсері немесе қояндардың ауру санының айырмашылығы препаратты енгізгенге байланысты емес, кездейсоқ себептер екендігін тәжірибе нәтижелері дәлелдей ме? Материалды өңдеу 19 кестеде көрсетілген.
19-кесте. Екі топ жануарлары арасында айырмашылықтың дұрыстығын анықтағанда хи-квадрат белгісін есептеу
Жануарлар тобы
|
Ауырғандардың саны
|
Саулардың саны
|
Барлығы
|
Шын шама (О)
|
теориялық күткен шама (Е)
|
Шын шама (О)
|
теориялық күткен шама (Е)
|
Тәжірибе
|
7
|
8,4 Е1
|
13
|
11,6 Е2
|
20
|
Бақылау
|
14
|
12,6 Е3
|
16
|
17,4 Е4
|
30
|
Барлығы
|
21
|
21
|
29
|
29
|
50
|
Бақылау және тәжірибе топтарында сау және ауырған жануарлар үшін теориялық күткен жиілік Е құрайды:
Е2 осындай әдіспен табылады немесе тәжірибе тобындағы жануарлардың санынан күткен шама алып тасталады:
Алынған мәліметтер формулаға қойылады:
Төрт жолдық кестелер бойынша есептегенде бостандық дәрежесінің саны бірге тең болады. Хи-квадраттың есептелген мағынасын (0,26) стандартпен салыстыра отырып, бір бостандық дәрежесіне санына сәйкес келетін кесте жолындағы стандартты мағынадан кем екендігі табылды. Сондықтан, нольдік гипотезаны жоққа шығаратын негіз жоқ, яғни препараттың профилактикалық әсері дәлелденді деп саналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |