Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет62/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Жұмыстың орындалуы. 0,2-0,3 г зерттелетін металды (мырыш, магний, алюминий) 0,01 г дейінгі дәлдікпен өлшеп алыңдар. Реакция теңдеуін жазып, одан алынған металл массасын толық ерітуге 10% тұз немесе күкірт қышқылдары-



ның қанша көлемі қажет екенін есептеңдер. Тәжірибені орындағанда реагент ерітіндісін артық мөлшерде алыңдар. Егер алюминиймен жұмыс істесеңдер есептеуді 10% сілті ерітіндісімен жүргізіңдер. Вюрц құтысының қабырғаларына қышқыл тимейтіндей етіп ұзын құйғы -

22-сурет. Сутек бойынша металдардың эквивалентін анықтауға арналған құрылғы

мен қышқылды құйыңдар да, Вюрц құтысын көлденең жағдайға келтіріп, металды сүзгі қағазына орап, құтының мой -

нына салып қойыңдар. Жазық түпті құтыға толтырып су құйыңдар да, аспаптағы қысымды атмосфералық қысымға келтіріңдер. Ол үшін қысқышты ашып қойғанда екі ыдыста да су деңгейі бірдей болатындай етіп стаканға су құясыңдар. Қысқышты жауып стакандағы суды төгіп тастаңдар. Цилиндрмен 100 мл су өлшеп алып стаканға құйыңдар. Мұнда сифон ұшы суға батып тұруы керек. Одан соң қысқышты ашып, Вюрц құтысын тігінен орналастырып металды қышқылға сілкілеп түсіріңдер. Егер металл нашар еритін болса, онда ерітіндіні қыздырыңдар. Реакция аяқталған соң реакция жүрген құтыны бөлме температурасына дейін суығанша күтіп, одан кейін аспаптағы қысымды атмосфералық қысымға келтіріңдер. Сутекпен ығыстырылған судың көлемін өлшеп, бөлме температурасын, барометрмен атмосфералық қысымды жазып алыңдар.
Тәжірибе кезінде ығыстырылған сутек көлемін стакандағы тәжірибеге дейін және одан кейінгі судың айырымын есептеу арқылы табасыңдар. Сутек көлемін қалыпты жағдайға келтіріңдер. Өздерің зерттеп отырған металл эквивалентінің молярлық массасын сәйкес есептеулер жүргізе отырып табыңдар.

12 жұмыс. Металдың салыстырмалы атомдық массасын оның молярлық жылу сыйымдылығы бойынша анықтау







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет